Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет5/6
Дата24.10.2019
өлшемі0,56 Mb.
#50596
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2019 Қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 каз


Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
16-дәріс. Мәтінді оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Мәтін туралы ұғым қалыптастыру.

  2. Мәтіннің негізгі белгілерін оқушыларға меңгерту.

  3. Мәтінді талдау әдістемесі.

  4. Мәтінді құраушы тілдік бірліктер.

Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары.

Мәтін – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы негізінде түзілген. Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі болып табылады. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтін – жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды бөліктерінің бірі оның аяқталғандығы. Мәтіннің белгілі бір тақырыбы болады. Мәтіннің негізгі бірнеше санаттары бар. Әр стиль мәтіндерінің өзіндік ұйымдасу моделі, олардың өздеріне тән белгілері, байланыс құралдары болады. Мәтіннің мазмұнын ашу мәтіндегі қандай да болмасын зерттеулердің түпкі мақсаты болып табылады.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
17-дәріс. Орфографияны оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Орфографияны оқытудың әдіс-тәсілдері.

  2. Орфографияны оқытудың ұстанымдары.

  3. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары.

  4. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.

Орфографияны оқытудың ғылыми- пратикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістемесі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау жасаудың түрлері. Орфография мен орфоэпияның бір – бірінен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.

Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Көптеген тілдердің емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар : фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер.

Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. Фонематикалық принципке дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізген әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады. Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша (естілуінше) жазылады. Тарихи – дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі негізгі, басым принцип болады. Сонымен қатар осы тілде емле принциптерінің қалған түрлері де орын алады.

Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:


  1. Кейбір дыбыстардың жазылуы;

  2. Түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;

  3. Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;

  4. Шылаулар мен одағайлардың жазылуы;

  5. Бас әріптердің қолданылуы;

  6. Сөздерді тасымалдау;

Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген тұстар – дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі.

Орфографиялық дағды – күрделі процесс. Ол – жазу, сөздің дыбыстық құрамын дағдылай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса, онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.

Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстракция, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар жатады.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
18-дәріс. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі

Жоспар:


1. Пунктуацияны оқытудың әдістері.

2. Пунктуацияны оқытудың кезеңдері мен ұстанымдары.

3. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері.

4. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.

Пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунтуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлерін түсіндіру. Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады.

Қазақ тілінің пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына мағынасына қарап қойылады.

Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау.

Пунктуация жазу мәдениетін көтерсе, интонация оқу, сөйлеу мәдениетін арттырады; пунктуация жазу арқылы ой білдірудің құралы болса, интонация – ауыз екі тілде ой білдірудің құралы. Қазақ пунктуациясы мағынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді; бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады.

Қаза пунктуациясының қызметін сөз ету дегеніміз – қазақ тілінде қандай тыныс белгілерінің барын, оларды қандай мағына білдіретінін және қолданылуын баяндау.

Пунктуациялық ережелерді түсіндіріп, сабақ барысында талдау жүргізіп отыру қажет.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.

19-дәріс. Тіл дамыту әдістемесі

Жоспар:


1. Тіл дамытудың бағыттары.

2. Тіл дамыту әдістемесінде жүргізілетін жазбаша жұмыстар.

3. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық- құрылымдық жүйесі.

Тіл дамыту – қазақ тілі әдістемесінің басты міндеті. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық - құрылымдық жүйесі. Тіл дамыту - оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты. Тіл дамытудағы ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері. Оқушылардың тілдік қарым - қатынас жасаудағы сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен орын алатындығы. Ұстаз шәкірттердің, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, айтылмақ ойдың түсінікті болуын, қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын сондай-ақ өз ойларын байланыстыра, жүйелі, логикалық тұрғыда жазу дағдыларын қалыптастыруға тырысады. Оқушының сөйлеу дағдылары – сөзді ауызекі сөйлеуден немесе жазу жұмысында орнымен қолдана алатындай дағдылар жүйесінен, сұраққа қысқа да, толық та жауап құрастыруынан, оқыған немесе көрген жайларын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағдысынан, шығарма жазу, жоспар, конспект, реферат жазу дағдыларынан құралады.

Тіл дамыту жұмысын (оқушының жасына, сыныбына қарай) байланыстырып сөйлеумен тығыз байланысты. Мұғалімдер тіл дамыту жолдарын ізденгенде оқушының жеке бас ерекшелігін, ол жұмыстың қиын да күрделі мәселелерін есепке алады. Әсіресе, тіл дамытудың маңызды бір бөлігі әдемі де сауатты жазу екеніне ерекше назар аударады. Сөйлеу мәдениетіне баулумен қатар, жазу мәдениеті, сауаттылыққа баулу іс-әрекеттері – тіл дамытудың ажырамас бірлігі.

Ал сөйлеу мәдениеті орфоэпия заңдылықтарын толық меңгеруді талап етсе, тыныс белгілерін толық меңгертуді керек етеді. Бұл жерде жазу мәдениетінің өзіндік ерекшелігін ажырата білу керек. Дұрыс сөйлеу, оны дұрыс жаза білудің өз әдістері, тәсілдері бар. Тіл дамыту іс - әрекетінде осы мәселелерді түйістіре білгенде, ортақ тиімді технологиясынан іздене білгенде ғана нақты нәтижеге жетуге болады. Шебер де жатық сөйлеу үшін әдеби тіл нормаларын, заңдылықтарын білу керек, оны меңгеру керек. Қазіргі білім беру талаптары тіл дамыту жұмыстарына жаңа мақсат, жаңа міндет жүктеді. Оқытуды технологияландыру тіл дамыту жұмыстарын репродуктивті тәсілдермен жүргізілуі керек.

Тіл дамыту жұмыстары бүгінгі таңдағы сабаққа қойылатын талап негізінде жүргізілуі керек. Тіл дамыту жұмыстарын әр сабақта өтіліп жатқан тақырыпқа сай жүргізіп отырған жөн.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
20-дәріс. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі

Жоспар:


1. Тіл мәдениетін оқыту әдістемесі.

2. Стилистиканы оқыту әдістемесі.

3. Стиль және стилистика туралы ұғымдар.

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұнын меңгертудің маңызы. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Стилистикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістемесі. Стилистикалық жаттығулар. Стилистикалық қате және оларды болдырмау жолдары. Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл – адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір –бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де – тіл, сөйлеу мәдениеттеріне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы қалыптасқан фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп пайдалану да – тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.

Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың көпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға стилистикалық талдау жасату, сөйлемдер мен қысқаша мәтіндер, стилистикалық диктанттар жазғызу т.б. жұмыстарды саралап алғаны жөн.

Стилистика қағидаларын меңгерткенде мұғалім жеке адамның өзіне тән лексикасы болатынын, кейбіреудің сөздік қоры бай, ал біреулердің сөздік қоры аз болатынын да айтып өткені дұрыс. Әр адамның сөйлеу мәнері, сөз екпінін түсіріп айтудың өзіндік дағдысын қалыптастыратынын, көркем әдебиеттің әр жанрына тән стильдік ерекшеліктердің болатынын назарда ұстауы қажет. Оқушыларға стильдің түрлеріне байланысты әр түрлі жұмыстар орындату керек.

Мұғалім сөйлеу мен жазудың түрлі стильдік ерекшеліктеріне тән тілдік қолданыстар туралы ұғымды тіл дамыту кезінде жүргізілетін тапсырмалар арқылы кеңейтіп отыруы қажет. Тілдік тәсілдерді, стильдік құбылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйретіп, дағдыландырады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
2.3 Семинар сабақтардың жоспары

1-семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілі әдістемесінің тілі білімімен, педагогика, психология ғылымымен байланысы.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланыстылығына талдау жасау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістемелік, лингвистикалық негізі дегенді қалай түсінесіз?

2.Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі деген не?

3. Оқушылардың білім сапасы, дағдысы мен қабілетін тексеруге байланысты сұрақ-тапсырма дайындаңыз.

Әдебиеттер:

1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999


2-семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілі әдістемесінің зерттелу тарихы, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы.

Мақсаты: Қазақ тілі әдістемесінің зерттелу тарихы, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайын талдап, зерттеу.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар кімдер. Олардың қандай еңбектерін білесіз?

  2. Қазақ тілін оқыту қалай дамыды, оның даму сатысына талдау жасаңыз?

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуынаозат тәжірибенің әсері?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
3- семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтары.

Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтарын таныстыру.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақ тілін оқытуға байланысты қандай дидактикалық принциптер бар?

  2. Қазақ тілін оқытудағы ғылыми принцип қалай жүзеге асады?

  3. Тәрбиелік оқыту принципіне мысал келтіріңіз?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
4- семинар.

Тақырыбы: Әдіс ұғымы және ойлау тәсілдері.

Мақсаты: Әдіс ұғымы және ойлау тәсілдерін талдау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Әдістемелік әдебиеттерді зерттей білудің маңызы қандай, оның әсері?

  2. Оқыту процесі қандай жолдармен тексеріледі, мысал келтіре отырып айтыңыз?

  3. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірибесін зерттеудің қандай маңызы бар?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
5- семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілі бағдарламалары.

Мақсаты: Қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі оқулығы қандай талаптар негізінде жазылуға тиіс.

  2. Теориялық материалдардың берілуі, жаттығулар жүйесі, оқу материалдары қандай әдістермен беріледі?

  3. Өзіңізге ұнаған қазақ тілінің бір оқулығына талдау жасаңыз.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
6- семинар.

Тақырыбы: Сабақтың құрылымдық элементтері.

Мақсаты: Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру. Сабақтың құрылымдық элементтері. Қазақ тілі сабақтарына қойылатын негізгі талаптар.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру.

2.Сабақтың құрылымдық элементтері.

3.Қазақ тілі сабақтарына қойылатын негізгі талаптар.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.

3.3 ІІІ модуль. Қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі.
7- семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер, түрлері, қолдану жолдары. Сабақ үлгілері.

Мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар және оны тиімді пайдалану жолдары.

Әдістемелік нұсқау: 1,2,3,4,5,6,7.

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын көрнекіліктердің әдістемелік жағынан қандай тиімділіктері бар?

2. Қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын көрнекіліктерді атаңдар.

3. Сабақта көрнекіліктерді пайдалануға қандай әдістемелік талаптар қойылады?

4. Көрнекілік ретінде сынып тақтасының қандай пайдасы бар?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
8- семинар.

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық технологиялар. Сабақ үлгілері. Слайд жасау.

Мақсаты: Инновациялық технологиялар арқылы тәрбиелеуші мұғалімдердің әдістемелік тәжірибесін арттыру

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.

  2. Ұжымдық оқыту технологиясы.

  3. Белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологисы.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
9- семинар.

Тақырыбы: Оқу модулін даярлау технологиясы. Сабақ үлгілері. Слайд түрінде.

Мақсаты: Оқу модулін даярлау технологиясын пайдалану жолдарын талдау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқу модулін даярлау технологиясының негізін салушылар.

2.Триз технологиясы.

3. Модульдің құрамын түсіндіру.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.


10- семинар.

Тақырыбы: Тұлғаның тіл байлығын дамыту. Тіл дамыту жұмысына сабақ үлгілері.

Мақсаты: Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар, байланыстырып сөйлеу әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Тіл дамыту жұмыстарының мақсаты қандай?

  2. Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды атаңдар.

  3. Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?

  4. Тіл дамыту жұмысының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері жөнінде айтыңдар?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
11- семинар.

Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы жаттығу жұмыстары.

Мақсаты: Студентерге бастауыш сыныптағы жаттығу жұмыстарын түрлерін, маңызын түсіндіру. Тұрақты, берік білім беру үшін жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Оқушыларға сапалы білім беріп, қажетті дағды қалыптастыруда жаттығу жұмыстарының маңызы қандай?

  2. Жаттығудың қандай түрлері бар?

  3. Жаттығудың әр түріне сипаттама беріңдер.

  4. Жаттығу жұмыстарына қандай талаптар қойылады?

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
12- семинар.

Тақырыбы: Оқушылардың жазба жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары.

Мақсаты: Оқушылардың жазба жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдарының әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Бастауыш сыныптағы оқушылардың жұмыстарындағы қателерді болдырмау шаралары қандай?

  2. 2-4сынып оқушыларының шығармаларының мазмұны, құрылысы, тілі жағынан талдаңдар.

  3. Мазмұндама немесе шығарманы талдауға арналған бір сабақтың жоспарын жасаңдар.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
13- семинар.

Тақырыбы: Ойын арқылы - оқыту әдісі. Сабақ үлгілері. Слайд жасау.

Мақсаты:Орыс педагогы В.А.Сухомлинский ойын туралы былай деді: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін де емес”-дегенін басшылыққа алу.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
2.Қабілетті қалыптастыру жолдары .
3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
4. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану
5. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.


14- семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілі пәнінен тестік жұмыстардың түрлері.

Мақсаты: Оқушылардың білім тексеруге, балалардың деңгейіне қарай тапсырма беріп білімін бағалауға тестің маңызын түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақ тілі пәнінен тестік жұмыстардың түрлері.

  2. Таңдамалық тест дегеніміз не?

  3. Жұмбақтық тестке сипаттама бер?

  4. Баламалық тест.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
15- семинар.

Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушы жауабын ескеру, бағалау нормалары.

Мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында оқушы жауабын ескеру, бағалау нормаларын талдау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:



  1. Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері.

  2. Жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар.

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.

2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары – жоспарланбаған.
2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтарының жоспары

СӨОЖ өткізу түрі:

1. Берілген тақырыптарға реферат жазу.

2. Сабақ жоспарларын дайындау.

3. Сабақ үлгілерін көрсету.

4. Бақылау жұмысын жазу.

5. Ұсынылған тақырыптарға конспект жасау.

6. Берілген тапсырмалар бойынша коллоквиум тапсыру.

СӨОЖ-дің әдістемелік нұсқауы:

Төмендегі ұсынылып отырған тақырыптарды түсініп, өздерінің ой-пікірлерін нақты мысалдар негізінде дәлелдеу. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына шолу жасап, әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау. Қазақ тілін оқыту бағдарламалары мен оқулықтардың құрылымы мен түрлерімен танысу. Тіл білімі салаларын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді саралау. Сабақ жоспарларын дайындау.

5-9 сынып қазақ тілі бағдарламасына сәйкес сабақ үлгілерін, сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар мен әр тақырыптың ерекшелігіне қарай тапсырмалар дайындау. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген инновациялық технологияларға талдау жасап, ой-пікірлерін білдіру.

Ұсынылған тақырыптар бойынша реферат дайындап, оны қорғау.


І апта. СОӨЖ 1-2

Тақырыбы: Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту. Информатика пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған сабақ жоспарын, компьютерлік бағдарламасын құру. Модульдік технология, оны пайдаланудың тиімділігі

Сұрақтар:

1. Қазақ тілін компьютер арқылы оқытудың артықшылығын саралау.

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында ұсынылған сабақ жоспарлары мен компьютерлік бағдарламаларға сараптама жасау.

3. Модульдік технология жөніндегі ғалымдар пікіріне шолу.



Тапсырмалар:

1. «Тұрақты тіркестер» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын, компьютерлік бағдарламасын құру.

2. Модульдік технология бойынша «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіңіз. (8-сынып, 1 сағат).

3. Модульдік технологияның артықшылықтары туралы өз ойыңызды білдіріңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІІ апта. СОӨЖ 3-4

Тақырыбы: Дебат технологиясының ерекшеліктері. Қазақ тілі сабағында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, дарыта, интеграциялай оқыту

Сұрақтар:

1. Дебат технологиясының ерекшеліктерін талдау.

2. Қазақ тілі сабағында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру жолдарын анықтау.

3. Баспасөз беттерінде жарық көрген дамыта, дарыта, интеграциялай оқыту технологиясы жөніндегі мақалаларды жинақтап, талдау жасау.



Тапсырмалар:

1. «Қазақ тілін оқытуда дебат технологиясының тиімділігі» тақырыбында реферат дайындау.

2. Өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар дайындау.

3. Дебат технологиясын негізге ала отырып, сабақ үлгісін көрсетіңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІІІ апта. СОӨЖ 5-6

Тақырыбы: Бағдарламалық және дистанциялық оқыту технологиясы. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік талдау және оны жүргізу логикасы

Сұрақтар:

1. «Бағдарламалық және дистанциялық оқыту технологиясының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама дайындау.

2. Синтаксисті оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасау.

3. Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасауды меңгертудің ұтымды жолдарын ұсыныңыз.



Тапсырмалар:

1. Мектеп оқулықтарындағы жай сөйлем синтаксисінің оқытылу барысына зерттеу жүргізіңіз.

2. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіңіз. (8-сынып, 1 сағат).

3. Дистанциялық оқыту технологиясының ерекшеліктерін анықтаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІҮ апта. СОӨЖ 7-8

Тақырыбы: Синтаксистің тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы және оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары. Оқулықтың жасалу теориясы. Эмпирикалық және теориялық грамматикалақ талдау әдістерін оқушыларға меңгерту әдістемесі

Сұрақтар:

1. Синтаксистің фонетикамен, лексикамен, морфологиямен тығыз байланыстылығын анықтау.

2. Оқулық жасауда қойылатын талаптарды саралап, талдау.

3. Эмпирикалық және теориялық грамматикалақ талдау әдістерінің ерекшеліктерін анықтау.



Тапсырмалар:

1. Грамматикалық талдауға қатысты деңгейлік тапсырмалар дайындау.

2. Әр жылдарда жарық көрген қазақ тілі оқулықтарына сараптама жасаңыз.

3. Оқулықтарда берілген грамматикалық талдау жұмыстарына сараптама жасаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
V апта. СОӨЖ 9-10

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері – Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлының еңбектерінің маңызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері – Т.Шонанұлы, Қ Басымов т.б. еңбектерінің маңызы. Ғалам-әдіскерлер Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаевтың әдістемелік мұралары

Сұрақтар:

1. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» еңбектерінің маңызы.

2. А.Байтұрсынұлының қазақ тілін оқытуға қатысты пікірлене шолу.

3. Т.Шонанұлы, Ш.Сарыбаев, Ғ.Бегалиевтердің әдістемелік еңбектерін талдау



Тапсырмалар:

1. А.Байтұрсынұлы – әдістеме ғылымының негізін салушы (реферат).

1. Әдістемелік мұрасын талдау.

2. Қазіргі кездегі әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне конспект жасау.

3. С.Жиенбавтың қазақ тілін оқытуға қосқан үлесі (реферат).

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
VІ апта. СОӨЖ 11-12

Тақырыбы: Гуманитарландыру (ізгілендіру) – оқыту жүйесін қайта құрудың бір ұстанымы. С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерін талдау. Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ізденістері.

Сұрақтар:

1. Мектептегі ізгілендіре оқыту технологиясының басты бағыттары мен идеяларын анықтап, оның маңызын түсіндіріңіз.

2. С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы орны.

3. Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы пікірлерін саралау.



Тапсырмалар:

1. «Гуманитарландыру (ізгілендіру) – оқыту жүйесін қайта құрудың бір ұстанымы» тақырыбында баяндама жасау.

2. Қазіргі қазақ мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің оқытылуы жайында пікірталас жүргізу.

3. А.Байтұрсынұлының. «Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын, көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шабыттанады», - деген сөзінің мәнін түсіндіріңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
VІІ апта. СОӨЖ 13-14

Тақырыбы: Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығының маңызы. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылығы

Сұрақтар:

1. Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығын талдап, саралау, оның қазақ тілін оқытудағы орнын анықтау.

2. Оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар.

3. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылығын анықтау (конспект).



Тапсырмалар:

1. Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасындағы» «Сөз бөлшектерінің жасалуы үйдің салынуы сияқты. Ағаш, тас, кірпіш, балшықтарды қалай болса, солай құрастырып үйе салса, үй болмайды, тек үйшік болады. Үй болу үшін қиынын тауып қалап, байлауын тауып ұстатып; адам тұратын бөлме ме, мал қамайтын қора ма, астық жиятын сарай ма? – қайсысы екеніне – керегіне қарай тиісті түр беру керек» немесе «Сөз бөлшектерінің кітап, әңгіме сияқты ірілері бол, әріп, дыбыс сияқты ұсақтары бол, - қай-қайсы да, бітулі киімдей, айналасы көмкерілген бір бүтін нәрсе. Сөйте тұра бұлардың бүтіндігі бір тұтас, сом бүтіндей емес; киімнің өңір, шабу, арт бой, жең, жаға бөлшектерден құралатыны сияқты, әр бөлшектің өзінің ішкі бөлшектері бар; әрқайсысы сол ішкі бөлшектерден қиындалып, құралып барып жасалады»,- деген пікірін қалай түсінесіз. Қазіргі оқу жүйесімен салыстырыңыз.

2. 5-сыныптың оқу бағдарламасына сипаттама жасаңыз.

3. Түрлі оқу-әдістемелік кешендерді салыстырыңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
VІІІ апта. СОӨЖ 15-16

Тақырыбы: Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын, терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі

Сұрақтар:

1. Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын, терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары туралы конспект дайындау.

2. Дидактикалық әдістердің ерекшеліктері және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастарды талдау.

3. Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгертуде қолданылатын әдістер.



Тапсырмалар:

1. Түрлі әдістерді қолдана отырып, орфографияны оқыту тақырыбына сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз.

2. Тіл дыбыстарының ерекшеліктерін түсіндіргенде қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз. Дидактикалық материалдар дайындаңыз.

3. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістер туралы өз ойыңызды білдіріңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІХ апта. СОӨЖ 17-18

Тақырыбы: Қазақ мектебінде қазақ тілі пәнінің феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі тәрбиелік, дамытушылық маңызы. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.

Сұрақтар:

1. Қазақ мектебінде қазақ тілі пәнінің феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтарына конспект дайындау.

2. Қазақ тілі сабағында тәрбиелік, дамытушылық мақсатты жүзеге асыру жолдары.

3. Тіл мәдениеті, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және тіл дамыту жұмыстары.



Тапсырмалар:

1. «Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мен тыңдау әдебі» тақырыбында сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (9-сынып, 1 сағат).

2. «Сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы – халық жоғары болуы, рухани өміріміздің өсуі» (Т.Қордабаев). Осы пікірдің мәнін оқушыларға қалай жеткізесіз.

3. Оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін қандай әдіс- тәсілдер пайдаланар едіңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
Х апта. СОӨЖ 19-20

Тақырыбы: Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялар. Қазақ тілі пәнін дамыта оқыту технологиясы арқылы оқыту жолдары

Сұрақтар:

1. Әдеби норма және оның түрлері (реферат).

2. Жаңашыл-әдіскерлердің оқыту технологиясы туралы ой-пікірлеріне сараптама жасау.

3. Дамыта оқыту технологиясының артықшылықтарын анықтау.



Тапсырмалар:

1. Әдеби нормадан ауытқуға байланысты көркем әдебиеттерден мысалдар жинау.

2. Жаңа технологияның бір түрін негізге ала отырып, сабақ үлгісін ұсыныңыз.

3. «Педагог шеберлігі – жаңа технологияның негізі» атты тақырыпта дебат сабағының үлгісін ұсыныңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІ апта. СОӨЖ 21-22

Тақырыбы: Оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Грамматикалық ойындардың оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы рөлі. Қазақ тілін оқыту формалары.

Сұрақтар:

1. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын көрнекілік құралдардың орны.

2. Қазақ тілін оқыту формаларын саралап, конспект дайындау.

3. Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану ерекшеліктері..



Тапсырмалар:

1. Ойын элементтерімен қайталау сабағының .үлгісін көрсетіңіз

2. Х.Арғынов. Қазақ тілі синтаксисінің методикасының негіздері еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз.

3. Орфография мен орфоэпияны оқытуда қолданылатын көрнекілік құралдар дайындау.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІІ апта. СОӨЖ 23-24

Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойын элементтері. Қазақ тілінен жүргізілетін жазбаша жұмыстар. Тәрбие тамыры – халық даналығында

Сұрақтар:

1. Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойын элементтерінің маңызы.

2. Жазбаша жұмыстар жүргізудің мақсаты мен міндетін айқындау.

3. «Тәрбие тамыры – халық даналығында» тақырыбында пікірталас өткізу.



Тапсырмалар:

1. Ойын элементтерін қатыстыра отырып, сабақ үлгісін көрсетіңіз.

2. Жазба жұмыстарының өзіндік ерекшеліктерін көрсете отырып, жазба жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

3. Жай сөйлемді оқыту барысында сабақта қандай ойын түрлерін қолдануға болады.? Ол ойындарды қалай, сабақтың қай кезеңінде пайдаланатыныңызды айтып, түсіндіріңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІІІ апта. СОӨЖ 25-26

Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту – заман талабы. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Қазақ тілі сабағының түрлері мен құрылымы

Сүрақтар:

1. «Ауызекі сөйлеу тілін дамыту – заман талабы» тақырыбында пікірталас.

2. Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ құрылымы мен түрлерін айқындау.

3. Қазіргі сабақ түрлері мен құрылымына сараптама жасау.



Тапсырмалар:

1. Оқушылардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда қандай әдістерді қолданған жөн. Деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.

2. Сабаққа қойылатын талаптарды ескере отырып жаңа сабақ үлгісін көрсетіңіз.

3. Қазіргі сабақ құрылымындағы ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІV апта. СОӨЖ 27-28

Тақырыбы: Қазіргі сабақ жүйесі. Сөйлем мүшелерін оқыту. Сын есімді оқыту барысында ұлттық рухани тәрбие беру

Сұрақтар:

1. Қазіргі сабақ жүйесіне байланысты баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларды жинақтап, сараптама жасау.

2. Сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі.

3. Жай сөйлемді оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасаңыз.



Тапсырмалар:

1. Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасауды меңгертудің ұтымды жолдарын ұсыныңыз.

2 Сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын көрнекіліктер дайындау.

3. Мақсатын ұлттық рухани тәрбие беру етіп алып, сын есімді қайталау сабағының жоспарын дайындау.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХV апта. СОӨЖ 29-30

Тақырыбы: Зат есімді халық педагогикасымен ұштастыра оқыту. Қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын оқыту. Дәстүрлі емес сабақтарға панарамалық үлгіде сабақ жоспарын дайындау

Сұрақтар:

1. Зат есімді халық педагогикасымен ұштастыра оқытуда қолданылатын әдістер.

2. Қазақ тіліндегі сөйлемдердің интонациясын оқытуда техникалық құралдарды қолданудың тиімділігі.

3. Дәстүрлі емес сабақ түрлері, олардың ерекшеліктері.



Тапсырмалар:

1. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін қалай оқытасыз, үлгісін ұсыныңыз.

2. Сөйлем мүшелерін оқыту тақырыбына панарамалық үлгіде сабақ жоспарын дайындау.

3. Зат есімді оқытуда қолданылатын көрнекілік құралдар дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

СӨЖ-дің әдістемелік нұсқауы:

СӨЖ-ді орындау конспект, реферат, баяндама, коллоквиум түрінде өтеді.

Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқау:

Өздік жұмысына ұсынылған тақырыптар бойынша қосымша материалдар жинақтап, ой-пікірлерін білдіру.

Қазақ тілін оқыту бағдарламаларына сәйкес ұсынылған тақырыптар бойынша сабақ жоспарларын дайындап, сабақ үлгілерін көрсету, сабақ тақырыбына сәйкес көрнекілік құралдар дайындау.

Тіл білімі салаларын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерге сараптама жасау, талдау жұмыстарына арналған тапсырмалар әзірлеу. Ұсынылған тақырыптар бойынша баяндама мен реферат дайындау.


І апта. СӨЖ 1-2

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер. Бағдарламаның ішкі құраушы элементтерін талдау. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары

Тапсырмалар:

1. Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптерге талдау жасаңыз.

2. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары (реферат).

3. Ғалым-әдіскерлердің ұсынған ұстанымдарына сараптама жасау.

4. Бағдарламаның жасалу жолдарын, ішкі құрылымын талдау.

5. 5-сынып оқулығына арналған бағдарламаны талдап, өзіндік тұжырым жасаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІІ апта. СӨЖ 3-4

Тақырыбы: Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігін талдау. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері

Тапсырмалар:

1. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдарға сипаттама беріңіз.

2. 5-сыныпқа арналған оқулықтың теориялық бөлігіне талдау жасаңыз.

3. 6-сыныпқа арналған оқулықтың практикалық бөлігіне талдау жасаңыз.

4. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктерін талдап, өзге оқулықтармен салыстырыңыз.

5. Жаңа буын оқулықтарының сапасына, тапсырмалар деңгейіне сипаттама беріңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІІІ апта. СӨЖ 5-6

Тақырыбы: Оқулыққа енген (5-10 сынып) материалдарды саралап үйрену. Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау. Сабаққа қажетті көрнекі құралдар дайындау

Тапсырмалар:

1. 5-10 сынып оқулықтарының теориялық, практикалық бөліктеріне назар аударыңыз. Жаттығу жұмыстарына сараптама жасаңыз.

2. С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», «Қазақ тілі методикасы», «Грамматикалық таблицалар» деген еңбектеріне сараптама жасаңыз.

3. Тіл білімі салаларын меңгертуде қолданылатын көрнекілік құралдарға сипаттама беріңіз.

4. Тіл дамыту жұмысына байланысты көрнекіліктер дайындаңыз.

5. Тақырыпты меңгертуде көрнекі құралдардың маңызын түсіндіріңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІV апта. СӨЖ 7-8

Тақырыбы: Жоспар, оның түрлері. Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ жоспарын жасау (әр түрлі тақырыптарда)

Тапсырмалар:

1. Жоспар, оның түрлеріне сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтаңыз.

2. 7-сыныптың бағдарламасына сәйкес жылдық жоспар дайындау

3. 5-сынып бағдарламасына сәйкес күнтізбелік жоспар дайындау.

4. 5-8 сыныптарына арналған бағдарлама бойынша кез-келген тақырыпқа жеке сабақ жоспарын дайындау.

5. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде қандай тапсырмалар орындатар едіңіз, үлгісін көрсетіңіз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
V апта. СӨЖ 9-10

Тақырыбы: Дидактикалық ойынның түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну. Х.Арғыновтың «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері» еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын құралдарға талдау жасау. Салалас, сабақтас құрмаласты оқытуға байланысты бірнеше көрнекі құралдардың үлгісін жасау

Тапсырмалар:

1. Дидактикалық ойын түрлері, оны сабақта пайдаланудың жолдары (реферат).

2. Х.Арғыновтың «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері» еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын құралдарға талдау жасау, олардың маңызын саралау.

3. Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығын түсіндіргенде қандай көрнекілік қолданасыз, үлгісін дайындаңыз.

4. Ойын элементтерін қолдана отырып, «Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбына сабақ жоспарын, көрнекі құралдар дайындаңыз.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
VІ апта. СӨЖ 11-12

Тақырыбы: Әдеби нормадан жөнді ауытқуға байланысты көркем әдебиеттерден мысалдар жинау. Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктің маңызы. Пунктуацияны оқытуға байланысты тірек-схемалар жасау

Тапсырмалар:

1. Әдеби нормадан жөнді ауытқуға байланысты көркем әдебиеттерден мысалдар жинап, талдау жасаңыз.

2. Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктің маңызы (реферат).

3. «Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілер» тақырыбына сабақ жоспарын, тірек-схемалар дайындаңыз.


4. Орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс түрлерін ұйымдастырыңыз.

5. «Жазба жұмыстарда кеткен пунктуациялық қатемен жұмыс» тақырыбына сабақ жоспарын дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
VІІ апта. СӨЖ 13-14

Тақырыбы: Жарнамадағы стильдік қателерді жинақтап, таразылау. Ресми іс-қағаздар стиліне мысалдар жинау, оны сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін сұрыптау. Грамматикалық талдау әдістері

Тапсырмалар:

    1. Жарнамадағы стильдік қателерді жинақтап, түсініктеме беріңіз.

    2. Ресми іс-қағаздар стилінде жазылған мәтіндерге мысалдар жинап, оларды сабақта қолданудың жолдарын сараптаңыз.

3. Грамматикалық талдау әдістері (реферат).

4. Грамматикалық талдауға деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
VІІІ апта. СӨЖ 15-16

Тақырыбы: Талдау түрлері. Сатылай кешенді талдау жүргізу әдістері. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар:

1. Талдау түрлері (конспект).

2. Қазақ тілінен теориялық білімді бекітуде сатылай кешенді талдау жүргізу әдістерінің маңызы.

3. Сатылай кешенді талдауға байланысты жаттығу жұмыстарын дайындаңыз.

4. Тілді меңгертуде деңгейлік тапсырмалардың маңызы.

5. Етістікке қатысты деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ІХ апта. СӨЖ 17-18

Тақырыбы: Төменгі, орта, жоғарғы деңгейдегі тест тапсырмаларын құрастыру жолдары. 5-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау. 6-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау.

Тапсырмалар:

1. Тест тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері.

2. Төменгі, орта, жоғарғы деңгейдегі тест тапсырмаларын құрастырып, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

3. «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (5-сынып, 1 сағат).

4. Фразеологизм» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (5-сынып, 1 сағат).

5. «Дара сөздер мен күрделі сөздер» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (6-сынып, 1 сағат).

6. «Сілтеу, сұрау есімдіктері» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (6-сынып, 1 сағат).

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
Х апта. СӨЖ 19-20

Тақырыбы: 7-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау. 8-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау. 9-сынып бағдарламасына сай белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын дайындау

Тапсырмалар:

1. «Шылау» тақырыбына қайталау сабағының жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (7-сынып, 1 сағат).

2. «Сөз тіркесінің түрлері» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (7-сынып, 1 сағат).

3. «Төл сөз бен төлеу сөз» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (8-сынып, 1 сағат).

4. Модульдік технология бойынша «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тақырыбына жеке сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз. (8-сынып, 1 сағат)

5. «Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мен тыңдау әдебі» тақырыбында сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз (9-сынып, 1 сағат).

6. Үтір қойылатын орындар (сабақ жоспарын дайындап, сабақ үлгісін көрсетіңіз. 9-сынып, 1 сағат).

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІ апта. СӨЖ 21-22

Тақырыбы: «Тіл дамыту» сабағының үлгісін жасау. Шешендік өнер сабағының үлгісін жасау. Сабақтан тыс жұмыс жоспары мен бір конспекті жасау

Тапсырмалар:

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша «Тіл дамыту» сабағының үлгісін жасаңыз. Көрнекілік құралдар дайындаңыз.

2. Шешендік сөздер түрлері тақырыбына сабақ жоспарын жасап, сабақ үлгісін көресетіңіз.

3. Шешендік сөздер жинастырып, оларды түрлеріне қарай топтап, түрлі тапсырмалар құрастырыңыз.

4. Сабақтан тыс жұмыс түрлері (реферат).

5. Сабақтан тыс жұмыс түрлерінің біріне жоспар дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІІ апта. СӨЖ 23-24

Тақырыбы: Қызықты грамматика материалдары бойынша папка жасау. Қазақ тілі кабинетін жасақтау жоспарын жасау. Қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестігі жоспарын құру

Тапсырмалар:

1. Морфологияны оқытуға байланысты әдіскер-ғалымдардың еңбектерін конспектілеу.

2 Морфологияны оқытуда қолданылатын көрнекілік құралдарды дайындаңыз.

3. Морфологияны оқытуға байланысты тірек-сызбалар дайындаңыз.

4. Морфологияға байланысты деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.

5. Қазақ тілі кабинетін жасақтау жоспарын құрыңыз.

6. Қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестігінің қызметін. Бірлестіктің жұмыс жоспарын құрыңыз.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІІІ апта. СӨЖ 25-26

Тақырыбы: Қазіргі сабақ түрлерін пайдалана отырып әр түрлі тақырыптарда сабақ жоспарларын жасау. Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, сабақ өту. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар:

1. «Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбында пресс-конференция сабағының жоспарын жасаңыз.

2. Ойын элементтерін пайдалана отырып, «Себеп бағыныңқылы сабақтас» тақырыбында сабақ үлгісін дайындаңыз.

3. Тіл мәдениетіне қатысты дебат сабағының үлгісін көрсетіңіз.

4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша «Көсемше» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіңіз. (6-сынып, 1 сағат).

5. Модульдік технология бойынша «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіңіз. (8-сынып, 1 сағат).

6. «Омоним, синоним, антонимдер», «Табу, эвфемизм, дисфемизм», «Диалект, кәсіби, термин сөздер» тақырыптарын деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХІV апта. СӨЖ 27-28

Тақырыбы: Фонетиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар. Морфологияны оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар. Синтаксисті оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмалар:

1. «Дауысты дыбыстар», «Дауыссыз дыбыстар», «Үндестік заңы» тақырыптарына деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.

2. «Дара сөздер мен күрделі сөздер», «Сілтеу, сұрау есімдіктері», «Есімше» тақырыптарына деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.

3. «Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас», «Құрмаластан өткенді қайталау», «Жай сөйлем түрлері» тақырыптарына деңгейлік тапсырмалар дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
ХV апта. СӨЖ 29-30

Тақырыбы: Тест, оның түрлері. Сабақ талдау схемасын меңгеру. Морфологияны тиімді меңгертуге арналған перфокарталар



Тапсырмалар:

1. Тест, оның түрлері (баяндама).

2. Зат есімге байланысты баламалы (альтернативті) тест құрастырыңыз.

3. Сөйлем түрлеріне байланысты толықтыру (еске түсіру) тест құрастырыңыз.

4. Сөз таптарына байланысты сәйкестендіру тест құрастырыңыз.

5. Дауыссыз дыбыстарға байланысты дұрыс жауабын таңдау тестін құрастырыңыз.

6. Сабақ талдау схемасын негізге ала отырып кез-келген сабаққа талдау жасаңыз.

7. Морфологияны тиімді меңгертуде перфокарталардың маңызы. Перфокарталар дайындаңыз.



Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Реферат тақырыптары:

1. Модульдік технология

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

3. Қазақ тілі сабақтарындағы ойын түрлері

4. Проблемалық оқыту технолоиясы

5. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы

6. Ақпараттық оқыту технологиясы

7. Көрнекі құралдарды қолданудың тиімді жолдары

8. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері

9. Сабақтың типтері мен түрлері

10. Қазақ тілі сабағындағы жазбаша жұмыс түрлері

11. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындар

12. Жаңа технологиялар туралы ғалымдардың пікірлері.
2.6.2 Курстық жұмыстың тақырыптары

1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.

3. Модульдік технологияның тиімділігі

4. Жазбаша жұмыстарды жүргізу жолдары

5. Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технология

6. Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.

7. Ойын арқылы оқыту технологиясы

8. Проблемалық оқыту технологиясы
Курстық жұмысты орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау

Курстық жұмыс бір нақты мәселені толық ашуға және ұсынылып отырған тақырыпты жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Алдымен тақырып туралы мағлұмат болуы үшін, тақырып бойынша қажетті ғылыми әдебиеттерді қарастыру керек, одан кейін курстық жұмыстың жоспарын құру керек. Егер де бұл курстық жұмыс белгілі бір қаламгердің шығармаларының тіліне байланысты болатын болса, онда жұмыс біріншіден, картотека жинаудан басталып, талдаумен аяқталады. Қорытындыда автор тіліндегі ерекшеліктерге, тың қолданыстарға мысалдар арқылы дәлелдеулер келтіріп ойыңызды жинақтап, түйіндеу қажет.

Курстық жұмысты дұрыс рәсімдеудің де маңызы өте зор. Курстық жұмысты рәсімдеу мынандай бөлімдерден тұрады:

1. Алғашқы бет парақтарынан (курстық жұмыстың тақырыбы, мамандығы, тобы, студенттің аты-жөні, тексерген оқытушының аты-жөні).

2. Курстық жұмыстың жоспары.

3. Кіріспе (маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері, ғылыми тұжырымдары).

4. Негізгі бөлім (тақырыпты мазмұндау).

5. Қорытынды (негізгі тұжырымдар, шешімдер).

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

7. Қосымша (картотекалар, сызбалар, кестелер, әдістемелік құралдар).



Пайдаланылатын әдебиеттер

1. Ибрагимов Қ. Жаңа үлгідегі қазақ тілі әдістемесі. -Алматы: ШЫН Кітап, 2007.

2. Белғара Б.Б. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия. Оқу құралы. –Астана, 2007

3. Сулейменова Ж. Қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. –Алматы: Білім, 2001

4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары // Ғылым ғылыми баспа орталығы, Алматы, 2001ж.

5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы, 1965.


2.7 Оқу пәндерін мультимедиялық және бағдарламалық ілеспе

Тақырып

Сабақ

түрі


Бағдарламалық

өнім түрі



Қолайлы

орын


Арнайы

дәрісхана атауы



Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технология

Лекция

Презентация, слайд, мультимедиялық бағдарлама

Қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасы

№322

Мультимедия-лық класс




2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Қазақ тілі сабағында қолданылатын негізгі принциптердің бірі:

А) Бекіту принципі.

В) Өзін-өзі дамыту принципі.

С) Мазмұндау принципі.

D) Қайталау принципі.

Е) Көрнекілік принципі.
2. Ұстаз болу үшін қандай қасиеттер болу керек:

А) Білімге құштарлық, мәдениет, әдеп, талант, шеберлік.

В) Жалқаулық, надандық.

С) Имандылық, мәдениеттілік.

D) Тілді білу қабілеті.

Е) Сауаттылық, саналылық.


3. Қазақ тілін оқыту методикасы қай ғылымдармен байланысты?

А) Философия, Математика.

В) Математика, География.

С) Педагогика, Психология, Логика.

D) Лексика, Морфология.

Е) Философия, Лексика.


4. Сөздік қорды байыту үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылады?

А) Сұрақ-жауап, салыстыру.

В) Түсіндіру, жүйелеу.

С) Бекіту, салыстыру.

D) Жинақтау, қорытындылау.

Е) Талдау, әңгіме, түсіндіру, салыстыру әдістері.


5. Дәстүрлі емес сабақтар:

А) Сұрақ-жауап түріндегі сабақ.

В) Баяндама, түсіндіру сабақтары.

С) Лекция сабақтары.

D) Ертегі, саяхат, жарыс, аукцион.

Е) Семинар, лаборатория сабақтары.


6. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы алғашқы ғалымдардың бірі

А) Ә.Ермеков.

В) С.Жиенбаев.

С) Ә.Садуақасов.

D) А.Байтұрсынов.

Е) Х.Арғынов.


7. «Баяншы» қай ғалымның еңбегі:

А) Х.Арғынов.

В) Ф.Мұсабекова.

С) И.Ұйықбаев.

D) А.Байтұрсынов.

Е) Ы.Алтынсарин.


8. Қазақ тілінің тұңғыш оқулығы:

А) Қазақ тілінің грамматикасы.

В) Тіл-құрал.

С) Қазақ тілі.

D)Сауат ашу методикасы.

Е) Қазақ тілі синтаксисі.


9. Жаңа оқыту технологиясын табыңыз:

А) Дәстүрлі әдіс.

В) Сұрақ-жауап әдісі.

С) Проблемалық оқыту технологиясы

D) Көрнекілік әдіс.

Е) Репродуктивті әдіс.

10. Синтаксисті оқытуды зерттеген ғалымдар:

А) С.Жиенбаев.

В) Т.Қордабаев.

С) Х.Арғынов.

D) Қ.Жолымбетов.

Е) К.Жақсылықова.


11. Қазақ тілін оқытуда модульдік технологияны ұсынған ғалым:

А) М.М.Жанпейісова..

В) Ә.Хасенов.

С) Б.Кәтенбаева.

D) М.Дүйсенбаева.

Е) Ф.Оразбаева.


12. Морфологияны оқытуды зерттеген ғалымдар:

А) Б.Кәтенбаева, М.Нұрғалиева.

В) Ә.Ермеков.

С) Е.Көшербаев.

D) Ш.Әуелбаев.

Е) Ф.Оразбаева.


13. «Әдістеме» терминінің мәні:

А) Принцип.

В) Әдіс.

С) Тәсіл.

D) Бір нәрсені зерттеу тәсілдерінің жиынтығы.

Е) Оқыту.


14. 1930-40 жылдары әдістеме ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар:

А) Ш.Сарыбаев.

В) Д.Әлімжанов, Н.Маманов.

С) С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев.

D) Қ.Жолымбетов, С.Қазыбаев.

Е) Н.Оралбаева, Б.Құлмағанбетова.


15. Оқыту әдістері:

А) Репродуктивті әдіс.

В) Танымдық.

С) Практикалық.

D) Дидактикалық материалдар.

Е) Дидактикалық ойындар.


16. Тілдік іскерлікті қалыптастыру әдісі:

А) Талдау.

В) Жаттығу.

С) Тілдің салаларын игеру.

D) Теориялық білім.

Е) Ойын.
17. Индукция әдісі дегеніміз не:

А) Синтез.

В) Анализ.

С) Жекеден жалпы қорытынды шығару.

D) Жалпыдан деке қорытынды шығару.

Е) Жалпы қорытындыдан жалпы қорытынды шығару.
18. Дедукция әдісі дегеніміз не:

А) Субъект.

В) Факті.

С) Жалпыдан жекеге.

D) Жекеден жалпыға.

Е) Нақтыдан жекеге.


19. Синтез дегеніміз не:

А) Индукция.

В) Дедукция.

С) Талдау.

D) Біріктіру, жинақтау.

Е) Субъект.


20. Ахмет Байтұрсынов негізін салған әдіс:

А) Түсіндірмелі әдіс.

В) Салыстырмалы әдіс.

С) Эвристикалық әдіс.

D) Дыбыс негізінде сауаттандыру әдісі.

Е) Әңгіме әдісі.


21. Оқыту әдісі дегеніміз не:

А) Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті.

В) Репродуктивті әдіс.

С) Белгілі бір пәнді оқып-үйрену.

D) Грамматикалық талдау.

Е) Фонетикалық талдау.


22. Эксперимент әдісінің мақсаты:

А) Озат тәжірибені зерттеу.

В) Әдістемелік әдебиеттерді талдау.

С) Салыстыру.

D) Ұсынылған әдістің тиімділігіне көз жеткізу.

Е) Оқулықты талдау.


23. Диктант нормаларына сай 6 сынып оқушысының диктант қанша сөзден тұрады?

А) 90-100 сөз.

В) 120-150сөз.

С) 100-110 сөз.

D) 170-180 сөз.

Е) 110-120 сөз.


24. Ы.Алтынсарин ұсынған сауат ашу әдісі:

А) Дыбыстық әдіс.

В) Жазу әдісі.

С) Жаттығу әдісі.

D) Талдау әдісі.

Е) Жинақтау әдісі.


25. Дыбыстық әдісті ұсынған ғалым-әдіскер:

А) М.Дүйсебаева.

В) Х.Арғынов.

С) А.Байтұрсынов.

D) Б.Құлмағанбетова.

Е) Ы.Маманов.

26. Қазақ тілі бағдарламасын құрастыру принципі:

А) Көрнекілік.

В) Ғылыми.

С) Саналылық.

D) Индукция.

Е) Белсенділік.


27. Дидактикалық принциптер (ұстанымдар):

А) Жүйелілік.

В) Таным теориясы.

С) Сөзжасам.

D) Грамматика.

Е) Синтаксис.


28. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын принциптер:

А) Логика-танымдық, жиілік-нормативтік.

В) Саналылық.

С) Көрнекілік.

D) Эвристикалық.

Е) Танымдық.


29. «Венн диаграммасы» қай технологияға жатады?

A) Жаңа технология.

B) Қазақ тілін оқыту технологиясы.

C) Дәстүрлі сабақ түрі.

D) Дәстүрлі емес сабақ түрі.

E) Сын тұрғысынан ойлау.


30. Тіл дамыту жұмысы сабақтың қай түрінде жүргізіледі:

A) Қайталау сабағында.

B) Барлық сабақта.

C) Жаңа сабақта.

D) Бекіту сабағында.

E) Дәстүрлі сабақта.




Сұрақ нөмірі

Жауабы (A,B,C,D,E)




Сұрақ нөмірі

Жауабы (A,B,C,D,E)

1

Е

16

С

2

А

17

С

3

С

18

С

4

Е

19

С

5

D

20

D

6

D

21

С

7

D

22

D

8

В

23

С

9

С

24

В

10

С

25

С

11

А

26

B

12

А

27

A

13

D

28

B

14

С

29

E

15

А

30

B


Студенттердің білімін бағалау критерийі

Барлық сұрақтарға толық жауап берген жағдайда «үздік» баға (90-100 балл), жартылай жауап берген жағдайда «жақсы» баға (75-90 балл), 8 қате жауапқа «қанағаттанарлық» бағасы (65-74 балл) қойылады.


2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. Жай сөйлемді оқыту.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсат-міндеті, нысаны.

  3. Мектепке арналған қазақ тілінің бағдарламасын талдау.

  4. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқытудың тәсілдері.

  5. Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны мен жүйесі және оның негіздері.

  6. Фразеологияны оқыту әдістері.


  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет