Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Мойын омыртқасы сынғанда тасымалдау



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


Мойын омыртқасы сынғанда тасымалдау 
Ол  үшін  Башмаков  әдісін  қолдану  керек,  ол  әдіс  бойынша:  Крамер 
шинасын алып иық үстінен мойынға дейін әкеліп, бастың үстіне қарай иеді. 
Мойынның екінші жақ бойымен төмен қарай иіп, иық үстінен көлденең иеді. 
Екінші  шинаны  бас  үстінен  маңдай  тұсынан  мойын  артымен  жота  бойына 
қарай  жібереміз.  Барлығын  бинтпен  таңып  қатты  тақтайға  жатқызып 
ауруханаға жеткіземіз. 
Мойын  омыртқасының  денесі  сынғанда  көбінесе  реклинация  жүргізу 
керек.  Ол  үшін  2  жақ  самай  сүйегінің  тұсынан  сүйекке  дейін  тіледі.  Қол 
бұрғыны  алып  бас  сүйекті  бұрғылап  тесеміз.  Тесу  кезінде  самай  сүйегінің 
сыртқы  қабырғасын  тесіп  өткенде  бұрғы  ұшы  сәл  сылп  етіп  ішкі  қабырғаға 
түседі. Сөйтіп тереңдігін өлшеп алып, қалыңдығын неше мм екенін өлшейміз. 
Арнаулы  клеммамен  бас  сүйек  тесігіне  кіргіземіз.  Төсек  басын  60-70  см 

95 
 
көтеріп, көлбеу жасап белінен белбеу (пояс) арқылы аяқ жағына қарай салмақ 
ілеміз (5-8), ал бастағы клеммадан 8-10кг дейін салмақ ілеміз. Омыртқа денесі 
шектен  тыс иілуден сынса шүйде астына  құмнан  жастықша  жасап бас  иілген 
қалыпта  тартамыз.  Біртіндеп  жастықшаны  мойын  астына  ығыстыра  береміз. 
Әбден  шалқайған  кезде  төсекте  жатқан  қалпында  көлденең  деңгейде  рентген 
жасап  қараймыз.  Сөйтіп  үстіндегі,  астындағы  сау  омыртқалардың  биіктігін 
байқаймыз.  Сынған  омыртқа  денесінің  биіктігі  сау  омыртқаның  денесі 
биіктігіне жеткен-жетпегенін анықтаймыз. Жетпеген жағдайда әрі қарай артқа 
қарай  қайырып  тартамыз.  Біраз  күннен  соң  рентген  жасап,  жеткен  жағдайда 
торокосервикокраниальдық  гипстік  корсет  салып  береміз.  Оны  іс  жүзіндегі 
травматологияда космонавт гипстік корсет деп атайды. 
Оны жасау үшін гипстік бинттан ұзын, жалпақ лангет жасайды. Лангетті 
шынтақ  бойымен,  бастың  үстімен,  екінші  жақ  иық  үстімен  түсіреміз. 
Астыңғы иекті аузын ашқан қалыпта(тамақтану үшін) қамтып аламыз. Құлақ, 
самай бөлігін ойып аламыз. 
Бекіту  мерзімі  қай  омыртқа  денесінің  сынуы  болмасын  омыртқа 
денесінің сынуын 4дәрежеге бөледі. 
1. Омыртқа денесі биіктігінің ¼ бөлігіне аласарса 1 дәрежелі сынық; 
2. Омыртқа денесі биіктігінің 2/4 бөлігіне аласарса 2 дәрежелі сынық; 
3. Омыртқа денесі биіктігінің ¾  бөлігіне аласарса 3 дәрежелі сынық; 
4. Омыртқа денесі биіктігінің 1/5 бөлігіне аласарса 4 дәрежелі сынық деп 
аталады. 
4-дәрежелі сынық урбан сынасы деп аталады.  
 
 
 
72 сурет. Урбан сынығы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Омыртқа  денесінің  сынуы  2  үлкен  топқа  бөлінеді:  тұрақты  және 
тұрақсыз 
Тұрақсыз  деп  омыртқалардың  қылқанүстілік,  қылқанаралық  сары  және 
ақ байламдары, омыртқа аралық байламдар жыртылған жағдайды айтады. 

96 
 
Тұрақсыз  сынық  көбіне  омыртқа  денесі  шектен  тыс  алға  қарай  иіліп 
бұралған  жағдайда  немесе  артқа  қайырылып  бұралса  омыртқа  денесі 
сынуымен  жоғарыдағы  байламдардың  жыртылуына  әкеледі.  Бұл  жағдайда 
жұлынмен оның түбіртіктері зақымдалуы мүмкін.  
Омыртқалардың  артқы  бекіткіш  байламдары  жыртылмаған  жағдайда 
тұрақты сынық деп аталады. 
Ол  өте  қатерлі  сынық,  қауіпті  сынық  түріне  жатады.  Өйткені  ол  сына 
артқа,  алға,жанына  ығысуы  мүмкін.  Соның  әсерінен  жұлынды  үзіп  жіберуі 
мүмкін. Бекіту мерзімі осы сыну дәрежесіне тікелей байланысты.  
Бірінші    дәрежелі  сынуда  орта  есеппен  4-6  ай  корсет  кигізіледі.  Екінші  
дәрежелі  сынуда  орта  есеппен  6-8  ай  корсет  кигізіледі.  Үшінші  дәрежелі 
сынуда  орта  есеппен  8-10  ай  корсет  кигізіледі.  Төртінші  дәрежелі  сынуда 
орта есеппен 1 жылға дейін корсет кигізіледі. 
Осы  мерзім  өткен  соң  көрсетті  алып  бүйірлік  проекцияда  рентген 
жасайды.  Астыңғы,  үстіңгі  омыртқалармен  салыстыра  отырып,  сынған 
омыртқалардың  қатаю  деңгейін  салыстырмалы  түрде  анықтаймыз.  Сынған 
омыртқалардың  биіктігі  дұрыс,  бірақ  қоңырқай  болса  1-2  ай  карсет 
салынады, әйтпесе спондилоартроз ауруына әкеп соғады. 
Көбінесе  омыртқаның  мойын  бөлігінің  буыны  шығып  кетеді,  бұл 
жағдайда кеуде және бел бөлігінде сынық  немесе буын шығу басым келеді. 
Омыртқа 
зақымдануының 
тұрақтылығын, 
құрамына 
өскінаралық, 
өскінүстілік және сары байланыстырғыш, сондай-ақ омыртқааралық буындар 
кіретін  артқы  байланыстырғыш  комплексінің  бүтінділігі  арқылы  шықтайды. 
Артқы  байланыстырғыш  комплексі  толық  бүлінген  зақымдануды  тұрақсыз, 
қалған  жағдайда  тұрақты  деп  атайды.  Тұрақсыз  зақымдануда  омыртқаның 
алдынан  артына  жылжып  кетуі  қауіпті,  өйткені,  дуральді  қынабының  ішкі 
талшықтарының қысылып мыжылу қаупі төнеді. 
Тұрақты  сынуда  мұндай  қауіп  жоқ.  Тұрақсыз  зақымдануларға  омыртқа 
буынының  шығуы,  сонымен  қоса  денесініңсына  тәрізді  сынуы  жатады 
(73сурет). 
Омыртқа  денесінің  түрақты  сынуы  -  бұрыштың  кесілуі,  сына  тәрізді 
компрессия  омыртқа  денесінің  биіктігінің  қыртысынан  төмен  және 
"жарылған"  сынық  деп  аталады  (74  сурет).  Мұндай  сынық  күштің  өске 
тікелейтүскен жағдайында, яғни, ешқандай бүгілу, шалқаюсыз пайда болады, 
бұл  кезде  омыртқаның  біріктіргіш  пластинкасы  сынады  да,  сынық 
омыртқаның  студенисті  ядросы  омыртқа  денесіне  кіреді  және  бірнеше 
фрагменттен  тұратын  гидравликалық  соққы  принципі  бойынша  омыртқа 
денесін  жарып  шығады.  Тұрақты  зақымданулар  тұрақсызға  қарағанда  жиі 
кездеседі. 
 

97 
 
 
 
73 сурет. Кеуде бөлімінде омыртқа денесінің сыну түрлері 
а — жапырылып сынуы; б — үгітіліп сынуы; в — сынып-шығуы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
74 сурет. Омыртқа жотасының тұрақсыз сынуы а)буын шығу; 
б) буын шыға сынуы; в)омыртқа денесінің жартысында немесе одан 
үлкендеу компрессиялды сыну 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
 
75 сурет. Омыртқа жотасының тұрақты сынуы: а)омыртқа жотасының 
жартысына жетпейтін сына тәрізді компрессиялы сынуы; б) омыртқа 
денесінің алдыңғы үстінің жұлынуы; в) жарыла сыну 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
-

98 
 
Диагноз  (қорытынды).  Аурулар  зақым  алғаннан  кейін  көбінесе 
омыртқаның зақымданған бөлігінде ауруға шағымданады. Аурудың күштілігі 
сүйек зақымына ғана байланысты емес, сондай-ақ жұмсақ тіндер жарақатына, 
адамның жалпы жағдайына, әркімнің сезімталдық қасиетіне де байланысты. 
 
Кеуде мен бел омыртқаларың сынуы 
Кеуде  мен  бел  омыртқаларың  сынуы  мамандығы  бойынша  шахтер, 
құрылысшы,    жүкшілерде  және  жол  апаты  кезінде  кездеседі.Кеуде  мен  бел 
омыртқаларың арасындағы жиі сынатын ТҺ-12 кеуде, L1-2 бел омыртқалары 
өте  жиі  сынады.  Себебі  омыртқа  жотасының  осы  бөлігі  омыртқаның  ең 
қатерлі  жері  деп  аталады.  Өйткені  біздің  денемізбен  жасайтын  барлық 
қимылымыз  осы  3  омыртқаға  байланысты(иілу,  бұралу).  ТҺ-12  кеуде,  L-1 
бел омыртқаларының денесі сынған жағдайда Томпсон белгісі болады. Ауру 
орындықта  отырғанда  арқасын  орындыққа  тіреп  2  қолымен  орындықты 
ұстап отырады.  
Егер омыртқа зақымымен қоса басқа органдарға да зақым келген болса, 
науқас  дәрігер  назарын  сол  органға  аударып,  омыртқа  зақымы  қалып  қоюы 
мүмкін. 
Бүл  жағдайда  дұрыс  қорытындыға  келу  үшін  дұрыс  анамнез  жинап, 
клиникалық тексеруді мұқият жүргізу қажет. Қанды сүйел мен зақымдалған 
омыртқаның  тұсындағы  дененің  тырналуы  арқылы,  зақым  күшінің  түсу 
орнын және зақым механизмін білуге болады. Омыртқа сынғанда науқастар 
еріксіз  қалыпқа  түседі,  әсіресе  оны  мойын  омыртқаларының  сынығы  мен 
буын  шығуында  байқауға  болады.  Арқаны  тексергенде  алдымен  омыртқа 
жотасының физиологиялық иіндерінің өзгерісіне көңіл аудару керек. Нақты 
бүкірлік  сирек  кездеседі,  бірақ  бел  лордозының  түзуленіп  немесе  кеуде 
кифозының күшеюі көп кездеседі. Кей жағдайларда бір жақты (сколиоздың) 
қисаю  да  болуы  мүмкін.  Бұлшықеті  жақсы  дамыған  субьектілерде  "вожжи" 
симптомы  айқын,  яғни арқаның ұзын  бұлшықетінің ширығуы,  зақымданған 
омыртқаның  қылтанды  өскінінің  екі  жағынан  орама  тәрізді  орналасуы 
кездеседі.  Мойын  омыртқасының  зақымдануындағы  тұрақты  белгі  -  мойын 
бұлшықетінің  спастикалық  жиырылуы.  Басып  тексерген  кезде  ауырғаннан 
басқа  сынық  омыртқаның  қылқанды  өскінінің  артқа  шығуы  мен  зақымдану 
деңгейіндегі  жерде  қылқанаралық қашықтықтың  үлкейгенін  көруге  болады. 
Бел  омыртқа  сынығында  іштің  ауруы  және  алдыңғы  қарын  қабырғасы 
бұлшықетінің  ширығуы  мүмкін.  Бұл  сынықтың  әсері  іш  қабатының  артына 
қан  ұюымен  түсіндіріледі.  Іш  қабатының  артына  қан  ұюы  (гематома),  іш 
қуысындағы жүйкелердің бірігіп кетуі (солнечное сплетение) және шекаралы 
симптоматикалық  бағанның  зақымдануы  немесе  тітіркенуі,  жалған 
абдоминальды  синдромға  әкеліп  соғады.  Бұл  жағдайда  іш  ауыру  өткірлігі 
сондай,  диагностикалық  лапароскопия,  тіпті  лапаротомия  жасауға  тура 
келеді. 
Омыртқа денесі нсмесе төменгі кеуде омыртқасының сынығын арқаның 
жұмсақ  тіні  зақымынан  немесе  көлденең  өскіндер  сынығынан  айыру  үшін 

99 
 
арқамен жатқан кезде аяқты түзу көтеріп, қылқан өскіндерін саусақ ұшымен 
сынған  омыртқалардың  қылқан  өсінділерін  басып  тұрып  тізесін  жазған 
қалыпта тіке жоғары көтер дейміз. Омыртқа денесі сынғанда қатты ауырады 
(Силин  симптомы).  Байламдар  созылғанда  немесе  көлденең  өскіндердің 
сынығында, омыртқа денесі, қылқан өскіндерінің иіншелер сынығындағыдай 
ауырғандық үдеп, өршиді. Бұл белгінің зақымданғаннан кейінгі уақыттарда, 
әсіресе, басқа симптомдар анық болмай тұрған жағдайда, "омыртқа сынығы" 
деген  қорытынды  қою  үшін  маңызы  зор.  Омыртқаға  күш  түсіру  -  өкшені 
ақырын  ұру  немесе  басты  итеру  арқылы  күш  түсіру,  науқас  жатқан  кезде 
ғана  рұқсат  етіледі.  Омыртқаға  ауыр  өсті  күш  түсіру,  немесе  вертикальді 
түрде қозғалу көлемін анықтауга болмайды. Рентгенологиялық тексеруді екі 
проекциядан  тұратын  шолу  рентгенограммасынан  бастайды:  алдыңғы  және 
бір қырынан. 
Кейіннен,  жағдайға  қарай  нысаналы  көрініс,  омыртқа  томограммасы 
және  омыртқа  денесінің,  оның  артқы  бөліктерінің,  иіншелер,  буынды  және 
қылқанды  өскіндердің  патологиялық  өзгерістерін  бақылау  үшін  қисық 
проекциялы  рентгенограмма  түсіреді.  Омыртқа  денесінің  ең  бір  жиі 
кездесетін  сынығы  -  оның  сына  тәрізді  деформациясы  (бүлінуі).  Оны  бір 
жақты проекциядан көруге болады. 
 
Төменгі кеуде және бел омыртқалар сынығын емдеу 
Омыртқасы  сынды-ау  деген  науқасқа  бірінші  көмек  көрсетерде 
омыртқаның қозғалысы, әсіресе оның бүгілуі, омыртқа және жұлын зақымын 
үдете  түсетінін  есте  ұстаған  жөн.  Ондай  аурулар  арнаулы  қалқанда  немесе 
қолдан істелген, омыртқа бүгілмейтін қатты затта тасымалдануы керек. 
Омыртқа  сынығын  консервативті  емдеудің  көп  тәсілдерінің  ішінен 
артынан  сауыт  киілетін  бір  моментті  репозиция,  функциональді  тәсіл  және 
артынан  сауыт  кигізілетін  біртіндеп  репозициялап  қайта  орнына  салу 
тәсілдері кең таралған. 
Бір  ретті  репозиция  (қайта  салу)  -  аздаған  сына  тәрізді  компрессияда 
(сынық - омыртқа денесінің жарты биіктігіндей және одан жоғары жағдайда) 
көрсетіледі, оның артынан сауыт кигізіледі. 
Тәсіл  принципі.  Сынық омыртқаны  жылдам  шалқайтып  экстензионды 
корсет  кигізу  керек.  Бұл  тәсілді  наркозбен  немесе  жергілікті  анестезиямен 
жасайды.  Ең  қарапайым  Белер  анестезиясы,  сынған  омыртқалардың  үстіне 
қалқанша  аралығына  2-4  см  тереңдікке  0,5%  новокаин  ерітіндісін  20  мл 
жібереді. Тағы одан басқа жансыздандыру Шнек тәсілі. Ол үшін ауруды бір 
жақ  бүйіріне  жатқызып,  сынған  омыртқалардың  қылқан  өсіндісін  тауып 
оның  үстінде  тұрған  омыртқаның  қылқан  өсіндісін  табамыз.  Осыдан  5-7см 
солға қарай 35˚  көлбеу деңгейде инені енгіземіз. Ине ұшы біртіндеп сынған 
омыртқа  денесіне  барып  тіреледі  0,5%  15-20мл  новокаин  ерітіндісін 
жібереді. Екінші жағына тағыда енгізіледі.  
Жергілікті 
анестезияны 
тері 
астына 
анальгетик 
жіберумен 
толықтырады.  Репозицияны  (қайта  салуды)  әр  түрлі  биіктіктер  арқылы, 
арқаның  шалқаюымен  Уотсон-Джонс-Белер  тәсілі  бойынша  жүргізеді  (76 

100 
 
сурет), немесе, ішпен жатқан аурудың аяғын жоғары көтеру арқылы салады 
(Девис тәсілі). 
 
76сурет. Уотсон-Джонс-Белер бойынша кеуде асты және бел омыртқаларын 
қайта салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Сөйтсе де әмбебаб (универсальный) ортопедиялық столдарепозиция-лау 
дұрыс.  Бұл  жағдайда  омыртқа  түзелуі,  серіппелі  лентаның  стол  тумбасын 
жақындатқан  сайын  қисықтықтың    өзгеруі  арқылы  жүзеге    асады.  Содан 
кейін  жатқан  қалпында  гипстік  карсет  салады.  Корсет  негізінен  4  нүктеге 
тірелуі  тиіс.  Артынан  жауырын  арасы,  төменнен-  сегізкөз  бен  жамбастың 
қалақша  басын  қамтуы  керек.  Алдынан-  қасаға  сүйегінен  шатқа,  жоғарыдан 
төске  дейін.  Гипс  қатып  келе  жатқанда мықын ойықтарын  жамбастың  қыры 
қалақша  басын  сегіз  көзді  моделирлеу  керек.  Солай  сыну  дәрежесіне 
байланысты  бекіту  мерзімін  сақтаймыз.  Ол  жоғарыда  айтылған.  Корсет 
салған соң 4-ші күннен бастап жүруге рұқсат етіледі. 4-6 айдан кейін корсетті 
шешіп,  көлденең  деңгейде  рентген  жасап  көреміз,  онда  сау  омыртқалардың 
денесі тығыздығымен сынған омыртқа денесінің тығыздығын салыстырамыз. 
Егер сынған омыртқа денесі сәл қоңырқай болып, қатаймаса тағы да 2-3 айға 
алынған  корсет  кигізеді,  күндіз  киіп,  түнде  шешіп,  сынған  омыртқаладың 
астына құмнан жастықша қойып жатады. 
 
Сынған омыртқаны біртіндеп қалпына келтіру 
Ол  үшін  ауру  төсегінің  бас  жағын  60-70см  көтеріп  аурудың  қолтығы 
астынан  Дельбе  шеңберін  кигізіп,  төсек  бас  жағынан  салмақ  іледі,  бел 
тұсынан белбеу(пояс) кигіземіз. Аяқ жағынан салмақ ілеміз. Ол 2-3 дәрежелі 
сынықта  сынған  омыртқаның  астына  құмнан  жасалған  жастықша  немесе 
резеңке  үрмелі  жастықша    немесе  арнаулы  ортопедиялық  төсек  соның 
биіктігін алғашында 5-7 см біртіндеп үлкейтеді. Жастықшаның биіктігін 14-
16 см дейін. Сол уақыт өткен соң жатқан жерінде көлденең деңгейде рентген 
жасайды,  қаншалықты  қалыпқа  келгенін  байқаймыз.  Қалпына  келгенде  осы 
төсек  жастықшасымен  гипстік  бөлмеге  апарып  оны  ортопедиялық  төсекке 
етбетімен жатқызамыз, керулі қалыпта жоғарыда айтылғандай гипстік карсет 
саламыз.  Бекіту  мерзімі  сынық  дәрежесіне  байланысты.  Содан  соң  массаж, 
емдік гимнастика, суға жүзу, алынған корсет 3-4 ай кигізіледі. 

101 
 
 
77 сурет. Қалқанда тартылу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Әдіс приципі: Сынық иммобилизациясын - төсек тартып жату мен және 
омыртқаны  тігінен  тарту,  ЛФК-ны  ертс  бастау  арқылы,  яғни,  бұлшық  етте, 
сауыттың мықтылығына бағыттай, жүзеге асыру қажет. Бұл жағдайда сынық 
омыртқаны түземейді. Омыртқа өзгерісі кейіннен түзеліп кетеді. 
 
Функциональдық емдеу әдісі 
Бұл  әдіс  көбінесе  қарт  адамдарды  емдеуде  қолданылады.  Өйткені  қарт 
адамдарға корсет салуға болмайды. Корсет астында ойық жара пайда болуы 
мүмкін.  Тромбоз,  тромбоэмболия,  пневмония,  ішек  бітелуі  жағдайлары 
болуы  мүмкін.  Сондықтан  корсет  салынбайды.  Ол  адамдарда  көлбеу  төсек 
бетіне  жатқызып  сынған  омыртқалардың  астына  жастықша  қойып,  3-4 
күннен  бастап,  жастықшаның  биіктігін  үлкейтеміз.  8-10  см  көтереміз.  Осы 
күндері  жаттығу  гимнастикалары,    емдеу  гимнастикасы,  омыртқа 
бұлшықетіне  массаж  жасау  тәсілдері  жүргізіледі.  1,5-2  ай  жота  еттерін 
жетілдіруге  шынықтырулар  жасалады.  Содан  соң  үйіне  шығарып  үйде  әрі 
қарай жалғастырады. Бір жылға дейін қолдануға болады. 
 
78 сурет. Жаттығулар түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Операциялық жолмен емдеу 
Операциялық  жолмен  емдеу  көбіне  тұрақсыз  сынық  болғанда  және 
омыртқаның  артқы  шығыршығы  сынған  жағдайда,  жұлынмен  оның 

102 
 
түбіртіктеріне  зақым  келгенде,  омыртқа  денесінің  4-ші  дәрежелі  сынығы 
(урбан сынығы) болған жағдайда қолданылады.  
Сынған  омыртқаны  түзету  операция  алдында  бірмезеттілік  немесе 
біртіндеп қалпына келтіру әдісі бойынша дайындық есебінде жүргізіледі.  
Жұлын  ми  қуысының  алдыңғы  қабырғасы  зақымданбаған  жағдайда 
омыртқа  нық  тұрақты  сынуын  Цивьян  мен  Рамихтың  металл  тартқышымен 
Вейсфлоч  контракторымен  бекітеді  немесе  Юмашев-Силин  бойынша  арқа 
бұлшық еттерін зақымдамай аллопластикалы бекітеді. Операция кезінде бұл 
бекіту  әдісіне  зақымдалған  омыртқаның  үстіндегі  және  астындағы 
омыртқалардың қылқанды өскіндері бекітіледі (79 сурет). 
 
 
79 сурет. Юмашеи-Силин бойына омыртқажотасын артына бекіту әдісі.  
а) бұлшықеттің астынан өткішті өткізетін аппарат; б) бұлшық ет астынан 
майысқақөткізгіш жүргізу; г)лавсапды бекітіп өткізу; 
д)  қалқанды өскіндерге лавсанды бекіткіні ұстату 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тұрақсыз  зақымдануда,  омыртқа  денесімен  жүлын-ми  каналының 
алдыңғы  қабырғасы  зақымданғанда  2  жоғарғы  және  2  төменгі  омыртқаны 
қосып металлы пластинкамен бекітеді (80 сурет). 
Операциядан  кейінгі  кезеңде  емдік  дене  шынықтыруға  және  арқа 
бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған массажға көп назар аудару керек. 
Төсек  тарту  мерзімі  омыртқа  сынығының  түріне,  операция  кезіндегі 
арқа  бұлшықетінің  зақымдану  көлеміне  байланысты.  Юмашев-Силин 
бойынша  омыртқаны  бекітуден  кейін  науқасты  4-6  күннен  соң  аяғына 
тұрғызады, Цивьян және Рамих контракторы бойынша бекіткеннен кейін 14-
16  тәулікте,  ал  бекіткіш  пластинкалармен  орнықтырғаннан  кейін  (арқа 
бұлшықет  зақымдануы  көбірек  жағдайда)  төсек  тарту  мерзімі  3  аптаға 
созылады. 
2-3  айдан  кейін  еңбекке  баулу  басталады.  Жарыла  сынғанда  дискінің 
қоймалжың  ядросы  сынық  омыртқаның  арасына  жайылып,  омыртқаның 
бірігуіне  кедергі  жасайды.  Бұл  жағдайда  хирургиялық  жолмен  сүйек 
ұшқыңдарын  алып  омыртқа  денесін  сүйекті  трансплантатпен  (сүйекті 
ауыстырып отырғызу әдісі) ауыстырып отырғызған жөн. 
 

103 
 
 
80 сурет. Омыртқа жотасын пластиндермен ұстату: а) құрал жарақтар;  
б) пластинды орнату кестесі. 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ЖОҒАРЫ КЕУДЕЛІК ЖӘНЕ ОРТА КЕУДЕЛІК ОМЫРТҚАЛАРДЫҢ 
СЫНЫҒЫН ЕМДЕУ 
Омыртқаның  орта  және  жоғары  кеуделі  бөлігі  қабырғалармен  екі 
жағынанда бекітілген, сондықтан бұл бөлік сынса көп өзгермейді және буын 
шығуы өте сирек кездеседі. Сол ерекшелігіне  карай сынған омыртқаны (осы 
бөлікте) түзеуде мүмкін емес. 
Орта  және  жоғары  кеуде  омырткалар  сынығын  функциональді, 
Гориневский  және  Древинг  әдісі  бойынша  емдейді.  Жоғарғы  кеуде 
омыртқалары  сынса  қолтықтан  созбай,  тартылыс  күшін  Глиссон  ілмесі 
арқылы бастан созады. 
 
МОЙЫН ОМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ СЫНУЫ МЕН 
БУЫННЫҢШЫҒУЫН ЕМДЕУ 
 
Сынықтарды және әсіресе буын шығуды бір реттік қол репозициясымен 
түзеу  кезінде  жұлын  миының  зақымдануы  мүмкін,  сондықтан  бұл  әдісті 
тәжірибелі  дәрігерлер  жүргізеді.  Глиссон  ілмегі  арқылы  тарту  әдісі  өте  кең 
тараған,  ал  жоғарғы  3  кеудеомыртқалары  закымданса  –  еңкіш  қалқанда 
жатқызып  бет  немесе  самай  сүйегі  арқылы  арнайы  клеммамен  тарту  керек. 
Глиссон ілмегімен тарту қолайсыз себебі ол ілмек алдыңғы жағынан иекпен 
артынан  қарақұс  сүйегіне  тіреледі.  Ауыр  салмақ  салып  тартқанда  алдыңғы 
жағы  жоғарғы  тыныс  жолдарын,  ірі  қан  тамырларын  қысып  тастайды  және 
ауруды тамақтандыру қиынға түседі. 
Омыртқа  сынса  тартылуды  6-7  кг  жүк  ілу  арқылы,  ал  буыны  шықса 
салмақты  15  кг-ға  дейін  және  одан  да  көбейту  немесе  төсектің  басын  50-60 
см-ге  көтеру  арқылы  жүзеге  асырады.  Бұрыш  пайда  болатын  флексионды 
сынықта  арқаның  астына  мойынға  дейін  орама  төселеді,  ал  салмақ  жоғары 
және  артқа  бағытталған  (81сурет).  Сынық  түзелгеннен  кейін  жүкті  3-4кг 
дейін  азайтады.  Егер  тартылыс  күші  дене  салмағының  әсерінен  болса,  онда 
төсектің  басын  25-30  см-ге  түсіреді.  Әрі  қарай  екі  түрлі  әрекет  жасауға 
болады. 
 

104 
 
 
 
81 сурет. Мойын омыртқаларының сынығындағы салмақтың бағыты:  
а) бүгу б) шалқаю. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
82сурет. Мойын омыртқаларының сынығынакорсет кигізу:  
а) флексионды; Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
83 сурет. Урбан сынасын кесіп алып, омыртқа денесін жартылай ауыстырып 
салу; а) урбан сынасы; б) фрезамен зақымдалған омыртқаның жартысын 
алып тастау; в) урбан сынасын толық алып тастау;  
г) омыртқаны трансплантатпен ауыстыру 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
1.  Репозициядан  кейінгі  5-7  күннен  бастап  тартуды  мойын  бауы  бар 
сауытпен ауыстырады, оны түзу қалпында кигізеді. Жарты сауыт иық үстін, 
төс  және  омыртқаның  үстіңгі  бөлігін  ұстап  түру  керек,  ол  өзінің  жоғарғы 
жағымен басты, иек пен желке төмпешігін де ұстайды (81 сурет). 
2.  Тұрақты  сынықта  одан  әрі  қарай  функциональді  емдеу  жүргізіледі: 
емдік  дене  шынықтыруы,  физиотерапия  және  массаж.  Төсек  тарту  режимі 
1,5-2 ай. 

105 
 
Егер  консервативті  емдеу  арқылы  буын  салу  нәтижесіз  болса  және 
жабық  түрде  орнына  салынбаса,  жүйке  жүйесінің  ауруымен  асқыну  қаупі 
туса,  оны  операциялық  жолмен  салады.  Дискэктомия  және  сподилодез 
немесе  шығып  тұрған  омыртқа  денесін  кесіп  алыпоны  сүйекті 
трансплантатпен ауыстырып салады. Омыртқаның мойын бөлімін артқы  хи-
рургиялық жолмен бекіту кең қолданылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет