Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы


Көркем шығарма арқылы қызға тәрбие берудің рөлі



бет7/11
Дата27.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#155257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жоба Қыздың тәрбиесі
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, Пед кенес хаттама, 1523420792, Geografiya, Мақала
2.2 Көркем шығарма арқылы қызға тәрбие берудің рөлі


Атадан балаға мұра болып келе жатқан асыл қазынаның бірі - кітап. Кітап - жақсылыққа үйретіп, қиын кезде көмек бере алатын адал дос. Білімнің қайнар көзі шоғырланған жер де - осы кітап. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Шынында да, кітап оқу бізді жан-жақты жетілдіреді ғой. Кітап оқитын адамның, сол жерден алған білімін қолдана білген адамның үлкен белестерден көрінетіні сөзсіз. Кітап оқудың нақты пайдасы жайлы айтып кетсек:
1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. 
2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның есте сақтау қабілеті жақсы болады. Ол тез ойлап, тез қорыта алады. 
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
4. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
5. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. 
6. Кітап оқу – адам бойындағы шығармашылық қабілеттерді дамытады. 
Расымен де, зерттеп қарайтын болсақ, кітаптың бізге берер пайдасы аз емес. Көрсетілген тізім солардың аз бөлшегі ғана. «Кітап – алтын қазына»,-деген мақал осыдан шықты. Біз кітапты оқи келе көп сұрақтың жауабын таба аламыз. Ал белгілі бір тарихи кезеңдегі кітапты алып оқитың болсақ, сол кездегі тарихты, тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды біле аламыз. Тіпті, сол кездегі адамдарға қарап, олардан үлгі ала аламыз. Біз қазір басымыздан өткеріп жатқан мәселелер ертеде де болды. Сондықтан да, бір проблеманың шешімі жоқ десек, кітап сол мәселені шешуге көмектеседі. Көргеніміздей кітаптың берер пайдасы, тигізер әсері өте көп. Сондықтан да, кітап оқуды ешқашан ұмытпауымыз қажет.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген балалардың қызығушылығы аз.
13
Балалардан, жасөспірімдерден, тіпті үлкен адамдардан сұрайтын болсақ, олардың көбі кітап оқуды ұнатпайтының айтады. Әдебиетке деген қызығушылық жылдан жылға азайып барады. Оның себептерін күнделікті қолданыстағы ғаламтордан, әлеуметтік желілер мен компьютер секілді құралдардың әсері деп есептеймін. Қазір техника дамыған кезеңде барлық ақпарат ғаламтордан оңай табылады. Бірақ соған қарамастан ең сенімді ақпарат көзі – кітап. Өкінішке орай, бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыру – ата-ананың қолында. Қазіргі уақытта қазақ балалары қазақ әдебиетіне жақын емес деп есептеймін. Ал кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру қиынның қиыны. Сондықтан да, мен балаларды көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу қажет деп ойлаймын.
Бірулер көркем шығармалар арқылы балаларды тәрбиелеу өткен заман қағидасы десе, екіншілер әдебиеттің берер пайдасы көп болғандықтан, балаларды сол арқылы тәрбиелеу керек деп айтып жатады. Әдебиетімізге үніліп қарайтын болсақ, неше түрлі көркем шығармаларды таба аламыз. Мысалға, қарапайым ертегілердің берер үлгі-өнегесі аз емес. Ал жазушыларымыздың шығармаларын алып қарасақ, олардың астарында терең мән жатыр. Көркем шығармалар балаларға үлгі-өнеге беретіндіктен, олар балаларды тәрбиелеуге көмек береді деп есептеймін.
Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Ауыз әдебиеті —халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері,
14
педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгңмелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. 
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады. Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек. Халық жырауларының термелерін, ертегілерді тыңдату – бала бойына патриоттық сезімін ұялататын бірден-бір тәсіл болмақ.
Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады. Көркем шығарманы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының патриоттық сезімін қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз.Көркем шығарма балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет. Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. 
Барлық дәуір әдебиетің алып қарайтын болсақ, сан түрлі тақырыптарға жазылған өлең-жырларды, романдарды, повестерді, поэмаларды кездестіреміз. Олардың тақырыптары терең әрі шексіз сияқты. Сол сияқты қазақ қыздары, жалпы қыз тәрбиесі жайлы жазылған талай шығармалар баршылық. Қыз баласы ұлттық тәрбиені осы мән-мағынасы терең кітаптар мен туындылардан алады. Қазіргі таңда қыз тәрбиесіндегі басты мәселелер қатарына ана тілін, ата тарихын, салт-дәстүрлерін білмейтін қыз балалар, ашық-шашық киімдердегі қыздар, әдептілікті сақтамайтын, қыз бойына тән емес қылықтар жасайты қыз, жалпы тура жолдан ауытқыған қыз баласы болып отыр. Қыздарды тура жолға салып, дұрыс тәрбие беретін – көркем шығарма. Осының алдын ала және де жоя алатын қару да – осы көркем шығарма. Ана тіліндегі кітаптар қыз балаға ана тілінде ойлуға, оқуға және де дұрыс сөйлеуге баулиды. Көтпеген қазақ жазушыларының
15
туындылары белгілі бір тарихи мәселеге жазылғандықтан, көркем шығарма қыздардың ата тарихына көз жүгіртіп, ата тарихын есте сақтуға әкеледі. Туындыдағы ұсталынатын салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар қыздың осы салт-жоралғылармен тереңірек танысуына жол береді. Сонымен қатар көркем шығармадағы қыз бейнесіне назар аудара отырып, қыз өз-өзіне нағыз қазақ қызының қандай болу керектігін ұғады, сондай болуға ұмтылады. Кітап әдептілікке жол алып, дөрекі сөйлемей, инабатты қыз болып өсуге септігін тигізі мүмкін. Сондықтан да қыз бала тәрбиесінде көркем шығарманың алатын орны ерекше деп есептеймін.
Ешкім де идеал әйел болып туылмайды, мінсіз адам жүре қалыптасады. Оған себеп болатын өмірлік тәжірибе мен даналық толы кітаптар. Солай, кітап – тәрбиелеуші... Осы орайда қыз баласы қандай кітаптарды оқуы тиіс деген сұрақ туындайды. Әлем мойындаған, миллиондаған әйелдің көңілінен шыққан ана тіліміздегі бестселлерлер қыз бала тәрбиесінде өз орының алуда. Сонымен, егер кітап оқуды жаныңыз сүйетін болса, әрдайым ақылыңызға азық іздеу мақсатында әдеби кітаптар іздеп жүретін болсаңыз, төмендегі кітаптарды тауып алыңыз. Ұсынылған шығармалар заманауи әйелге қатысты қарым-қатынас, әлеуметтік жетістік, өзін-өзі дамыту, өзін және ер азаматты түсіну, бақытқа жету, бала тәрбиесі, стиль, этикет мәселелерін қамтиды.
1. "Махаббат, қызық мол жылдар". Әзілхан Нұршайықов. Бұл роман 1970 жылы жарық көрді. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген. Басты кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. "Апамның айтқандарын" міндетті түрде жазып, жаттап алуыңыз керек. Сондай-ақ, автордың жарына арнап жазған "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы да идеал әйелдің бейнесін көрсете алады. Ербол — шығарманың негізгі кейіпкері, ақкөңіл, досына адал, аңғал,шығарма басында біраз ұяң болып сипатталатын кейіпкер.Меңтай — шығарманың негізгі кейіпкері, адал, ақылды, сұлу,сабырлы,сыпайы жəне Ерболдың жары. Менің ойымша роман қыз баласына өзінің он әсерім тигізеді. Меңтайға қарап көп үлгі-өнеге аламыз. Нағыз қазақ қызын көз алдымызға елестетіп, сондай болуға талпынамыз. Сондықтан да, “Махаббат, қызық мол жылдар” атты роман осы тізімнен өз орнын тапты.
2. Фариза Оңғарсынованың "Дауа", "Жүрек күнделігі", "Шашы ағарған қыз", Күләш Ахметованың "Күн шыққанда күліп оян", "Жапырақ – жаздың жүрегі"
16
атты жыр жинақтары да әйел дүниесінің жан айқайын паш етеді. Ақынмен бірге
сырласасыз, мұңдасасыз... Оңғарсынова  Фариза Оңғарсынқызы – 5 желтоқсан 1939 жылы Ақтау облысы Новобогат ауданында туған қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты. Ахметова Күләш Ділдәқызы – 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында дүниеге келген ақын, журналист, аудармашы. Осы екі ақынның шығармалары ұқсас болғанымен, ішінде жатқан мән-мағына тым бөлек. Қыз баласының қаламынан туған өлеңдер болсын, романдар болсын, повесть не поэма болсын барлығы да қыз жүрегінде ерекше орын алады. Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова өлеңдерін оқығанда өзінің апанмен сөйлескендей сезімге бөлінесін. Сондықтан фариза оңғарсынова мен күләш Байсеитова сынды ақындарды қыз жанын, жалпы ел жанын жақсы түсінген қазақтың ақын қыздары деп атай аламыз. Менің ойымша қазақ ақын қыздарының жазып қалдырған өлең, өсиеттерін оқып, одан ғибрат ала алсақ, сол алған өсиет, алқылды дұрыс пайдалана білсек, жақсы, тәрбиелі, инабатты да, ибалы азамат болып өсетінімізге күмән жоқ.
3. “Ақбілек”. Жүсіпбек Аймауытов. Ақбілек – Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды. Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді. Қиындықтарға қарамай, оқу оқып, өз бақытына жеткен қазақ қызы әлбетте өсіп жаттқан қыз балаға үлгі береді.
17
4. "Ұлпан". Ғабит Мүсірепов. Ұлпан - Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар. Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп ойлаймыз. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйрене аласыз. Әр жазушы, ең алдымен, өз туған халқының көкейіндегі ойын, жан-сырын кемеліне келтіре жырлаумен ғана мұратына жетеді. Сол сияқты өзі өсіп-өнген ортаның, қазақ елі әйелдерінің асыл қасиеттері Ғабит Мүсіреповті де ертеден-ақ толғандырып, ойландырған секілді. Ал автордың аналар жайлы жазған шоқтығы биік шығармасы –«Ұлпан» романы. Романдағы Ұлпан бейнесі өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі берерліктей сомдалған. Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен. Ол ақылды әрі батыл болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық, жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпанның тұла бойы толып тұрған ерлік пен езгілік, ақыл мен парасат, әділдік пен адамгершілік. Ұлпан көптеген қиын кезеңдерді басынан өткізеді. Соған қарамастан, ол барлық қиыншылықтарды өзінің сабырының арқасында жеңіп, төтеп бере алатын болады. Сондықтан да, ел анасының берер үлгі-өнегесі көп деп есептеймін. Сонымен қатар, Ұлпан образын терең түсінүге септігін тигізетін кейіпкерлерден де үлгі алуға болады. Жаман кейіпкер сияқты болмауға, оның қатліктерін қайталамауға, жағымды кейіпкердей болға ұмтылдыратын алтын қор – көркем шығарма.
5. "Айналайындарым менің". Ділдә Матайқызы. Жас ұрпаққа арнап ұлттық салт-сананы, дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды өмірбаяндық деректермен байланыстыра отырып өсиет етіп жазған Ділдә Матайқызы Тасмағамбеткелінінің бұдан бұрын жарық көрген «Тәрбие туралы толғаныс» атты кітабы оқырмандардың ыстық ықыласына, үлкен құрметіне бөленген. Сол қалың оқырманның өтінішіне орай, туған тарихымыз, саяси-әлеуметтік тың көзқарастар, алуан түрлі өмірлік мысалдармен толықтырылып, қайтадан жазылған бұл жинақ та сіздердің сырлас достарыңызға айналар деген сенімдеміз. Сонымен, өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ана Ділдә Матайқызының «Айналайындарым менің» кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт-санамызбен, дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінгі толқын - жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді құяды.
«Таң торғайы шырылдағанда ұлы төсегімнен көтеріліп, жарық дүниенің нұрына жүзімді шәйіп: «Иә, жаратқан ием, әр пендеңе ынсап, қанағат бере гөр. Бауырын бүтін, басын аман ете гөр. Ел мен ерімізді жақсылыққа жолықтыр. Ақ сөйлеген адалдың «бұ дүниеде жиғаны бұйырғай, о дүниеде иманы бұйырғай», - деп тілек ететінім бар» деген әдемі де әсерлі, оқырманын бірден баурап алатын жолдарымен басталатын кітап жеңіл оқылады. Оқырманын ойландырады, ойландыра отырып, Отан сүйгіштікке, туған жалқы мен ана тілін шексіз сүюге, қайратты да қайсар, өжет те ержүрек әрі ақылды һәм парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Кітап өн бойындағы аңыз әңгімелерімен құнды.
18
6. "Бабалар аманаты". Зейнеп Ахметова. Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегінен орын алған Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы қазақ келіндерінің төлқұжаты болу керек секілді. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы батыр атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.
7. “Бақытсыз Жамал”. Міржақып Дулатұлы. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Сауаттысы жатып кеп оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық сол оқығандарды жағалай отырып тыңдайтын. Сора-сора жас алып, өз бастарындағы жағдайды жіте көріп, сезіне жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болған соң әйел қауымы өре түрегелді. Талай басыбайлы әйел затына ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас Ғали мен Жамал арасындағы махаббат мәселесі арқылы беру, романның оқырманның жанына жол тапқан кілті десек қателеспейміз. Роман сол кездің өзінде екі рет басылып (1910, 1914) шыққандығының өзі көп дүниені айтқандай. Сол заман, сол кездің саяси көзқарасымен қарағанда бұндай тақырыптағы роман екі рет қатарынан басылу ел қалауы, талабы екендігі анық. Содан бері басылып келеді. Оқырманын әсте жоғалтқан емес. Қандай шығарма болсын өз заманында, өз әлеуметтік ортасында құнды болмақ. Заманың қалай болса жасар амалың да солай болмақ. Әр әдеби туынды, көркем шығарма өз заманының көркем бейнесі. Жоғын жоқтап, барын түгендейтін жансыз жанашыры. Дәл қазір бұл романның көркемдігін осы заман талабымен, талғамымен көрсете алмасымыз анық. Ол заман келмеске кетті. Роман формасы да өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір белес, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз. Ғалидың да Жамалдың да аузына автор ішкі сезімін, толғанысын өлеңмен салып отырған. Романда өзінен кейін әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан тәсіл - хат. Ғали мен Жамалдың бір-біріне хат жазып хабар алысып, бағыт-бағдар алысқаны бір дара мотив екендігі белгілі. Романда екі жастың басты жауы, қасіреті мен қайғысына бастауы болған Байжан мен санасыз Әке Сәрсенбайдың портреттері мен қоса Ғали мен Жамалдың портреті шебер жасалған. Біріне тоқталсақ, автор Ғалидің портретін жасауда біршама суреттеуге барады. «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, азырақ бетінде қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау, Ғали есімді бір зат еді. Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің афзалы Ғали,
қыздардың афзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырулары бек жарасып
19
кетті». Романда Ғалидің даралық бейнесі уақыт өткен сайын өсіп отырады, өсіп отырады. Жиын-отырыстарды. Ауыл арасындағы адамдардыңжиі мақтаулары мен ауызға алулары биікке көтеріп отырады. «Оқыған... білімді... өнерлі... көзі ашық... келбетті...» деген сияқты. Ал Жамалдікі даралық образға романның бел ортасына жетпей көтерілген. Оның зеректігі, алғырлығы, асқан сұлулығы, шешендігі, туралығы бәрі-бәрі дара, типтік образға жеткен десек те болады. Тең теңімен, тезек қабымен. Теңіне жете алмай кеткен талай қазақ қыздарының тағдыры жатыр. Қорыта айтқанда М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романын жазу үстінде қазақтың өзіне дейінгі дәстүрлі әдебиетіне сүйенген. Орыстан, батыстан үйренді десек мықтап қателесеміз. Қазақтың арыдан беріге дейінге фольклоры мен маржан әдеби жауһарлары тоғысып романның көркемдік тіліне, стиліне, формасы мен құрылысына қызымет еткен.
Осы жеті кітапты әр қазақ қызы оқып шығуы қажет деп ойлаймын. Сонымен қоса, қыз тәрбиесінде көркем шығармалардың алатын орны ерекше деп ойласаңыз, нақты осы шығармалар соған дәлел. Көркем шығармалар – бұрынғы және қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге көмек береді. Болашақ ұрпақты да тәрбиелеуде өз әсерін тигізетініне күмәнім жоқ. Сондықтан кітапты мәңгі білім көзі деп айтсақ та болады. Әжелеріміз өскен, аналарымыз өскен көркем шығармаларда біз де өссек болашақта жақсы, елге пайдамыз тиетін, ана тілі мен ата тарихымызды білетін, салт-дәстүрлерімізді құрметтейтін азамат бола аламыз. Сол себепті көркем шығарма арқылы қыз балаға тәрбие берудің рөлі зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет