Азақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


  Астық сақтаудың негізгі тәсілдері



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата28.01.2022
өлшемі156,14 Kb.
#130052
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-48428
ревмо, психика және сана, 0005a305-038d171c
2.2. 

Астық сақтаудың негізгі тәсілдері  

 

Астықты  сақтау  тәсілдері  мен  ережелері  оның  физикалық  және 



физиологиялық  қасиеттеріне  негізделген.  Алайда,  сақтауды  ойдағыдай 

ұйымдастыруда  астық  массасының  әрбір  қасиетінің  маңызы  мен  мәнін 

білу  жеткіліксіз.  Астық  массасы  мен  қоршаған  ортаның  байланыстарын 

дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады. 

 

Астықтың  сапасы  мен  сақталу  мерзіміне  әсер  ететін  маңызды 



факторлар:  астық  массасы  мен  қоршаған  ортаның  ылғалдылығы;  астық 

массасы мен қоршаған орта температурасы, астық массасында ауа алмасу 




(аэрация)  процесі.  Аталган  факторлар  сақтау  ережелерінің  негізін 

құрайды. 

 

Кез  келген  шаруашылықта  сақтау  тәсілін  таңдау  барысында 



төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс: 

 



шаруашылықтың климаттық жағдайы; 

 



пайдаланылатын қойманың типі, оның сыйымдылыгы; 

 



шаруашылықтың техникалық мүмкіндігі; 

 



партия астықты пайдалану мақсаты; 

 



қ

оймаға салған астықтың саласы; 

 

қ



олданылатын сақтау тәсілінің экономнкалық тиімділігі. 

 

Ең  тиімді  әрі  өнім  сапасын  қалыпты  деңгейде  ұстап  тұратын  сақтау 



тәсілі болып - бірнеше тәсілді кешенді түрде қолдану табылады. Мысалы, 

кептірілген астықты салқындатып сақтау. 

 

Ауылшаруашылық  өнімдерін  сақтаудың  тәсілдері  өте  көп.  Олардың 



ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар: 

 



астықты құрғатып (кептіріп) сақтау; 

 



астықты салқындатып сақтау; 

 



астықгы ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау. 

 

Астықты  құрғатып  сақтау.  Бұл  тәсіл  Я.Я.  Никитинскийдің  қағидасы 



бойынша  ксероанабиозға  негізделген.  Өнім  құрамындағы  ылғылдың 

мөлшерін  төмендете  отырып  құрамындағы  тірі  компоненттердің 

тіршілігін  тежеуге  болады.  Зиянкестер  мен  микроорганизмдерде  көбею 

процесі тоқтап, көпшілігі мұндай ортаға төзімсіздік танытады. 

 

Астықты  кептіріп  сақтау  тәсілі  ежелден  қолданылып  келе  жатқан 



өнім сапасын түсірмейтін, тұқымньщ өнгіштік қасиеттерін сақтап қалатын, 

ұзақ  уақыт  сақтауда  тиімділігі  жоғары  тәсіл  болып  табылады.  Қоспадан 

тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған құрғақ астықты бір 

орыннан  қозғамастан  астық  қоймаларында  4-5  жылға  дейін,  элеватор 

силостарында  2-3  жылға  дейін  сақтайды.  Жақсы  кептірілген  астықты 

сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады. 

 

Дегенмен,  ылғалдылығы  қауіпті  деңгейден  төмен  астықтар  дұрыс 



қарамау  салдарынан  бұзылуы  мүмкін.  Оған  себеп  -  ылғал  аз  ортада 

тіршілік  ете  алатын  жәндіктер  мен  кенелердің  көбеюі.  Бұндай  астықты 

зиянкестер  тіршілігін  тоқтататын  температуралық  деңгейге  дейін 

белсенді желдету арқылы міндетті түрде салқындату қажет. 

 

Құ

рғақ астықтың бұзылуының тағы бір себебі - құбылмалы ауа райы 



кезінде  астық  массасының  жекелеген  бөліктерінде  ылғалдылықтың 

артуы. 



 

Астықты  кептіру  тәсілі  олардың  сорбциялық  қасиетіне  негізделген. 

Дәннің ылғал бөлу мүмкіндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігіне 

байланысты  болады.  Кептірудің  барлық  тәсілдерін  келесідей  екі  топқа 

бөледі: 

• 

арнайы жылуды қолданбай кептіру; 



• 

арнайы жылуды қолданып кептіру. 

 

Кептірудің  алғашқы  тәсілі  бойына  ылғалды  сіңіру  қасиеті  жоғары 



заттарды  пайдалану  арқылы  негізгі  өнімнің  ылғалдылығын  төмендетуге 

бағытталған. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта құрғатылған жаңқа, 

активтендірілген  көмір,  натрий  сульфаты,  хлорлы  кальций,  т.б. 

қолданылады. 

 

Бұршақ  тұқымдастары  дәндерін  кептіруде  химиялық  тәсіл  болып 



табылатын  натрий  сульфатын  пайдалану  тиімді.  Техникалық  натрий 

сульфаты қолдану алдындағы ылғалдылығы 2-5% аралығында. Ол бойына 

10-15  есеге  дейін  су  сіңіре  алады.  Алдымен,  кептіруге  арналған  дәннің 

ылғалдылығын  анықтап,  қажетті  мөлшердегі  химикатпен  араластырады. 

Шаруашылық  жағдайында  дәнге  келесі  салмақта  натрий  сульфатын  қосу 

ұсынылған: 

 

-

дәннің  ылғалдылығы  20%  болғанда,  тоннасына  60  кг  натрий 



сульфаты; 

 

-



дәннің  ылғалдылығы  25%  болғанда,  тоннасына  120  кг  натрий 

сульфаты; 

 

-

дәннің  ылғалдылығы  30%  болғанда,  тоннасына  180  кг  натрий 



сульфаты. 

 

Кептіруді үсті жабық, тегіс жерде мезгіл-мезгіл қолмен немесе астық 



тиегішпен  араластыру  арқылы  жүзеге  асырады.  Кептіру  мерзімі  дәннің 

бастапқы  ылғалдылығына  байланысты  5-10  тәулік  арасында.  Кептіру 

процесі аяқталған соң дәнді арнайы електерден өткізіп ажыратады. 

 

Астықты күн көзінде кептіру ауа райы қолайлы өңірлерде, көлемі аз 



астықтың ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде 

ылғал  жайманың  беткі  қабатынан  бөлінеді  де  төменгі  қабаттағы  ылғал 

мөлшері  өзгеріссіз  қалады.  Жайманың  қалыңдығы  неғүрлым  жұқа  болса, 

астық  соғүрлым  жақсы  кебеді.  Ол  үшін  оңтүстікке  қарай  шамамен  6

°-қ

а 

көлбеу, асфальтталған тегіс жерге дәнді ұсынылған қалыңдықта жаяды. Ол 



қалыңдық астық дақылдарында 15-20 см, бұршақ тұқымдастарында 10-15 

см,  тарыда  4-5  см  аралығында.  Жайманы  араға  2-3  сағат  уақыт  салып 

араластырып тұру қажет. 

 

Арнайы  жылуды  қолданып  кептіру  тәсілі 



«

кептіру  агенті

» 

болып 


табылатын  ауа  температурасын  жоғарылату  арқылы  оның  жылу 


сыйымдылық 

қасиетін 

арттыруға 

негізделген. 

Осы 

мақсатта 



шаруашылықтарда  әр  түрлі  астық  кептіргіштер  қолданыдады.  Астық 

кептіргіштердің  төмендегідей  үш  түрі  бар,  одардың  кейбірінің 

сипаттамалары кестеде көрсетілген. 

 



шахталы, кептіру мүмкіндігі 8-16 т/сағ; 

 



барабанды, кептіру мүмкіндігі 4-8 т/саг; 

 



еденді, кептіру мүмкіндігі 15-30 т/сағ. 

 

Астық  массасын  жоғары  температурадағы  ауамен  араластыру 



арқылы  ылғалдылығын  түсіруде  сол  астықтың  бастапқы  ылғалдылығын, 

пайдалану  мақсатын,  кептіру  агентінің  температурасын  және  кептіру 

ұзақтығын  білу  қажет.  Пайдалану  мақсаты  әр  түрлі  астықты  кептіру 

жұмысының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Солардың  бірі  -  қыздыру 

температурасы.  Астықтың  ішкі  қабатына  берілетін  температура  қалыпты 

деңгейден  төмен  болса,  кептірудің  тиімділігі  төмендейді,  ал  жоғары 

температурада астық сапасы (әсіресе, тұқымдық материалда) өзгереді. 

 

Астықты  қыздырылған  ауамен  кептіруде  белсенді  желдетуге 



арналған  бір  камералы  немесе  екі  камералы  еденді  қондырғылар 

пайдаланылады.  Бұл  қондырғылардың  бір  шетіне  ауаны  ысытатын  жылу 

генераторлары  немесе  электр  калориферлері  орнатылып  қыздырылған 

ауаны арнайы желдеткіштің көмегімен астық қабатына күштеп ендіреді. 

 

Астықты  салқындатып  сақтау.  Астық  компоненттерінің  көпшілігі 



төменгі  температураға  төзімсіз.  Салқын  ортада  олар  тіршілігін  уақытша 

болса  да  тоқтататындықтан  астық  сапасында  көп  өзгеріс  болмайды. 

Сақтаудың 

төменгі 


температурасына 

байланысты 

тәсілдерді 

Я.Я.Никитинский термоанабиозға негіздеген. 

 

Астық  массасын  салқындатуды  екі  тәсілдің  бірімен  жүргізеді.  Ол 



тәсілдер: 

 



қ

арапайым (пассивті) жолмен салқындату; 

 

белсенді (активті) жолмен салқындату. 



 

Пассивті  салқындатуда  астықты  орнынан  қозғамайды,  оның  ішкі 

қабатына  салқын  ауа  ендірмейді.  Салқындату  тәуліктің  салқын 

кездеріндегі  ауаны  қойманың  есік,  терезелерін  ашып  ішкі  ауамен 

алмастыру арқылы жүргізіледі. 

 

Белсенді  салқындатуға  астықты  аударыстыру,  астық  тазалағыш 



машиналардан  өткізу,  жоғарыдан  төмен  қарай  сапыра  төгу,  жылжымалы 

немесе  тұрақты  қондырғылардың  көмегімен  астықтың  ішкі  қабатына 

салқын ауаны күштеп ендіру, т.б. жатады. 

 

Астықты  ауасыз  ортада  сақтау.  Сақтаудың  бұл  тәсіл  өнімнің  ішкі 



қабатындағы  оттегінің  мөлшерін  азайту  арқылы  астықта  болатын 


физиологиялық  процестерді  тежеуге  негізделген.  Микроорганизмдер  мен 

зиянкестердің  көпшілігі  оттегіні  қажет  ететіндіктен  олар  тіршілігін 

тоқтатады,  тіпті  көбісі  өледі.  Астық  массасында  ауасыз  ортаны  келесі  үш 

тәсілдің бірімен қалыптастырады. 

 

Астық массасындағы тірі компоненттердің тыныс алуы барысында көмір 



қышқыл диоксиді көлемін табиғи жолмен арттыру (автоконсервация); 

 



Астық массасына оттегіні ығыстырып шығатын әр түрлі газдарды (көмір 

қышқыл диоксиді, азот, т.б.) ендіре отырып арттыру; 

 

Астық массасында ауасыз орта (вакуум) жасау. 



 

Бұл тәсілдің кеңінен қолданылмау себебінің бірі - қоймаларда толық 

герметизация  жасаудың  мүмкін  еместігі  және  ауасыз  ортада  дәндердің 

өнгіштік қасиетін жоғалтуы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет