Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi



бет11/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Жұмыс тәртібі

Тары жармасы қазақша сөк деп те аталады. Ол тағамдық сапасы жағынан қарақұмық пен күріштен төменірек болса да, тамақ өнеркәсібінде алатын орны ерекше. Тарыны қауызының түсіне, сортына қарай 4 типке бөледі: ақшыл, қызыл, сары және көкшіл түсті. Тары эндоспермінің құрылысына қарай шыны, жартылай шыны және ұн тәрізді деп бөлінеді. Шын эндоспермді тары дәнінен көп жарма алынады.

Ластануды анықтау үшін алынатын массасы 25 г шөкімді шөпшар және астық қоспалары фракцияларына бөледі.

Шөпшар қоспасына жатады:

- минералды қоспа;

- органикалық қоспа;

- жабайы және мәдени өсімдіктер тұқымдары;

- зиянды қоспа;

- x 1,4 х 20 мм елеуіштен өткен дәннің ¾ бөлігі;

- бүлінген дәндер ( ядросы сарғайған ).

Астық қопасына жатады:

- өсіп кеткен дәндер;

- x 1,4 х 20 мм елеуіште қалған ұрынған және желінген дәндер;

- x 1,4 х 20 мм елеуіште қалған дәннің ¼ бөлігі.

Барлық фракциялар өлшенеді және олардың нәтижесі алынған шөкімге қатысты % есептеледі.

Бүлінген және бұзылған астықты анықтауда 1.4 тақырыбын қараңдар.



Қауыздылықты анықтау
Шөпшар және астық қоспасынан тазартылған массасы 25 г шөкімнен қосымша массасы 2,5 г ( қолмен қауыздау үшін ) және 5 г ( ГДФ – 1 құралында қауыздау үшін ) шөкімдер алынады.

Содан кейін дәндерді гүлдің қауызынан айырады. Қауыздарды өлшеп, нәтижесін алынған шөкімге қатысты % есептейді.



Типтік құрамын анықтау
Массасы 10 г қосымша шөкімнен негізгі типтік тарыны және тарының типтік қоспалары бөлінеді.

Алынған фракциялар өлшенеді және олардың нәтижелерін алынған шөкімге қатысты % өлшенеді.



Таза ядро құрамын мына формула бойынша есептейміз:

Мұнда: Қ – қауыздылық, %

Шқ – шөпшар қоспасы, %

Ақ – астық қоспасы, %


24 кесте - Талдау нәтижесі

Шөпшар қоспа(барлығы)____________ %

Соның ішінде:

Ш,қ, г

%

1,4х20мм көлемді тесіктері бар елеуіштен өтетін өткізгіш массасының ¾ бөлігі;







Минералды







Органикалық







Барлық жабайы өсімдіктер тұқымдары,







Зиянды қоспа,







Бүлінген тары дәндері.







Дәнді қоспа(барлығы) ____________ %

Соның ішінде

Д,қ, г

%

Ұрынған







Желінген







Қауызданған дәндер (толық және бөліктеп);







Ядросы зақымдалған дәндер.








1 шөкім қауызының массасы___________________________________г.

2 шөкім қауызының массасы___________________________________ г.

Қауыздылық__________________________________________________%

Бүлінген ядро массасы , 10 г –н бөлінген шөкім_____________________г

10 г шөкімдегі уатылған ядроның массасы_______________________г

Уатылмаған астық массасы , шөпшар және астық қоспасының 25 г шөкімнен бөлінген қоспа___________________________________________г
Бүлінген ядро есебі:

X=

Формула бойынша анықталатын таза ядроның саны



X=

Нәтиже. МЕСТ 22983-78 талабы бойынша тарының берілген тобының сәйкестігін анықтау.
Бақылау сұрақтары:


  1. Тарының МЕСТ-ы және оның мінездемесі.

  2. Тарының ластануы.

  3. Қауыздылық маңызы, оны қолмен және қауыздау құралымен анықтау әдістемесі.

  4. Жармалық тарының таза ядро пайызы, есептеу формуласы.


21 кесте - Собықты жүгерінің сапасын анықтау

Стандарт бойынша собықты жүгеріні талдау



Жұмыс мақсаты: Собықты жүгеріні талдаудың әдістерін оқып-үйрену.
Әдебиет

МЕСТ 135863, МЕСТ 13634.


Құрал жабдықтар: талдау тақтасы, қалақша, шпатель, тостағанша, техникалық таразы, кептіргіш шкаф, жүгері ұнтақтағыш.
Жұмыс тәртібі
Жүгері. Жарма зауыттары жүгеріден сырты қырылған жарма, ірі жарма, жапалақ ұсақ жарма, түтікшелер алады. Жүгері түрі, түсіне қарай 8 типке бөлінеді. Жарма жасау үшін 2, 4, 6, 7 типті жүгері дәндерін пайдаланады. Олардан жоғары сапалы жармалар шығаруға болады. Жүгерінің ұрығында қант пен витаминдер көп.

Үлгі таңдау тәртібі

Автомобильден собықты жүгерінің нүктелік үлгісін ұзыннан осьтік сызық бойынан шанақтың алдыңғы және артқы бортынан 0,5-0,7 м қашықтықта орналасқан екі нүкте үйіндісінен алынады.

Е схемасына назар аударыңыз:

Схема Е

Х Х
Әрбір іріктеу нүктесінен жоғарғы собықтарды алып тастайды, содан кейін шамамен 10 см тереңдіктен таңдаусыз жақын собықтардан 5-еуін қатар алады.



Вагондардан жүгері собықтарының нүктелік үлгісін тиеу кезінде немесе түсіру кезінде алады. Әр вагоннан 20 нүктелік үлгі алынады, оны тиеу кезінде немесе түсіру кезіндегі уақытта арасына бірдей уақыт салып, бірге орналасқан 5 собықтан алады. Вагоннан барлығы 100 собық алынады.

Қоймалардан, алаңдардан, қанқалардан, сапеткалардан нүктелік үлгіні келесі жолмен алады. Үйіндінің жоғарғы бетін шартты түрде әрбіреуінің көлемі 100 м2 болатын секцияларға бөледі.әр секциядан нүктелік үлгілерді бір-бірінен бірдей қашықтықта үш жерден алады: қоймалармен қанқалардан – диогональ бойынша, ал алаңдар мен сапеткалардан – ұзыннан осьтік линия бойынша алады. Нүктелік үлгілерді екі қабатта тереңдігі 10 см және 1 м кез келген бірге орналасқан 16-17 собықтар, қойма қабырғалары мен қалқа шетінен 3 м қашықтықтан, сапеткалар қабырғаларынан 75 см қашықтықтан алады.

Барлығы әр секциядан 100 собық алынуы керек. Іріктеліп алынған нүктелік үлгілерді біріктіріп, біріктірілген үлгі құрайды. Сонымен қатар, біріктірілген үлгі – орташа үлгі болып есептеледі.

Собықты жүгеріден орташа тәуліктік және орташа үлгісін қалыптастыру
Орташа тәуліктік үлгіні қалыптастыру кезінде собықты жүгерінің біртекті партиясы деп: бір типке, сортқа, ұрпаққа және басқа органолептикалық сапа көрсеткіштеріне жататын собықты жүгерілер саналады.

Орташа тәуліктік үлгіні келесі жолмен қалыптастырады: әр автокөліктен іріктеліп біріктірілген үлгілерді крафт-қаптарға орналастырады. Крафт-қапшықтарды толтырғаннан кейін, әрбір оныншы собықты кезектеп іріктеп, оларды басқа ыдысқа ауыстырады.

Орташа тәуліктік үлгі сақталатын ыдыстан орташа үлгіні алу үшін таңдамай белгілі бір мөлшерден кейін бір собықтан алады. Нәтижесінде орташа үлгі 10 собықтан тұруы керек, ол жүгері собығынан қанша мөлшерде ұн шығатын және оның сапасын анықтау үшін қолданады.
Ластануды анықтау
Ластануды анықтау ұнтақталған дәндерде анықталынады. Ол үшін 100 г шөкім алынып олар қолмен астық және шөпшар қоспалары фракцияларына бөлінеді:

Шөпшар қоспаға жатады:


  • диаметірі 2,5 мм елеуштен өткен мөлшер

  • минералды қоспа

  • органикалық қоспа

  • зияды қоспа

  • жабайы және мәдени өсімдіктер тұқымы

  • ауруға шалдыққан жүгері дәмдері

  • зиянды-әсерлі қоспа

Астық қоспаға жатады:

  • диаметрі 4,5 мм, d 3,5мм, d 2,5мм-ден елеуіштен өткен уатылған және желінген дәмдер

  • өспей қалған дәндер

  • өздігінен қызған және кептірудің әсерінен жарақаттанған(қабығының түсі өзгерген, ядросы шайқалған)

  • қарапайым кеткен өскін

  • жаншылған

  • сенген, көк

  • бүтін зақымдалған, бірақ шөпшер қоспаға жетпейтін бидай, қара бидай, арпа, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, ноқат, гине үрме бұршақтары.


Типтік құрамын анықтау
Собықты жүгерінің типтік құрамын собығы және дәні бойынша анықтайды. Собық бойынша типік құрамын анықтау біріктірілген үлгіде жүргізіледі, ол үшін 10 немесе 100 собық алынады. Олардан әр типтегі собықтар бөлініп алынып, саналып, % қатынаста есептеледі.

Дән бойынша типтік құрамы массасы 50 г шөкімдегі орташа үлгіні ұнтақтағаннан кейін анықтайды.

Шөкімнен собықты жүгерінің дәндерінің негізгі типінен жүгерінің басқа қоспаларын бөліп алады. Алынған фракциялар өлшеніп шөкімге қатысты % есептеледі.

Собықты жүгерінің ылғалдылығын анықтау
Біріктірілген үлгіден үш собықты бөледі. Дәннің және негіздің ылғалдылығын бөлек анықтайды. Собықтарды қолмен немесе жүгері ұнтақтағышпен үгітеді, алынған дәннен массасы 50 г шөкім алады. Шөкімді белгілі бір ірілікке дейін ұсатады, содан кейін массасы 5 г-дық екі шөкім алып, оларды негізгі әдіс бойынша немесе егер ылғалдылық 18 % көп болса алдын-ала кептіру тәсілімен кептіреді.

Түпнегіздің ылғалдылығын анықтау үшін әр түпнегіздің шеттерінен ұзындығы 2 см кескін кесіп алып, лақтырып тастайды. Сосын түпнегіздің шетінен және ортасынан 3 см-ден кесіп алып, оларды қаққа бөліп ылғалдылықты негізгі әдіс бойынша 5 г-дық 2 шөкімнен де анықтайды.

Собықты жүгері ылғалдылығын бөлшекпен, дән ылғалдылығын – алымында, сабақ ылғалдылығын – бөлгішінде жазылады.

Ылғалдылықты собықты жүгерінің барлық партиясына түпнегізбен дәннің арақатынасына қарай қайта санайды.

Мысалы: дән ылғалдылығы-20 %, түпнегіз ылғалдылығы – 24%, собықтағы дән мөлшері – 78%, түпнегіз - 22%. Собықты жүгерінің партиясының жалпы ылғалдылығы тең болады:

20 х 78 24 х 22

--------- + --------- = 22.8%

100 100
Собықтан дән шығуын анықтау


Мөлшері 10 собықтан тұратын орташа үлгіні өлшеп, ұнтақтайды. Ұнтақталған дәнді өлшейді. Ұсақ түпнегіздері бар астық қоспасынан таза дәнді анықтау үшін, массасы 100 г шөкім алынып, одан ұнтақтау кезінде түсіп кеткен түпнегіз бөлшектері бөлінеді. Тазартылған дәндер өлшенеді. Дәннің шығуын мына формуламен анықтайды:

m1 х m2

X = ----------

m

мұнда:



m1 – орташа үлгіні ұнтақтағаннан кейін алынған дән массасы, г

m2 - 100 гр-дың шөнімдегі таза дән массасы, гр;

m – орташа үлгіні ұнтақтағанға дейінгі собық массасы, г
25 кесте - Талдау нәтижесі


Шөпшар қоспасы (барлығы)___________________%

Сонын ішінде

Ш,қ г

%

минералды







органиклық







Зиянды қоспа







Жабайы және мәдени өсімдіктер тұқымы







Ауруға шалдыққан жүгері дәндері







2,5 мм елеуіштен өткендер







Зиянды-әсерлі қоспа







Астық қоспасы (барлығы) ___________________%

Сонын ішінде

А,қ г

%

уатылған







өскін







жаншылған







өздігінен қызған және кептірудің әсерінен жарақаттанған (қабығының түсі өзгерген, ядросы шайқалған)







бүтін зақымдалған, бірақ шөпшер қоспаға жетпейтін бидай, қара бидай, арпа, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, ноқат.






Типтік құрамы ________г.________%

жүгері____________типі
Собықтан дәннің шығуы

Ұнтақтауға дейінгі орта үлгідегі собық массасы ----------г

Ұнтақтаудан кейінгі орта үлгідегі дән массасы ---------г

100 гр шөкімдегі таза дән массасы-----------г

Есеп :

Х=

Дән ылғалдығы



I үлгі --------%

II үлгі --------%

Дәннің орташа ылғалдылығы

I үлгі --------%

II үлгі --------%

Түпнегіздің орташа ылғалдылығы --------%

Собықты жүгері партиясының ылғалдылығы --------- %

Х=

Қорытынды. Осы жүгері партиясы стандарт талаптарына сай ма?



Бақылау сұрақтары:


  1. Дәндегі жүгері сараптамасы.

  2. Собықты жүгері типінің ылғалдығын, ластануын, дән шығымын анықтау әдістемесі.

  3. Собықты жүгері анықтамасы.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет