Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал



Қазақстан
 
Республикасының 
 
білім және ғылым министрлігі
 
 
М.Х

Дулати атындағы 
 
Тараз мемлекеттік университеті
 
 
Ж. Қ. Қамысбаева
 
СУДА ЖҮЗУДІҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН 
 
ТАКТИКАСЫН ҮЙРЕТУ 
 
 
Оқу құралы
 
«Тараз университеті»
баспасы
Тараз, 2016


ӘОЖ 796.012.412.7(075.8)
КБЖ 75.717.5я 72
Қ 16
Қамысбаева Ж.Қ.

Суда жүзудің техникасы мен тактикасын үйрету.


Оқу 
құралы, Тараз 2016
Пікір жазғандар:

Джекенов П.С.


М.Х.Дулати 
атындағы
Тараз 
мемлекеттік университетінің дене 
тәрбиесі
кафедрасының доценті

Абдукаримов С. А.
Тараз 
инновациялық
-
гуманитарлық 
университетінің доценті, ҚР еңбек 
сіңірген жаттықтырушысы

Шилібаев Б.А.
«Дене шынықтыру және спорт» 
маманы, Аймақтық менеджмент 
академиясының профессоры

Бұл оқу құралды
суда жүзуді үйренгісі келетін кез
-
келген 
жастағы адамдар қолданып, өздеріне керекті мәліметтерді 
алуларына болады.
Оқу құралы
мұнай газ және механика факультетінің 
ғылыми
-
әдістемелік жиналысында қаралып шығаруға ұсынылсын.
Хатттама №_
3_ «_26_»____02
___ 2016 ж
©
Қамысбаева Ж. Қ.
,2016 



Кіріспе
 
 
Жүзе білудің маңызы.
Суда жүзе білу 
– 
өмірге өте қажет. 
Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. 
Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқуды адам іштен туа 
білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге 
болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, 
біреу
-
міреу суға батып бара жатса, оны құтқара да біледі. 
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп 
күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет 
талшықтары ұзарады.Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, 
қимыл
-
қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың 
қысымын
ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс 
алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен 
қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі 
тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның 
ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір
-
біріне ұқсас екі тәсіл болады 
– 
ол жүзу тәсілі және сүңгу тәсілі. Бірақ олардың бір
-
бірінен айқын 
айырмашылығы да бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынандай 
үш
түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу 
және қолданбалы жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы – 
жалпы халықтың 
дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру 
үшін, екі түрлі жұмыс атқарылады: 
1.Көпшілікке жүзуді үйрету. 
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дене дамуын 
нығайту.
Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде 
маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу, желкен 
спорты және т.б. Мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін ең 
алдымен жүзіп үйрену қажет.



Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс
-
тәсілдері бар. Кроль 
– 
еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй 
(баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).
Спорттық 
жүзу 
әдістерінің 
өзіндік 
ерекше 
айырмашылықтары бар: аяқ
-
қолдың қимылдары, тыныс алу, дем 
шығару, жүзуді бастау сәттері, бұрылу т.б. Мысалы: кроль әдісімен 
етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы 
кезектесіп орындалады, ал брасс және баттерфляй әдістерін 
қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.
Қолданбалы
 
жүзу еңбек өнімділігін арттыру және 
еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен 
сүңгу қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұлардың қолдану мүмкіндігі 
өте кең.
Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен
-
көлшіктерді, тоғандарды, 
каналдарды жүзіп өткенде, судың астынан бір зат іздегенде, суға 
батып
бара жатқан адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға 
болады. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі 
– 
суға кеткен, апатқа 
ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, 
сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене тәрбиесі 
мұғалімдеріне қажет.

Жүзудің денсаулыққа әсері. 
Жүзу 
– 
дене шынықтыру үшін 
нәтижелі әдістердің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларының 
қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Жүзу 
– 
жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін 
жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде 
шұғылданып жүрген адамның жүрек соғуы минутына 72
-
ден 48
-
50-
ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70
-
80 мл
-
ден 120
-
140 мл
-
ге дейін көбейеді.
Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысын 
дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. 
Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген 
спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000
-
7000 см
3
дейін, 
кейде одан да көбірек ұлғаяды.
Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам 
денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.
Сонымен су дегеніміз адам денсаулығын жақсартатын 
қазынаның көзі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет