Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

КӨҢІЛДІ БАСТАУЛАР 
 
Жазғы демалыс лагерлерінде балалардың көмегімен әр 
түрлі ойындар ұйымдастырылатынын білеміз. Олардың бір түрі 
суда
өткізілетін жарыстар мен ойындар, олар: «Нептун 
мейрамы», «Көңілді бастау» және арнайы шақырылған атақты 
жүзгіштердің өз өнерлерін көрсетуі.
«Көңілді бастау» ойындарында әр түрлі қашақтыққа, неше 
түрлі құрал
-
жабдықтармен жүзу әдістерін және ешбір 
жабдықсыз жүзу әдістері көрсетіледі (81
-
сурет).
Балалардың мұндағы жүзуі топтар арасындағы жарыс 
түрінде өткізілуі де мүмкін. Ондайда жарыстың мән
-
жайын оған 
қатысушыларға 
алдын ала айтып түсіндіру керек. 
Жеңімпаздарды анықтайтын ең дұрыс жүйе 
– 
ұпай. Сонда ұпай 
бойынша былай болады: 10 ұпай жинаған командаға 1 орын, 8 
ұпай жинаған командаға 
– 
2 орын беріледі, ал 7 ұпай жинаған 
команда 
– 
3 орынға ие. 
Жарысты ұйымдастыруға ересек балалар қатыстырылады. 
Төрешілер алқасы атақты спорт шеберлерінен, еңбек 
ардагерлерінен, мұғалімдерден, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен 
және «Көңілді бастау» мейрамына арнайы шақырылған 
қонақтардан құралады.
Жеңімпаздарды марапаттау
үшін жүлделер дайындау 
керек. Жүлделерді дайындауға шеберлігі бар балаларды тартқан 
жөн.
ЖҮЗУГЕ БАУЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
 
 
Әрбір
жүзу жаттығуы жоспар бойынша өткізіледі. Кейде 
ауа райына байланысты өзгерістер болуы да мүмкін. Мысалы, 
сабақ ашық бассейнде өтуге тиіс болып, бірақ жаңбыр жауып 
кетсе, амалсыздан залда гимнастикалық немесе басқа да 
62 


дайындық жаттығуларын өткізуге тура келеді. Мұндай жағдайда 
келесі сабақтардың көлемін көбейтіп, бағдарлама бойынша 
өтпей қалған әдістерді сонда үйрету керек.
Жаттығулардың басталуы мен аяқталуы ауызша әмір ету 
немесе ысқырық арқылы жарияланады. Төменде келтірілген 
жаттығулар жүзуді үйренушілердің
жан
-
жақты дайындығын, 
олардың жүзу әдісін және спорттық шеберлігін одан әрі 
жетілдіруге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет