Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы



бет10/11
Дата27.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#155257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жоба Қыздың тәрбиесі
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, Пед кенес хаттама, 1523420792, Geografiya, Мақала

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек. Заманның бағыт бағдарына қарай мақал мәтелдер де түрленіп, өзгеріске түсіп отырады. «Шешесі отырып, сөйлеген қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын іздейді. «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.
Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, түрлі кинофильмдер жан-жақты әсер етуде.
Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені –адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше. Жастар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Құрбы қыздардың арақ ішіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жаның түршігеді. Осындай әрекеттердің салдарынан қыздар жүкті болып, онан соң жасанды түсік жасатып, аналық құқығынан айырылып жатады. Батыстан бел түзеген түрлі жағдайлар біздің салт-санамызға өз әсерін тигізіп отыр. Мәліметтерге сүйенсек, еліміз бойынша жылына 200 мыңдай жасанды түсік жасалып, 1643 бала ата-ана қамқорынсыз қалады екен. Ал тағы да тарих беттерін парақтасақ, халқымызда, «жетім, жесір» деген ұғымдар айтылмаған.
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балалрының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз. Сөз соңын Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз
бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей.
30
Қазiргi кезде қыз тәрбиесіндегі кемшiлiктердiң болуына ата-аналар да кiнәлi. Ата-ана бала тәрбиесiнде басты рөл атқарады. Күнделiктi тiршiлiктiң соңында жүрiп олар бала тәрбиесiне соның iшiнде қыз бала тәрбиесiне жауапкершiлiктi азайтып алған сияқты. Сондай-ақ қыз бала тәрбиесiнiң төмендеуiне қазiргi көгiлдiр экрандағы көрсетiп жатқан шетел филмдерi де әсер етуде. Осы филмдедерге қазақ қыздары елiктеп өздерiн тым еркiн ұстайды, тiптi кейбiр қыздар ата-анасын сыйламай, оларға қарсы келiп жатады. Әрине бұған себеп тек шетел филмдерi ғана емес, қыздардың әдеби кiтаптардi көп оқымауы, театр, музей, көрме залдарына жйi бармауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет