Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#93386
Байланысты:
Дидактика педагогика
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж
Тақырыбы: Дидактика пәні және міндеттері
Пән : Педагогика
Мамандық: 0105000 - Бастауыш білім беру
Оқытушы : Исматуллаева Алия Мұратқызы
Жоспары:
1. Дидактика туралы түсінік.
2. Дидактиканың негізгі категориялары немесе ұғымдары.
3. Дидактиканың дамуы және қалыптасуы.
Бұл тақырыпты оқу барысында
Сіздер: Оқытудың оқушының тұлғалық даму процесі екендігі туралы,
  • дидактика түсінігі туралы, оның педагогикалық зерттеудегі орнын;
  • оқытудың дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру функцияларының бірлігі туралы;
  • оқыту заңдылықтары, түрлері, т.б. негізгі проблемалары туралы;

☺Дидактика (грек. didaktikos – үйретуші оқытуға қатысты) –білім беру мен оқыту теориясы, педагогиканың саласы.
1.Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика – теориялық және сонымен қатар нормативті – қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті – технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика – бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.
Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Я.А Коменский
Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру (преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Сабақ беру (преподавание) – оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.
Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған мұғалім мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.
Білім беру – оқушының оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.
Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогика ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқыту процесінде өзгерістердің қандайда бір болымын болжайды.
Дидактика терминін неміс педагогы Вольфанг Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын «дидактика» немесе «сабақ беру өнері» деп атаған еді.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол «Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды.
Негізгі дидактикалық заңдылықтар: оқытудың әлеуметтік сұранысқа және қоғамдық жағдайға тәуелділігі, оқытудың әлеуметтік-қалыптастырушы және тәрбиелеушілік сипаты, оқытудың тиімділігінің оқушылардың белсенділігіне және олардың оқуға деген мақсатты бағытталған жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға тәуелділігі т.б.
Заңдылықтардың басқа бір тобы мынадай: құрылымдық (оқу әдістерінің әр түрлі білім мазмұнының түрлерін меңгеру тәсілдеріне тәуелділігі), жүйелілік (сабақ берудің, оқудың және білім мазмұнының бірлігі), эволюциялық (оқушылардың жасына және даярлық деңгейіне сәйкесті оқыту процесінің құрымының өзгеруі), функционалдық (оқушыларда әлеуметтік тәжірибені сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи.
Бақылау сұрақтары
Дидактика дегеніміз не?
Дидактиканың мәні.
Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.
Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама беріңіз.
Оқыту мен оқудың айырмашылығы неде?
Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз.
Дидактиканың дамуына үлес қосқан қандай көрнекті педагогтарды, олардың қандай еңбектерін білесіз?
Дидактиканың даму тарихы.
Назар салып тыңдағандарыңызға рақмет !

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет