Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Ампутация жасауға абсолюттік көрсеткіштер



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


Ампутация жасауға абсолюттік көрсеткіштер: 
1. Аяқ  не  қол  жұлынып  тек  шамалы  терімен  немесе  сіңірмен  ұсталып 
тұрса. 
2. Сүйек уатылып сынып, бұлшықеттер қатты езілсе, ірі қан тамырлары 
және жүйке тамырлары  үзіліп қалпынакелтіруге мүмкіндік болмаса. 
3. Ауруда  ауыр,  өміріне  қауіп  туғызатын  инфекция  болса  (сепсис, 
анаэробтық инфекция): 
4. Әр  жағдайдан  болған  аяқ  пен  қолдың  гангренасы  (тромбоз,  эмболия, 
диабет, 3-4 -ші дәрежелі үсу, күю, электрлік жарақат). 
5. Қатерлі сүйек, ет ісіктері. 
Салыстырмалы көрсеткіштер: 
1. Емдеуге келмейтін көп уақытқа дейін жазылмаған жара. 
2. Қалыптасқан 
остеомиелит, 
егерде 
ішкі 
құрылыстарында 
амилоидоздың белгісі болса. 
3. Протез кигізуге келмейтін, іштен туа пайда болғанаяқтың кемдігі. 
Ауруға  ампутация  жасалғанда  кейіннен  міндетті  түрде  протез  кигізуге 
жарамды болу керек. 
Ампутацияның түрлері: 
1. Бірінші ампутация. 
2. Екінші ампутация. 
3. Кешеуілдетіп жасалатын ампутация. 
4. Қайта жасалатын ампутация. 
Бірінші  реттік  ампутация  немесе  бірінші  рұқсат  етілу  мақсатпен 
жарақатты  хирургиялық  жолмен  жарада  инфекцияның  клиникалық  белгісі 
білінбей тұрғанда жасалады. 
Ұзаққа  созылып  жазылмайтын  жара,  жыланкөз,  остеомиелит  болып, 
ішкі  паренхималық  органдарда  амилоидоздың  клиникалық  белгілері  пайда 
болса, не амилоидоз боларлықтай қауіп туса жасалатын операция. 
Қайта жасалатын ампутация. Бұл операцияны ауруға алғашқы жасалған 
ампутация  нәтижесіз  болса  немесе  кесілген  аяқтың  сынық  бөлшегінің  ұшы 
үшкір  болып  бітіп  протез  киюге  жарамсыз  болса,  тағы  да  алғашқы 
ампутациядан  кейін  жара  жазылмай  қосымша  бұлшықеттер  шірісе 
қолданылатын әдіс. 
Ампутацияны әрқашанда наркозбен жасайды және қан көп кетпес үшін 
аяққарезинкадан жасалған бұрау салынады. Егерде белгілі жағдаймен бұрау 
салуға  болмаса,  қан  тамырын  операция  істейтін  жердің  жоғарғы  жағынан 
байлайды. 
қан 
та-
байлай- 

44 
 
Ампутация жасау төрт кезеңнен тұрады: 
1. Тері мен бұлшықеттерді кесу; 
2. Сүйекті аралап кесу; 
3. Қан тамырын байлау, жүйкені кесу; 
4. Жараны тігу. 
Ампутация жасау екі түрге бөлінеді: шеңберлі және қиықты. 
Шеңберлі  немесе  дөңгелекті  ампутация  жасалғанда  жұмсақ  тіндерді 
(тері,  бұлшықеттер)  сүйекке  дейін  бір-ақ  кеседі.  Егерде  жұмсақ  тіндерді 
және сүйекті бір тұстан кессе, оны гильиотиндік әдіс деп атайды. 
Тіндерді  әр  қабаттарымен  жеке  кескен  жағдайда  ампутация  екі  немесе 
үш кезенді болып саналады (29-сурет). 
Ампутацияның кең тараған түрі - қиықты әдіс. Әдістің бұл түрі бір және 
екі  қиықты  болып  бөлінеді  де,  осы  қиықтармен  кесілген  жара  жабылады. 
Қиықты  тері  мен  тері  астындағы  клетчаткадан  құрап  жасайды.  Егерде  бұл 
құрамға тағы да фасция қосылса мұндай түрді фасциопластикалықампутация 
деп атайды (30 сурет). 
Егерде  кесілген  сүйектің  үшы  сүйектің  жаңқасымен  жабылса,  оны 
сүйек-пластикалық  ампутация  деп  атайды.  Мысалға  Пироговтың  табанға 
жасаған  ампутациясы,  Гритти-Шимановскийдің  санға  жасаған  ампутациясы   
(31 сурет). 
Ампутация  операциясының  келешекте  жағдайлы  болуы  үшін  сүйектің 
ұшын жақсылап өңдеген жөн болады. Сондықтан сүйектің сыртқы қабығын 
жоғары  қарай  түргеннен  кейін  ғана  сүйекті  арамен  кесу  керек.  Ампутация 
жасалып,  жұмсақ  тіндерін,  терісін  тігіп  болғаннан  кейін  аяқты  гипстік 
таңғышпен бекітеді. 
 
29 сурет. Пироговтың үш кенді. 30 сурет. Балтырға фасциопластикалық 
31 сурет. Гритти-Шиманскийдің шеңберлі ампутациясы, ампутация жасау. 
Сүйек-пластикалык ампутациясы. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
Ампутация жасағаннан кейін жара әбден жазылса кесілген аяққа протез 
жасап кигізу керек және онымен жүріп үйрету қажет. 

45 
 
Бірінші бөлім бойынша тест сұрақтары 
 
1. Аяқтың буындарын өс бойында қозғауға қайсысы жатады? 
А. Флексия 
В. Абдукция 
С. Экстензия 
D. Ротация  
Е. Аддукция  
 
2. Жамбас-сан буынының жазылу қалпын анықтауда науқас қандай 
қалыпта болу керек? 
А. Шалқасынан жатады 
В. Қырынан жатады 
С. Етбетінен жатады 
D. Қырынан жатып жамбас сан буынын бүгеді 
Е. Қырынан  жатып жамбас сан буынын жазады 
 
3. Буынды еріксіз қозғағанда, қозғалыс деңгейінің шектелуі қалай 
аталады? 
А. Анкилоз  
В. Контрактура  
С. Тенодез  
D. Стеноз   
Е. Спазм 
 
4. Толарсақ буынына пункцияны қай жерден жасайды? 
А. Сыртқы тобық пен өкше сүйегі арасынан 
В. Қызыл асық сүйегі мен балтыр сүйегі арасынан  
С. Өкше сүйегі үстінен  
D. Толарсақ сүйегінің куб тәрізді сүйек арасынан  
Е. Бәрі дұрыс 
 
5. Буынға пункция жасауға қарсы көрсеткіш-ол? 
А. Аурудың қызаруы 
В. Сепсис  
С. Тері аурулары 
D. Ашық сынық болса 
Е. Буынға кеш қан ұялаған болса 
 
6. Этиологиялық түріне байланысты контрактура түрін атаңыз? 
А. Флексия 
В. Ішке қарай иілуі 
С. Артрогендік 
D. Неврогендік 
Е. Миогендік 

46 
 
7. Патологиялық қозғалыс қандай жағдайда болады? 
А. Буын шыққанда  
В. Сүйек өзгеруі болғанда 
С. Жалған буында 
D. Сынық болса 
Е. Остеомиелитте 
 
8. Сынық сызығы түрлері қандай болады? 
А. Патологиялық  
В. Көлденең 
С. Қиғаш 
D. Диафиздік  
Е. Бұралған 
 
9. Субьективті тексеру тәсіліне не жатады? 
А. Аяқ-қолдардың ұзындығы мен көлемін анықтау 
В. Тыңдау 
С. Ауру шағымын анықтау 
D. Қарау  
Е. Ұстап көру 
 
10. Обьективті тексеру тәсіліне не жатады? 
А. Аяқ-қолдардың өс бойы пішінінің өзгеруін анықтау 
В. Рентген жасау 
С. Қағын көру 
D. Аяқ-қолдардың көлемін анықтау  
Е. Жарақат себебін анықтау 
 
11. Қосымша тексеру әдісіне не жатады? 
А. Еттің күшін анықтау 
В. Қозғалыс көлемін анықтау 
С. Биопсия жасау 
D. Зертханалық тексеріс жасау 
Е. Ұстап көру 
 
12. Ауруды тексеріс барысында оның қалпы қандай болу керек? 
А. Ерікті 
В. Патологиялық  
С. Еріксіз 
D. Қозғалыссыз 
Е. Бір қырымен 
 
13. Ұстап көру қандай тексеріс түріне жатады? 
А. Субьективтік  
В. Обьективтік 

47 
 
С. Зертханалық 
D. Құралдық 
Е. Аналитикалық 
 
14. Тыңдау қандай тексеріс түріне жатады?  
А. Обьективтік  
В. Субьективтік 
С. Зертханалық 
D. Құралдық  
Е. Фунционалдық 
 
15. Бітпеген сынық деп қандай жағдайда айтамыз?  
А. Сынған жер толығымен бітіп кетсе 
В. Сынған жерде қозғалыс болмаса 
С. Аяғын толық басып жүрсе 
D. Сынған жер ауырмаса  
Е. Сынған жерде сүйек бітетін уақытта ешқандай мүйізгек болмаса 
 
16. Жалған буын түрлері?  
А. Сүйектің сынған жерінде рентгенде саңылау болмаса 
В. Сынған жерде қозғалыс 
С. Талшықты дәнекер болмаса  
D. Сылқылдақ 
Е. Жаңа буын 
 
17. Анкилоз деп қандай жағдайда атаймыз?  
А. Буында қозғалыс толық сақталса 
В. Буында қозғалыс жасағанда қатты ауырса  
С. Буындағы қозғалыс көлемі шектелсе 
D. Буында қозғалыс мүлде болмаса 
Е. Буын бүгулі қалып болып жазғанда ауырса 
 
18. Бекіту құралдарына не жатады?  
А. Гипсті таңғыштар,пластмассадан жасалған жақтаулар 
В. Бинтпен бекіту 
С. Косынкаға ілу 
D. Сүлгімен байлау 
Е. Ештемемен бекіту 
 
19. Миолиз және тенолиз дегеніміз не?  
А. Бұлшықет пен сіңірді тыртық болыпжабысқан жерден босату  
В. Бұлшықет пен сіңірді, фасцияны кесу 
С. Сіңірді ұзарту 
D. Бұлшықет  ұштарын басқа жерге бекіту 
 

48 
 
20. Хирургиялық ауруға операция жасауға көрсеткіш?  
А. Аурудың жалпы денсаулығы нашар болғанда  
В. Гемофилия болғанда 
С. Алжыған кәрі адамдарда 
D. Сүйек арасына бұлшықет ілініп қалғанда 
Е. Терісінде іріңді жара болса 
 
 
Бірінші бөлім тест сұрақтарының жауаптары 
1, не 2 және одан да көп жауаптары болуы мүмкін 
Тестілік сұрақтардың эталондық дұрыс жауаптары 
 









10 
11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 
D  C 
В  В  C  C  C, 

В, 
C, 
Е 

А  C, 

А  В  А  Е  D, 
Е 

А  А  D 
 
 
 

49 
 
ЕКІНШІ БӨЛІМ 
 
ТРАВМАТОЛОГИЯ 
 
I ТАРАУ. СҮЙЕКТІҢ ЖАРАҚАТ САЛДАРЫНАН БУЫННАН 
ШЫҒУЫ 
 
Сүйектің  жарақат  салдарынан  буыннан  шығуыбуынды  беткейлердің 
бірігетін  аймақта  бір-біріне  қосылмай  сүйектің  буындық  ұштарының  толық 
ажырап  кетуі.  Буын  зақым  әсерінен  шығады,  бұл  жағдайда  буын  қапшығы 
мен байланыстырғыштар да бүлінеді. 
Зақымданудан 
болған 
буынның 
шығуы 
тірек-қимыл 
жүйесі 
зақымдарының барлық түрінің 1,5-3%-ін алады. Буын шығу- зақымданудың 
ішінде  стационарлы  емдеуді  қажет  ететін  ауыр  түрі.  Зақым  әсерінен  болған 
буын шығу әсіресе орта жастағы еркектерде жиі кездеседі. Буынның шығуы 
көп  жағдайда  жанама  себептен  болады  (аяқ-қолдың  керіліп  барып  бұралу 
салдарынан  болады.  Тікелей  күштен  шықпайды).  Сондай-ақ  буын 
бұлшықеттің  бірдей  жиырылуынан,  мысалы,  граната  лақтырған  жағдайда, 
жүзу  кезіндегі  қолайсыз  қимылдардан  да  шығуы  мүмкін.  Шықты  деп 
буындағы  сүйектің  шеткерісін  айтады,  бірақ  бір  ерекшелік  бар:  бұғананың 
акромиальді  ұшының  шығуы  омыртқаның  шығуы  бұл  шығулар  орталық 
бөлігі шыққан деп аталады.  
Буын шығуының жіктелуі: 
Уақытына байланысты: 

 
жаңа 

 
жаңа емес  

 
ескірген 

 
дағдылы 

 
орнына түспейтін 
Жарақат түріне байланысты: 

 
жабық 

 
ашық 
Асқынысы бойынша: 

 
асқынған 

 
асқынбаған 
Буын шығуды жаңа деп - алғашқы 2 тәулікте, жаңа емес деп 3-4 аптаға 
дейін,  ескірген  деп  4  аптадан  кейін  айтады,  қайта  салынбайтын  буынның 
шығуы жұмсақ тіндердің, әсіресе жұлынған бұлшық еттердің сүйек басы мен 
буындық  шұқырдың  ортасына  кіруінен  болады.  Ескірген  буын  шығуы  да 
салынбайтынға  жатады.  Мұндай  буын  шығуды  хирургиялық  жолмен 
түсіреді.  Дағдылы  деп  буынның  бірінші  шыққанынан  соң  қайталана  беруін 
атайды. 
Асқынған  буынның  шығуында  магистраль  тамырларының,  жүйке 
бағандарының  зақымдалуымен  буынішілік  немесе  буынсыртылық  сынық 

50 
 
болғанда.  Буын  шығудың  жиілігі  буынның анатомиялық  құрылысына,  буын 
қапшығының  және  байламдардың  мықтылығына,  буынды  қоршап  тұрған 
бұлшық  еттердің  қуаттылығына,  буынның  сипатына,  буындағы  қозғалыс 
көлеміне байланысты. Қол буындары аяқтан 7-8 есе жиі зақымданады. Буын 
шыққанда  оның маңайындағы  бұлшықеттер  ғана  зақымданып  қоймай,  оның 
ұзындығы,  талшықтар  бағыты  өзгереді,  ол  өз  ретінде  бұлшықеттердің  бір 
тобы рефлекторлы жиырылып, екінші тобы жиырылмайды. 
Буын  шыққаннан  кейін  уақыт  өткен  сайын,  бұлшықет  жиырылуы 
тұрақты  және  қайтымы  аз  болады.  Егер  буын  уақытында  салынбаса  қабыну 
үрдісі  (процесі)  мен  қан  құйылу  әсерінен  буын  ойығы  тыртықтық  тінмен 
толып буынды операциясыз салу мүмкіндігі болмайды. Кейде біртіндеп жаңа 
қозғалу өстері бар жаңа буын пайда болады. 
Буын шығуға диагноз қою келесі белгілер бойынша жасалады: 

 
анамнездегі зақымдану (құлау, оқыс қимыл), 

 
қатты  ауыру,  сау  жағымен  салыстырғанда  айқын  білінетін  буындағы 
пішін өзгерісі(деформация), 

 
әр буынның шығуына тән аяқ-қолдың мәжбүрлі орналасуы, 

 
аяқ-қол өсі бағытының өзгеруі, 

 
аяқ-қол  ұзындығының  өзгеруі  (көбінесе  қысқаруы,  ұзаруы  сирек 
кездеседі), 

 
белсенді қозғалыстың жоғалып, енжарлық қозғалысының шектелуі, 

 
еріксіз қозғағанда серіппелі қарсылық айқын білінеді.  

 
сүйек  басы  орнынан  шыққаннан  кейін,  оның  бұрынғы  орнын  басып 
көргенде ойық анықталады.  
Буыны  шыққан  адамның  аяқ-қолдың  төменгі  бөліктеріндегі  тамыр 
соғысы,  сезімталдығы  сақталған  ба,  жоқпа  соны  анықтау  қажет.  Буын 
шыққанда әсіресе сынық қосарланғанда тамыр-жүйке шоғыры зақымданады. 
Байламдар  зақымданса  енжар  қимылдардың  барлығы  жасалады,  тек бір 
ғана қимылда, үзілген байламдардың жиырылуында  қатты ауырады. 
Сынықтан  буын  шығудың  айырмашылығы  буында  ерікті  қозғалыстың 
болмауы,  сүйек  сынғанда  буынсыз  жерде  қозғалыстың  пайда  болуы.  Дұрыс 
диагнозды рентгенологиялық тексеру арқылы қояды. 
Рентгенологиялық  тексеруді  буын  шықты  деп  күдіктенгенде  жүргізеді, 
ол  диагнозды  анықтап,  буынды  ұштардың  орналасқан  жерін  табуға  сынық 
қосарланғанын  әйтпесе  сүйек  тінінің  сынығын  көруге  немесе  оның  жоқ 
екенін білуге болады. 
Бірінші  дәрігерлік  көмекте  сынық екені білінсе  қозғалмауын  қадағалап, 
таңып,  анальгетик  жіберіп  және  зақым  алған  адамды  тез  арада 
травматологиялық стационарға жеткізген жөн. 
Емдеу.  Зақым  әсерінен  болған  буынның  шығуын  жалпыауырғанын 
басып, ерте  салуды, салынған буынды таңуарқылы ұстау, оның  қызметін  өз  
қалпына  келтіруге    тырысқан  жөн.  Буынды  тез  орнына    салудың  себебі, 
уақыт  өткен  сайын  бұлшық  ет  контрактурасы  өсіп,  буынды  орнына  салу 
қиындайды. 

51 
 
ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ШЫҒУЫ 
Бүкіл буын шығуының ішінде 50-60%-да тоқпан жілік шығады. Мұндай 
жиі  болуы  оның  анатомо-физиологиялық  ерекшеліктерімен  түсіндіріледі. 
Жауырынның буын ойығының беті тоқпан жілік басынан 3-4 есе кіші, жілік 
басы шар тәрізді, буын қапшығы кең және жұқа. Зақымданудан буын шығу 
иық  буынында  көбінесе  зақым  әсерінің  иыққа  жанама  әсерден  болады 
(мысалы  артқа  тірелген  немесе  алдыға  созылған,  немесе  қайырылған  қолға 
құлау) (32 сурет). 
 
32 сурет. Иық буынынан шығу механизмдері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тоқпан жіліктің шығуының жіктелуі: 

 алдыға шығу бөлінеді: бұғана астына, алдына 

 астына шығу 

 артына  шығу  өте  сирек  кездеседі.  Себебі  иық  буынының  алдыңғы 
бетінен етпен қапталмаған, буын қабы кең, жұқа. 
 
33 сурет. Каплан бойынша тоқпан жіліктің шығу түрлері:  
а – Қалыпты жағдай; б – құстұмсық сүйегінің астына шығу;  
в – бұғана астына шығу үлкен бұдырдың жұлынуымен;  
г – бұғана астына шығу; д – қолтықастына шығу; 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тоқпан жілік шығуында әр кезде буын қапшығы жыртылады. Бұл кезде 
бұлшық  ет  сіңірі,  әсіресе  қылқан  үстілік  сіңір  үзілуге  таяп  немесе  үзіліп  те 
қалады. 

52 
 
Үлкен  төмпешіктің  жұлынуы  (10-40%)  көп  жағдайда  кездеседі,  ал 
бұлшықет сіңірлері бекітулі тұрған тоқпан жілік кіші төмпешігінің жұлынуы 
сирек  кездеседі.  Зақымданған  қол  жақтағы  иық  үсті  түсіңкіреген,  науқас 
басын  зақымданған  жаққа  қисайтып  жүреді.  Ауру  зақымданған  қолының 
қимылдағанын  қаламай,  сау  қолымен  ұстап  тыныштық  сақтап  жүреді.  Қол 
бұрылып,  шынтақ  буынында  бүгулі  және  ұзын  тәрізді  болып  көрінеді.  Ол 
көбінесе тоқпан жілікқолтық астына шыққанда(34 сурет). 
 
 
34 сурет. Иығы алдына шыққан науқастың тұрысы. 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Тоқпан  жілікті  орнына  салудың  көп  әдістері  бар.  Көбінесе  жиі 
қолданылатыны  -  Гиппократ-Купер  әдісі.  Дәрігер  арқасымен  жатқан 
аурудың  буыны  шыққан  жағынан  келіп  отырып,  екі  қолымен  оның  қолын 
ұстайды,  яғни  білезігінен  ұстайды,  дәрігер  науқастың  зақымданған  жағына 
сәйкес  (оң  немесе  сол  өкшесін  қолтық  астына  тіреп  қолды  өзіне  қарай 
тартып,  қолды  сыртқа  қарай  бұрайды.  Сонда  жіліктің  басы  алдыға  қарай 
бұралады. Тартуды күшейтіп, қолды ішке қарай бұрап қолды денесіне қарай 
ішке қарай иеді, қол сырт етіп орнына түседі. 
 
35 сурет. Гиппократ-Купер  әдісі бойынша тоқпан жілікті орнына салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Кохер әдісі 
Ауруды  буыны  шыққан  қолын  столдан  шығарып,  арқасымен  столға 
жатқызу керек. Бұл әдіс төрт кезеңнен тұрады. 
Бірінші  кезең:хирург  бір  қолымен  зақымданған  жақтың  білезігінің  1/3 
тұсынан  ұстайды,  келесі  қолымен  бүгіліп  тұрған  шынтақты  ұстайды  да 
қолды,  тоқпан  жілікті  төмен  қарай  қол  бойымен  тартып,  екінші  көмекші 

53 
 
қолтық  астынан  орамал  өткізіп  жоғары  қарай  тартады.  Сол  кезде  дәрігер 
шынтақ буынын денесіне қарай жапсырады. 
Екінші  саты:  шынтақты  денеге  жабыстырып  тұрған  тоқпан  жілік  өсі 
бойынша  тартылуын  әлсіретпей,  хирург  білекті  сыртқа  қарай  фронтальды 
деңгейге дейін апарады, осы кезде жіліктің басы алдына қарай бұралады.  
Үшінші  саты:осы  кезде  тартуды  әлсіретпей  шынтақты  дененің  орта 
деңгейіне дейін әкеледі. Кейде осы кезде жілік басы сырт етіп орнына түсуі 
мүмкін.   
Төртінші  саты:орнына  түспесе  сыртқа  айналу  мен  созуды  әлсіретпей 
білезікті, алақанды сау жақ иық үстіне қояды. Осы кезде орнына түседі. 
 
36сурет. Кохер әдісі иық алдына шыққан жағдайда қолданылады 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Джанелидзе әдісі 
Ауырғанын  басқаннан  кейін  науқасты  столдың  шеті  қолтыққа 
келетіндей  қылып  жатқызып  қолын  салбыратып  жібереді.  Басының  астына 
басқа стол төсейді. 
 
37 сурет. Джанелидзе әдісі бойынша шыққан иықты орнына салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Осы күйде науқас 10-20 минут жатып, иықтың бұлшық еттерін босатады. 
Содан кейін ғана сала бастайды. Хирург науқастың алдында тұрып салбырап 
тұрған  қолды  шынтақтан  бүгіп,  бір  қолымен  білезік  буынынан  екінші 
қолымен  шынтақ  буыны  тұсынан  ұстап  төмен  қарай  тартады.  Білекті 
90˚фронтальды  деңгейде  бұрайды.Тартуды  үдете  түсіп,  білекті  алдыға  ішке 
қарай бұрайды, осы кезде жілік басы сырт етіп орына түседі.Содан кейін  4-

54 
 
6аптаға  торокоброхиальды  гипс  салады.  Буын  салынғаннан  кейін,  буынның 
дүрыс  түскенін  білу  үшін  және  сүйек  сынығының  жоқ  екеніне  көз  жеткізу 
үшін рентген сәулесіне түсіреді. 5-7 аптадан кейін емдеу дене шынықтыруын 
және физиотерапиялық ем жүргізіледі, 30-45 тәулікте еңбекке жарамдылығы 
орнына келеді. 
Буын  қайта  шықпас  үшін  3  ай  ішінде  ауыр,  күш  түсетін  жұмыспен 
айналыспаған жөн. 
 
 
38 сурет.  Чаклин әдісі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Чаклин әдісі 
Науқас  арқасымен  жатады,  денеге  тиіп  тұрған  қолды  дәрігер  тартып, 
екінші  қолымен  науқастың  қолтығындағы  иықтың  басын  сыртқа 
ығыстырады.  Чаклин  әдісінің  зақымы  аз  және  наркозбен  жасалады,  әсіресе 
бүл әдіс иықтың буын шыға сынуында қолданылады. 
 
Мухина-Мото әдісі 
Ол  үшін  екі  көмекші  қажет.  Бірінші  көмекші  қолтық  астынан  орамал 
өткізіп,  артқа  қарай  тартады,  екінші  көмекші  амандасқандай  алақанынан 
ұстап өс бойымен тартып, тоқпан жілікті сыртқа қарай бұрап  тартып, кейін 
бір қадам бүйірге қарай аттап, ішке қарай қайырып тоқпан жілікті бұрады. 
 
39-сурет. Мухина-Мото әдісі бойынша салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
 

55 
 
САЛЫНБАЙТЫН ЖАҢА ШЫҚҚАН БУЫНДАР 
Буын  салуға  анатомиялық  кедергі  келтіретін  екі  басты  бұлшықеттің 
ұзын  басы  сіңірінің  жілік  басын  жауып  қалуы  немесе  үлкен  төмпешіктің 
жұлынуы,  сондай-ақ  сүйек  басының  жыртылған  қапшыққа  қыстырылуы, 
жұлынған  тіндердің  буындарға  кіруінің  салдарынан  болады.  Салынбайтын 
буынды операция арқылы ғана салады. 
 
БУЫН ШЫҒУЫНЫҢ ЕСКІРГЕН ТҮРІ 
Салынбаған  және  дұрыс  емделмеген  буынның  шығуы  кейіннен  буын 
қапшығының  қатпарланып  тыртықтануына  ұшырайды.  Тыртықтықтан 
көптеген қисық бітулер пайда болып, бұлшық ет серпінділігі, созылғыштығы 
жоғалады.  Буынның  өзгеруі,  буын  шығудың  ескірген  түрінде,  қан 
айналысының  нашарлауына  байланысты  бұлшықет  атрофиясы  айқын  біліне 
бастайды.  Белсенді  және  енжар  қимылдар  көлемі  ұлғайып  қатты 
ауырғандығы басылады. Бірақ жауырын ойығы тыртық тіндермен толғаннан 
кейін  жылжыту  мүмкін  болмайды.  Ескірген  буынды  хирургиялық  жолмен 
салады. 
Емдеу.  Салынбайтын  және  ескірген  иық  буындарын  хирургиялық 
жолмен  салады.  Операцияны  наркозбен  жасайды.  Арқасымен  жатқан 
науқастың  иық  астына  жастық  төселеді.  Буынға  иықтың  шеткі  қатпары 
арқылы түседі. Құстұмсық тәрізді өскінді жабысып тұрған бұлшық еттерден 
босатып астына жылжытады. Шыққан  иықтың басы тамыр-жүйке шоғырын 
алдына  қарай  ығыстыратынын  білетін  хирург  тамырды  кесіп,  жүйкені 
зақымдап  алмау  үшін өте  мүқият  болуы  керек.  Жауырын  асты  бұлшық етті 
кескеннен  кейін  буын  қапшығын  жарады.  Оның  қуысын,  сүйек  басындағы 
өскіндерден,  тыртықтан  босатып  тазалайды,  содан  кейін  басты  буын 
ойығына  келтіріп  салады  да  буын  қапшығын  тігеді.  Кейде  оның  шетін 
жауырын  асты  бұлшық етпен  бірге  кіші төмпешікке  тігіледі,  ал  құс  тұмсық 
тәрізді өскінді өз орнына бекітеді, торакобрахиальді таңғыш салынады да, 8-
10 аптадан кейін иық буынында әлсіз қозғалыстар басталады. 
 
ИЫҚТЫҢ ДАҒДЫЛЫ ШЫҒУЫ 
Қолды  тез  құлаштағанда,  ауыр  көтергенде,  киінгенде,  суда  жүзгенде, 
созылғанда,  құлағанда,  тіпті  ұйықтап  жатқанда  қол  қайырылып  иық  сырт 
айналып кетсе де, тез буынынан шығып кетеді.Егер буын екі рет шықса, оны 
дағдылы  дейді.  Оның  себебі:  буын  қапшығының  анатомиясы  дұрыс 
емделмегендіктен,  қайтадан  дұрыс  қалыптаспаған.  Буынның  қайтадан 
шығуына  әкелетін  себептер:  тоқпан  жілікбасының  буынды  беткейі  мен 
жауырынның  буынды  ойығынын  сәйкес  келмеуі,  капсуланың  алды  астына 
қарай  жұқаруы  (бұлшық  ет,  байламдармен  бекітілмеген  бөліктер),  буын 
қапшығының  созылуы,  оның сүйек  басынан  немесе  жауырыннан  жұлынуы, 
бұлшықеттің жыртылуы, сіңірлі біліктің зақымдануы немесе жұлынуы, иық 
буынын жиі шығаратын буынды беткейлердің орналасуы. 

56 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет