Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі


-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар



бет13/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар.

1. Ол Түркия ... тәжірибе алмасу ... барады. 2.Сәкен белгілі Қытай фирмасы... іскерлік сапармен бармақ. 3. Сіз іскерлік сапар... арналған құжаттарды алдыңыз ба? 4.Фирма бастығын әуежай... кім апарады?


6-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтінге жоспар құрыңыз.

Іскерлік кездесуде

Қыркүйектің 13-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ортаазбат-2012» әскери жаттығуларына арнайы келген АҚШ генералын, штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасын Генри Шелтонды қабылдады. Қабылдауда Г. Шелтон өзін Қазақстанға шақырып «Ортаазбат » әскери жаттығуларына қатысуға мүмкіндік берген Елбасына алғысын айтты.Содан кейін Президент пен Генерал Қазақстан армиясында жүргізіліп жатқан реформа барысын ,Қазақстан мен АҚШ-тың әскери салдағы ынтымақтастық мәселелерін қарады.Сұхбаттастар екі жақты әскери қарым-қатынас аймақтың қауіпсіздігіне жақсы әсер етеді деген пікірге келді.


7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кімді қабылдады? Бұл кездесуде қандай мәселелер қаралды? Бұл кездесулер аймақтық қауіпсіздікке қалай әсер етеді? Бұл жаттығуларға неше мемлекет қаттысты?Осы жаттығулар нені күшейтуге жағдай туғызады?

8-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Целью поездки явились улучшение взаимопонимания между государствами. 2. Какие проблемы будут обсуждаться во время этой встречи? 3.Вчера в Астану прибыл с официальным визитом премьер-министр Республики Белорусь Владимир Ермашин.4.В Астане состоялось первое заседание Казахстано-испанской комиссии по сотрудничеству в области культуры и образования. 5. 6 октября 2012 г. состоялся телефонный переговор между Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым и генеральным секретарем НАТО Дж. Робертсоном. 6. Также обсудили итоги совместных учений «Центразбат» -2012




Бақылау сұрақтары

1. Бейвервальдық тілдік қатынас құралдары дегенді қалай түсінесіз?

2. Іскерлік кездесуге киіну,сөйлеу мәнеріңіз туралы айтыңыз?

3. Жақсы даудан жаман бітім артық»(Худой мир лучше доброй ссоры) өз ойыңызды айтыңыз.

4. Сыпайылық білдіру функциясына қатысты этикеттік оралымдарға

15-16 мысал тауып жазыңыз.



11-тақырып. Жаңа кәсіби терминдермен жұмыс.Терминдердің қолданылу аясы мен маңызы.
Тірек сөздер: Термин, сала, терминология, өндіріс, экономика, қаржы, комиссия, норма, егеменді, үдеріс, ұлттық, тіркес, заман, сөздік, пайдалану, көрсеткіш, қор, техника, құрылым, өзгеріс, өркендеу, қоғамдық, қауым, тіркес, қажет, танымал, құрал, аудару, кәсіби.

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Термин – ғылым, техника, экономика, қаржы сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер және сөз тіркестері. Термин көбіне дара мағыналы болады. Термин қатарында белгілі бір ғылым, техника, экономика, қаржы саласында ғана жұмсалып, сол саланың мамандарына ғана түсінікті сөздер көп кездеседі. Сондықтан термин өндіріс, ғылым, экономика, қаржы салаларына қарай сараланып зерттелінеді, танылады.

Терминология – өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің, экономика мен қаржының, қоғамдық өмірдің т.б. саласына тән терминдердің жиынтығы. Ғылым мен техниканың, экономика мен қаржының, өндірістің өсіп–өркендеу дәрежесіне сәйкес терминология да дамып, жетіліп отырады. Қазақ тілінің терминологиясы өзінің төл мүмкіншіліктерін пайдала отырып қалыптасты. Қазақ тілінде орыс тілі және ағылшын тілінен кірген терминдер де бар. Терминдер жөніндегі комиссия (терминком) жұмыс істейді. Ол өндірістің, техника, экономика, қаржы және ғылымның әр саласына байланысты ғалымдардың қатысуымен жаңа терминдердің ғылыми мәні дұрыс, толық берілуін, тілдің грамматикалық нормаларына сай болуын жан–жақты талдап бекітіп отырады.

Қазақстанның егеменді ел санатына қосылып, нарықтық экономикаға көшуі барысында болған экономикадағы түбегейлі өзгерістер толып жатқан нысандар мен үдерістерді, атқарымдар мен құрылымдарды дүниеге әкелді. Мұның өзі баламалы терминологияны пайдалану қажеттігін талап етті. Экономиканың түрлі салаларында жаңа категориялар мен үғымдар, терминдер мен терминологиялық тіркестер пайда болды.Бұл терминдер орыс тілінен қазақ тіліне аударылып, ұлттық экономикалық сөздік қорымызды толықтырды. Бұл жаңа терминдер экономикалық өзгерістердің жарқын көрсеткіштері іспетті. Қазіргі заманға сай экономикалық сөздіктер құрастырушы С. Тоқсанбай өзінің 1999 жылы жарық көрген «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік» атты көлемді кітабымен аудармашыларға, қаржы-кредит саласының қызметкерлері мен экономистерге кеңінен танымал. 50 000 терминді қамтыған аталмыш сөздік қалың оқырман қауым тарапынан жақсы бағаланып, аудармашылар мен экономистер, қаржы-кредит саласының мамандары арасында қолдан түспейтін көмекші құралға айналды. Бұл сөздіктің қайта қаралып, толықтырылған нұсқасы «Зияткер» баспасынан жарық көрді. Сөздікте 80 000 термин қамтылған. Жаңа «Орысша-қазақша-ағылшынша экономикалық сөздік» негізінен кәсіби мамандарға айналған. Онда жалпы экономикалық терминдермен қатар қаржы-кредит, банк, сақтандыру, зейнетақы, кеден жүйелеріне, бухгалтер есеп, аудит, маркетинг, менеджмент, басқару салаларына, қаржылық, коммерциялық, инвестициялық және басқа операцияларға, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына, жаңа ақпараттық-электрондық, инновациялық құралдарға қатысты 10 000-ға жуық астам атау берілген. Сөздік қазақ тілін оқып үйренушілерге де, соедай-ақ іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге де пайдалы құрал бола алады. Қазіргі таңда қаржы-кредит жүйесінің дамуын көрсететін терминдерді тек орыс және қазақ тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде мамандарға айтарлықтай пайдасын тигізері анық. Сөздік шетелдік әріптестермен іскерлік байланыста да қолданыс табады.


2-тапсырма.

а) Қашан баламалы терминологияны пайдалану қажеттігі туды?

ә) С. Тоқсанбайдың қазіргі заманға сай экономикалық сөздігі қашан жарық көрді?

б) Сөздіктің қандай ерекшеліктері бар?
3-тапсырма. Сөздіктің қазақша аудармасын табыңыз.


Валютная позиция




Амортизационный кредит




Аукционная торговля




Фонд социального обеспечения




Коммерческая структура




Государственная розничная цена




Государственное регулирование рынка




Центральные экономические органы




Промышленно-финансовый план




Торгово-посреднические фирмы




Платежеспособный потребитель




Факторинговые операции




Междунардный маркетинг




Дифференциация доходов населения




Меры по стабилизации экономики






4-тапсырма. Мәтінді оқып, экономикалық терминдерді қатыстыра сұхбат құрыңыз.

Экономикалық терминдердің қатардағы кәсіпкерлер түгілі бизнесмендердің өздеріне де қазақ тілінде түсініксіз болып тұратын жағдайлары кездеседі. Әлемдік түбегейлі өзгерістер барысында егеменді елдердің қатарына қосылып, мемлекет және оның әрбір азаматы жаңа экономикалық терминдерді игеруге ұмытылды. Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында жаңа атаулар саны көбейген сайын, олардың мағынасын мемлекеттік мәртебе алған өз ана тілімізде игеру қажет-тігі туындады.

Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қаржы, экономика, салық, менеджмент, маркетинг салаларындағы қарым-қатынасын қарқынды дамыта түсті.. Соған байланысты шет елдік банкілер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы терминоло-гиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды. Ұлт тілінде қаржы саласы терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөліне бастады.

Мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған терминдер мен неологизмдерді аударудың ерекшеліктерін қарастырылып, экономикалық лексиканы бір жүйеге келтірді. Қаржы, салық, менеджмент, маркетинг, экономикалық терминдердің қолдану аясын терминологиялық лексика жүйесіне келтіру үшін студенттерді дұрыс аударма жасау тәсілдерімен, аударманың түрлерімен, терминологияның ерекшеліктерімен таныстыру қажеттілігі туады. Бұл қазақ тіліне басқа тілден енген экономикалық терминологиясын аудару барысында мамандандырылған аударма жасауға көмегін тигізеді.


5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жаттап алып, оларға түсініктеме беріңіз.
Әлемдік өзгерістер – мировое изменение

Экономика салалары – отрасль экономики

Мемлекеттік мәртебе – государственный статус

Шет елдік банкілер – зарубежные банки

Қаржы саласы – финансовая система

Терминологиялық жүйе – терминологическая система


6-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Қазақ тілінде термин жасаудың, оны іс жүзінде қалыптастырудың және жүйелі қолданудың нақтылы ғылыми-практикалық шаралары жиырмасыншы жылдардан басталды. Терминология мәселесі ресми түрде бірінші рет 1924 жылы Орынбор қаласында өткен терминологтардың Бүкілодақтық бірінші съезінде қазақ тілі бойынша бес баяндалма жасалды. 1930 жылдан бастап ұлт тілдерінде термин жасау үрдісіне Ғылыми академиясы жанынан құрылған Ғылыми-техникалық терминология Комитеті басшылық етіп келеді.

Қазақ тілі бойынша бірінші терминологиялық сөздік 1931 жылы «Атаулар сөздігі» деген атпен басылып шықты.

1935 жылы Бүкілқазақстандық бірінші съезінде қазақ терминологиясын жасаудың, интернациялық терминдерді қабылдаудың, қолданудың және тұрақтанудың ғылыми қағидалары туралы профессор Қ. Жұбановтың ұсынған жобасы талқыланып, ресми түрде бекітілді.

Қазақ тілі терминологиясының дамуы 1955 жылдан кейінгі кезеңге жатады.

Жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байыту, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі тілдің сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық тіл лекциясы болып саналады. Яғни терминдер байырғы сөздер сияқты тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады.Терминжасам үрдісінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының дайын үлгілерін алға тартса, басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау сәтінде осы тәсілдерге сүйене отырып, өзіндік моделдерін құрайды. Термин жасау творчестволық іс. Ол үлкен жауапкершілікті керек етеді. Тіліміздегі терминологиялық әр алуан болғанын байқаймыз. Қазақ тілінде термин жасау әсіресе экономикалық термин жасау қызық та күрделі мәселелер қатарына жатады. Бұл негізінде тіліміздегі сөзжасам үрдісіне енетін мәселе. Қазақ тілінің сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал береді. Бұл сарқылмайтын байлық көзі. Терминжасам үрдісінде кірме сөздерді игеру мен қабылдауда назар аудармауға болмайтын қиындықтар кездеседі. Ол қиындықтар, әсіресе кірме сөздерді термин есебінде жабдықтап, қабылдау кезеңінде, олардың мағыналық өрісін ашу барысында жиі кездеседі.

Қазақ тілінің даму жолы терминжасамның төрт тәсілі бойынша қалыптасты.



  1. Ұлттық тіліміздегі кейбір сөздердің терминдік мәнге көшуін семантикалық тәсіл дейміз. Бұл қазақ тілінің байырғы сөздері мен ертеде енген араб, парсы сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мәнде жұмсалуы. Жаңа қызмет сол байырғы сөздер мағыналарының бірінің негізінде өріс алады.

  2. Терминжасамның екінші тәсілі бірнеше топқа бөлінеді. Қарапайым тілмен айтсақ, қосымшалау тәсілі, біріктіру тәсілі, қысқарту тәсілі.

  3. Сөзжасамның синтаксистік тәсіліне келсек, бұның терминжасамға тигізер септігі мол. Бұл сөздердің біріктірілуі арқылы жасалатын тәсіл. Тек біріктірілу емес, тіркес арқылы да жасалады. Мысалы: өнер+кәсіп, кәсіп+орын, қол+өнер, саяси экономика, өндіріс өнімі, үстеме ақы, ұлтаралық қатынас, экономикалық қор, қаржы саласы.

  4. Калькалау тәсілі. Бұл да аударма үрдісінің жандануына байланысты кеңес дәуірінде пайда болған өнімді амалдардың біріне айналды. Мұның, әсіресе терминжасам мәселесіндегі ролі айрықша. Калькалау тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген терминдерді екі ыңғайда қарастыруға болады. Бірі - мағыналық калька, яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі - мағыналық құрылымын беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Мағыналық (фонетикалық) калька қатарына кәсіпорын, өндіріс т.б. жатқызуға болады. Ал екінші топқа өзіндік құн, есепші, қайта құру, сарапшы, келісім, ұсыныс, жоспарлау т.с.с. терминдер, терминдік тіркестер мысал бола алады.



Бақылау сұрақтары


  1. Экономикаға көшу барысында қандай өзгерістер пайда болды?

  2. Экономика салаларындағы қандай жаңа терминдермен таныстыңыз?

  3. Қай ғасырда нарықтық жолға түсті?

  4. Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қай салаларда қарым-қатынасты қарқынды дамытуда?

  5. Нарықтық экономика дегеніміз не?

  6. Алғашқы американдық қор биржасы қашан және қайда пайда болды?

  7. Ақша алғаш қай елде пайда болды?

  8. Сенімхат қалай аударылады?


12 тақырып: Салық комитетінде.Әдеби тіл нормалары
Тірек сөздер: әдеби тіл, стильдік тармақтар,публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік әдебиет стилі, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу тілінің стилі, қоғамдық қызмет, негізгі белгілер, айтылу нормасы, жазылу нормасы, бұқаралық ақпарат құралдары, ресми іс қағаздар тілінің стилі, заңдылықтар, бірізділік.

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.
1-тапсырма.

Әдеби тіл нормалары

Әдеби норма мен стилистикалық норма бір-бірімен байланыста ашылатын ұғымдар.

Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.

Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды.

Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға не тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормада жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады.

Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.

Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік құралдары да шектеулі болады.

Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады.

Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралда бірігуі тән. Біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік

бірліктер қолданылады. Бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады. Әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді. Шығарманың жанрлық, тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрініс табады. Әрі әр жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді.Осы жағдайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.

Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.

3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.

Әдеби тіл – өркениетті заман тудырған феномен құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша тану мен саралаудың негізінде қаланады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Әдеби тіл дегеніміз не?

Әдеби тілдің нормалары қандай?

Жалпы және жеке норманың айырмашылығы?

Ғылыми стильмен ресми стиль ұқсастығы неде?

3-тапсырма.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

- мемлекеттің салық жүйесінің қлыптасуы;

- салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

- арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

- салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін біршама қиындықтар болды, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынды. Қазіргі кезде бұл тұрақты жүйе болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Салық түрлері:

Корпорациялық табыс салығы.

Жеке табыс салығы.

Қосылған құн салығы.

Акциздер.

Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

Әлеуметтік салық.

Жер салығы.

Көлік салығы.

Мүлік салығы.

Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін және оны реттейтін жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің көздері болып табылатын жергілікті салықтар қолданылады. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

- қосымша құнға салынатын салық;

- акциздер;

- құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

Жергілікті салықтарға мыналар жатады:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- көлік құралдарына салынатын салық;

- жол салықтары.
4-тапсырма.

1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.



2.Мәтінге жоспар құраңыз.

3.Мәтінге бес сұрақ қойыңыз.

4.Сұрақтарға мәтіннен жауап жазыңыз.
5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жаттап алып, олармен сөйлем құраңыз.

Салық жүйесі – налоговая система

Салық саясаты – налоговая политика

Мемлекеттік басқару – государственное управление

Салық механизмі – налоговый механизм

Салық қызметі – налоговая услуга

Табыс салығы – подоходный налог

Әлеуметтік салық – социальный налог

Жер салығы – земельный налог

Көлік салығы – налог на транспорт

Мүлік салығы – налог на имущество
6-тапсырма. Мысалы: М. Әуезов аудандық салық комитетінде салықты уақытында төлемеген кәсіпкерлермен жұмыс. Сұхбат.
Салық қызметкері Сәлеметсіз бе? Сізбен хабарласып тұрған М. Әуезов

аудандық салық комитетінен.

Фирма директоры Сәлеметсіз бе? Сізді тыңдап тұрмын.

Салық қызметкері Сіздер 2011 жылдың соңғы қараша, қазан, желтоқсан

айларының салығын төлемеген екенсіздер.

Фирма директоры Иә. Кешіріңіз. Аталған айлардан бастап фирма

уақытша жұмыс істемей тұр. Біраз уақыт берсеңіздер,

бәрін төлеуге уәде беремін.

Салық қызметкері Үш күн уақыт береміз. Сонымен қатар

кешіктіргендеріңізге байланысты үстеме пайыз

төлейсіздер.

Фирма директоры Әрине, бәрін де төлеп тастауға тырысамыз. Рахмет.

Сау болыңыз.

Салық қызметкері Үш күн, ұмытпаңыз. Сау болыңыз.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет