Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х


СУҒА КЕТКЕН АДАМҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

СУҒА КЕТКЕН АДАМҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
 
 
Суда жүзу жаттығуларын орындаған кезде өте тәртіпті 
болып, мүмкіндігінше қауіпсіздік жағдайларын сақтау керек. 
Балалар лагерінде жүзу жаттығуын өткізетін жерде төмендегідей 
қарапайым қосалқы құрал
-
жабдықтар болуы қажет, олар: 
құтқару шығыршығы, қалытқы белбеу, Александров шеңбері, 
аптечкалар. Суға батып бара жатқан адамның арқа тұсынан 
жақындаған жөн, өйткені ондай адам құтқарушының кез келген 
жеріне жармасады. Суға батып бара жатқан адамның қолын 
босатып, оны жағаға сүйреп шығарып, көмек көрсету керек.
Суға батып бара жатқан адамның ұстауынан денені 
ажырату. 
Суға батып бара жатқан адам құтқарушының бір 
қолына немесе екі қолына бірдей жармасуы мүмкін, ондай 
жағдайда құтқарушы өз қолын тез бұрып, анау адамның бас 
бармағын қайырып қолын босатуы керек (64
-
сурет).
Анау адам құтқарушының кіндік тұсынан жармасқан 
жағдайда (екі қолымен немесе бір қолымен) құтқарушы екі 
аяғын оның кеудесіне тірей итеріп, басын артқа қарай бұрып
сол сәтте өзі төмен сүңгуі қажет.
Сурет
64. 
Адамды судан алып шығу тәсілдері. 
Суда сәтсіздікке 
ұшыраған адам екі қолымен құтқарушының иығынан ұстайды, 
құтқарушы брасс әдісімен етпеттеп жүзеді. Бұл әдіспен 
әлсіреген, бірақ өз денесіне ие болуға,қармануға шамасы келетін 
адамға көмектеседі (65 
– 
сурет). 
49 


Сурет
65. 
Адамды жағаға алып шығудың екінші түрі – 
құтқарушы
шалқалап жатып екі аяғымен брасс тәсілін қолданады
шалқасынан жатқан суға кетушінің басынан демей ұстап жағаға 
алып шығады (66
-
сурет).
Сурет
66.
Сурет
67. 
Жағаға алып шығудың тағы бір түрі бар, ол 
– 
құтқарушы 
қырындап жүзу әдісін қолданып, анау адамның бір немесе екі 
қолынан қапсыра ұстап жағаға шығару.
Бірінші жағдайда (суға кеткен адамның бір қолынан ұстау) 
– 
қырындап жүзіп келіп, аяқпен демеп, төменгі қолмен есіп
50 


жоғарғы қолды арқа жағынан оның қолының астынан өткізіп, 
қолдың
басымен иегінен ұстап жағаға шығарады 67
-
сурет).
Екінші жағдайда суға кеткен адамның екі қолынан да 
ұстау
– 
қырындап жүзіп келіп, аяқпен есіп, төменгі жақтағы 
қолмен астынан есіп, жоғарғы қолды анау адамның кеуде 
тұсынан бір қолтығынан өткізіп, екінші қолының иығынан 
ұстап, су бетінде шалқасынан жатқызған күйде жағаға жеткізеді
(68-
сурет). 
Сурет
68. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет