Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы


ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет8/11
Дата27.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#155257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жоба Қыздың тәрбиесі
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, Пед кенес хаттама, 1523420792, Geografiya, Мақала
ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Оқушыларға қыз тәрбиесі бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары
(«Айқын» газетіне алынған мәлімет)
Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа көзі тірісінде «XXI ғасырдың қыздары туралы пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойып, қарт қаламгердің пікірін білген едік.
 Әзілхан Нұршайықов:
 – Қазіргі қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен бұлар ұлттық үлгіден ауытқып бара жатыр. Қазір көптеген қыздар ана тілінен алыстап, ұлттық дәстүр, салт-санадан мақұрым болып барады. Олар үйде де, көшеде де, аудиторияда да, мекемеде де қазақша сөйлеспейді. Қазақ кітаптарын оқымайды. Радио, теледидардың қазақ тіліндегі хабарларын тыңдамайды. Қазақ тілінде ән салынып, қазақ күйлері тартылып жатса, ол каналды өшіре салады. Қазақтың тамаша ұлттық салт-дәстүрлерінен мүлде хабарсыз. Оны білгілері де келмейді. Бір сөзбен айтқанда қазіргі қазақ қыздарында ұлттық рух жоқ.
Қазіргі қыздар тым сәнқой. Сәнқойлығы сондай, көп қыздар жазда жалаңаш (ашық-шашық деген мағынада), қыста жалаңбас жүреді. Жылуы жоқ жұқа бешпет, капрон шұлық киіп, қалтырап сабаққа не қызметке барады. «Қарағым-ау, бүйтіп жүріп денсаулығыңды жоясың ғой!» дегің келеді оларға. Жоқ, оларға денсаулық емес, сән керек. Санасын сән билеп кетсе, не дерсің оларға?! Қазіргі қыздар тарқылдап күледі, қайқаңдап жүреді. Үлкендерге ізет жасауды білмейді – ұлттық сыпайылық жоқ. Қазіргі көп қыздар жігіттермен көшеде сүйіседі, көз таса
20
жерде — «құлай» кетеді – ұлттық ұстамдылық жоқ. Қазіргі көп қыздар пәктігін
сақтамайды. Пәктігі жоқ қыз байға тигенде бақытсыз болатындарына мән бермейді. Пәктігінен ерте айрылған қыз салдақы болады. Салдақыдан сарамас туады. Ұлт ұрпағы осылай азады. Қазіргі көп қыздар махаббатты мансұқ етті. Көшеде сүйісе салып, күйеуге шыққан қыз алты күннен, немесе алты айдан кейін ажырасып тынады. Қайтадан қылмыңдап, «қыз» бола қалады. Қазіргі көп қыздар күйеуге тисе, бір баладан артық көтермейді. Сонда ұрпақты кім жалғастырады, ұлтты кім көбейтеді? Қазіргі кейбір қыздар жас кезінде жүргіш болғандықтан ұлғайғанда жалғыз қалады. «Кәрі қыз» атанып, өксікті өмір өткізеді. Ондай өмір кімге керек? XX ғасырдың қыздары жасырын жердің бәрін жауып ұстайтын. Қыздардың қос анарын торситып, кіндігін көрсетіп, сандарын жарқыратып жүруі еркектерді «ереуілге» шақырады. Ойнасқорлық осыдан туады. Тал бойыңдағы ақ жүзің мен ақ білегіңнен өзге құпия жерлерді қымтап ұстасаң өлмейсің, ешқандай қызықтан құр қалмайсың. Мәдениетің төмендеп, ақылың азайып кетпейді, қыздар. Денені жалаңаштап ұстау сән емес, санасыздыққа саятынын, оның ақыры сексқұмарлыққа соғатынын ұмытпаңдар, айналайындар. Біздің қыздарымыздың көбінің теледидарға еліктеп, байға шықпай, бала таппай, сексқұмар болып бара жатқаны жаныңды қинайды. Ал қазақтың кейбір зиялы деген азаматтарының, үлкенді-кішілі шенеуніктердің, қалталы байлардың жас қыздардың «шырынын» соруға құнығып алғаны қаныңды қайнатады. Осының бәрі ұлтымыздың соры екенін ұғынсақ етті. Экономикамыз өсіп келеді, еліміз байып барады дейміз. Рухың өшіп, ұлтың азайып азып кетсе, ол экономика кімге керек? Не пайда? Осыны да ойлауымыз керек қой! Қыздардың бәрі бақытты болғысы келеді. Бақытты болу үшін байға ти, бала тап. Ұрпақ өсір. Ұлтыңды көбейт. Сөйтіп, артыңда алтын із қалдыр. Бақыт деген осы! Қыздар! Бой түзеп, «Болашақта» оқығандарыңа мастанбаңдар. Университет тауысып, үкілі қызметке қолдарың жеткеніне мақтанбаңдар. Сендерің затың әйел болғандықтан ең басты міндетің ана болып, бала өсіру екенін ұмытпаңдар. Ең басты парызың – ана болу екенін ұмытпандар. Осы ұлы қызметті ойдағыдай атқарғаннан кейін қызмет істесең де кеш қалмайсың. Кеңседе отырып «қағаз кемірмеймін» десең, Ана болу да –ұлы қызмет! Ал өне бойыңды талант кернеп бара жатса оның жөні басқа . Ертең ұлттың ұрпағын тәрбиелейтін, қыздар сендерсіңдер. Біздің ұлттық ұлылығымызды жойып, «Халық» деген қасиетті аттан айырып, әлде бір ұсақ ұлыс-аймаққа айналдырып жіберу де, қыздардың қолдарыңда. Қыздар пәк болмай, тәні таза, жаны ұлағатты болмай, ұлт сақталмайды, азғындап, азып-тозып бітеді. Ұлттық ұлы жауапкершілік өз мойындарыңда екенін ұмытпаңдар, қыздарым, қарақтарым, қалқаларым!
Әзілхан Нұршайықовтың сөзімен келіспеуге болмайды. Өткен ғасыр мен қазіргі кездегі қыздар мен олардың тәрбиелерін санайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды көре аламыз. Жүріс-тұрысынан бастап, киім үлгісіне дейін, сөйлеген сөздерінен, ойлаған ойларына дейін барлық жағдайда көп айырмашылық көруге болады. Әрине, тәрбиелі, инабатты қазақ қыздарының мүлдем жоқ екенің айта алмаймыз. Себебі әр дәуірде, қай заманда болмасын ерекшеліктер бар. Бірақ өкінішке орай, нағыз қазақи қыздар күннен күнге жоғалып барады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
21
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын - деп халқымыз қыз туралы жырлаған екен.
Осыған қарап-ақ, қыз атаулының жүзі жарқын, кісі алдында ұяң екенін көруге болады. Әр ұлт, әр халық өзінің ерекшелігі мен тарихы арқылы мақтанады. Сол сияқты, қазақ халықының айта кетер тағы бір ерекшелігі, қыздарының ибалылығы мен инабаттылығы және көне жәдігеріміз болып табылатын құнды әшекейлеріміздің өзіндік сәні мен берер мәні. Қазақ қызы қандай болған көнеде, қандай болды қазір де? Қазақ қызы дегенде ең алғаш тарих беттері көз алдымызда ашылады екен. Сонымен, тарих бойынша ең алғашқы қазақ қызы кім? Не болмаса қазақтың алғашқы ханымдары кімдер? Қазақтың басына қауіп төнген сын сағатта атқа мініп, жауға қарсы шапқан апа-аналарымыз қандай еді?! Тұмар патшайымнан бастап, Бопай ханшайымға дейінгі батыр аналарымыз елдің ертеңі үшін күресті. Ал екінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтанған сәтте Мәншүк пен Әлия сынды жүздеген жауынгер қыздар майданға аттанды. Осындай батыр аналарымыздың ізін қазақтан шыққан тұңғыш әйел-генерал Сәуле Айтпаева жалғастырды. Бұл кісілерден алынар өнеге мен тәлім қандай болмақ? Әрине, «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің» деген мақалдың түп тамырын сұрағымыздың жауабын тапқандай боламыз. Қазақ халқының қыздарымен мақтанар тұстары көп-ақ. Өйткені, қазақ бұрымдылары тек батыр ғана емес, сонымен қатар, биші, күйші, әншілері де болған. Атап айта берсек парақ беттері толассыз қалар. Сонау тарихтан сыр шертер болсақ, көптеген шаң басқан мәліметтерді қазіргі уақыт талабы деп түсінетін қыздардың құлағына алтын сырға болары анық. Бұл сөзбен өзіміздің құндылыққа толы тарихи толқында өсіп өнген, қазақи дәстүрді көріп бой түзеген қыздардың қазіргі уақытта да бар екендігі және заман талабына сай өмір сүріп те қазақилығымызды сақтап қалуға болады дейтін қыздардың бар екендігін тілге тиек етіп отырмыз. Тізгінімізді қазіргі қоғам түсінігіне бұра кетсек, әрине, тәуелсіз Қазақстан ХХІ ғасырдағы тарих сахнасында, бірақ ол, біздің қазақилығымыздың тамырына балта шабу деген сөз емес. Бұрынғы қазақ қызы, қазір де сол қазақ қызы. Тек, уақыт өтті, ел дамыды, түсінік өзгерді. Дегенмен ұлтымыздың ұлылығы және қазақ қаны өзгерген жоқ. Қоса кететін жайт, ата-бабаларымыз бен әже-апаларымыздың берген тәлімі мен тәрбиесі, өнегесі мен қалдырған өнері өзгермес мұра болып қалды және қалары даусыз. Қазақы нақышты да, сән әлемінде де негізгі мәнге ие болған не ие болып отырған көптеген үлгідегі киімдер мен әшекейлердің ұтымды орналасуы, қазіргі таңда алғашқы бестікте тұрғаны мәлім. Осыған орай, әрбір қазақтың қыз-келіншектері өзіне жарасымды етіп, ұлттық нақышта киінер не киінбесі оның қазақтық сипатынан айырады деген түсінік емес. Қорыта келгенде, біз, қазақ қызымыз! Шежіреміз шырайлы, тәрбиеміз тәлімді. Әке тәрбиесін алып, ана мейірімділігін көрген халықпыз, уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермес! Тарихымыз терең, дініміз берік, салтымыз сақталған заманда қазақилығымызды жоғалтпауымыз керек.

Оқушылар арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама негізінен томендегідей сұрақтарды қамтыды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет