Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
Буын  шыға  беруінің  қайталану  себептерінің  негізінде  дағдылы  буын 
шығуды емдеген кездегі олқылықтар, кемістіктер, буынды анестетиксіз салу, 
салу  кезіндегі  болған  зақымдар,  буын  салынғаннан  кейін  оны  бекітпей 
қозғалту. Таңғыда ұстаудағы уақытының аздығы немесе дұрыс еместігі, тіпті 
таңбауы, таңуды шешкеннен кейін функционалды емдеу курсынан бас тарту, 
ерте  қолды  көтеретін  функционалды  күш  түсіру,  зақымданған  буын 
тіндерінің  анатомиялық  және  функционалдық  орнына  келу  мерзімінен  ерте 
күш түсіру. 
Буынның  дағдылы  шығуы  иық  басының  анатомиялық  бекуінің 
кемістігіне байланысты. Бұл буында болатын буын шығулардың ішінде иық 
буынының  дағдылы  шығуы  12-16%  құрайды.  20-40  жастағы  ер  адамдарда 
жиі  кездеседі.  Иық  буынының  дағдылы  шығу  анамнезі,  объективті 
клиникалық  және  рентгенологиялық  тексерулер  негізінде  қойылады. 
Анамнезден 3-6 айдан 2 жылға дейін иықтың бірінші шығуынан кейін буын 
шығуы  қайталанғанын  білуге  болады.  Науқастың  айтуы  бойынша  кейінгі 
жолы буын болмашы күшке де шыға береді, яғни келесі шығулар жеңіл және 
аралары  өте  жиі  болады.  Кей  адамдарда  буын  шығуының  қайталануы  тағы 
да  зақым  алу  әсерінен  болады.  Құлау  немесе  оқыс  қимылдан,  ал  басқа 
біреулерінде  ешқандай  зақымсыз,  оқыс  қимылдан  (мысалы,  киім  кигенде, 
созылып зат алу әсерінен және басқалар). 
Клиникалық  тексеруде  иық  бұлшық  етінің,  иық  аймағының  және  иық 
үсті  бұлшықеттерінің  гипотрофиясы  байқалады.  Гипотрофия  көрінісі 
әртүрлі:  иық  буыны  аймағы  контурларының  тегістігінен  бұлшықет 
гипотрофиясының  айқын  көрінісіне  дейін.  Бұдан  басқа  буынның  дағдылы 
шығуында:  Вайнштейн  симптомы  -  иықтың  тік  бұрыш  жасап  жылжып 
сыртына айналуының шектелуі, Бабич симтомы - науқастың енжар қимылын 
тексеруге  дәрігер  әрекеттенгенде,  науқас  буынның  тағы  шығуынан 
жасқанып бұлшық етін толық босата алмай әлсіз қозғалыстарымен қарсылық 
көрсетеді, Хитров симптомы - тоқпан жілікті  төмен тартып   ішке  бұрғанда  
тоқпан  жілікбасы    мен    акромиальді  өскін  аралықтарында  диастаз  (аралық 
кеңістік)  байқалады.  Оның  себебі  иық  бойы  еттерінің,  дельта  тәрізді, 
жауырынның  қырүстілік,  қырастылық  және  домалақ  еттерінің  толықтай 
солуы салдарынан болады. Дағдылы шығатын тоқпан жілікті салу өте жеңіл 
және  кейбір  аурулар  өздері  салып  үйренеді.  Диагноз  анамнез  негізінде 
қойылады,  ал  объективті  клиникалық  белгілері  өте  аз.  Кей  жағдайда 
бұлшықет  семуі  және  зақымданған  буын  аймағындағы  ауырғандық 
сезімталдығының әлсізденгені байқалады. 
Емдеу.  Дағдылы  буын  шығуын  хирургиялық  жолмен  емдейді. 
Операцияның көп түрі көрсетілген: капсулорафия, теносуспенция, капсулаға 
пластикалық  операция  жасау,  сондай-ақ  байламдармен,  буын  қапшығын 
бекітетін сіңірге пластикалық операция, сүйекті трансплантация және аллоп-
ластика жасау. Бірақ осы иықтың буынының дағдылы шығуына көрсетілген 
бұл  операциялардан  кейін  белгілі  бір  пайызында  тоқпан  жіліктің  қайта 

57 
 
шығатынын  ескерген  жөн.  Ең  азбуын  шығуы  қайталанатын  операция 
Бойчевтің II операциясы (40 сурет). 
 
 
 
40 сурет. Иыктыңдағдылы буын шығуындағы  
Бойчевтің II операциясы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
БОЙЧЕВТІҢ ЕКІНШІ ОПЕРАЦИЯСЫ 
Операцияны  ауруды  арқасымен  жатқызып,  астына  белдік  қойған 
жағдайда  наркозбен  жасайды.  Құстұмсық  тәрізді  өскінді  екі  басты 
бұлшықеттің  қысқа  басымен  құстұмсық  тәрізді  иықты  және  жарты  кішкене 
кеуде  бұлшық  етімен  қоса  кеседі.  Құстұмсық  тәрізді  өскінді  астына  қарай 
жылжытса  көлденең  орналасқан  жауырын  асты  бұлшық  еті  көрінеді. 
Бұлшықеттің  астына,  сіңір  және  өзінің  бұлшықеттері жапсырылған  кесілген 
құстұмсық тәрізді өскінді корнцангпен  кіргізеді де, өз орнына тігіп бекітеді. 
Қолды торакобрахиальді таңғышпен 4-6 аптаға дейін таңып қояды. 
 
Біздің клиникада тоқпан жіліктің дағдылы шығуында жасалынатын 
операция түрлері 
Біздің  клиниканың  доценті  М.М.Сулейменовтің  иықты  көтеріп  байлау 
операциясы. 
Иық  буынын  ашып,  тоқпан  жіліктің  хирургиялық  мойнынан  алдынан 
артына  қарай  көлденең  бізбен  тесіп,  одан  қара  малдың  ішпердесінен 
жасалынған  лентаны  (лавсан,  капрон  ленталарын)  өткізіп,  екінші  тесікті 
құстұмсық  өсіндісінен  астынан  үстіне  қарай  теседі  де,  хирургиялық 
мойыннан  өткізілген  жіптің  артқы  жақ  бөлігін  осы  тесіктен  астынан  үстіне 
қарай  өткізеді.  Үшінші  тесікті  жауырынның  акромион  өсіндісінен  астынан 
үстіне қарай  тесік жасап,  хирургиялық  мойнынан өткізілген  жіптің алдыңғы 
жақ  бөлігін  осы  тесіктен  өткізеді  де  жіптердің  ұштарын  бір-бірімен  тартып 
тігеді. Сөйтіп торакоброхиальды гипсті 2 айға салады(41 сурет). 
 
 
 

58 
 
 
41 сурет. Сулейменов операциясы.  
42 сурет. Байжумартов операциясы 
 
М.ғ.к. С.А. Байжумартовтың иық буыны дағдылы шыққанда дөңгелек 
байлам жасау операциясы 
 
Иық  буынын  ашып  тоқпан  жіліктің  хирургиялық  мойнынан  жілік 
басының  ортасына  қарай  бізбен  теседі.  Екінші  тесікті  жауырын  ойығының 
ортасынан  жауырынның мойнына  қарай  қиғаш  тесік  жасап  осы  тесіктерден 
қара  малдың  ішпердесінен  жасалған  жіпті  (лавсан,  капрон  ленталарын) 
өткізіп,  жіптердің  ұштарын  буынның  алдыңғы  беті  тұсынан  байлап  тігіс 
саламыз. Торакоброхиальды гипсті 2 айға саламыз.  
 
БІЛЕКТІҢ ШЫҒУЫ 
Жиілік  жағынан  шынтақ  буынының  шығуы  басқа  буын  шығуларға 
қарағанда  2-ші  орында,  18-27%-ын  құрайды.  Көбінесе  ол  созылған  қолға 
құлаған жағдайда шынтақ қайырылып кеткенде шығады. 
Шынтақта: 
1.  Шынтақтың  екі  сүйегінің  де  буынынан  шығуы  (артқа,  алдыға, 
сыртына, ішіне, екі жаққа қарай шығуы). 
2. Жалғыз кәрі жілік сүйегінің шығуы (алдыға, артқа, сыртына). 
3. Шынтақ сүйегінің ғана шығуы. 
Көп  жағдайда  екі  сүйектің  де  артқа  шығуы  (90°)  және  жалғыз  шынтақ 
сүйегінің  алдына  шығуы  жиі  кездеседі.  Шынтақ  сүйектерінің  буын 
шығуының басқа түрлері сирек кездеседі (43 сурет). 
 

59 
 
 
43 сурет. Шынтақ сүйектерініңбуын шығуының түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
БІЛЕКТІҢ АРТҚА ШЫҒУЫ 
Буынның  өзгеру  негізіне  қарай  диагноз  қойылады.  Буын  айналасы 
үлкейген,  ауырады,  қол  артқа  қайырылып  тұрады.  Бірақ  қол  белсенді 
қозғалмайды. Ал енжар қозғалту кезінде қол "серпінді тойтарыс" қайтарады. 
Алдынан  салыстырғанда  шынтақ  сүйек  сау  жағынан  қысқа.  Шынтақты 
өскіні  артқа  қалыпты  жағынан  артық  шығып,  жоғары  айдаршықтың  үстіңгі 
сызығынан артқа, Гюнтер сызығында орналасқан (44 сурет). 
 
 
44 сурет. а) Гюнтер сызығы -қол созылған жағдайда айдаршық үстілерін 
қосатын түзу.б) Гюнтер үшбұрышы - айдаршық үстілерімен шынтақтың 
өскіні тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштарын құрайды. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
а)  Гюнтер  үшбұрышы  -  айдаршық  үстілері  мен  шынтақтың  өскіні  тең 
қабырғалы үшбұрышты құрайды. 
б) Шынтақ буынының алдында иық эпифизін сипап байқауға болады. 
  
 
45 сурет. Артқа шыққан буынын орнына салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

60 
 
Буынның артқа шығуын наркозбен салады. Науқасты столға арқасымен 
жатқызады.  Иық  артқа,  шынтақ  бүгіліп  білезік  тігінен  орналасқан.  Хирург 
үлкен  бас  бармақтарын  шынтақ  өскініне  басып,иық  сүйегін  басқа 
саусақтарымен  алдынан  артқа  итере,  сонымен  қатар  шынтақ  өскіндерін 
алдыға жылжытады (45сурет). 
Бұл кезде көмекші шынтақ сүйегін ұзынынан тартып шынтақ буынының 
бүгілуін қамтамасыз етеді. Буын салынғаннан кейін рентген көрінісіне түседі, 
күре  тамырдан  пульс  тексереді.  Ақырына  дейін  берулі  тұрған  шынтақ 
буынын артқы гипсті таңғышпен 7 тәулікке таңып тастайды, кейіннен емдеу 
дене шынықтыруын өткізеді (басында байқап, ақырындап, 10-шы күннен әрі 
қарай  жүргізу  қажет),  жылы  процедураларды  қосу  керек.  Еңбекке 
жарамдылығы 20-30 тәуліктен кейін орнына келеді. 
 
ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ АЛДЫНА ШЫҒУЫ 
Оны  салу  үшін  иық  және  шынтақ  буындарының  бүгілуін  қажет  етеді. 
Көмекші  қол  мен  білектің  ұзынынан  тартып,  ақырын  оны  бүгеді,  сол  кезде 
хирург өзінің бас бармағын тоқпан жілік буындарының буынды ұшын басып 
жоғарғы  бағытта  алдыға  көтереді,  сонымен  бір  уақытта  қалған 
саусақтарымен  төменгі  бағытта  білекті  артқа  жылжытады.  Буынды  салудан 
бұрын  және  одан  кейін  рентгенологиялық  бақылау  жүргізеді.  Бұдан  басқа 
түрі  өзгертілген  әдісті  де  қолданады.  Буынды  салғаннан  кейін  көмекші 
білектің бұрышын сәл ғана жазу керек.  Осындай жағдайда супинацияланған 
білекте,  10-12  тәулікке  артқы  гипсті  таңғышпен  бекітеді.  Қолмен  салу 
нәтижесіз  болса  операциялық  жолмен  салады,  бірақ  буын  айналасында 
оссификация болмауы керек, оссификация болған жағдайда (екі аптада пайда 
болуы  мүмкін)  артродез  немесе  шынтақ  буынының  артропластикасын 
жүргізген жөн. 
 
ОРТАН ЖІЛІКТІҢ ШЫҒУЫ 
Зақым  әсерінен  жамбас-сан  буынының  шығуы  буын  шығулар  ішінде 
5%-ын  құрайды.  Буын  алдыға  немесе  артқа  шығады.  Артқа  шығуы:  артқа 
жоғарғы  немесе  мықындық  және  артқы  төменгі  немесе  шонданай  сүйегі 
үстіне,  ал  алдыға  шығуы:  алдыңғы  жоғарғы  немесе  шат  сүйегі  үстінде  және 
алдыға төменгі-жапқыш тесік тұсында болып бөлінеді. Сан буынының артқа 
шығуы  -  шонданай  және  мықынды,  алдыға  шығудан  3  есе  көп  кездеседі. 
Артқа шығулардың ішінен мықынға шығу басым. Зақым әсерінен жамбастың 
шығуы  20-50  жас  арасындағы  білекті,  денелі  адамдарда  байқалады. 
Буынының  артқа    шығу    механизмі  зақым  күшінің  тура  түспегендігінен  сан 
ішке айналып екінші аяғына жабысып тұрады. 
Бұл  жағдайда  сүйектің  басы  буын  қапшығын  жыртып  оны  өзінің 
шетімен бұлшықет арасына қысып тастайды, ал дөңгелек байлам толығымен 
үзіледі, сан сүйегінің басы жамбас қанатының сыртына және артқы беткейге 
қарай  орналасады,  сан  басының  төменгі  шонданай  тұсына  шығуында  сан 
басы  ұршықты  ойықтың  астына  және  артқа  ығыстырылады.  Жамбас 
шыққанда қатты ауырып, буын шыққан аяғын баса алмайды. Аяқ буынының 

61 
 
шығу  түріне  қарай  мәжбүр  қалыпта  орналасады.  Артқа  шыққан  жағдайда 
жамбас-сан  буыны  бүгіліп,  ішіне  айналып  екінші  санға  жабысып  тұрады,  
аяқты қозғалту мүмкін емес (46 сурет, а, б). 
 
 
 
46 сурет. Сан буынының шыққан кездегі қалпы (түрі): а) сан сүйегінің басы 
жамбас қанатынын үстіне; б) сан сүйегінің басы, шонданай сүйегінің артына 
төмен орналасуы; в) сан сүйегінің басы, шат сүйектің алдынғы үстіне қарай 
орналасуы; г) сан сүйегінің басы жапқыш тесік үстіне қарай орналасуы. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Аяқты  түзетуге  әрекеттенгенде  ауырады,  бұл  жағдайда  буын  шығуына 
тән  серіппелі  тойтарыс  беріледі.  Аяқ  қысқарады.  Шап  байламынан  астында 
ойық  байқалады,  ал  артынан  кей  жағдайда  томпайып,  жылжып  кеткен 
сүйектің  басын  сипап  көруге  болады.  Үлкен  ұршық    Розер-Нелатон 
сызығынан жоғары орналасқан. Буын басының алдыға шыққан түрінде, яғни 
жапқыш  тесік және  шатсүйегі үстінде тұрғанда аяқтың ұзарғандығы білінеді 
(47 сурет, в, г). 
 
47-сурет. Кохер бойынша шыққан сан сүйегінің басын орнына салу:  
а) науқастың қалпы; б) артқа қарай шыққан сан сүйегінің басын орнына 
салу; в) алдына қарай шыққан сан буының орнына салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

62 
 
Ортан  жіліктің  басы  жапқыш  тесікке  қарай  шығу  түрінде  жамбас 
буынының ішкі жағынан сүйек басы білінеді, бөксе бөлігі жалпайған, үлкен 
ұршық  байқалмайды.  Рентгенологиялық  тексеру  клиника  көрінісін 
толықтырады.  Жамбас  буыны  наркоз  арқылы  салынады.  Артқа  шыққан 
буынды салуда Кохер әдісі көп қолданылады. Сырқат едендс немесе столда 
арқасымен жатады. Көмекші екі қолымен аурудың жамбасын ұстап тұрады, 
хирург  шыққан  аяқты  тізе  және  жамбас  буындарын  90°  бүгіп  және  оны 
жоғары қарай тартады, сонымен қоса тізе буынын ішке қарай иеді. Осы кезде 
жілік басы сыртқа қарай керіліп, жамбас шұқырына қарсы орналасады. Сол 
кезде тізе буынын сыртқа қарай керіп, тізені жазады. (47сурет а, б,  в).  Буын 
орнына түскен жағдайда көбінесе сырт ете түседі. 
Буынды  Джанелидзе  әдісі  бойынша  салған  жағдайда  ауруды 
зақымданған  аяғын  салбыратып  ішімен  столға  жатқызады  (48  сурет). 
Жамбас мықты ұсталып тұру үшін сүйек қырының астына екі құм салынған 
қапшық  қойылады.  Көмекші  екі  қолымен  аурудың  жамбасын  басып 
қозғалтпай  жапсырып  тұрады.  Егер  буынды  наркозбен  салса,онда  ауруды 
қатты ұйықтағаннан кейін ғана ішінежатқызады. 
 
 
 
48 сурет. Джанелидзе әдісімен ұршықбуынды орнына түсіру 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Наркозсыз буынды орнына салғанда ауру етбетінен 10-20 минутжатады. 
Көмекші  қолымен  сегізкөзді  қысып,  жамбасты  қозғалтпай  ұстап  тұрады. 
Хирург  стол  мен  салбырап  тұрған  аяқтың  ортасына  тұрып  аурудың  аяғын 
тізеден түзу бұрыш жасап бүгеді, оны аурудың тақымының үстіне өз тізесін 
қояды  да  ортан  жілікті  өс  бойымен  төмен  қарай  басады.  Тартуды  күшейте 
түсіп,  тізені  үстел  астындағы  қуысқа  қарай  итереді  де  тізені  сыртқа  қарай 
кереді.  Осы  әрекеттер  нәтижесінде  сүйектің  басы  ұршықты  ойпатқа 
жақындап,  сырт  етіп  түсіп  кетеді.  Салып  болғаннан  кейін  ауруды 
шалқасынан  жатқызып,  ортан  айдаршығы  үстінен  сым  өткізіп,  доға  кигізіп, 
аяғын  Беллер  шинасына  салып,  доғадан  5-8кг  салмақ  іліп  6-8  аптаға  керіп 
қоямыз.    Буынның  алдыға  шыққандағы  түрін  салу  біраз  басқаша.  Мұнда 
табаннан  ұстап  аяқты  ұзынынан  тартып,  санның  проксимальді  бөлігін 
ілмешекпен  бір  жағына  тартуын  бір  уақытта  жүргізген  жөн.  Аяқ  буынын 

63 
 
салып  болғаннан  кейін  жамбас,  тізе  және  тобық  буынын  ұстап  тұратын 
артқы  гипсті  лонгета  салынады.  30  тәуліктен  кейін  аурулар  балдақтың 
көмегімен  аяғына  күш  түсірмей  8-10  апта  жүреді.  Физиотерапиялық 
процедура  жасалады.  Еңбекке  жарамдылығы  3  айдан  кейін  қалпына  келеді. 
Жамбас  буынын  салудың  ақыры  жағымды.  Кейбір  ауруларда  ортан 
жіліктіңбасындағы қан айналымының бұзылуы әсерінен асептикалық некроз 
және  түр  өзгертетін  остеоартроз  пайда  болады.  Ескірген  және  орнына 
түспейтін  жамбас  буынының  шығуы  да  операция  арқылы  түсіріледі.  Бірақ 
буын  салынбайтын  жағдайда  артқы,  сыртқы  тілік  бойынша  салуға,  ал 
ескірген шығуда буын артродезін жасауға әрекеттенген жөн.  
 
Асықты жіліктің (сирақтың) шығуы 
Сирақ  буынының  шығуы  өте  сирек  кездеседі.  Ол  бүкіл  зақымдалып 
шыққан  буындардың  1-1,5%-дай  ғана  құрайды.  Себебі  анатомо-
физиологиялық  ерекшеліктері  буынды  сырттан  тиетін  зақымға  мықтылық 
білдіртеді.  Буынның  шығуы  зақым  әсерінің  сираққа  тура  тиюінде  немесе 
тура  тимеуінен  болады.  Сирақтың  қалай  қарай  жылжуына  байланысты 
буынның  шығуы  алдына,  артына,  сыртқа  және  ішке  болып  бөлінеді.  Кейде 
буын  шығып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  сүйегінің  сынуы,  тамыр 
жүйелерінің зақымдалуы мүмкін.  
Буынның өзгеру негізіне қарай диагноз қойылады. Егер сирақ алға кетсе 
үлкен  жіліншіктің  басы  шығып  тұрады.  Аяқ  қысқарады,  буында  ешқандай 
қозғалыс  болмайды,  тізе  тиегінің  қозғалысы  көбейеді.  Сирақ  артқа  кеткен 
жағдайда  тізе  тиегі  қозғалмайды,  алдыңғы  жақтан  ортан  жіліктің 
айдаршықтары шығыңқы тұрады. 
Сирақ буынының барлық шығу түрлері де қанайналысының бұзылуына 
әкеп  соғады  (сирақ  пен  табанның сұрғылт  тартып  мұздауы,  ісінуі).  Диагноз 
рентген суреті арқылы толықтырылады.  
Емдеу.  Ауруды  ұйықтатып,  тез  арада  шыққан  буынды  орнына  салу 
керек.  Ол  үшін  ауру  ұйықтаған  соң,  шалқасынан  жатқызып,  бір  көмекші 
қолымен  жамбас  пен  санын  мықтап  ұстайды,  ал  екінші  көмекші  сирақтан 
жұлқыламай ақырындап, тартуды күшейтеді, бұл кезде хирург шыққан ортан 
жілік  пен  үлкен  жілікті  біріне–бірін  жақындатып  орнына  түсіреді.  Шыққан 
буын орнына салынған соң 4-6 жұмаға гипсті таңғыш салады.  
Егер буын орнына түспеген жағдайда операция жасау керек. Буынды іш 
жағынан  ашып,  қандай  жарақаттың  бар  екеніне  көзі  жеткен  соң,  шыққан 
буынын  орнына  салады.  Жараны  тігіп,  аяққа  саусақтың  басынан  тақымына 
шейін    6-8  жұмаға  гипстен  таңғыш  салады.  Егер  буынға  қан  жиналса, 
буынды  тесіп  қанын  сорып  алады.  1-1,5  жұмадан  кейін  ауруға  еттерін 
жиырылтып, аяққа салмақ салмай балдақпен жүруіне рұқсат беріледі. Толық 
салмақ  салып  жүру  тек  қана  6-8  жұмадан  кейін  мүмкін.  Гипсті  алған  соң 
аяқты  сылап-сипап,  физиотерапиялық  емдер  қолданылады.  Жұмысқа  3-5 
айдан кейін шығады. 

64 
 
Сирақ буыны уақытында орнына салынбай ескірген болса, оны орнына 
салу  үшін  Волков-Огонесян  аппаратын  қолдануға  болады.  Бұл  аппарат 
ауруға  ерте  жүгіруге,  буынды  қозғауға,  физиотерапевтік  емдерді  ертерек 
алуға  мүмкіндік  береді.  Сирақ  буынының  шығу  зардабынан  тамырлары 
бітпей  тізенің  ойнамалы  болып,  жүргенде  буынды  ұстамауы  мүмкін. 
Сондықтан  буынды  орнына  салған  соң,  буынның қозғалуын  тез  өз  қалпына 
келтіреміз деп асығыстық жасауға болмайды. Өйткені, буынның жан-жағына 
жаңадан  пайда  болатын  шандырлар  буынды  бекітіп,  аяққа  толық  салмақ 
салып жүруіне мүмкіндік береді. 
 
II ТАРАУ. СІҢІР МЕН БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ 
Сіңірлердің  жарақаттануы  ашық  және  жабық  болып  бөлінеді. 
Сіңірлердің  жабық  жарақаттануын  немесе  терісі  бүлінбей  жарақаттануын 
тері  астындағы  жарақат  деп  атайды.  Мұндай  жарақат  жазылдырғыш 
сіңірлерге тән. 
Тері  астындағы  сіңірдің  жарақаттануы  қатты  затпен  ұрғанда  немесе 
бұлшықет  қатты  тартылғанда  пайда  болады.  Сіңірдің  ашық  жарақаттануы 
пышақпен не өткір темір, шынымен кесілгенде пайда болады және қосымша 
қантамырлары мен жүйке тамырлары да жарақаттануы мүмкін. 
Сіңір кесілгеннен кейін бұлшықет жағы еттің жиырылуына байланысты 
жоғары  қарай  тартылып  кетеді.  Сіңірдің  жарақаттануының  диагнозын 
жарақаттанған  сіңір  еттің  кызметінің  бұзылуынан  анықтауға  болады. 
Мысалы:  саусақтардың  тереңгі  бүгілдіргіштері  жарақаттанса,  саусақтардың 
тырнақтық  бақайшақтары  бүгілмейді.  Егерде  терең  және  беткей  сіңірлері 
жарақаттанса  саусақтың  акырғы  және  ортаңғы  бақайшақтары  ерікті  бүгетін 
қозғалысы  жойылады.  Егерде  тек  беткей  сіңір  кесілсе  саусақтың  козғалысы 
тереңде жатқан сіңір арқылы сақталады. 
Саусақтың  жазылдырғыш  сіңірі  жарақаттанғанда  саусактың  тырнақтық 
бақайшағы  бүгулі  қалыпта  тұрады,  оны  ерікті  жаза  алмайды.  Бұл  жағдайда 
саусақ "балға тәрізді" түрге ие болады (49сурет). 
 
 
49 сурет. Екінші саусақтың жазылдырғыш сіңірінің  
жарақаттанғандағы саусақтың түрі. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
Сіңір толық жарақаттанса, оны оперативтік әдіспен үзілген ұштарын бір-
бірімен тігеді. 

65 
 
СІҢІР ТІГІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ 
Сіңір тігістері мынандай тілектерге жауап беруі керек: 

 
Жабайы және жеңіл орындалатын болу керек. 

 
Үзілген сіңірлердің ұштарын қатты бекітіп ұстап тұру керек. 

 
Шама  келгенше  тігіс  пен  сінір  ішіндегі ұсақ  қан  тамырларын  аз бұзу 
керек. 
 
Бүгілдіргіш сіңірдің тігістері үш топқа бөлінеді: 

 
Сіңір ішіндегі алынбайтын бейімдендіруші тігіс. 

 
Жоғарғы одақтастыру тігісі және сіңірдін трансплантациясы. 

 
Алынып тасталатын сіңірлер тігісі. 
Сіңір  ішіндегі  алынбайтын  бейімдендіруші  тігіс(50сурет). 
 
 
50 сурет. Сіңірбағанасы ішілік тігістер салу түрлері. 
а —Кюнео бойынша; б — Беннелю бойынша; в — Казаков бойынша; 
 г — Розов бойынша; 9 — тіккен жіпті алып тастау үшін тері сыртына 
түймемен уақытша бекітіп қою әдісі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
Барлық тігістің  жібі  сіңірдің  ішінен  өтеді  де,тігетін  жіптің  ұштары  ине 
кірген және шыққан жерінде болады. Тігіс материалы үшін жіңішке капрон, 
лавсан және жібек жіптер қолданылады. 
Кюнео тігісінің кемістігі - жіптің ұштарын тартқанда сіңір ішінде өтетін 
ұсақ  қан  тамырларының  қызметін  нашарлатып  сіңірдін  ұштарының  бір-
бірімен  өсіп  жалғасуын  қиындатады.  Негізінде  бұл  тігіс  басқаларға  
қарағанда ең мықты тігіс. 
Ал  Розовтың  тігісі  қан  тамырларының  қызметін  нашарлатпайды,  бірақ 
бұл  тігіс  нашар  тігіс,  ауыр  салмаққа  шыдай  алмай,  сіңірдің  бойын  кесуі 
мүмкін. 
Жоғарғы одақтастыру тігісі және сіңірдің  трансфиксациясы (50 сурет). 
Жоғарғы одақтастыру тігісі сіңірдің үзілген жері тігілгеннен кейін әбден 
жазылғанша  уақытша  салынатын  тігіс.  Одақтастыру  тігісін  үзілген  жерден 
жоғары  салып  жіптің  ұшын  терінің  сыртына  шығарып  түйме  арқылы 
бекітеді де, үзілген жер жазылғаннан кейін суырылып алынып тасталынады. 
Мұны Беннел әдісі деп атайды. 

66 
 
Пугачевтің  біріктіру  тігісі  бойынша  тігісті  сіңірдің  үзілген  жерінен 
жоғары көлденең өткізіп екі ұшын терінің сыртына шығарып түйме арқылы 
бекітеді. 
Сіңірдің  трансфиксациясы-  уақытша  үзілген  сіңірдің  жоғарғы  жағынан 
тері арқылы не сүйек арқылы инемен бекітіледі. 
Бұндай  тігіс  сіңірдің  үзілген  ұштарына  салынып,  сіңір  ұштары  әбден 
өсіп біткеннен кейін суырылып алынып тасталады. 
Алынып  тасталатын  сіңір  тігістері  сіңірдің  үзілген  жерлерін 
жақындастыру қызметін атқарады. 
Алып  тасталатын  сіңір  тігісіне  жіңішке  сым  немесе  синтетикалық  жіп 
қолданылады. 
Бүгінгі  уақытта  көпшілігінде  үзілген  жерін  тігу  үшін  алып  тасталатын 
сіңір  тігісі  немесе  жақындастыру  және  одақтастыру  тігістері  бірге 
қолданылады. 
 
ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ЕКІ БАСТЫ БҰЛШЫҚЕТІ СІҢІРІНІҢ ҮЗІЛУІ 
 
Пышақпен  не  өткір  затпен  кесілгенде  бірінші  хирургиялык  тазалауда 
үзілген сіңірлерді жоғарыла көрсетілген сіңірлер тігісінің бірімен жалғайды. 
Операциядан кейін гипстен жасалған лонгеттік таңғыш салады. 
Сіңірдің  жабық  үзілуі  көбіне  бұлшықеттің  қатты  жиырылып, 
қысқарғанында  пайда  болады  және  көбінесе  екі  басты  бұлшықеттің  ұзын 
басы жиі үзіледі. 
Клиникалық  сіңірдің  үзілуі  жарақаттанған  мезгілде  қатты  ауырады. 
Алғашқы екі күн ішінде терінің астына қан ұйиды. Бұлшықеттің жиырылуы 
себебінен тері астында жұмырланып, ісік сияқты көрініп тұрады (51 сурет). 
Тері  астында  жұмырланып  екі  еттің  жиырылуын  білек  сүйектерін 
шынтақ буыннан  бүккенде ерекше көрінеді. 
 
 
 
51 сурет. Екі басты еттің сіңірі үзілгендегі клиникалық көрінісі. 
Мұндай жарақатты операция жасап емдейді. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Екі  басты  бұлшықеттің  ұзынша  басы  жасы  келген  адамдарда  үзілсе, 
сіңірдің  үзілген  ұшын  тоқпан  жіліктің  басы  жағындағы  екі  томпағының 
ортасына  сүйекке  тігеді.  Aл  егерде  жас  адамдарда  болса  сіңірдің  үзілген 
ұшын акромионның өскініне тігеді (52-сурет). 

67 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет