Қазақ күресінің ережесі Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына



бет6/8
Дата16.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#185845
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
254635.pptx
ИВАНОВ Учеб перс яз, Документ (3), Отчет Мағжан, Үй жұмысы 8кл, семинар тапсырмалары, 2 лекция kaz
Ерекше жағдайлар
Түсініктеме:
  • Егер қарсыласын арқасынан лақтырып, кеудесін қысып, табандылықпен жылдам аударып тастаса әдіс болып есептелінеді.

  • 2. Егер де кеудеге салып, арқасымен лақтырып, ал қарсыласы қарсы амал қолданса әдіс қарсыласының еншісіне жазылады.
    3. Егер де әлдебір құлап тастау әдістері сәтті болмаса, онда ешкімге ешқандай ұпай берілмейді.
    4. Әдіс жасау кезінде балуанның денесі, тізесі, қолы тиіп тоқтаусыз жасалған тәсілдерге тиісті ұпайлар беріледі.


Түсініктеме:
Негізгі уақыт біткеннен кейін қосымша 3 минут «Белдесу» уақыты беріледі. Қолы белден
шығып кеткенде, тізесі тигенде, аяғы кілемнен шығып қалғанда, ескерту алғанда жеңіліс
болып саналады.
- «қоян қолтық белдесу» кезінде құлап жасаған әдіс есептелінеді.
Егер жоғарыда айтылған анықтаудағы себептер қолданылмаса, онда жеңіс келесі түрде
анықталады:
  • салмағы жеңіл палуан жеңімпаз деп есептелінеді.

  • Белдесудің негізгі кезеңінде балуандар тең ұпай иеленсе, жеңімпаз қазақтың көне "қоян
    қолтық" күресі арқылы қосымша 3 (үш) минуттық уақытта анықталады.
    Мұндай жағдайда балуандар арнайы тағанға тұрып, бір – бірінің белбеуінен ұстайды.

“Қоян –қолтық” көне күресі
Жеңімпазды анықтау:
а) әдіс қолдану кезінде;
ә) қарсыласының әрекетінің әсерінен дене мүшесі (қолы, тізесі, жамбас, жауырыны, іші) кілемге тиіп кеткен жағдайда.
Түсініктеме:
Егер жоғарыда айтылған әдістер қолданылмаса, онда жеңіс мына жолмен анықталады
  • салмағы жеңіл балуан жеңімпаз атанады;

  • 2) белдесу кезінде балуан кілемнен шығып кеткен жағдайда беріледі;
    3) белдесу кезінде арқасы арқылы құлап немесе бір қырымен жата лақтыру әдісін сапалы жасаған балуанға беріледі.

Қарсыласының етегінен ұстауға және қолды тіреп жүріп алуға тыйым салынады

Түсініктеме:
  • Жастар құрамасындағы 18 жасқа жеткен балуан ересектер арасында өтетін жарыстарға қатыса алады.
  • 2) Түйе балуандармен 80 келі салмақ дәрежесінен жоғары палуандар белдесе алады.
  • Өлшеудің алдында дәрігерлер балуандардың денсаулығын тексеріп, қорытынды шығарады. Егер балуанның денсаулығы дәрігердің көзқарасы тұрғысынан қалыпты болмаса, ол жарысқа қатыстырылмайды. Бақылап – тексеру кезінде әсіресе, жұқпалы ауруларға айрықша мән беріледі.
  • Жарыс барысында кез – келген уақытта сәтсіз жағдай орын алса, дәрігерлер оған араласып, белдесуді одан әрі жалғастыруға яки оны тоқтатуға шешім қабылдауға әзір болуға тиіс. Дәрігерлік қызмет көрсетушінің пайымдауынша белдесуді жалғастыру балуанның біріне немесе екіншісіне қауіп төндірсе, онда жарыс басшылығы арқылы кез – келген уақытта белдесуді тоқтатуға құқылы әрі міндетті. Сондай – ақ дәрігер балуанның біреуінің бәсекені одан әрі жалғастыруға дәрмені, мүмкіндігі жоқ екендігін айтып, тез арада белдесуді тоқтата алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет