Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


Емдеу  тәсілі.  Егерде  өкпе  қабының  арасыңда  ауа  толған  болса,  онда 
бұғананың  орта  тұсынан  екінші-үшінші  қабырға  арасынан    инемен  қадап  
ауаны  алуымыз  керек.  Ол  үшін  инеге  резеқке  түтікті  жалғап  тері  астына 
0,25%  новокаин  ерітіндісін5-10  мл  жібереміз.  Содан  кейін  инені    біртіндсп 
айтылған жерден енгіземіз. Ине өкпе қуысына кірген босаңқы тартады. Одан 
соң  шприцпен  ауаны  сорамыз.  Шприц  толған  кезде  резеңкетүтікті 
қысқышпен  (зажиммен)  қысамыз  да,  шприцті  алып,  ішіндегі  ауасын 
шығарамыз.  Содан  соң  қайтадан  резеңке  түтікке  кигізіп,  қысқышты 
босатамыз  да,  тағы  да  іштегі  ауаны  сорып  аламыз.  Осылай  ауаны  толық 
сорып алғаннан кейін иненің орнын дәкемен жауып қоямыз. 
Егерде  ауа  мен  қан  қоса  болса,  онда  VII-VIII  қабырғаның  бойынан, 
жауырынның  төменгі  етегі,  не  қолтықтың  артқы  бойымен  осы 
қабырғалардың  арасынан  жоғарыда  көрсетілгендей  етіп  қанмен  ауаны  бірге 
сорып аламыз. (63 сурет). 
Артынан осы қуысқа фурацилин не риваноль ерітіндісін жылыған түрде 
200-400мл  жобасында  жіберіп,  оны  қайтадан  сорып  алып,  өкпе  мен  оның 
қабының  арасын  жуып  тазалау  керек.  Сонан  соң  осы  жерге  антибиотик 
(пенициллин)  2млн.  Ендідиоксидин  200  жіберу  керек.  Мұны  осы  қуыс 
қабынудан сақтау үшін орындаймыз. 
Содан  кейін  ауруды  қайтадан  рентген  жасап  көру  керек.  Егерде 
өкпетолық   жазылмаса, қайтадан  ауа  толғаны білінсе, онда  өкпе мен оның 
қабының  арасына  резеңке  түтік  қойған  жөн.  VIII-IX  қабырғалар  арасынан, 
қолтықтың  артқы  бойынан  түтікті  қою  тәсілі:  ол  үшін  қатты  резеңке  түтікті 
бір  жақ  шетінен  қиыстап  екі  тесік  істейді.  Түтік  қоятын  жерге0,5%-  20,0  мл  
новокаин  ерітіндісін    жібереді.  Пышақпен  ұзындығы  2-3  см  шамасында 
теріні кесу керек. Сосын Кохер қысқышы мен  резеңке түтікті өкпе мен оның 
қабының  арасына  кіргізеді.  Түтіктің  айналасындағы  кескен  жерді  тұтастай 

78 
 
етіп тігу керек те, жіптің бір ұшымен осы түтікті байлап қою қажет. Түтіктің 
екінші  ұшын  жұқа  резеңке  қолғаптың  кішкене  саусағын  кигізіп  мықтап 
байлап,  оның ұшын  жіңішкелеп  кесіп,  фурацилин  ерітіндісіне  батырып  қою 
керек.  Сонда  өкпе  қуысы  арасындағы  ауа  демді  тартқанда  осы  түтікпен 
судың  ішіне  шығып тұрады. 
Бірнеше  күннен  кейін  трубканы  алып  тастап,  орнын  жақсылап  тігіп 
қояды. 
 
63 сурет. Плевра қуысына катетерді енгізумен, дренаж қою 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
 
64 сурет. Плевраны тесіп ине плевра қуысына енген. А және Б —инені қате 
енгізген түрлері  1 —ине сұйықтық деңгейінен жоғары енген;  
2 — иненің фибрин жиналған жерге енген.; 3 — ине өкпеге енген;  
4 — ине іш қуысына енген. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ӨКПЕ ҚАБЫНЫҢ АРАСЫНА ҚАН ҚҰЙЫЛУЫ 
Қанның  құйылуы  негізінен  кеуде  ішіндегі  қан  тамырларының 
жарақаттануынан  және  өкпенің  жаралануынан  болады.  Өкпе  қабының 
арасына қан құйылуының үш түрі бар. 
Бірінші  түрінде  200-300мл  шамасында қан  құйылады,  ол  негізінен  өкпе 
қабының  төменгі  түйіскен  қуысында  жиналады.  Орташа  қан  құйылғанда 
оның  көлемі  500-600мл-ге  дейін  барады.  Оның  мөлшері  жауырынның  орта 
деңгейін  толтырады.  Толық  түрінде  бүкіл  өкпе  қабының  іші  қанға  толып, 
көлемі 2 литрге дейін қан жиналады. 
Бұл кезде аурудың хал-жағдайы өте төмен болады, кеудесі қысып қатты 
ауырады,  бозарады,  жүрек  соғысы  нашарлап,  жүрек  қағыс  нүктесі  басқа 
жерге ауысады. Тамыр қағысы жиілеп әлсіз білінеді. Қан қысымы өте  төмен 

79 
 
түсіп  кетеді.  Саусақпен  соғып  көргенде  күңгірт  дыбыс  әлсізденіп  естіледі. 
Л.Н. Губарь мен Н.Н. Егурков (1966) қан қысымы сынап бағанасымен 100 мм 
артықболса, онда қан жоғалту 0,5 литрден аспағанын, 90-100 мм төмен болса 
онда қан кету мөлшері - 1 литрге жететінін, ал 80 мм-ден төмен болса, онда 2 
литpгe таяу қан кететінін анықтаған. Әрине, қан кеткенде қан қысымы бірден 
төмендемейді, біраз уақыттан кейін ғана төмендейді. 
Қанның  көпкеткендігін  орталық  венадағы  қан  қысымы  арқылы 
анықтайды.  Толық  қанша  қан  бар  екенін  білу  үшін  ауруды  рентген  жасап 
көру  қажет.  Егер  рентгенде  анықталса.  онда  VII-VIII  қабырғалардың 
арасынан,  қолтықтың  артқы  сызығы  бойымен,  не  жауырынның  төменгі 
етегінен йнемен шаншып кіргізіп қанды Жанне шприцімен сорып алған жөн. 
Осы қанды бір ыдысқа құйып сәл байқау керек. Егер қан бірден ұйыса, онда 
қанның өкпе қуысына әлі де ағып жатқанын білдіреді.  Осы алынған қанның 
құрамындағы  гемоглобин  мен  эритроциттің  мөлшері  саусақтан  алынған 
қандағы  мөлшерімен  салыстырғанда  бірден  болса,  онда  ол  тағы  да  қанның 
өкпе қуысы аралығына тоқтаусыз құйылып жатқанын дәлелдей түседі.   
Негізінде  өкпе  қабының  арасына  құйылған  қан  ұйымауға  тиісті  де, 
сұйық  қалпында  болу  керек.  Қанның  ұйымауы  өкпе  қабының  құрамындағы 
бөгде  заттың  болуына  байланысты.  Егер  өкпе  қуысы  аралығына  қан 
құйылғанына  бірнеше  күн  болса,  онда  осы  қанның  іріңге  айналғанын  білу 
үшін мынадай екі тәсілмен анықтауға болады. 

 
Н.Н.Петров тәсілі:сорып алынған қанның  3-4 мл-ін бір шыны түтікке 
құямыз  да,  оған  тазартылған  суды  қосып  шайқаймыз.  Сонда  осықоспаның 
түсі  таза  қызғылтым  болса,  онда  өкпе  қабынбағанын  білдіреді.  Егер  оның 
түсі күңгірт болса, онда осы құйылған қанның бұзыла бастағанын көрсетеді. 

 
Ф.А.Эфендиев тәсілі: өкпе қуысынан сорылып алынған қанның 6-8 мл 
мөлшерін  бір  шыны  түтікке  қүйып,  оны  центрифугаға  5  минут  уақытқа 
қояды. Содан кейін оны байқағанда, сұйық және қою мөлшері бірдей  болса, 
онда  осы  қанның  әлі  қабынбағанын  көрсетеді.  Егерде  сұйық  мөлшері  көп 
болса, онда өкпе қуысына құйылған қанның қабына бастағанын көрсетеді. 
Тағы  да  есте  болатын  бір  жағдай,  егерде  инені  өкпе  қуысына  жіберген 
кездеауру  жөтеле  бастаса  онда  иненің  ұшы  өкпеге  тигенін  көрсетеді  және 
шприцпен  сорғанда  алынған  қан  көпіршіктеніп  тұрады.  Ондай  жағдайда 
дереу инені артқа қарай аздап тарту керек, сонда аурудың жөтелуі тоқталады. 
Мұны "воздушная эмболия" дейді. 
Өкпе  қуысынан  ауа  не  қанды  сорып  алу  кезінде-шприцтің  ішінде  0,5%  
не 0,25% новокаин ерітіндісі болу керек. Екінші бос шприцтің поршенін ішке 
қарай  итермеу  керек.  Өйткені  иненің  ұшы  өкпеге  кіріп  ондағы  веналық 
қоңырқай түсті қан жүретін көк тамырға кіріп  кетсе онда осы  шприцтегі  ауа 
әуелі жүректің сол жақ қалтасына барып, одан мидың тамырларына жайылып 
кетеді. Бұл жағдайдың мынадай белгілері болады: аурудан суық тер шығады, 
көзі көрмеуі ықтимал, денесінен жан кетіп,әлсіреуі мүмкін, түсі көгереді, есі 
ауысады.  Мұндай  жағдайда  Аничевтің  айтуына  қарағанда  ауруды  дереу 
жатқызып,  оның  басын  төмендетіп,  аяқ  жағын  жоғары  көтеріп,  қан 

80 
 
тамырынан  1%-20 мл новокаин ерітіндісін жіберу керек. Сонда  10-15 минут 
ішінде аурудың  жағдайы  жақсаруға тиісті. Кейде өліп кетуі мүмкін. Қанды 
сорып  алғаннан  кейінаурудың  жағдайы  жақсарады,  дем  алуы  жеңілденеді, 
өңі  кіреді.  Қанды  сорып  болғаннан  кейін  өкпекуысына  новокаин  0,25%, 
фурацилин  ерітінділерін  100-500  мл  мөлшерінде  жіберіп  қайтадан  сорып 
алады  да,  артынан  өкпе  қуысына  антибиотик  ерітіндісін  егеді.  Ертеңінде 
ауруды  рентген жасап көру керек. Егер өкпе қуысына қан тағы  да құйылса, 
онда жоғарыда көрсетілгендей етіп қайтадан сорып алады. 
Осылай  етіп  2-3  күн  бойы  кайталауға  болады.  Қанды  сорып  алынған 
мөлшеріне  карай  орнын  толтыру  керек.  Ауруға  қан  құю  керек.  Кеткен  қан 
мөлшері 2 литрге дейін жетуі мүмкін. Оны толықтай толтыру керек. Ауруға 
қан,  қанның  басқа  да  құрамынан  жасалған  ерітінділерді  жіберу  керек.  Қан 
тоқтататын  дәрілер  хлорлы  кальций,  викасол,  аминокапрон  қышқылы  т.б. 
дәрілерді колданған жөн. 
Хирург  Рувилуа-Грегуар  тәсілімен  бірінші  рет  өкпе  қуысынан  қанды 
алыпкөргендеол  бірден  ұйыса  жәнеосы  қанның  құрамындағы  гемоглобин 
мен  эритроциттің  мөлшері  саусақтан  алынған  қандағы  гемоглобин  мен 
эритроциттің мөлшеріндей болса, әрі аурудың хал-жағдайы жақсармай тамыр 
қағысы  әлсіз,  кан  қысымы    60  мм.сын.бағ-нан  төмендесе,  саусақпен  қағып 
көргенде  күңгірт  әлсіз  дыбыс  естілсе,  жүректің  өзінің  орнына  ауысуы, 
тыңдағанда жарақаттанған жақтың дем алысы өте нашар,  не естілмесе, онда 
ауруды дереу операцияға алу керек. 
 
КЕУДЕНІҢ АШЫҚТАЙ ЖАРАҚАТТАНУЫ 
Склифосовский  атындағы  институттың  көрсеткішіне  қарағанда  мұндай 
жарақат бейбітшілік уақытта көбінесе аулада, үй тұрмысы жағдайында 83,5% 
шамасында  болады.  Олар  жастар  арасында  және  15,6%  өзін-өзі  өлтіруге 
байланысты кездеседі, көбінесе 20-30 жас арасындағы еркектердің масболған 
кезінде  болады.  Ашықжарақат  қару-жарақтан  оқ  тигенде,  жарылғыш 
заттардан,  пышақтасқанда,  жол  апатында  жүргізушінің  рульге  қайта 
ұрылғанында  жиі  кездеседі.  Барлық  ашық  жарақат  өте  ауыр  жарақат  болып 
саналады. Есте болатын  жағдай-жараның сыртқы түріне карап оны ауыр, не 
жеңіл жара деп айтуға мүлде болмайды. Өйткені, сыртқы жара елеусіз болса 
да,  ал  кеуде,  іш  құрылыстарының  қалай  жарақаттанғаны,  қандай  мүше 
жараланғанын  алғашқыда  көпке  дейін  табу  қиын.  Өкпе  мен  оның  сырт 
қабының ашық жарақаттануы үш түрге бөлінеді. 
1. Сыртқы ауаның ашық жарадан ішке кірмеген түрі. 
2. Сыртқы ауаның өкпе кабының ортасына кіретін түрі. 
3.  Сыртқы  ауаның  өкпе  қабының  ішіне  кіріп,  сыртқа  қайтадан 
шықпайтын, сөйтіп ауаның өкпе қуысына тола беретін түрі. 
Кеуденің ашық жарақаттанғанында ауаның кірмеген түрі көбінесе еніп-
кесілген  жара  болғанда  және  оқ  тигенде  кездеседі.  Еніп-кесілген  жара 
болғанда  оның  маңындағы  еттер  және  басқа  да  жұмсақ  дене  бөліктері  өте 
шамалы  жарақаттанады.  Мұндай  жараларда  көбінесе  алғашқы  бір-екі  дем 

81 
 
алғанда сыртқы ауа ішке қарай сорылуы мүмкін, сосын жара ұйыған қанмен 
бітеліп қалады да, одан әрі ауа ішке кірмейді, мұндайды "сыртқы жабық ауа  
кіру түрі" дейді. Осындай жағдайда аурудың  хал-жағдайы онша өзгермейді. 
Кеуденің  ашық  жарақаттанғанында  ауаның  ішке  кірмейтін  түрінде  көбінесе 
өкпенің өзі, жүректің, кеуденің ішкі қан жүретін үлкен тамыры, өкпенің қабы 
жарақаттануы мүмкін. Мұнда мынадай  белгілерді байқауға болады: жараның 
маңында  тері  астына  аздап  ауа  жиылуы,  тыңдағанда  сол  жарақат  жақтың 
тыныс  алуы  нашарлайды,  тіпті  дем  алуға  қатыспауы  мүмкін.  Саусакпен 
қағып  көргенде,  кейде  ашық  бос  дауыс  естіледі,  бұл  ауаның  өкпе  куысына 
кіргендігін көрсетеді. Кейде өкпе қабының арасына ауамен қоса қан құйылуы 
да  мүмкін.  Мұндайда  саусақпен  соғып  көргендс  дыбыс  күңгірт  болып 
естіледі.  Осы  жерді  түтікпен  тыңдағанда  (фонендоскоппен)  тыныс  алу 
дыбысы  естілмейді.  Кейде  аурудың  аздап  қан  түкіруі  де  мүмкін,  бірақ  та  ол 
өтесирек  кездеседі.  Miне,  осы  белгілер  жараның  ішкі  кеуде  қуысына 
кіргендігін  анық  көрсетеді  және  кеуде  қуысындағы  іш  құрылыстардың 
жарақаттанғанын байқатады. 
Әлбетте,  кеуденің  ашық  ішіне  кірген  жарақаттың  негізгі  белгілері 
мыналар:  терінің  астына  ауа  жиналуы,  өкпе  қалтасының  ішіне  қан  жиналуы 
және  өкпе  қуысына  ауаның  толуы  мен  аурудың  кейде  қан  түкіруі.  Е.А. 
Вагнердің  айтуына  қарағанда  /1964,  1981/  осы  белгілердің  әрқайсысы  56%, 
47,6%,  61,2%  және  12,6%  шамасында  байқалады.  Ал,  Н.В.  Хорошко  /1965/ 
осы белгілерді өте сирек кездестіргенін баяндайды. 
Осындай  жағдайда  ауру  алғаш  қабылдау  бөліміне  түскенде,  өте  тез 
анықтауға  көмектесетін  бірден-бір  тәсіл-ауруды  рентген  жасап  байқау. 
Әрине,  мұны  аурудың  хал-жағдайына  байланысты  шешу  керек.  Сәл 
мүмкіншілік  болатын  болса,  бұл  дұрыс  тәсіл.  Рентгеннен  өкпе  қуысына  қан 
толғанын  көлденең  деңгейдің  болуынан  байқаймыз.  Ал  ауа  болса  өкпенің 
сыртқы жағы мен қабырғаның ішкі жақ аралығынан ақшылдау болып бөлініп 
тұрған жерін байқаймыз, осы жерлер өкпе суреті көрінбейді.Өкпе көлемі сау 
жақпен салыстырғанда өте кіші болып тұрады. Өкпе мен оның ішкі кабының 
жараланғанында  кейде  ауа  екі  өкпе  арасындағы  орталық  қуысқа  толуы 
мүмкін.  Егер  де  ауа  қуысқа  көптеп  толса,  онда  осы  ауа  қуыстағы  көктамыр 
қаны жүретін орталық тамырларды қысып, жүрекке кан келуін азайтып, қан 
айналысын  нашарлатады  да,  жүрек  жұмысының  әлсіреуіне  әкеліп  соғады. 
Сондықтан денеге керекті ауа айналысы нашарлайды.Міне, осылай болғанда 
аурудың  кеудесінің  жоғары жағы, төс  шеміршектің, үсті, мойыны, беті, иық 
бойлары  ісініп,  көз  алмасы  қанталап,  бет-пішінінен  ауру  адамды  тани 
алмайтын  түрге  жетеді.  Қолмен  басқанда  жеңіл  сықырлаған  дыбыс  тері  
астынанестіледі. 
Кейде  алғашқы  кезінде  мойынның  көк  тамырлары  білеуленіп  көрініп 
тұрады.  Тері  астындағы  ауа  екі жақ  кеуденің  жоғарғы  жағына  бірдей  тарай 
бастайды. Ауа өте көп толып кетсе, аурудың тұншыққандай жөтелуі мүмкін. 
Кеудесі  керіліп  қатты  ауырғанын  және  мойынының  сыздағанын  аурудан 
естуге  болады.  Оған  дем  алғанда  ауа  жетпейтін  сияқты  болады.  Оның  түсі 
көгілдірленеді,  суық  тер  басады,  дем  алысы  өте  жиілейді,  қан  қысымы 

82 
 
төмендейді.  Өкпе  аралық  қуысқа  осылай  ауа  толуы  көбінесе  жабықтай 
жарақат  алғанда,  өкпенің  жарылуына  Вагнердің  (1981)  айтуына  қарағанда 
33,6% шамасында, кеуде сүйектері сынбағанда небәрі 17,6%және қабырғалар 
сынғанда  тіпті  39,1%  шамасына  дейін  кездеседі.Іс  жүзінде  кеуденің  әрбір 
жабық жарақатында тері астына ауа толуын өкпе қабының арасына кернеулі 
ауа  толуы  депесептеу  керек  (напряженный  пневмотракс).  Көптеген 
деректерге қарағанда осындай жағдай, екі өкпе ара қуысына ауа толуы 52,2% 
деңгейінде кездеседі. Жабықтай жарақат алғанда өкпе қабының арасына ауа 
толуы  көбінесе  өкпенің  жалбырай  жыртылған  уақытында  болады. 
Сондықтан ауа өкпеден шығып, оның қабының арасында жиналады. Осылай 
болғанда  аурудың  дем  алысы  жиілеп,  терең  дем  ала  алмайды,  дем  алғанда 
жарақатанған  жағы  қатты  ауырады.  Жарақат  жақтағы  кеуденің  тынысысау 
жақпен салыстырғанда төмен болады, қабырға аралыктары керіле бастайды. 
Саусақпен  басып  көргенде  теріде  сықырлаған  дыбыс  білінеді.  Ал  қағып 
кергенде ашық бос дыбыс тыңдап көргенде әлсіз дыбыс естіледі, кейде тіпті 
естілмейді.  Жүрек  өз  орнынан  сау  жаққа  ауысады,  оны  саусақпен  кағып 
көргенде білуге болады. 
Ал,  ауруды  айнаға  салып  көргенде,  кеуде  қабы  арасында  ауаның  барын 
байқаймыз, өкпенің жабысып қалғанын, жарақаттанған жақтағы кеуде аралық 
көк еттің қозғалысының төмен екенін, өкпе аралық қуыстың сау жаққа қарай 
ауысқанын  байқауға  болады.  Осындай  жағдайдың  барын  өкпе  қуысына  ине 
шаншып  біледі.  Онда  инеге  резеңке  түтік  жалғап,  содан  соң  оған  шприцті  
кигізіп,  шприцті  поршеннің  орта  деңгейіне  қойып  қарағанда,  ауру  дем 
алғанда, осы поршень өзінен-өзі қозғалады, бұл өкпе куысы арасындаауа бар 
екенін  көрсетеді.  Аурудыңқан  түкіруі  оның  өкпесі  жарақаттанса  да  қан 
түкірмеуі  мүмкін.  Мұндай  жағдай  Е.А.  Вагнердің  (1981)  байкауында  31,1% 
ауру  арасында  кездескенін  көрсетеді.  Қан  түкіру  бірден  байқалмауы  мүмкін, 
ол көбінесе жарақаттанудың түріне, оның ауыр болуынa және аурудың негізгі 
хал-жағдайына өкпенің жарақатының аумағына байланысты. Екінші жағынан 
жарақаттанған  аурудың  көбінесе  әлсіздігіне  байланысты,  олар  тіпті  өз 
беттерімен жөтеле де алмайды. Өкпенің шеткі жиегі жарақаттанғанда аздаған 
ғана  қан  кетеді.  Ол  біразуақытта  өзі  тоқтауы  да  мүмкін.  Ал  қанның  өте  көп 
мөлшерде  кетуі  қабырға  аралық  артериялық  қантамырлары  жарақаттанса, 
ішкі  кеуде  қан  тамыры  және  өкпе  толық  жыртылмай,  оған  қан  жиналады 
(ушиб легкого). Өкпеге кан жиналғанын табу өте қиынға түседі. Осы күндері 
аурудың қызуы  көтеріледі, ауа  жетіспейтін  сияқты  көрінеді, дем  алғанда сол 
қан жиналған  жағы  қатты ауырады. Кейде  қан  түкіреді.  Рентгенде  қарағанда 
өкпенің кей тұсында аздаған бұлттанып тұрған сияқты қарайғандарды көруге 
болады. Кейде лента тәрізді ұзын шақталған қоңырқай тартқан жерін көреміз. 
Ал,  өкпе  қатты  жарақаттанса  оған  үлкен  көлемде  қан  жиналса,  рентгенде 
өкпенің  жартысы,  не  кіші  бөліктерінің  қарайып  тұрғанын  көреміз,  осы 
қарайған  жерлердің жиектері біркелкі болмайды да, ол біртіндеп сау жеріне 
білінбей ауысады.  Осындай  жағдайда  қан  үйелеген  жер  қабысып,  тұрады  да, 
тыныс  алғанда  осы  жерде  тыныс  қозғалысы  болмайды.  Көбінесе  осындай  
жағдайларды  әр  уақытта  рентгеннен  байқап  табуға  бола  бермейді.  Тыңдап 
көргенде  осы  қан  жиналған  жерде  тыныс  дыбысы  естілмейді.  Осы  жақта 

83 
 
қабырғалар  арасы  қабысып  тұрады,  дем  алғанда  осы  жақтакейде  тыныс 
қозғалысы төмендеп, болмауы да мүмкін. Саусақпен қағып көргенде осы қан 
жиналған жерде ашық өкпе дыбысы естілмейді. Ауру мазасызданады, кеудесі 
қысып ауырады, тынысы алуы жиілеп, минутына 40-60 рет дем алады. Тамыр 
соғысы жиілейді, әлсізденеді. Өкпеге қан жиналуы жабықтай жарақат алғанда 
50-90% шамасында кездеседі. 
 
ӨКПЕ ЖАРАҚАТЫН ЕМДЕУ 
Алғашқы  көмек  өкпе  қуысындағы  ауаны  шығарып,  өкпені  дем  алуға 
ыңғайлайды,  жарасын  тез  арада  таза  дәкемен  жауып,  ауруды  емханаға 
жеткізеді. 
Хирургиялық  тәсіл.  Егерде  өкпе  қуысына  ауа  толса  онда  оны  2-3-ші 
қабырғалар  арасынан,  бұғананың  орта  бөлігінен  инемен  тесіп  сорып  алу 
керек. Осы тәсіл жоғарыда көрсетілген. Ал егерде өкпе қуысына қан құйылса 
оны  7-8  қабырғалар  ортасынан  жауырынның  төменгі  етегі  бойымен  не 
қолтықтың артқы бойынан инемен тесіп сорып алу қажет. Содан соң ауруды 
айнаға  салып  көру  керек.  Егерде  онда  тағы  да  көптеп  қан  жиналса,  не  ауа 
толса  және  өкпетолық  жазылмаса,  онда  өкпе  қуысына  резеңке  түтік  қояды. 
Осы түтікпен ауа не қан тоқтаусыз шыға берсе, онда ауруға операция жасау 
керек.  Ал  қан  тоқтаса,  онда  біртәулік  ішінде  осы  түтікті  Петров-Бюлау 
тәсілімен қалдырады (64 сурет). 
 
65 сурет. Өкпе қуысына aуa толғанды оны 
біртіндеп сорып алу тәсілі. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Осылай  етіп  8  күнге  дейін  ұстайды.  Осы  уақытта  өкпенің  жарасы 
өзінен-өзі  бітеліп  кетеді.  Ал,  Вагнер  (1981)  3-4  күн  ішінде  өкпетолық 
жазылмаса,  ауа  келуі  аз  да  болса  білініп  тұрса  онда  операция  жасау 
керектігін айтады. Операция жасаудың керектігін көрсететін негізгі бір тәсіл 
-  Ривилуа-Грегуар  тәсілі,  Бұл  тәсіл  жоғарыда  көрсетілген.  Өкпе 
жарақаттанғанда кеудені 5-6 қабырғалар арасынан ашады. 
Ауруды сау  жағына жатқызады. Ал жараны жақсылап жабады. 
Өкпенін  кесіле  енген  жарасының  маңы  тегіс  болса,  оны  кетгутпен, 
жібек  жіппен  не  лавсанмен  дөңгелек  инемен  тігукерек.  Тыныс  жолдарын 
жібек  жіппен  тігеді.  Р.  П.  Аскерханов  пен  М.  И.  Шахшаевтың  (1972)  тәсілі 
бойынша  өкпенің  тереңжарасын  қан  тамырларын  байлағаннан  кейін  8 

84 
 
сияқты етіп жараны түбіне дейін қосып алып тігу жөн. Ал оқ тиген болса, не 
өкпе жалбырай жыртылса, онда оның жан-жағын кесіп алып тастап,   кейде 
бұрыштап  алып,  не  өкпенің  жартысын,  не  бүкіл  өкпені  алып  тастауға  да 
болатын    жағдайлар  кездеседі.  Операциядан  кейін  8-ші    қабырға  арасынан 
түтік  қалдыру  қажет.  Кеуде  тынысын  бір  қалыпқа  келтіру  үшін  ең  бір 
қажетті  жағдай  –  операциядан  кейін  мойынға  вагосимпатикалық  блокада,не 
перидуралық  емдеу  жасалады.  Егер  тыныс  жолдары  қақырықпен  бітеліп 
қалса  оны  мұрын  тыныс  жолы  арқылы  жіберілген  резеңке  түтікпен  сорып 
алып  тазалау  керек.  Одан  да  көмек  болмаса,  онда  тыныс  жолдарын 
(түтіктерін)  рентген  жасайды  (бронхоскопия).  Тыныс  жолдарының 
қабынуынан сақтану үшін мынадай емдер жасау қажет: 
1.  Вишневскийдің  тәсілімен  мойыннан  0,5%  40,0  -  60,0мл  новокаин 
ерітіндісін жіберу не жұлдызша безді Мини тәсілімен блокада жасау. 
2. Тыныс гимнастикасын жасау, резеңке шарды ауызбен ауаға толтыру. 
3.  Антибиотиктермен  емдеу,  тыныс  жолдарына  протеолитикалық 
ферменттерді жіберу. 
4. Керек болса жүрек-тамыр жұмысын жақсартатын дәрі беру. 
5. Оттегімен демалдыру т.б. 
6.  Ауруды  төсекте  жартылай  отырғызып  жатқызады,  немесе  бас  жағын 
көлбей биіктетіп қою керек. 
 
КЕҢІРДЕК ПЕН ТӨМЕНГІ ТЫНЫС 
ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ 
Осы  көрсетілген  жарақаттар  клиникалық  іс  жүзінде  небәрі  500-ден 
асағана  кездескен.  Бұл  жарақаттардың  тікелей  және  жабықтай  түрлері  бар. 
Тікелей  жарақатоқ  тигенде,  пышақпен  ұрғанда,  не  сынған  қабырғалардың 
ұшымен кесілгенде,кейде наркоз беріп жатқанда осы наркотикалық заттарды 
түтікпен 
жіберген 
кездеолардың 
тыныс 
жолдарын 
жаралағанда, 
бронхоскопия  жасағанда  оның жыртылып  кетуі  төменгі  тыныс  жолдарының 
кеуде мен омыртқа арасына қатты қысылып қалғанында (ол  көбінесе көлемі  
кішкентай ауыр күшпен қатты қысқанда)болады. Тыныс жолдарының тікелей 
жарақаты    көптеген  деректерге  қарағанда  небәрі  5%  шамасында,  көбінесе 
жабықтай  түрі  кездеседі.  Бұлар  осы  тыныс  түтіктерінің  бүкіл  көлемінде,  не 
жарты  көлемінде,  шеміршектердің  арасынан,  не  тыныс  шеміршектерінің 
екіге бөлінген жерлерінде болады. Жыртылу түрлері көлденең, қиыстап және 
ұзына  бойымен  болуы  керек.  Кейде  тек  қана  тыныс  кеңірдектерінің 
шеміршектері  жыртылып,  ал  оның  ішкі  жұқа  қабығы  жырылмай  сау  болуы 
мүмкін. Тыныс түтіктерінің жарақатын табу өте қиын. Негізінде ол әрқашан 
жүректің жарылуымен, дененің  ірі қан  тамырларының зақымдануымен,  ішкі 
құрылыстардың  жарақат-тануымен  бірге  болады.  Тыныс  жолдарының 
(бронхтың)  зақымдалуының  негізгі  белгілері:  дем  алудың  нашарлауы,  өкпе 
қуысына, екі өкпе аралық орта қуысқа ауа толуы, тері астына ауа кетуі, өкпе 
қабының  арасына  қан  толуы  және  аурудың  қан  түкіруі.  Осы  қуыстарға  ауа 
толуының  көлемі  негізінен  (бронхтың)  жарасының  көлемімен,  оның  осы 

85 
 
тыныс  жолының  қай  жерінде  болғанымен  байланысты.  Осы  "газовый 
синдром" дегеніміз,өкпе қуыстарына ауа толуы, ауаның екі өкпеаралық орта 
қуысқа  және  тері  астына  жиналуы,  ауаның  тоқтаусыз  шығуының  әсерінен 
оны  азайтуға  жасалған  әрекеттер  көбінесе  іске  аспайды.  Ауаның  орталық  
қуысқа  тоқтаусыз  толуы  осы  қуыстағы  құрылыстардың  (ішкі  көк  қан 
тамырларын,  оң  жақ  жүрек  қалтасын)  олардың  жұмысын  өте  нашарлатып 
тастауы мүмкін. Осындай уақытта ауруға ауа жетіспейді, ол көгілдір тартады, 
тұншыққандай  жөтеледі,  жұтынуы  нашарлайды,  дыбысы  қырылдап 
әлсізденеді,  беті  ісінеді.  Төсі,  шеміршектің  үсті,  бұғаналардың  үстіңгі 
шұқыршақтарында  қолмен  басқандатері астында  әлсіз  сықыр  пайда  болады. 
Жүрек  көлемін  саусақпен  қағып  табу  қиындайды,  ал  тыңдағанда  жүрек 
қағысымен  қоса  әлсіз  сықыр,  не  бүлкілдеген  дыбыс  естіледі.  Рентген  жасап 
қарағанда  ортаңғы  қуыс  кеңейіп,  оның  жиектерінде  екі  ақшылдау  жолақ 
пайда  болады.  Кеуде  көк  еті  әлдеқайда  төмен  тұрады,  оның  себебі  өкпе 
аралық  қуыстың  және  өкпеқабының  арасына  көптеген  ауа  толуымен 
байланысты.  Деректерге  қарағанда,  тек  қана  тыныс  түтіктері  мен  кеңірдек 
жараланса,өкпе  қабының  арасынан  өкпе  қуысына  қан  кетеді.  Ал,  осы 
жерлерге  қан  толуы,  негізінде  өкпе,  ірі  қан  тамырлары,  жүрек 
жарақаттанғанда кездеседі. Жүрек пен ірі қан тамырлары жараланса, адам тез 
өліп кетеді. 
Ал  тағы  бір  кездесетін  жәйт  -  "геморрагиялық  синдром"  деп  аталады. 
Оның  мәнісі  тыныс  жолдарының  қанға  толуы  мен  аурудың  көпке  дейін  қан 
түкіруі.  Осы  тыныс  жолдарының  жарақаттанғанын  табу  үшін  бронхоскопия 
менбронхография жасау керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет