Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы


Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары



бет3/6
Дата24.10.2019
өлшемі0,56 Mb.
#50596
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2019 Қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 каз



Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары



Тақырыптың атауы

Сағат саны

күндізгі

1

Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер. Бағдарламаның ішкі құраушы элементтерін талдау. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары

2

2

Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігін талдау. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері

2

3

Оқулыққа енген (5-10 сынып) материалдарды саралап үйрену. Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау. Сабаққа қажетті көрнекі құралдар дайындау

2

4

Жоспар, оның түрлері. Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ жоспарын жасау (әр түрлі тақырыптарда)

2

5

Дидактикалық ойынның түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну. Х.Арғыновтың «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері» еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын құралдарға талдау жасау. Салалас, сабақтас құрмаласты оқытуға байланысты бірнеше көрнекі құралдардың үлгісін жасау

2

6

Әдеби нормадан жөнді ауытқуға байланысты көркем әдебиеттерден мысалдар жинау. Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктің маңызы. Пунктуацияны оқытуға байланысты тірек-схемалар жасау

2

7

Жарнамадағы стильдік қателерді жинақтап, таразылау. Ресми іс-қағаздар стиліне мысалдар жинау, оны сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін сұрыптау. Грамматикалық талдау әдістері

2

8

Талдау түрлері. Сатылай кешенді талдау жүргізу әдістері. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

2

9

Төменгі, орта, жоғарғы деңгейдегі тест тапсырмаларын құрастыру жолдары. 5-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау. 6-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау.

2

10

7-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау. 8-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау. 9-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау

2

11

«Тіл дамыту» сабағының үлгісін жасау. Шешендік өнер сабағының үлгісін жасау. Сабақтан тыс жұмыс жоспары мен бір конспекті жасау

2

12

Қызықты грамматика материалдары бойынша папка жасау. Қазақ тілі кабинетін жасақтау жоспарын жасау. Қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестігі жоспарын құру

2

13

Қазіргі сабақ түрлерін пайдалана отырып әр түрлі тақырыптарда сабақ жоспарларын жасау. Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, сабақ өту. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

2

14

Фонетиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар. Морфологияны оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар. Синтаксисті оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

2

15

Тест, оның түрлері. Сабақ талдау схемасын меңгеру. Морфологияны тиімді меңгертуге арналған перфокарталар

2

Барлығы

30



2.2 Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1-дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

Жоспар:


  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық- теориялық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері.

  5. А.Байтұрсынов – әдістеме ғылымының негізін салушы.

Қазақ тілі әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері, қалыптасқан жүйесі бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады. Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске асады. Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, философия, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Әдістеменің лингвистикамен байланыстылығы, біріншіден, ол оқылатын пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеумен тікелей байланысты. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме жетіліп, байып отырады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы болып табылады.

Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталады. Педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. Қазақ балаларын ана тіліне сауат ашу жұмысын тұңғыш рет дыбыстық метод бойынша ұйымдастырды. Сондай-ақ жаттығу жұмысына, ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін сөйлеуге мән берді.

Тіл мамандарының кеңес тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болатын. Онан кейін осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілінің оқу әдісі» деген атпен жинақ шықты. 1936 жылы орта мектептің 5-6 сыныптарына арналған С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1939 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы» деген еңбектер жарық көрді. Қ.Басымов (Грамматиканы оқыту, 1938ж.), Ғ.Бегалиев (Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері., 1950ж.), Ш.Сарыбаев (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері., 1956ж.), Ш.Әуелбаев (Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар., 1971), Ы.Маманов (Қазақ тілін оқыту методикасы., 1963ж.) сынды ғалымдар әдістеме ғылымының негізін салуға өзіндік үлес қосты.

Бұл аталған еңбектерде қазақ тілінің оқыту методикасының алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары талдау үлгілері, оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталумен бірге, «Мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепті емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жөн-жоба», - деп методиканың көптеген проблемаларына тоқталды. Ол қазір де мәнін жойған жоқ.

Ахмет Байтұрсынов 1920 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Баяншы» әдістемелік нұсқауының сөз басында: «Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, оның әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ойлап, әліппе оңай болмағанын көздеп, бірінші әліппені басынан аяғына шейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым; қазақ сөзіндегі хәріптерді оқып шыққанша балалардың жолда малтыққандай еш қиыншылық ұшырамас», - дейді. Бұл жерде автордың айтып отырғаны қазіргі әдістемеде қолданып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерді терминдеріндегі индукция-дедукциялық, анализдік-синтездік, синтетика-семантикалық әдістері түріне сай келеді. «Баяншы» еңбегінің және бір құндылығы – қазақ тілін оқып үйренуде өте қажетті, сол кезде күн тәртібінде тұрған әдістемелік мәселе – автордың ана тілінде жазып, оқып-үйрену үшін жазу таңбасын, дұрыс емле нормасын қаплыптастыруға тырысқандығы.

Әдістеме авторы қазақ тілін онан әрі тереңдете оқыту және шәкірттерге таныстыру мақсатында 1928 жылы Қызылорда қаласынан «Тіл жұмсар» еңбегін басып шығарды. Бұл еңбектің құндылығы – алғаш рет біршама болса да, қазақ тілі грамматикасы жинақталып, өз алдына пән ретінде оқытылатын құралдың жасалуында. Мұнда фонетика, морфология, синтаксис деп ат қойылып, айдар тағылмаса да, осы іспетті тіл салаларының мәселелерін қамтыған. А.Байтұрсынов қаламынан шыққан қай еңбегін алсақ та ең басты әдістемелік ұстанымы анализ және синтездік әдісі екенін көруге болады. Ғалымның еңбектерін күні бүгінге дейін қолданудамыз.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
2-дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Жоспар:


1. Дидактикалық ұстанымдар туралы түсінік.

2. Жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымы.

3. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары.

Ұстанымдар жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымына негізделеді. Қазақ тілін оқытуды оқу- танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік- құрылымдық табиғатын ашу. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары мен тілдің жекеленген тақырыбынан туындайтын ұстанымдардың байланыстылығы мен сабақтастығы. Дидактика мен методика бір объектіні оқу-тәрбие процесін зерттейді, яғни бұлардың зерттеу мақсаты ортақ. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: дидактика оқу-тәрбие процесін жалпылама зерттесе, методика оны тек белгілі бір оқу пәніне, яғни қазақ тіліне байланысты қарастырады. Әр оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай олардың әрқайсысы дидактикамен тығыз байланысты, ал олардың әрқайсысында дидактикалық ұстанымдар өзгеше жүзеге асырылады.

Қазақ тілін оқыту принциптерін негізінен екі топқа бөлуге болады: 1) жалпы дидактикалық ұстанымдар; 2) қазақ тілін оқытуда қолданылатын ұстанымдар.

Жалпы дидактикалық ұстанымдар барлық пәндерді оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады. Мұндай принциптерге мыналар жатады: 1) тәрбиелей отырып оқыту принципі; 2) оқытуды өмірмен ұштастыру принципі; 3) оқушылардың оқудағы саналылық принципі; 4) творчествалық белсенділік принципі; 5) көрнекілік принципі; 6) оқытудың ғылыми принципі; 7) жүйелілік пен бірізділік принципі; 8) білімді берік меңгеру принципі; 9) оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі; 10) оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру принципі.

Мектеп оқушыларының сауатын ашу, оларға бүгінгі күн талабына сай білім беру және тәуелсіз Қазақстанның елін, жерін сүйетін, тарихы мен мәдениетін, әдебиетін білетін азамат етіп тәрбиелеу мәселелері педагогикада дидактикалық принциптер негізінде ғана іске асырылады. «Дидактика» термині гректің «дидактас» дейтін сөзінен алынған, яғни үйрету, білдіру деген ұғымды береді. Демек, дидактика – оқытудың, білім берудің, тәрбиелеудің амал-тәсілдерін, олардың теориялық және практикалық заңдылықтарын қарастыратын сала. Олай болса, оқытудың, білім берудің теориялық жолдары мен әдістемелерінің жиынтығы дидактиканың негіздері немесе принциптері болып табылады. Дидактиканың білдіру, үйрету, оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарының негізінде әрбір ғылым негіздерінің оқытылу тәсілдері туындайды, әр пәннің өзіндік әдістемесі жасалады. Дидактиканың негізгі мақсаты оқушыға білім беру, алған білімін бекітіп, тиянақтау, оны дағдыға айналдыру, жаттығуға, икемділікке баулу. Берілген білім мазмұнын дағдыға айналдырудың жолдары мен амал-тәсілдерін, дидактиканың әдістемелік заңдылықтарын анықтайды.

Бұл дидактикалық ұстанымдар барлық пәндерді оқытуда қолданылатын жалпылама ұстанымдар. Жоғарыда аталған дидактикалық ұстанымдар методиканың бірден-бір принциптері бола тұрса да, қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. қажет. Бағдарлама материалдары дидактиканың индукция, дедукция әдістемелері негізінде оқытылып, білім беру бірде талдау-анализ жасаудан басталып, талдаудан ереже, анықтама тудырады. Керісінше, кейде ереже, анықтамалардан басталып тұжырым – синтезден талдау шығарады. Бұл екі әдіс бір-бірінен ажырамайтын, үнемі бірлікте қарастырылатын дидактикалық негіздер болып табылады.

Индукция, дедукция әдістері әр сабақ процесінде іске асырылып отырады. Қандай сабақ түрі болмасын, ондағы берілетін білім, дағды, жаттығу жұмыстары дидактика заңдылықтары негізінде ұйымдастырылады. Оқытудың жүйесіне, ұйымдастырылуына, талап-мақсатына байланысты дидактикалық басқа да әдістемелік заңдылықтар сабақ барысында жүзеге асырылады. Әрбір мұғалім сабақты дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, өздерінің ізденістері, тәжірибелері негізінде ұйымдастырады.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
3-дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

Жоспар:


1. Қазақ тілін оқытудағы танымдық әдістер туралы түсінік. (анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент, бақылау мен салыстыру, жіктеу және т.б.)

2. Қазақ тілін зерттеуші әдіскер-ғалымдардың оқыту әдістерін жүйелеуі. Орыс ғалымдарының оқыту әдістерін жіктеуі.

3. Қазақ тілін оқыту әдістерінің тиімділігі.

Әдістер жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны жүзеге асырылады. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы. Жекленген тақырыптардың ерекшелігінен туындайтын әдістер. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім беру мен практикалық сабақтарды жүргізу белгілі бір оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыру жолында пән мұғалімінің жүргізетін жұмысы сан алуан болып келеді. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістері бір- бірімен тікелей байланысты. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер. Тіл бірліктерінің семантикалық болмысын таныту әдістері.

Педагогика теориясында оқыту әдісіне мынадай анықтама берілген: «Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі». Әдіс – метод – грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны береді, кейін алғашқы мағынасы кеңейіп, «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді білдіреді.

Дидактикада оқыту әдістерін топтауда бірізділік жоқ, яғни осы саланы зерттеп жүрген ғалымдарымыз оқыту әдістерін әр түрлі топтастырады. Атап айтар болсақ, И.А.Каиров, Н.К.Гончарев, Б.П.Есипова, Л.В.Занковтардың авторлығымен жарияланған «Педагогика» оқулығында оқыту әдісінің 9 түрі айтылған:



  1. Мұғалімнің баяндауы мен лекциясы. 2.Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі. 3.Мұғалімнің тәжірибелермен оқытылатын затты көрсетуі. 4. Картиналармен, сызықпен жасалынған көрнекті құралдарды көрсету. 5. Экскурсия. 6. Оқулықтан және басқа да кітаптардан оқушылардың өздігінен білім алуы. 7. Оқушылардың өздігінен бақылауы, тапсырманы орындауы, лабораторияда істейтін жұмысы. 8. Жаттығулар. 9. Оқушылардың білімін тексеру методы: ауызша, жазбаша, практикада сынау. Профессор Е.Я.Галант оқыту әдісінің 8 түрін ұсынады: П.А.Зайченко он түрін көрсетеді, И.Я.Ларнер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді:

Қазақ тілін зерттеуші әдіскер – ғалымдар оқыту әдістерін төмендегідей жіктейді.

Х.Арғынов синтаксистен оқушыларға білім беруде мынадай оқыту әдістерін пайдалануды тиімді деп санайды:

1) байқау әдісі; 2) түсіндіру әдісі; 3) әңгіме әдісі. Ал, Ә.Исабаев болса, қазақ тілінен білім беру әдістерін былайша топтайды.

А) Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері: 1) қазақ тілін әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі; 2) түсініксіз сөздерді үйрету әдісі; 3) диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі; 4) ауызша түсіндіру әдісі; 5) ауызша мазмұндау әдісі; 6) мәнерлеп оқу әдісі.

Ә) Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері: 1) әңгіме әдісі; 2) хабарлау әдісі; 3) түсіндіру әдісі; 4) тәжірибе әдісі; 5) кітапты пайдалану әдісі.

Б) Қазақ тілін теориялық және практикалық жақтан үйрету әдістері: 1) дайын материалды талдау әдістері; 2) фонетикалық талдау әдістері; 3) морфологиялық талдау әдісі; 4) синтаксистік талдау әдісі; 5) тілдің материалдық түрін өзгерту әдісі; 6) тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі; 7) сөйлем құрату әдісі; 8) тілдік тапсырмалар негізінде шығарма жаздыру әдісі; 9) орфографиялық талдау әдісі; 10) көшіріп жазу әдісі; 11) диктант жазу әдісі.

З.Бейсембаева мына әдістерді көрсетеді: 1) табиғи әдіс; 2) сұрақ-жауап; 3) сурет әдісі; 4) сөйлем мен сөзді толықтыру; 5) мәтінмен жұмыс әдісі.

Профессор Н.Оралбаева, К.Жақсылықова қазақ тілін оқытудың мынадай әдістерін көрсетеді: баяндау, түсіндіру, ойландыру, жалқылау, жалпылау, әңгімелесу, еліктеу, жаттығу, ана тілімен салыстыру, көрнекілік, топпен жұмыс, экскурсия әдісі.

Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесінде тілді қатысымдық бағытта үйрету, яғни қазақ тілінің әлеуметтік рөлін, аясын кеңейтуді жүзеге асыру қажеттігі маңызды болып есептеледі. Қатысым әдісінің ерекшеліктері мен тілді меңгертудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, айқындау – қазіргі көкейкесті мәселе.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
4-лекция. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері

Жоспар:


  1. Қазақ тілі сабақтары.

  2. Қазақ тілін тереңдете оқыту.

  3. Қазақ тілі бағдарламасы.

  4. Қазақ тілі оқулығы.

  5. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы.

Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері мен ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа да түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беру. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасауда оқушының даму ерекшеліктері негізге алынады. Тереңдете оқытуда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны ескеріледі. Қазақ тілі бағдарламасы- мемлекеттік құжат болып табылады. Қазақ тілі оқулығы оқушы үшін негізгі қажетті құрал. Оқулықтың жасалу теориясы және жүйелілік- құрылымдық сипаты ескеріледі. Қазақ тілі оқулықтарының өзіндік даму жолдары бар. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері мен қолданылуы да мұғалімнің назарында болады. Лингвистикалық теориялық материалдарды оқу мақсатында сипаттаудың лингводидактикалық негіздері туралы түсінік беріледі. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Огородников.И.Т, Сарокин.Ю.К, Р.Т Лембер мынадай оқыту жүйесін ұсынады:

1) Ауызша: әңгіме, әңгіме кеңес, лекция, кітаппен жұмыс.

2) Көрнекілік: суретпен сипаттау, демонстрация.

3) Практикалық-лабороториялық жұмыстар, практикалық жұмыстар.

Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмудов төмендегіше берген. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диофильм, көрсету. Теориялық мәліметтерді оқушылардың ізденісі, еңбектенуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады. Ә) Білім мен іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша- жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, лабораториялық жұмыс, экскурсия сабағы жатады. Б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.

Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақпен қорытындыланады. М.Махмутов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты емес, сабақтың мақсатына жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашанда ауыспалы сипатта болады, деп айта келіп, сабақтың дидактикалық құрылымы оның түрлері мен типтері үнемі ортақ болады деп көрсетеді. Б.Т.Панов сабақ типтерін төрт топқа бөледі. Ә.Исабаев қазақ тілінен өтетін сабақтарды төмендегідей жіктейді. Олар: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция сабақ.

Қазіргі сабақ түрлерінде талап оқу мазмұнын байытып, оқыту бағытын интеграциялау арқылы экономикалық, қоғамдық, саяси, әлеуметтік, мәдени өмірдің әр түрлі салаларынан мәлімет бере отырып оқыту арқылы оқушыларды болашақ қоғамға, өмірге дайындау қажет болып отыр. Бұған жаңа білім мазмұнының тұжырымдамасы, стандарты, қазақ тілінің бағдарламасы, оқу жоспары, оқулығы және оқу құралымен мұғалім жете түсініп меңгергенде ойдағыдай нәтижеге жетеді.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
5-дәріс. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Қазақ тілі фонетикасын оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

  3. Фонетикалық дағдыларды меңгерту.

  4. Қаза тілі фонетикасын оқытуда қойылатын талаптар.

  5. Фонетикалық талдау.

  6. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы меңгеру арқылы әдеби тілдің жасалу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін оқушыға жете түсіндіру қажет. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.

Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс.

Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу мүшесінің де қимыл-қозғалысын үйретеді. Сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрелері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін, графикалық талдау дұрыс жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.

Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет