Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет8/10
Дата05.11.2016
өлшемі2,71 Mb.
#986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Серікбай Мүткенов

1913 жылы Ақтоғай ауданы, Чкалов ауылында Мүткен Серғазиннің шаруа отбасында дүниеге келеді. Оның әкесі революцияға дейін қайтыс болған еді.

Ата-анасынан ерте айырылған ол, көптен бері білім ала алмай, бірақ өзінің дарындылығының арқасында Павлодар педучилищесін сырттай аяқтап, төмеңгі сыныптарға мұғалім болып, көптен бергі арманы орындалған еді.

Серікбай Мүткенов Жамбыл, Кеңес, Октябрь колхоздарында мұғалім болып қызмет етеді. Ол драмалық және хор үйірмелерін басқарып, өлендер жазып, кітапты көп оқитын. С.Мүткеновты оның жерлестері соғысқа аттанбас бұрын осындай қасиеттерімен көрген болатын.

Басталып кеткен соғыс оның үлкен ағалары Нұрымхан мен Сатыбалдыны майданға аттануына мәжбүр етті. Олардың сонынан 1942 жылы Қызыл Армия қатарына Серікбай да шақырылған болатын. Кіші командир-артиллеристер мектебін бітргеннен кейін, аға сержант С.Мүткенов 316 –шы атқыштар дивизиясының, 342-ші атқыштар полкінің батарея командирі болады. Алғашқы соғыс қимылдарын Украина жерінде қарсы алады.

1943 жылдың қазан айында Бірінші Украин майданында, артеллерист С. Мүткеновтың кірген бөлімшесі Днепрден өтіп, барлық майдан бағытында шабуылдау үшін плацдармды кеңейтіп, қансоғыс ұрыстар бастады. Бұл жауға қарсы қан соғыс ұрыстарда басқа командирлер ішінен 136 атқыштар дивизиясының 342-ші атқыштар полкінің 45-мм пушканың командирі Серікбай Мүткеновте көзге түскен еді. Екі күн бойына қайта шабуылдауға шыққан немістер батальонызға қарсы пулемет, миномет оқтарын жаудыра түсті. Жау танкілері оның нысанасына қарай үздісіз атқылай берді. Бірақ еш бір тапжылмаған аға сержант Мүткенов тұтқиылдан шабуылға шыққан немістерге оқ жаудыруын тоқтатпады. Нысанашы қайтыс болып, орудия командирі Мүткенов жау танкілері мен адамдарына қарсы оқ атуды тоқтатпады. Жау танкілері шабуылға шыққан уақытта ол қаруын жоғары алып шығып, ортада келе жатқан танкіні атып түсіреді. Өз қаруынан жаудың 40 сарбазын өлтіріп, бірінші батальонның алдыға қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік жасады. С.Мүткенов өз майдангер жолын әрі қарай Украинаның қалалары мен ауылдарын фашистерден тазартуды жалғастыра берді.

1944 жылдың қаңтар айы. Майдан Черкасск облысының Звенигороск ауданының Ризино ауылына қарай жақындап келеді. 136 – шы атқыштар дивизиясының С.Мүткенов қызмет еткен полкі ауылға кірді. Біздің жауынгерлеріміз екі рет аулды тастап, екі рет қайта азат етті. Келесі күні жау жағы тағы да ірі танк күштерін, орудия және жаяу әскерді кіргізді. Біздің жауынгерлеріміз қайсарлықпен ұрысқа түсті, қайтыс болғандардың ішінде С.Мүткеновте бар еді.

Қайтыс болған соң 1944 жылдың 9 ақпанында оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Оның есімі мәңгілікте қалу үшін Ақтоғай ауданында оның есімімен – Орта мектеп, көше атауы, Мүткеновтың ескертіші орнатылған. [30, 89-90, 34, б.219, 47, б.239]
Дмитрий Капитонович Потапов
1942 жылдың жазында атқыштар ротасының командирі лейтенант Потапов Воронеж майданында ұрысқа түседі.

Нағыз ауыр шайқастың бірі болды. Біздің мақсатымыз белгілі болғандай немістерді алдап ұстай тұру еді. Ал немістер болса Сталинградқа, Орал тауларына қарай беттей берді. Біз фашистерге қарсы бас көтеруге мүмкіндік бермей, жаңа әскери тың күшті бірінен соң бірін еңгізіп отырдық. Әрине қиын болды. Бірақ әр қайсысы жауды Волгаға жібермеу керек екендігін біліп, біздің әскерилер нағыз батыр екендіктерін көрсетіп берді. Фашистер Сталинград түбіне орныққан кезде біздің әскерилердің жігері он есе арта түсті.

1943 ж. 1 қыркүйегінде Потапов ұрысқа қатысқан дивизия, Сума қаласына таяу еді. Сума қаласын алу үшін ең алдымен Битице селосына бекінген немістерді алуымыз керек болатын. Фашистер мұнда орыс әскерилері өтпестей қылып, көптеген адамдар мен қару-жарақ, техникасын шоғырландырған еді.

Қараңғы түнде біздің гвардиялықтар өзеннен өтіп ауылға тақап келді. “Отан үшін – гвардиялықтар!” - деп бастаған Потапов пистолетін көтеріп, жауға қарсы ұран тастады. Оның ротасы бірінші болып, неміс окоптарына түсіп, гитлерге граната лақтырып, көптеген орудия танкілерін жояды.

Осы түнде гвардия дивизиясы Сума қаласын алады. Көрсеткен ерлігі үшін “Ерлігі үшін” медаліне ие болады.

Орлов-Курск доғасында немістерді талқандағаннан кейін, немістердің ізіне түсіп, 700 км. үлкен Днепр майданына шықты. 1-ші Украин майданының, 1-ші гвардия армиясы, Сума Қызыл жұлдыз дивизиясы Дарница ауданында өзеннің сол жағалауын тазалап, Киевке шығады. Оң жағалауына немістер болса қатты бекініп алған еді. Неміс басшысы Геббельстің айтуы бойынша Днепр бұл орыстар үшін ешқашан алынбас шекара, Кеңес армиясына алдымен Днепрден өтіп, шешуші шайқасқа шығу керек болатын.

Қазан айының мейрамы жақындап қалғаннан кейін бәріне Киев қаласын азат етіп, қорғап қалу керек болды.

Лейтенант Потапов өз учаскесінен дүрбі арқылы жау қорғанысының әлсіз жерін ұзақ іздеп бақылады. Ал өзеннің арғы шетіндегі жау қорғанысы мықты бекініп, әр метрінен қарсы оқ жаудыратын мүмкіндіктері болды. Потапов пулемет-станкалық ротаның командирі болып сайланғаннан кейін, ол алдымен шабуылды өз ротасымен бастау керек екендігін түсінді.

Өзеннен өтпес бұрын полк командирі шақырып алып, алдымен пулеметшілер ротасы алдынғы траншеяда жауды тазартып, өздері соған орнығып алғаннан кейін жауды ұстап тұрып, сол уақытта қалған роталарымызды өзеннен өткізіп алу керек дегендей тапсырма алды.

Қазан айының бұл түні оның есінде мәңгілікке сақталынды. Түнгі уақытта қалын суық тұман, өзеннен өтіп бара жатқан солдаттар бір-бірлерін әзер танығандай еді. Олардың ойында тек бізді сезіп қалмаса болғаны.

Ал жағаға дейін 50 метр қалған еді. Олардың жақындап қалғанын сезген фашистер оқ жаудырғаннан кейін солдаттарымыз секіріп-секіріп түсті.

Потаповтың қасына «Максима» пулеметін жетектеген бес жұп жауға қарсы тұрып шайқасты. Кешке дейін жаудың он үш шабуылын қайтарады. Неміс шабуылы бірінің артынан бірі арта түсті. Оның төрт жұбы жау оғына душар болып, нағыз батыр ретінде көріне білді.

Қалғаны тек үш кісі – Потапов, Лейтенант Николай Давыдов және байланысшы жауынгер. Бізді немістер әлі көп екен деп ойлау үшін, біз үш рет бағытымызды өзгерттік. Он үшінші шабуылды тойтарған сәтте кеш те батты. Осы сәтте біздің артымыздағы полк те келіп жеткен еді. Киевті азат еткеннен кейін Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін А. Невский орденімен марапатталды.

1944 жылы 10 қаңтарда “Правда” газетінде аға лейтенант Д.К. Потаповқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру жөнінде жарлық шықты.

Д.К.Потапов 1965 жылдан Павлодарда тұрып ДЭУ-35-те жол мастері болып жұмыс істеді, павлодарлық зиратта жерленді. [48, б.9]
Кузьма Александрович Семенченко
1896 жылы Чернигов облысы, шаруа отбасында дүниеге келді. 1920 жылдан КОКП мүшесі, ұлты украин. 1909 жылы Семенченконың отбасы Павлодар облысы, Лозов ауданы, Успен ауылына көшіп келеді. Кузьма Семенченко І-ші дүние жүзілік соғысына қатысушы. Азамат соғысы жылдарында – колчакшыларға қарсы күреске белсене қатысты. Кеңес Қарулы Күштері қатарында 1919 жылдан 1947 жылға дейін қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін қызмет жасайды.

Генерал-майор Семенченконың 19-шы танк дивизиясы соғыстың басталар алдында Ровно ауданында шоғырланды да фашистердің алғашқы танк әскерлерінің Кеңес Одағына қарсы басқыншылығын қарсы алады. 22 маусым күні таң ата жаудың алғашқы бомбалары жарылысымен, дивизия командирі полктерді шоғырландырып шығаруға бұйрық берді, дивизиядағы жағдай қиын болды; бірсыпыра полк штабтары полигонда, енді біреулері - өз бөлімдеріне барар жолда еді. Күндізгі сағат 12 шамасында дивизия командованиенің Владимир-Волынь тас жолымен шығысқа қарай бағыт алып келе жатқан фашист танкілерінің коллонасына қарсы К.А. Семенченко дивизиясына өзге армия жасақтары келгенінше, жаудың үлкен танктер тобын бөгеуге бұйрық алады. Бірақ жағдай түсініксіз болғанымен, дивизия командирі барлау тобын жақсы ұйымдастырып, неміс басқыншыларының топтары және күштері жөнінде мәліметке қанық болған соң Торчин ауданында кезекті ұрысты бастайды. Бұл 1941 жылдың 24-ші маусымындағы соғыстың үшінші күні болатын.

Өзінің танк коллоннасын бірнеше киллометрге жайып, тас жолымен қаперсіз тартып келе жатқан дұшпан совет танкілері қарсы соғады деп күтпеген еді. Генерал-майор Семенченко нағыз дұрыс-та, қолайлы шешім қабылдады: жаудың негізгі күштерінің бетін өзіне аудару үшін, оның танктер тобы дұшпан машиналарының дәл ортасынан келіп килікті, ал бұл кездерде танктердің негізгі бөлегі жанар май толы цистерна мен қару-жарақтар тиелген автомашиналарға оқ жаудырды.

Мінекей әне-міне дегенше, орманның арғы жағынан жаудың ірі резервтері жақындай бастады. Күштің ара-салмағы да немістер жағында еді. Осыны байқаған Семенченко, бронемашинасымен алдыға қарай танкистерді артынан ертіп жылжи берді. Бұл ұрыста генерал Семенченко соғыстың ең қызған жерлерінде болып, өз ерлігімен танкистерге үлкен рух беруде көмектесті. Бұл теңсіз күштің арасында жау 16 танкісінен айырылады. Жақындаған жаумен ауыр ұрысты жалғастыра отырып, 19 танк дивизиясы тапсырманы орындап, фашистердің танк коллонасының жылжуына тоқтау қойды. Жау болса ұрыс даласында көптеген қираған танкілері мен адам өліктерін қалдырады.

Соғыстың басталғанынан бір айдан соң 1941 жылдың 22 шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша Кузьма Александрович Семенченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Семенченко бұл жоғарғы белгіге қазақстандықтар ішінде алғаш ие болады.

Соғыстан кейін ол Ленинград әскери округінің бронетанкілер әскерінің басшысы болды.

1947 жылы К.А. Семенченко денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босатылады. 1965 жылы Тбилисиде қайтыс болады. [30, б.413-414, 49, б.4, 50, б.5]

Василий Васильевич Степаненко
1923 жылы 24 мамырда Тимофеевка ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Қашыр ауданы) дүниеге келген. Ұлты орыс. КПСС мүшесі. 1909 жылы Ұлы Отан Соғысына дейін Фрунзе облысы, Сталин аудандық военкоматымен шақырылады.

1941 жылдан Фрунзе жаяу әскер училищесінің курсанты. 1942 жылы Орталық, 1-ші украин майдандарында өзін батыл, тапқыр командир екендігін таныта білді. Аздап жарақат та алады (15 тамыз, 1944 ж.) 1944 ж. қыркүйек айында «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Одер өзенін тазарту ұрыстарында тамаша ерлік, тапқырлық көрсетті. 1945 жылы 23 қаңтарда дивизионда Одер өзенінен бірінші болып өтіп, сол жерде жаудың автотранспорты мен жаяу әскері жиылған жердегі батыс жағалауға оқ жаудырады. Осы атқылаудың нәтижесінде 80 гитлерлікті, 10 автомашинасын, жаудың 5 оқ жаудырған жерінің үнін өшіреді. Жаудың екі рет соққысын қайтарады. В.В. Степаненконың қаруы арқасында біздің атқыштар бөлімшелеріміз Батыс жағалаудағы плацдармды алады. Өзінің жеке үлгісімен жеке құрамда тыныс беріп, тапсырманың сәтті орындалуына үлкен көмегін көрсетті.

1945 ж. 25 қаңтарында Клейт Альтохмен ауданында оның батареясы артиллерист-миномет оғының астында шегініп бара жатқан жаудың бір батареясын және 50 солдаты мен офицерінің көзін жояды.

1945 ж. 10 сәуірде қайсарлығы мен ерлігі үшін В.В. Степаненкоға Кеңес Одағының Батыры атағын береді.

1945 жылы 2 мамырда сағат кешкі 6-да Берлин қаласында әскери тапсырманы орындау барысында гвардия капитаны, 467 – ші гвардиялық миномет Львов полкінің батарея командирі Василий Василевич Степаненко ерлікпен қаза табады. Батырға арналған ескерткіш тақта, мектеп және көше атаулары Қырғызстанда табылады. [51, б.9]
Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов
Батыр ағамыз 1921 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Сұлуағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ, КОКП мүшесі. 1940 ж. Павлодар педогогикалық училищесін бітіріп, Жанауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы қазан айында шақырылған. 1942 жылы артиллерия училищесін аяқтаған соң майданға кіші лейтенант болып аттанады. Оның соғыс жолдары Сталинградтан Берлинге дейін аралықта жалғасын тапқан.

Волгаға қарай жау құтырына ұмтылды. Осы арада Калач станциясы маңында Құдайберген тұңғыш рет фашист басқыншыларымен бетпе-бет ұстасты. Сталинград түбіндегі шайқаста 1942 жылдың желтоқсанында кіші лейтенант ауыр жарақат алады. Емделіп шыққаннан кейін 142 – ші пушкалық артиллерия бригадасы, 8-ші батарея басқармасының взвод командирі аға лейтенант Сұрағанов көптеген қала, ауылдарды азат ету мен Днепр, Одер, Висла секілді өзендерді жаудан тазартуға қатысты.

1945 жылдың көктемінде Кеңес Армиясының бөлімдері фашист жыртқыштарын өз ұясында талқандауға кірісті. Одердің батыс жағалауындағы шабуыл шайқастары кезінде Сұрағановтардың артиллеристері 49-шы атқыштар дивизиясының жаяу әскерлерімен бірге жылжып, оны үздіксіз оқпен қолдап отырды. Батарея командирі барлау ісін тамаша ұйымдастыра білді. 1945 жылдың 16 - 17 сәуірінде Полиц, Риссен, Цильтендорф ауданында оның барлаушылары дұшпанның бірнеше батареясының оқ ататын позицияларын анықтап алды. 49-шы атқыштар дивизиясының бөлімдері неміс қорғанысының маңызды тірек пунктерін алу үшін шайқасқан кезде, Қ.М. Сұрағанов дұшпанның траншеясына 200 метрдей қашықтықтан еңбектеп келіп, біздің артиллерияға нысананы дәлдеп көрсетіп берді. Совет зеңбіректерінен дүркін-дүркін атқылаған оқтың фашистерді өлтіре соққаны соншалық, біржола есеңгіреп қалған дұшпан кішігірім барлаушылар тобының батыл соққысымен ірі елді мекеннен қуып шығарылды. 23 сәуірде Фордер көлі маңында шабуы жасап бара жатқан 49-атқыштар дивизиясының 222-ші полкі дұшпанның қарша бораған оғы астында жатып қалуға мәжбүр болды.

Сұрағанов батарея зеңбіректерін 2-батальонның жауынгерлік сапына орналастырды. Артиллеристер дұшпанның Одер өзенінің қорғаныс жүйесіндегі ең соңғы траншеясын тура нысанаға алып атқылай бастады. Батарея дәлдеп атып, фашист зеңбіректерінің үнін өшірді. Осының артынша жау минометтері талқандалды. Біздің жаяу әскерлеріміз артиллерия оғының қалқалауымен гитлершілерді қорғаныс шебінен түріп шығарды, сөйтіп оларды өкшелей қуып, Одер-Шпре каналына шықты, дұшпанның кейін шегінетін жолы кесіліп қалды. Ұрыстан кейін санағанда Сұрағановтың оқ-қаруымен жаусатқан траншеяда фашистердің 100 – ден аса солдаттары мен офицерлерінің мүрдесі алынды.

Өзінің жас сапарын құлаған Берлинде аяқтаған Совет Одағының Батыры туған Қазақстанына қайтып оралады. 1946 жылдың 15 маусымында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша аға лейтенант Қ.М.Сұрағановқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Қан майданнан аман-есен оралғаннан кейін де ұстаздық жолын жалғастырған. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей Құдайберген аға 1951 жылдары Алматыда Абай атындағы педагогикалық институтын тәмамдайды. 1955 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтында жұмыс істейді. 1975 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, ал 1982 жылдан математика, геометрия кафедрасының доценті атағын иеленіп, қажыр қайратын ұстаздық жолына арнады. Туған елінің ғалым – қарт солдаты ортамызда жасай берсін демекпіз.

«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп Бауыржан Момышұлының нақыл сөзі Құдайберген Сұрағанов ағамыздың өмірімен астарласып, сырласып тұрғандай. 2006 жылдың 25 мамырында 85 жасқа толуы торқалы тойдың бір белесі ретінде аталып өтті. [30, б.269-270, 52, б.160, 53, б.15]
Иван Суптель
Иван Игнатьевич Суптель 1919 жылы Алтай өлкесі Красноозер ауданындағы Зубковко селосында шаруа семьясында туған.

1937 жылға дейін Новосибирскіде тұрып, онан кейін Шығыс Қазақстан облысының Глубокое поселкісіне көшіп келеді де, Ертіс мыс қорыту заводында слесарь болып жұмыс істейді. 1939 жылы 24 қарашада Қызыл Армия қатарына шақырылған. Виницк облысында тұрған 371-ші атқыштар полкінде әскери қызметін атқарып жүрген кезінде соғыс басталып кетеді. Отүстік-Батыс, Воронеж және І-Украин майдандарында шайқасқа қатысады. Бес рет жараланды. Майданда жүріп КОКП мүшелігіне өтті. Курск иінінде болған ұрыстарда взвод командирі, ал онан кейін атқыштар ротасының командирі болды.

1943 жылы тамыз айында 309 – атқыштар дивизиясының бөлімдері мен бөлімшелері Пирятин қаласын алды. Қалаға алдымен басып кірушілердің ішінде кіші лейтенант Суптельдің ротасы бар еді. Осы ұрыс үшін ол 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Қыркүйектің мамыржай бір түні Украинада жұлдыздар ерекше жарқырап тұрған кез еді. Майдан үшін бұрын болып көрмеген бір тыныштық орнаған. Жау Днепрдің оң жақ биік жарқабағына қуатты бекініс шептерінде тым-тырыс жатыр. Офицерлердің бәрі дерлік жиналып болған кезде, полктің командалық пунктіне кіші лейтенант Суптель келді. Бір минуттен кейін жеркепеге аға офицерлер тобымен бірге дивизия командирі Совет Одағының Батыры генерал-майор Дермин келіп кірді. Амандасқаннан кейін ол бірден іске кірісті.

- Біздің тағы бір су бөгетін жеңіп өтуімізге тура келіп тұр. Қиын міндет. Жау мықты бекінген, жаңа бөлімдерін қосып алды. Бірақ біз жауды соққылай отырып, совет жерінен әрман қуып тастауға тиістіміз. Бұл міндетті орындауға сіздердің әбден даярланғандарыңызды білемін, екінші атқыштар батальоны мен миномет батареясы алдымен бастайды.

24 қыркүйекке қараған түні кіші лейтенант Суптельдің ротасы Днепрден бірінші болып өтіп, сол бойда-ақ Шучинка елді мекеніне басып кірді. Атаканың жойқын болғаны соншалық, немістер қатты абыржып, сасқандығынан жауынгерлік техникасы мен қаруларын тастай қашты. Таң ата гитлершілер танкілері мен авиациясының қарсы атакаға көшті. Қиян-кескі ұрыстар алты тәулікке созылды. Рота командирі кіші лейтенант И.И. Суптель жараланса да қатардан шықпады. Гитлершілердің күші мен жауынгерлік техникасы жағынан көп артықшылығына қарамастан, рота олардың жасаған қарсы атакаларының бәрін тойтарды.

Осы ұрыстарда көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін 1943 жылғы 23 қазанда атқыштар ротасының командирі И.И. Суптельге Кеңес Одағының Батыр атағы берілді.

1943 жылы 22 ноябрьде кіші лейтенант Суптель тағы да ауыр жараланды. Госпитальда емделіп шыққаннан кейін ол әскерден босатылып, туып өскен жеріне қайтып оралады. Ертіс полиметалл комбинатында жұмыс істеді, ал одан кейін Бұқтырма су электр станциясын салысты. Кейін Павлодар облысына келіп, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысында жұмыс істейді, 1965 жылдан Қалқаман поселкесінде тұрды, сонда жерленді. [54, б.5]


Степан Кириллович Токарев
Степан Токарев 1922 жылы Павлодар облысы Цюрюпа ауданындағы Сергеевка селосында туған. Ұлты украин, КОКП мүшесі. Соғысқа дейін Магнитогорск кәсіпорнының бірінде жұмысшы болды. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы Магнитогорск қалалық әскери комиссарияты арқылы шақырылды. Ржев, Орел, Курск үшін ұрыстарға қатынасып, Десна, Шара, Нарев, өзендерінен өтті. Төрт рет жараланды. «Ерлігі үшін» медалімен, Қызыл ту және Қызыл жұлдыз ордендерімен наградталды.

1944 жылы 1 июльде 194-Қызылтулы атқыштар дивизиясының бөлімдері Минск-Бобруйск бағытында шабуыл жасау ұрыстарын жүргізді. Жау табандылықпен қарсылық етті. Бұл күні 616-атқыштар полкінің бөлімшелері ілгері жылжып келе жатқан Минск-Бобруйск тас жолына қарай гитлершілер тобы шығып, тас жолдың едәуір бөлігін үсті-үстіне атқылай бастады. Атқыштар полкінің бөлімшелері бөгеліп қалды. Пулемет расчетінің командирі аға сержант Степан Токарев жалма-жан өз пулеметің бұрып алып, фашистерге оқ жаудырды. Елуден астам гитлерші жер жастанып, өзгелері үйреніп қаша жөнелді.

9-шілдеде дивизия бөлімдері Шара өзеніне қарай шықты. Артиллерияның қардай бораған оғына қарамастан, Степан Токарев өзінің станокты пулеметімен өзен өткелінен өтіп, дұшпанды тура көздеп оқ жаудырды. Пулемет оғының тасасымен бөлімше су бөгеттерінен ойдағыдай өтіп шықты.

7-тамызда дивизия бөлімдері Белосток облысындағы ірі елді-мекен төңірегінде дұшпанның қорғаныс шебін бұзып өту мақсатымен ұрыс жүргізеді. Аға сержант С. Токарев өзінің пулеметімен бір биіктіктің басына шығып, дұшпанның оғын өз жағына аударады, сөйтіп бөлімшелеріміздің жау траншеяларын тартып алуына жеңілдік жасады.

3-қыркүйекте дивизия Нарев өзеніне кіре беріс жерде дұшпанның мейілінше нығайтылған қорғаныс шебіне тап келді. Осы шепті бұзып өту кезінде атқыштар бөлімшелерімен бірге, С.К. Токарев өзінің пулеметімен дұшпанның траншеясына басып кіріп, жаудың екі пулеметін және отыздан астам гитлершінің көзін құртты. Жаудың жаяу әскерінің қарсы атакасын тойтара отырып, ер жүрек пулеметші дұшпанның қырыққа жуық солдаты мен офицерін жойды.

1944 жылы 5 қыркүйекте таң сәріде Нарев өзенінен өту басталды. Совет жауынгерлерінің шағын ғана тобы тартып алған бір кішкентай жер пұшпағында қиян-кескі ұрыс болды. Гитлершілер сегіз дүркін көтеріліп, қарсы атака жасады, бірақ әр жолы кейін ысырылып тасталды: коммунист Степан Токарев гитлершілер тізбегін мөлшерлі жерге жіберіп алып, дәл көздеп атып, жусатып отырды. Батыл жауынгерлер өз полкі бөлімшелерін өзеннен өтер жерде оқпен қалқалай отырып, басып алған шептерін қараңғы түскенге дейін сақтап қалды. [30, б.299-300, 55, б.5]


Константин Фимич Шувалов
1912 жылы Павлодар қаласында дүниеге келеді. Украин, КОКП мүшесі. Қызыл Армия қатарына Соликамск қалалық военкаматымен шақырылады. Майданға 1943 жылдың 27 наурызынан қатысады.

1943 жылдың 1 қазаныңда Днепр жағалауына Чернигов облысының Любеч аймағына 467-полктің 81-ші атқыштар дивизиясының, 2-ші атқыштар батальонының парторгі К.Ф. Шувалоф болған еді. Күні бойы өзеннен өтуге дайындық жүргізіліп, 2 қазанның таңында батальон командирі парторг Шуваловпен бірге жеке құрамды шағын топтармен Днепрдің оң жағалауына шығара бастады. Күні бойы солдаттар траншея, жасырын жерлер арқылы жағаға қарай су үстінде қалқитын қайық, бөрене, тақтай секілді заттарды тасып шығарып, тек жоғарыдан барлығы бұйрықты күтіп тұрған еді.

Гитлерліктер шабуылды айқын бастағанымен, бірақ жеңіліс тапты. Жарты сағаттан кейін артиллериялық пулемет оқтарынан және авиациямен жау жағынан қарсы шабуылдар қайта іске асты. Осылай үшінші… бесінші…оныңшы рет жалғасын тауып, 2 қазан ұзына-бойы шабуылмен жалғасты.

Батальон жауынгерлері жауды траншеядан қуып шығып, басып алған плацдармға өздері бекінді. Парторг коммунистермен, комсомолдармен, партияда жоқ әскерилермен пікірлесіп алған еді. Алдағы тұрған қиындықтарды мойымай, уақытты босқа өткізбей су шебтеріне шабуыл жасауға ұйғарды.

Шувалов оқ-қаруды сақтап, тек қажет жағдайда ғана қолдануға бұйрық береді. 3 қазанда жау жағы жаңа күшпен қайта шабуылға шықты. Парторг болса әрқашан әскери дайындықта болып, жауынгерлер, сержанттар мен офицерлерге батырлық рух берумен болды.

- Соңғы оқтарын қалғанша қарсы тұрындар! Бір адым артқа баспандар! – деп ұранға шақырды.

Ерлікпен қарсы тұрған кеңес патриоттары екі күн бойына жаудың 22 дүркін шабуылын тойтара отырып, олардың техникалары мен адамдарын үлкен шығынға ұшыратты.

Днепрді азат етудегі ержүректігі мен қайсарлығына КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша 1944 жылдың 15 қаңтарында Константин Фимич Шуваловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Соғыстан кейін Константин Фимич Шувалов Дондағы-Ростовта өмір сүріп, әскери кадр қызметінде жұмыс атқарды. [55, б.5, 56, б.117]

Әдебиеттер
1 Жолдасбекұлы М., Салғарұлы Қ., Ақселеу С. Елтұтқа (ел тарихының әйгілі тұлғалары). Күл Тегін баспасы. – Астана, 2001. – 356 б.

2 Жамбыл Омари. Ж. Қанжығалы қарт Бөгенбай (Қанжығалы қарт Бөгенбай). – Астана : Фолиант, 2007. – 400 б.

3 Жүсіпов Е.Қ. Олжабай есен болса – ел аман: конференция материалдары:– Қарағанды : КарМУ, 2005. – 409 б.

4 Жамбыл Омари. Малайсары Тархан ХVIII ғасырдың ұлы тұлғасы. – Павлодар, 2007. – 277 б.



  1. Жүсіпов Е.Қ. Мәшһүр-Жүсіп – тарихшы: оқу құралы. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2002. – 178 б.

  2. Қазақ халқының қаһармандары. (1 – жинақ) Редакторы Женіс Марданов. – Павлодар : 1991. – 86 б.

  3. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар : 2006. Т 9. 366 б.

  4. Тілеке Жеңіс Шежіре: Ертіс-Баянаула өңірі. – Павлодар : Дауа: Қазақстан. 1-кітап, 1995. – 368 б.

  5. Қазақ батырлары. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен / құраст. К.Табылдиев. – Астана : Фолиант, 2008. – 250 б.

  6. Омаров Қ. Сарыдай жауға қашқан батыр қайда? (Сары батыр туралы) // Егемен Қазақстан. – 2006. – 4 – шілде.

  7. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 10 Т. – Павлодар : ТОО НПФ «ЭКО», 2007. – Т.10. – 445 б.

  8. Қ.М. Алдабергенов, Е.М. Арын, Б.Т. Баткеева. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар : «Эко» Ғылыми өндірістік фирмасы, 2003. – 364 б.

  9. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. – Алматы : Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1979. – 259 б.

  10. Әбілұлы А.. Қошқарбай батыр және оның ұрпақтары хақында // Қазақстан әйелдері. – 2003. – № 4.

  11. Елемесов Ә.Қ. Малайсары ерлігін елемеуге болмайды // Сарыарқа самалы. – 2008. – 27 – наурыз.

  12. Тобаяқов Б. Сенкібай батыр // Қазақ батырлары. 1999. – № 4.

  13. Жәніс Ә.Т. Бөгенбай батыр (ХVІІІ ғасырдың ұлы қайраткері). – Павлодар : “ЭКО” ҒӨФ, 2006. – 242 б.

  14. Алтынбаев Қ. Көкжал Барақ // Алдаспан. – 2003. – № 7.

  15. Исабаев Қ. Шоқпар батыр // Сарыарқа самалы. 2002. – № 66. – тамыз.

  16. Жаманбалинов М., Бәделханов А. Түгел батыр және оның ұрпақтары. – Павлодар : ЭКО «ҒӨФ», 2005. – 130 б.

  17. Каренов Р. Шерубай батыр // Қазақ батырлары. – 2003 жыл. –№ 8 – тамыз.

  18. Артықбаев Ж.О., Мұқанов С., Әйтей батыр хақында // Сарыарқа самалы, 2004. 28 желтоқсан.

  19. Бұқар Қалқаманұлы. Павлодар : «Эко» ҒӨФ, 2003. – 136 б.

  20. Жамбыл Омари. Баян Аула. (баспаға дайындалу үстінде)

  21. Көне Көктау, байырғы Баянаула байтағының тарихы (монографиялық зерттеу) / Алпысбес М.А., Аршабек Т.Т., Қасен Е. Б., Кейкі Е. – Астана : «Парасат әлемі» баспасы, 2005. – 480 б.

  22. Бабин Иван Васильевич // Совет Одағының Қазақстандық батырлары. – Алматы, – 1969. – Т.2. – 480 б.

  23. Бондаренко Н. Железинский Матросов // Победившие смерть. – Павлодар, 1967. – С 170.

  24. Горобец А.Ф. (Герой Советского Союза наш земляк) // Звезда Прииртышья. – 1985. – 8 мая.

  25. Алексей Федорович Горобец. Герой Советского Союза. – М., 1987. – Т.1. – с 356.

  26. Елгин Андрей Николаевич // Совет Одағының Қазақстандық батырлары. – Алматы, 1969. – Т.2. – 450 б.

  27. Хазыров Б. Трудными дорогами войны. – Павлодар, 1994. –С. 138.

  28. Елистратов Сергей Алексеевич // Герой Советского Союза – казахстанцы. 2-х ч. – Алма-Ата, 1978. – Т.1. – С 251.

  29. Елистратов С.А. // Звезда Прииртышья. – 1985. – 12 февраль.

  30. Қанаш Камзин / Боздақтар. – Алматы, 1994. – Т.1. – 161 б.

  31. Т. Қоңыр. Қанаш қадаған ту // Сарыарқа самалы. – 1999. – 27 қараша.

  32. Михаил Гапон. Имя героя // Звезда Прииртышья. – 1999. – 11 февраля.

  33. Соколкин Э. Катаев Михаил Максимович. – Павлодар, 1977. – С. 45.

  34. Шевченко В. Плацдарм на Днепре. Павлодарцы // Звезда Прииртышья. – 1965. – 20 август.

  35. Хазыров Б. Герой войны Иван Кривенко // Звезда Прииртышья. – 1999. – № 6.

  36. Павлодарлықтардың ерлігі халық жадында. – Павлодар : «Баспа үйі» ЖШС, 2004. – 432 б.

  37. Поздышев Л. Истоки мужества // Звезда Прииртышья. – 1960. – 23 февраль.

  38. Әлімбаев М. Өшпес ерлік – үзілмес данқ // Сарыарқа самалы. – 2005. – 30 желтоқсан.

  39. Оспанұлы І. Шяулайдағы ерлік // Сарыарқа самалы. – 1995. –14 қараша.

  40. Беляков В. Двое на вражеском берегу. (о Герое Советского Союза И.Г. Ледовском) // Звезда Прииртышья. – 1965. – 13 апреля.

  41. Корабаева Г. Намеркнувший подвиг героя // Звезда Приртышья. – 2005. – 2 июля.

  42. Гапонов В.Н., Зайцев А.Д. Герой воздушных таранов – История СССР. 1966. – № 4.

  43. Мүткенов Серікбай / ҚСЭ. Алматы, І976. Т.12. 490 б.

  44. Дмитрий Капитонович Потапов // Звезда Прииртышья. –1966. – 24 апреля.

  45. Шевченко В. Лутц бағытында // Сарыарқа самалы. – 1986. –22 маусым.

  46. Шевченко В. Подвиг генерала // Звезда Прииртышья. – 1967. – 9 мая.

  47. Кошумбеков Б. Сын народа (О герое ВОВ В.В. Степаненко) Звезда Прииртышья // – 1986. –18 марта.

  48. Сұрағанов Қ. Өмір соқпақтары. Деректі хиқаят. – Алматы : Қазақстан, 1998. – 160 б.

  49. Абенов К. Артиллерист по призванию // Воин Казахстана. – 1996. – 24 мая.

  50. Суптель Иван Игнатьевич // Звезда Прииртышья. – 1985. – 26 марта.

  51. Еще три героя Прииртышья: [Герой Советского Союза Токарев С.К., Шувалов К.Д., Ильин С.П.] // Звезда Прииртышья. – 1969. – 31 января.

  52. Баграмян И.Х. Город-воин на Днестре. – М, 1965. – С. 117.

  53. Уәлиханов Ш. ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар // Ақиқат. – 1995. – № 3.

  54. Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров // Вестник АН КазССР. – 1947. – № 8.

  55. Степное царство. http://www.baiterek.kz/index.php?journal=8&page=69

  56. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 1995. – 207 б.

  57. Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. Деректер мен мұрағаттық құжаттар. – Алматы : Дайк-Пресс, 2006. – Т. 3. – 180 б.

  58. История Казахстана в русских источниках ХV-ХХ веков. Журналы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 г.). – Алматы : Дайк-пресс, 2005. – Т.3. – С. 484.

  59. Ергейменов А. Нияз Барқыұлы // Қазақ батырлары. – 1999. –№ 1.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет