Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


·   нақты нысандар мен үдерістер сипаттамасын жақсарту жəне  анықтау; ·



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

·   нақты нысандар мен үдерістер сипаттамасын жақсарту жəне 
анықтау;
·   құбылыстар мəнін түсіну жəне оларды басқару мен өңдеуге 
үйрену дағдысы;
·   жаңаны құрастыру немесе ескі нысандарды модернизациялау;
·   негізделген жəне ойластырылған шешімдерді қабылдау;
·  өз іс-əрекетінің салдарын көре білу;
·   үлгінің негізінде нысан туралы жаңа ақпаратты алу;
·   нысан туралы ақпаратты кіріктіру жəне жүйелеу;
·  үлгілеу нысаны туралы ақпаратты сақтау жəне тасымалдау 
үшін қажет.
Үлгілеудің теориясы мен практикасының дамуына əртүрлі фи-
лософия, философиялық жəне математикалық логика, психология, 
педагогика, математика, семиотика жəне информатика аясындағы 

141
ғылыми зерттеулер негізделген. Осы ғылымдардың көмегімен 
пəндік саладағы есептерді шешу жəне білімді беру үшін адамдар 
қолданатын келесі үлгілер,  ақпараттық сипаттағы есепті шешуді 
автоматтандыруға қатыстырылатын электрондық компьютерлік 
құралдарды құру үшін ақпаратты берудің арнайы əдістері құрылуда 
жəне зерттелуде.
Үлгілеу  қоршаған əлемді, табиғат пен қоғам ағымындағы 
ақпараттық үдерістерді тану əдісін білдіреді. Арнайы пəндік 
аймақтағы адам білімін үлгілеу үдерісінде үлгі құрылады, ол 
меңгерілетін заттың эмпирикалық жəне абстрактылы үлгісі ретінде 
қарастырылады. Бұдан басқа, психология бойынша, адамның 
 
меңгерілетін зат туралы алған білімі адамның санасында осы 
заттың əртүрлі үлгісін қалыптастыру болып табылады. Үлгілеу 
нақты бар жəне идеалды заттар жəне құбылыстардың үлгісін 
меңгеру мен құруды ұсынады. Бүгінгі күні үлгілеу жалпы ғылыми 
сипатта жəне тірі мен өлі табиғатты зерттеуде, адам жəне қоғам 
туралы ғылымда, жаңа педагогикалық жүйе жəне білім беруді 
ақпараттандыру технологияларын құру тұрғысынан қалыптастыруда 
қолданылады.  
Бастапқы нұсқасы зерттеуге неліктен қолданылмайды деген 
 
сауал туындайды? Оның үлгісін құру не үшін қажет? Бірақ бұл 
уақытта, зерттеу жүргізуде нысан, үдеріс немесе құбылыс болмауы 
мүмкін. 
Уақытты үлгілеу артық емес. Танымал фактінің негізінде 
гипотез жəне аналогия əдістерін, ақпараттандыру құралдарын 
қолдану арқылы бұрынғы кездегі табиғи катаклизмала 
жəне жағдайлардың үлгісін құруға жəне оларды тарих немесе 
биологияны оқытуда пайдалануға болады. Мəселен, ежелгі 
Египетте пирамида құрылысының барысын немесе Жердегі 
өмірдің пайда болу үдерісін көрсететін компьютерлік ақпараттық 
үлгілерді қолдану мүмкін болар еді. Үлгілеудің көмегімен 
келешекке көз тастауға жəне жылыну уақытын демонстрациялауға 
жағдай жасалады. 
Үлгіленетін нысан өте үлкен (мəселен, Жердің үлгісі) немесе 
өте кіші (атомдағы электрондардың қозғалысы) немесе абстрактілі 
(қоғамда болып жатқан үдерістерді үлгілеу) болуы мүмкін.
 Түпнұсқа көптеген қасиеттерге жəне өзара байланысты болуы 
шарт. Бір нақты қасиетті меңгеру үшін, кейде бар қасиеттерден бас 
тарту жəне оларды ескермеу пайдалы. Оның мысалы ұшақтың ұшу 

142
траекториясының компьютерлік үлгісінде ұшақтың түрі, түсі, пішіні 
ескерілмейді.
Үлгілеу егер зерттелуші үдеріс тез (мысалы, ішкі жылыну 
двигателінің қызметінің үлгісін атауға болады) немесе өте жай (мы-
сал ретінде, өсімдіктің даму үлгісін келтіруге болады) жүретін кезде 
ыңғайлы. 
Көптеген жағдайда үлгілеу нысандарды сақтауға көмектеседі, 
оларды нақты зерттеу бұл нысандардың бұзылуына көмектеседі (ав-
томобиль аварияларының салдарын зерттеу).
Ақпараттық үлгі – бұл ақпараттық технология құралдарының 
көмегімен жүзеге асырылатын қандай да бір нысанды, үдерісті не-
месе құбылысты, меңгеру мақсаты тұрғысынан жуық түрде сипаттау 
жəне демонастрациялау. 
Білім беруді ақпараттандыруда білім беру əрекетінің барлық 
аясына ақпараттық үлгілерді енгізуге үлкен көңіл бөлінуі тиіс. 
Компьютерлерді, ақпараттық технологияларды жəне ақпараттық 
үлгілерді білім беру аясында қолдану үздіксіз болып отыр. 
Ақпараттық үлгіні қолдануды бейнелеуде ақпараттық үлгілеу 
ұғымын енгізу қажет. 
Ақпараттық үлгілеу – бұл ақпараттық үлгідегі нысандар, 
құбылыстар немесе үдерістерді зерттеу. 
Қазіргі уақытта жеткілікті деңгейде қалыптасқан негізгі міндеті 
білім беруді ақпараттандыру үдерісін зерттеуді көздейтін ақпараттық 
үлгіні құру теориясы бар. 
Ақпараттық үлгілеу теориясынан ақпараттық үлгі белгілік 
жүйені қолданудың негізінде пəн туралы өзара байланысты 
ұғымдардың сипаттамасының жиынтығы ретінде көрінеді. 
Ақпараттық үлгіде затты құрайтын нысандардың сандық 
жəне сапалық қасиеттері, сонымен қатар олардың арасындағы 
логикалық, қызметтік, кеңістіктік жəне уақыттық қатынастар 
бейнеленеді. 
Ақпараттық үлгінің үлгіленетін аясының немесе нысанның 
жағдайына бара-барлығы түпнұсқаның статикалық қасиеттерінің
динамикалық қасиеттерінің сипаттамасының құрылымы 
есебінен арттырылуы мүмкін. Бұдан басқа, таңдалған үлгінің 
негізінде зерттеу нысанының адекватты сипаттамасын жүзеге асы-
руда оның қарама-қайшылықсыз қасиеті маңызды рөл атқарады. Бұл 
қасиетті орындау үшін оның сипаттамасында артықшылық болмау 
қажет.

143
 Ақпараттық үлгілеу технологиялары əртүрлі болып келеді. 
Мəселен, химияны оқыту барысында химиялық реакциялардың 
жүруінің ақпараттық үлгісін жүзеге асыратын компьютерлік про-
граммаларды қолдануға болады. Мұнда үлгінің жартысы оқушыларға 
нақты химиялық үдерістерді демонстрацияламай, сабақта нақты зат-
тармен химиялық тəжірибе жүргізілгенде формула түрінде қызмет 
етеді.
Ақпараттық үлгінің басқаша класы ақпараттандырудың қазіргі 
құралдарының  мүмкіндіктерін жəне дербес алғанда мульти-
медиа жəне виртуалды нақтылық технологиясын қолдана оты-
рып, оқушыларды көрнекі түрде химиялық тəжірибенің нақты 
ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпараттық үлгінің екі 
түрі де бірдей дəрежеде педагог жəне оқушылардың қатысуымен 
орындалады. 
Математика пəнінен сабақта геометриялық денелерді жəне пе-
дагог немесе оқушылардың өзгеретін параметрлерінің қиылысуын 
көрнекілік түрде меңгеруде компьютерлердің көмегімен жүзеге 
асырылатын ақпараттық үлгілердің рөлі зор. Физика сабағында 
қолданылатын осы технологиялар линзалардың оптикалық 
қасиеттерін зерттеуге, тарихты оқытуда – компьютерлік «оқу 
уақытын» құруға мүмкіндік береді. 
Білім беруді ақпараттандыру барысында техникалық 
нысандардың бүтіндей класының жалпылама мультимедиалық 
ақпараттық үлгілерін құруға, мүмкін болатын имитациялық 
зертханалық орнатылымды, жаттықтырушыларды жəне виртуалды 
үлгілерді құруға  мəн беру қажет.  
Ақпараттық үлгілеу технологиялары эксперименталдық жəне 
теориялық зерттеулерді кеңейтуге, физикалық экспериментті 
есептеуіш экспериментпен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір 
жағдайларда зерттеу нысандары, басқа жағдайда өлшеуші ор-
натылымдар үлгіленеді. Мұндай технологиялар жəне оған 
сəйкесінше ақпараттандыру құралдары қымбат зертханалық 
құрылғыларды алу шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп, оқу 
зертханаларындағы қауіпті жұмыс жасау деңгейін төмендетеді, ны-
сандарды, оқу мекемелерінде əртүрлі себептерге байланысты мүмкін 
болмайтын үдерістер немесе құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік 
береді.
Ақпараттық үлгілер, əмбебап болып табылмайды. Олардың 
əрбіреуі жеткілікті деңгейдегі нысандарды, құбыластарды немесе 

144
үдерістерді үлгілеуге арналған. Математикалық үлгілеу техноло-
гиясына негізделген ақпараттық үлгілер оқу жағдайындағы қиын 
меңгерілетін құбылысты демонстрациялау үшін ғана қолданылып 
қоймайды, сонымен қатар үлгіленетін жағдайдың параметрлерін 
жəне оның əсер ету дəрежесін интербелсендік түрде түсіндіру үшін 
қолданылады. Бұл қасиет зертханалық орнатылымдар имитаторла-
ры түрінде, сонымен қатар ұшақтар немесе космос кораблдерімен 
ұшуды үйретуде қалай жүретіндігі үлгіленетін үдерістерді басқару 
дағдысын өңдеу үшін ақпараттық үлгілерді қолдануға мүмкіндік 
береді.
Ақпараттандырудың қазіргі құралдары нысандардың, 
құбылыстардың немесе үдерістердің дайын ақпараттық үлгісімен 
жұмыс жасаумен қатар, жеке эелементтерден жəне үлгілерден 
тұратын үлгілерді құрастыруға жағдай жасайды. Мысал 
ретінде, компьютер құрамына кіретін құрылғылардың қызметін 
компьютер жұмысының бірыңғай ақпараттық үлгісіне 
ақпараттық үлгілеуді біріктіруді келтіруге болады. Мұндай 
үлгіні қолдану информатиканы оқыту тиімділігін арттыруға 
мүмкіндік берер еді. 
Білім беру жүйесі үшін ақпараттық үлгілеу құралдарын жəне 
технологияларды құру кəсіби сипаттағы оқыту жұмысын авто-
маттандыру меңгерілетін нысандар мен үдерістер қасиеттерін, 
геометриялық параметрлік зерттеулерді жəне оңтайландыруды терең 
тану үшін алғышарттарды құру қажеттігін түсіну маңызды. Соны-
мен қатар, үлгілеу жəне автоматтандыру жүйесін қолдану, оқушылар 
бұрын меңгермеген жеткілікті деңгейдегі жоғарғы кəсіби біліктілікті 
қажет етеді. 
5.4 Интербелсенді технологиялар
Қазіргі Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 
жəне олардың жалпы орта білім беруде қолданылуынан оқушы 
мен оқытушылар арасындағы қатынаспен қатар, оқыту жəне 
оқушының компьютермен жəне оған орнатылған программалық 
қамтамасыз етілуімен  қатынасы пайда болады. Мұндай сұхбатты 
ұйымдастыру мүмкіндіктерін меңгеру оқыту жүйесінің тиімділігін 
құру тұрғысынан өте маңызды.   

145
Қазіргі оқытушы оқушыларды оқытуда қолданылатын əртүрлі 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен сұхбатты 
ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеруі жəне білуі қажет. 
Əрбір ақпараттық-қатынастық технологиялар нақты 
құралымен сұхбатты ұйымдастыру екі негізгі қызметті 
атқарады: компьютерлік программаны басқаруға арналған 
сұхбат жəне оқушыларды оқыту барысында пəн терминдері 
аймағында ұйымдастырылған сұхбат. Мұнда қолданушы интер-
фейсін ұйымдастыру оқушылардың Ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар оқу құралдарымен сұхбатының көрінетін ішкі жағын 
бейнелейді. 
Мұндай сұхбатты, басқаша жағынан ақпаратты компьютер-
ге енгізу жəне оқытушы немесе оқушының оны меңгеруі үшін 
ақпаратты шығару ақпараттық технологиясы ретінде түсіндіруге бо-
лады.
Оқытушы, оқушының жəне компьютерлердің қарым-қатынас 
траекториясы алдын ала белгілі емес жəне сұхбат барысында 
туындайтын мазмұндық бағытта беріледі. Жалпы орта білім беру-
де қолданылатын ақпараттық-қатынастық технологиялар құрал-
дарының көпшілігінде, оқытушы мен оқушының басқаруымен 
үдеріс жүретін «иерархия тармақтары» алдын-ала беріледі. Егер 
педагогтар немесе оқушылар қажетті «тармаққа» түспесе, компью-
тер қолданушының қателескендігі жəне қайтадан орындап көру 
қажеттігі немесе адамдардың арасындағы қатынасты сипаттайтын 
басқа тармақ тұрғысынан қайта қарау қажеттігі туралы мəлімет 
береді. 
Білім беруде қолданылатын қазіргі ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдары оқуды имитациялық үлгілегенде өздігімен 
шығармашылық үдерістерді қамтымайды, «интеллектуалдық 
ойын» режиміне енгізеді, оқытудың осы формасында ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын қолдану нəтижелі бола-
ды. Осыған ұқсас ақпараттандыру құралдары оқытушыға осын-
дай оқыту ортасын құруға көмектеседі, ол оқушылардың ойлауын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен 
оқушылардың жұмыс жасау үдерісінде ойлау əрекеті реттеледі 
жəне өзгереді: тұлғаның қорғау механизмдерінің, мақсатқа 
жетудің субъективтік деңгейінің рөлі артады, іс-əрекетті бақылау 
механизмдері қайта  құрылады, мотивация трансформацияланады. 

146
Мотивациялық аймаққа əсер ету білім беру мақсатын басқаруға 
мүмкіндік береді. Білім беру үдерісінің қатысушыларының ара-
сында білім беруде ақпараттық жəне телеқатынасты технология 
құралдарын қолданумен анықталатын қатынастың жаңа түрі пайда 
болытындығын айтуға болады. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде қолданылатын ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының көпшілігінің интер-
белсенділігі, оқушыға компьютерлік программамен белсенді əсер 
ету мүмкіндігін беруді білдіреді. Оқушылар мен ақпараттандыру 
құралдарының оқу сұхбаты үшін бірыңғай шарт қойылуы қажет, 
ұйымдастыру принциптері жəне оқытудың немесе ақпараттандыру 
технологиясында қолданылатын нақты əдістемелік жүйенің 
ерекшелігінен тəуелсіз стилі болуы тиіс.
Сұхбаттың астарында екі жақ та қатысатын ақпарат алма-
су түсіндірілетіндігін айта кету қажет. Ғылымда сұхбатты кеңінен 
түсіну кездеседі, оның негізгі белгісі сөйлесушілердің арасындағы 
сөздік қормен алмасу емес, əртүрлі позицияның кездесуінде.  
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен 
ұйымдастырылатын сұхбат тілі, екі қарама-қайшы талаптарды 
қанағаттандыру тиіс: табиғи тілге көбірек жақын болу жəне ха-
барламаларды талдау жүйесінің жұмысын қатамасыз ету үшін 
формализацияға жол беру. Бұдан, бұл талаптарды орындау бірқатар 
проблемаларды туғызады: Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарымен қолданушының табиғи тілдегі қатынасы оқушылар 
үшін тиімді, бірақ нақты ақпараттандыру құралдарын құру үдерісінде 
жүзеге асыру қиын. 
Табиғи тілде қатынас жасау предредакторы жəне морфологиялық, 
синтакистік жəне семантикалық талдауы бар арнайы жүйенің 
есебінен ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
əртүрлі түрі үшін ұйымдастырылуы мүмкін. Көптеген сөздер мен 
сөзтіркестерінің мағыналық біркелкісіздігі қиындық тудырады. 
Бұл проблеманы шешудің мүмкін болатын жолдары оқытушылар 
мен оқушылардың табиғи тіліне кейбір болымсыз шектеулерді 
(мүмкіндігінше максималды бірыңғай жəне əмбебаптығы) енгізу бо-
луы мүмкін, олар оқушылардың іс-əрекетіне, олардың ақпараттық 
технологияларға қатынасына айтарлықтай əсер етпеуі қажет. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар білім беру құралдарымен 
жұмыс барысында оқытушы мен бір оқушының сұхбатына сəйкес 
бірдей өзара əрекет деңгейін тиімді деп есептеуге болады. 

147
Білім берудің ақпараттық-қатынастық технологиялар құралда-
рын құруға нақты ұсыныстарды қолдану жағдайында, олар арқылы 
тек қана қатынас үлгіленбейді, сонымен қатар мектептегі оқытуды 
жағымды эмоционалдық климатпен қамтамасыз ететін оқушы 
тұлғасының дұрыс қалыптасуы жəне мотивациясын дамыту үшін 
қойылатын шарт құрылатын педагогикалық қатынас үлгіленеді. 
Оқушы мен ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының арасындағы тиімді сұхбаттың маңызды 
алғышарттарының бірі əлеуметтік арақашықтықты сақтау болып 
табылады. Бұл арақашықтықты қысқарту, оқыту барысында пе-
дагог авторитетінің жоғалуына əкеледі. Ақпараттық-қатынастық 
технологияларды қолдану арқылы мектептегі оқыту практикасын-
да бұл кемшілік «сен» деп қатынас жасаумен анықталады, оның 
нəтижесінде мектеп оқушыларында ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар оқыту құралын басқа жағдайда қолдануға тілегі болуы 
мүмкін. Мұндай талпыныс оқушыларда, əлеуметтік арақашықтық 
үлкен болғанда, оқушылардың өзімшілдігіне нұқсан келтіретін 
компьютердің репликасы категориялық түрде берілгенде пайда бо-
лады. 
Сұқбаттың педагогикалық бағыттылығы, яғни оқу мақсатына 
жетуге бағытталуы өте маңызды. Басқа оқушымен ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары арасындағы сұхбатқа 
қойылатын айтарлықтай талаптар, қарапайымдылық жəне жауапты 
енгізу уақытының аздығы болуы қажет. Сұхбат оқушылар өздерінің 
жауабын компьютерде қалай теру қажеттігі туралы емес, қалай беру 
қажеттігі туралы ойланатындай құрылуы тиіс.   
Оқушылар мен білім берудің ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдары арасындағы сұхбаттың ашықтығы мен 
тездігін қамтамасыз ету үшін қолданушы интерфейсін рационал-
ды түрде ұйымдастыру қажет. Оқушы үшін де ақпараттандыру 
құралдарымен жұмыс жасау ережесін тез меңгеру мүмкіндігі 
қамтамасыз етілуі тиіс. Ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдары өз қызметінің құрылымдық тізімін көрсете білуі, 
өз жағдайын жəне əрекетін түсіндіруге қабілетті болуы тиіс. 
Қолданушы интерфейсін дайындауда мүмкіндігінше жетекші 
фирма-өндірушілердің программалық қамтамасыз етілуінің стан-
дартын ұстанған дұрыс. 
Адам жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 
арасындағы өзара сұхбаттық əрекет жəне сыртқы түр түсінікті, 

148
ыңғайлы болуынан оқушының нақты оқытушы компьютерлік про-
граммамен қатынасы тəуелді болады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
көмегімен оқыту оқытушының жетекшілігімен, немесе ақпараттық-
қатынастық технологиялар оқытушы құралының көмегімен орын-
далады. Сұхбаттар жүйесін білім беруде оқытудың екі нұсқасының 
қайсысын қолдану ұсынғандығына байланысты жоспарлау жəне 
құру қажет. 
Оқытушымен оқыту барысында ақпараттық-қатынастық техно-
логиялар құралдарымен оқушының арасындағы сұқбат қысқа 
болуынан экраннан ақпаратты оқу уақыты қысқарады жəне талдау 
мен шешім қабылдауға көп уақыт қалады. Ақпарат жеткіліксіз бол-
са, оқытушы толықтыра алады.  
Оқытушылар мен оқушылардың ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарымен танысу жəне операция жұмысын 
жеңілдету үшін мұндай құралдарды кіріктіріп жəне унификациялау 
арқылы қолдану қажет. Шынында, бұл жағдайда біз компьютермен 
сұхбаттасу жəне білім беруді ақпараттандыру құралдарын унифика-
циялауды үдерісін ұйымдастыра аламыз, унификация ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының интерфейсін құру 
принциптерінің бірлігін білдіретін, оның салдарынан оқушымен 
өзара əрекет оңтайланады. Өз кезегінде, сұхбатты ұйымдастыру 
принциптерін сақтау бірлігі ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарының унификациясының маңызды факторы болып табыла-
ды. 
5.5 Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды 
оқытудағы ақпараттық технологиялар
Арнайы ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
өңдеуге жəне қолдануға деген үлкен қызығушылық мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаларға (мүгедек) үзіліссіз көпдеңгейлі білім беру-
де қазіргі жүйенің салдарынан көрінеді. Жалпы орта білім беру 
жүйесінде мұндай адамдардың саны көп.
Мұндай оқушыларды оқытуда ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдары білім беру жəне реабилитациялау техно-
логия құралдарының ішіндегі құрылым жəне мерекелер, жүйелік 
құралдар жəне əдістер жиынтығын ұйымдастыруда, сапасы жəне 

149
саны жағынан білім беру бағдарламасын меңгеру мен жүзеге асы-
руды қамтамасыз ететін оңтайлы, мемлекеттік білім беру стандар-
тында қарастырылған, организм қызметінің бұзылуымен болған 
денсаулықтың кемістігі бар, өмірлік шектеуі бар адамдарды оқытуға 
бағытталған құралдардың бірі ретінде көрінеді.
Жалпы орта білім беру жүйесі есебінен реабилитациялық 
жəне білім беру əрекеті оқыту мерзімін шектеу мен материалдық-
техникалық қордың жағдайына, қызметкерлердің біліктілігіне, 
оқушылардың интеллектуалдық, білім беру жəне реабилитациялық 
ахуалына жəне олардың арнайы білім беру қажеттіліктеріне байла-
нысты жүргізіледі. 
Денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушыларды 
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану мен 
құру аймағында шешілетін оқыту үдерісінің:
- шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты оқу сабақтарына 
қатысудың ретсіздігі;
-  оқу уақытына бөлінген сағат санының қысқаруы;
-  оқыту режимін бұзу;
-  шығармашылық қабілеттерінің даму мүмкіндігін шектеу;
- практикалық дайындығын шекту, алдыңғы кезекте, оқу 
эксперименттерін шектеу сияқты ерекшеліктері бар.

оқыту үдерісіндегі оқытушылардың ақпараттық жəне 
иллюстративтік мүмкіндіктерін шектеу.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын құру 
жəне енгізу мүмкіндігі – шектеулі оқушыларды кіріктіре оқытуды 
ұйымдастырудың негізгі мəселесі. Мұндай құралдарды мүгедектерге 
қолданудың қазіргі отандық жəне шетелдік əдіснамасы  бұл аза-
маттар категориясының негізгі шектелуі коммуникация жəне 
ақпаратқа қолжетімділік деңгейінің төмендігі болып табыла-
ды. Ақпараттандыру құралдары тосқауылсыз білім беру ортасын 
құруда маңызды рөл атқарып, мүгедек-оқушыларды оқыту жəне 
реабилитациялаудың технологиялық қорын келесі технологиялар-
мен толықтырады:
-  компьютерлік жəне телекомуникациялық технологиялар;
-  проблемалық бағыттағы технологиялар;
-  «гувернерлік» оқыту технологиялары;
-  ақпаратты графикалық, матрицалық жəне стенографикалық 
түрде қысымдау технологиялары;
-  тотальдық дербестендіру технологиялары.

150
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқытуда ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялар құралдарын қолдану практика-
сын талдау оқытудың компьютерлік құралдарының құрамына кіретін 
компоненттерді жəне технологияларды ерекшелеуге мүмкіндік 
берді:
-  оқыту мазмұнын дифференциациялау технологиялары;

формалды жəне формалды емес білім қатынасын 
арттыратын, оқушылардың психофизиологиялық ерекше-
ліктеріне бағытталған материалды берудің дедуктивтік 
жəне жүйелік-құрылымдық əдістерін пайдаланатын техноло-
гиялар;  
-  программалық-аппараттық қамтамасыз ету жəне периферияға 
бейімделген арнайы құрылымдалған мəліметтер қорын, 
электрондық құралдар жəне оқулықтар негізінде жүзеге асы-
рылатын мультимедиалық технологиялар;
-  оқушы мен оқытушының қатынасына арналған (дауыс, қимыл, 
тактильді қатынас жəне т.б.) арнайы мультимедиа-техноло-
гиялар. 
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытуды ақпараттандыру 
құралдарын құруда пайдаланылатын Ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдарын  бейімдік (бейімдік, коррелятивтік бейімдік, 
компенциялық бейімдік) жəне интегралдық  интерфейстік  деп 
бөлуге болады.
Бірінші топтың технологиялары білім беру əрекеті мəселелерін 
жеңілдетуге арналғандығымен, оларды толығымен шеше алмайды. 
Бұл технологиялар эксклюзивтік конфигурасы, оригинал контроллер, 
арнайы программалық қамтамасыз ету жəне сыртқы құрылғылардың 
қызметтік-бейімдеуші жүйелері дербес компьютерлердің көмегімен 
жүзеге асырылады.
Интегралдық интерфейстік технологиялар Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын құруда оқушы-мүгедектерді 
интеграциялау жəне реабилитациялау мəселелесін түбегейлі шешу-
ге бағытталған. Бұл технологиялар оригинал үрдіссорлар, контрол-
лерлер жүйесі жəне арнайы программалық қамтамасыз ету, жоғары 
дəрежедегі дербестендіру негізінде жүзеге асырылады. 
Жалпы орта білім берудің осы аймағында Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының таралуында оқу 
материалының басты көрінуімен, оқу бейнематерилындағы мəтінге 
интербелсендікті əдістерді қолданумен, сөзді тану жүйесінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет