Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы


ІІ БӨЛІМ. ҚЫЗ БАЛАҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



бет6/11
Дата27.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#155257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жоба Қыздың тәрбиесі
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, Пед кенес хаттама, 1523420792, Geografiya, Мақала
ІІ БӨЛІМ. ҚЫЗ БАЛАҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы қыздарға тәрбие берудің ерекшеліктері

Бүгінгі таңдағы білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру,


9
салт дәстүрге тәрбиелеу.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезім, адамның рухани өмірінің қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, туған елінің мәдениеті мен тарихына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен адамзаттығы көрінеді. Мектеп-қазіргі қоғамда ең басты тәрбие орнының бірі болып саналады. Ал мектептегі басты тұлға-мұғалім. Өркениетті әлемге бет түзеп тәуелсіз мемлекеттің шаңырағын көтеріп жатқан еліміз үшін кезек күттірмейтін ұлағатты міндет-ұрпақ тәрбиесі дейтін болсақ, оның негізгі тірегі ата-ана мен ұстаз еңбегі екені белгілі.Қазақтың «бала тәрбиесі-бесіктен» дейтіні де осыдан.
Баланы бесікке бөлеп, жырмен жұбату отбасының ғана салты емес, халықтық дәстүрге айналған. Ана тілінен, ана арманынан ұлы ниет жоқ. Сол жақсы ниет, сол ана тілі бала құлағына бесігінен сіңеді. Сол ана тілін құлағына сіңіріп өскен баланы жас кезден бастап еліміздің көк байрағына, елтаңбасына, әнұранына айрықша құрмет сезіммен тәрбиелеу керек. Қазақ отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. Халық тәрбиесі ең алдымен еңбекке негізделген, сондықтан ер баланың негізгі жұмысы сыртқы шаруашылық жұмыстарын жүргізу болған. Ал қыз баланы «жат жұртқа жаратылған» деп ерекше мән берген.... Халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуға ғасырлар бойы жемісін үзбей жалғасып келген өзіндік салт-дәстүр бар. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болып, санамызды оятып, өмірімізге зор өзгерістер әкеледі. Тоқырау жылдарында қол үзген рухани асыл қазынамыз сал-дәстүрімізді жаңғыртудамыз. Қазіргі жағдайда оқушыларды ұлттық салт дәстүрге тәрбиелеу ең маңызды мәселе. Өйткені жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі дінін салтын сақтауға тәрбиелеу-біздің бірінші кезекті бағытымыз.
ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-
тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттары айқындап педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.» Олай болса, басты мақсат-жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сқтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
-оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
-ана тілі мен дінін оның тарихын мәдениетін өнерін салт-дәстүрін рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;
-жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
10
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ ағайын-туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыздың өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті ұрпақтың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық елжандылық отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге тиіспіз.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор мәні үлкен.«Баланы жастан» демекші мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы –салт-дәстүрін дұрыс жеткізе білсек ертеңгі күні олардың зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қоғамның белгілі қайраткері М.Шаханов «Халыққа ең бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін алтын дінгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы- отбасында, екінші-мектепте болғандықтан ата-ана мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылдықтығы байланысты болуы шарт. Салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында өткізіліп тұруы тиіс.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы –бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай деген:
«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық игіліктерін, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін , тарихын білу, оны қастерлеу әрқайсысымыздың борышымыз.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың
11
тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, үлгілері мен өнегелері-соның айғағы.
Қазақ халқы о бастан бала тәрбиесін бәрінен жоғары қойған. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім бере білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз бар ықыласын балаға бөліп, болашағын бағамдаған. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп, кезінде ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік. Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму сипатына жетелейді. Ұлттық тәрбиелік білім беру арқылы, жас өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі сезімін, жан дүниесін түсіне білуге бағыттауға ұмтыламыз. Қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі – халықтық педагогика болғандықтан, баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында тәрбиелегенін кәрі тарих та дәлелдеп береді. Яғни, құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, тұсау кесер, сүндетке отырғызу тағы басқа салт-жоралғылар қатаң ұсталып, басшылыққа алынып отырған. Бұлардың ұлттық ерекшеліктері мен тәрбие негіздері бар. Халқымыздың тәлім-тәрбие беретін әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына сенімдімін. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Жасыратыны жоқ біз қызбаланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінен алшақтап кеткенбіз. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қондыру, қызын қияға ұшыру, бір сөзбен айтқанда қыз ұзатып, келін түсіру болған. «Алып анадан туады» дегенді түптей түсінген қазақ елінде Ананы ардақтау, Ананы сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құметтеу бұзылмас
12
салт-дәстүрге айналған. Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсірісе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Ұлттық тәлім-тәрбие алған қыз өскенде жақсы келін, аяулы ана болатыны сөзсіз. Константин Дмитриевиы Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп санаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет