Қазақ күресінің ережесі Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына



бет2/8
Дата16.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#185845
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
254635.pptx
ИВАНОВ Учеб перс яз, Документ (3), Отчет Мағжан, Үй жұмысы 8кл, семинар тапсырмалары, 2 лекция kaz
Барлығы:

18 адам

Бас төреші
Бас төреші жарысқа басшылық жасайды және жарыстың Ережеге сәйкес өтуін қадағалайды.
  • Бас төрешінің міндеттері:

  • а) төрешілерді топ – топқа бөліп, әр айналымның жұп құрамын тексеріп бекітеді;
    ә) арыз немесе наразылық белгілеріне өз шешімін айтады;
    б) төрешілер алқасының мәжілісін күнде жарыс алдында, сондай – ақ қажет жағдайда жарыс кезінде өткізеді;
    в) белдесудің қорытынды шешімін келесі айналым белдесулері басталғанша шығарады;
    г) жарыстың бірінші күніндегі қорытынды шешімін сол күнгі жарыс соңында төрешілер жиынында міндетті түрде бекітеді;
    ғ) іс қағаздары мен хаттамаларды белгіленген уақытта жарысты өткізген ұйымға тапсырады.
    2. Бас төрешінің құқығы
    а) жарыс өтетін орын бәсеке басталғанға дейін даяр болмаса, жарысты тоқтатады;
    ә) жарысты өткізуге кедергілер кездессе, жарысты доғарады немесе уақытша үзіліс жариялайды;
    б) өте қажет жағдайда жарыс күнтізбесі мен бағдарламасына өзгеріс енгізеді;
    в) өрескел қателіктер жіберген немесе өздеріне жүктелген қызметті мінсіз атқара алмаған төрешілерді міндетінен босатады;
    г) жарыс кезінде дөрекілік көрсетіп, төрешілер немесе жарысқа қатысушылармен жағаласқан команда басшысына ескерту жасайды (немесе шеттетеді);
    д) моральдық көзқарас тұрғысында жат қылықтар көрсетіп, дөрекілік танытқандарды жарыстан шеттетеді;
    е) балуандардың әрекетін бағалауда төрешілердің пікірі бір арнадан табылмай жатса, қорытындыны хабарлауды тоқтата тұрып, қосымша талқылаудан кейін кесімді шешім шығаруға құқылы (талқылауға тек сол белдесуге қазылық еткен төрешілер қатысады). Бас төрешінің үкімдерін жарысқа қатысушылар, төрешілер, команда өкілдері мен бапкерлер бұлжытпай орындауға тиіс.

Бас хатшы
Бас хатшы төрешілер алқасы мәжілістің хаттамасын жүргізеді, жарыс айналымы бойынша кездесулер реті мен жарыс тізбесін дайындайды, бас төрешінің үкімдері мен шешімдерін әзірлейді, өтініш – тілек хаттарды тіркеп, оны бас төрешіге табыс етеді, барлық төрешілерге қатысты іс-қағаздарын реттейді, жарыс хатшылығының жұмысын басқарады, бас төрешінің рұқсатымен хабарлаушыларға, команда өкілдері мен тілшілерге мәліметтер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет