Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет6/6
Дата24.10.2019
өлшемі0,56 Mb.
#50596
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2019 Қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 каз

Қазіргі сабақтың түрлері.

  • Орфографияны оқытудың тәсілдері.

  • Рай категориясын оқыту.

  • Жазба жұмыстары және олардың түрлері.


  • Орта мектепте қазақ тілі туралы шыққан әдістемелік еңбектерге шолу жасау.

  • Үстеуді оқытудың амал-тәсілдері.

  • А.Байтұрсынов әдістеме туралы.

  • Қазақ тілін зерттеуші әдіскер-ғылымдардың оқыту әдістерін жүйелеуі.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

  • Көрнекі құрал жасаудың принциптері.
  • Лексиканы оқыту әдістері.

  • Пәнаралық байланыс дегенді қалай түсінесіз?

  • Есімдікті оқытудың тәсілдері.


  • Күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарларының жасалу жолдары.
  • Құрмалас сөйлемді оқытудың тәсілдері.

  • Жазба жұмыстарында кеткен қателермен жұмыс жүргізу әдістері.

  • Зат есімді оқытудың тәсілдері.

  • Пунктуацияны оқыту.


  • Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар.

  • Сын есімді оқытудың түрлері.
  • Етістікті оқытудың тәсілдері.

  • Орфоэпияны оқытудың тәсілдері.

  • Етістіктің шақтарын оқыту.

  • Шылауды оқытудың амал-тәсілдері.

  • Аралас құрмалас сөйлемді оқытудың тәсілдері.

  • Тіл ұстарту жұмыстары.

  • Сөйлем мүшелерін оқытудың тәсілдері.

  • Диктант және олардың түрлері.

  • Сөйлем және оның мағынасының түрлерін оқыту тәсілдері.

  • Қазақ тілі пәнінде техникалық құралдарды пайдалану.

  • Оқшау сөздерді оқытудың тәсілдері.

  • Модульдік технология бойынша оқыту.


  • Сабақтас құрмалас сөйлемді оқытудың тәсілдері.

  • Анализ-синтез әдістері.

  • Сөз құрамын оқытудың тәсілдері.

  • Сыныптан тыс жұмыстар және оны жүргізу.

  • Сын есімді оқытудың тәсілдері.

  • Үлгермейтін оқушылармен жұмыс жүргізу тәсілдері.

  • Буын түрлері мен екпін.

  • Қазақ тілі кабинеттерін ұйымдастыру жолдары.
  • Еліктеу сөздерді оқытудың амал-тәсілдері.

  • Салалас құрмалас сөйлемді оқытудың тәсілдері.


  • Одағайды оқытудың амал-тәсілдері.

  • Тест тапсырмаларымен жұмыс.


    2.10 Глоссарий

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.

    Дидактика – оқытудың, білім берудің, тәрбиелеудің амал-тәсілдерін, олардың теориялық және практикалық заңдылықтарын қарастыратын сала.

    Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштер туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі.

    Мәтін – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы негізінде түзілген. Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі болып табылады. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтін – жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым.

    Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы.

    Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

    Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.

    Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.

    Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

    Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.

    Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    Даму – адам ағзасында жүріп отырған

    Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.

    Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.

    Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.

    Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.

    Индивид жеке адам, тек өкілі.

    Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.

    Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.

    Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру

    Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

    Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

    Концепция /тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.

    Қашықтықтан білім беру технологиясы білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

    Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.

    Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.

    Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.

    Модель – үлгі (эталон, стандарт).

    Мотив – ынта-ықыластың аууы.

    Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.

    Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.

    Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.

    Өлшем – бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау.

    Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер.

    Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.

    Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.

    Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс.

    Субъект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

    Технология – қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы.

    Түйін – сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы.

    Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.

    Эксперименттік алаң – жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

    Элиталық білім дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.

    2.11 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:

    Қарастырылып отырған тақырыптар негізінде берілген сұрақтарға дайындалып, өздерінің ой-пікірлерін білдіру.

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсат-міндеті, даму тарихы, басқа ғылымдармен байланысы, қазақ тілін оқытудың принциптері, формалары мен түрлері, әдістері мен тәсілдері, тіл білімінің салаларын оқыту әдістемесі, қазақ тілі оқытуда көрнекі құралдардың ролі және қазақ тілі сабақтарының ұйымдастырылуы жайында білім жинақтау.

    Қазақ тілі сабақтарында тіл білімі салаларына қатысты заңдылықтарды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді саралай білу. Білім беру бағдарламасына сәйкес сабақ жоспарын құру.

    Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модульдік оқыту технологиясы туралы материалдар жинастыру.

    Жоғарыда ұсынылған тақырыптар бойынша конспект, реферат жазу. Ғалымдардың ой-пікірлерін саралап, өз пікірлерін білдіру.

    Мазмұны
    1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus .............................................. 3

    1.1 Оқытушы туралы мәліметтер ....................................................... 3

    1.2 Пән туралы мәліметтер...................................................................3

    1.3 Пререквизиттері ..............................................................................3

    1.4 Постреквизиттері ............................................................................4

    1.5 Пәннің қысқаша мазмұны ..............................................................4

    1.6 Оқыту нәтижелері ...........................................................................5

    1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі .....5

    1.8 Әдебиеттер тізімі.............................................................................6

    1.9 Баға туралы ақпараттар ..................................................................8

    1.10 Курстың саясаты мен процедурасы ..........................................10

    1.11 Курстың мазмұны........................................................................10

    2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.................................12

    2.1 Күндізгі (сырттай) оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары .............12

    2.2 Лекциялық кешен (лекция тезисі) ...............................................16

    2.3 Семинар сабақтардың жоспары ...................................................46

    2.4 Лабораториялық сабақтардың жоспары......................................55

    2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын

    студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша

    өткізілетін сабақтарының жоспары ...................................................55

    2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша

    сабақтар жоспары ................................................................................64

    2.6.1 Жазбаша жұмыстар тақырыптары ...........................................72

    2.6.2 Курстық жұмыстың тақырыптары …………………...…..….72

    2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық

    ілеспе ....................................................................................................73

    2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары ................................74

    2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары .............................................80

    2.10 Глоссарий......................................................................................81

    2.11 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар.............................................................................................85

    ОӘК «Қазақ филологиясы және екінші шет тілі» кафедрасының мәжілісінде талқыланған

    Хаттама № ___, «___» _____ 2019 ж.


    ОҚА Оқу-әдістемелік кеңесінде

    ОӘК мақұлданған

    Хаттама № ___, «___» _____ 2019 ж.


    «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
    пәні бойынша
    5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін
    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


    Бейсен Даурен




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет