Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 сурет. Екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірін тігу  Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
 
52 сурет. Екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірін тігу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
АХИЛЛ СІҢІРІНІҢ ҮЗІЛУІ 
Ахилл  сіңірінің  үзілуі  ашық  және  жабық  болып  бөлінеді.  Жабық  түрі 
балтыр  бұлшықетінің  қатты  жиырылып  қысқарғанында  пайда  болады  да, 
үзілген сіңір тармақтанып қалады. 
 
 
 
53 сурет. Ахилл сіңірі тұсының шұқыршақтары 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Клиникалық  белгісі  аурудың  жүрісінің  бұзылғандығынан  білінеді  және 
аяқты  табанға  қарай  бүгуі  нашарлайды,  не  жойылады.  Ауру  аяғының 
саусақтарымен тұра алмайды. 
Аяғын  қарағанда  және  қолмен  басып  көтергенде  Ахилл  сіңірінің  тұсы 
шұқыршақ болып тұрады. (53 сурет) 
Бұл шұқыршақ аяқты үстіне қарай бүгіп, аяқтың бас жағынан қосымша 
күш түсірсе өте айқын көрнеді.  
Ахилл сіңірінің толық үзілуін тек операция жасап емдеу мүмкін. 
Егер  үзіліс  ашық  болса,  жоғарыда  айтылған  сіңір  тігістерінің  бірін 
қолданылады.  Жабық  үзілгенде  және  сіңірінің  ұштары  бір-біріне  жетпесе 
Линдхольмның,  Чернавскийдің  аутопластикалық  әдісін  қолданады  (54-55 
суреттер). 

68 
 
 
 
54 сурет Lindholm бойынша. 55 сурет. Ахилл сіңірін екі бүйірлік лоскутпен 
Чернавскийдің әдісіменпластикалаужалғау. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Операциядан кейін аяқ пен балтырға гипс таңғышын салады (56 сурет). 
 
 
56 сурет. Табанды астына қарай иіп гипстік лонгета салу  
(эквинустық қалып).  
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
III ТАРАУ. СҮЙЕКТЕР СЫНУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
(AO/ASIF) ӘМБЕБАП ЖІКТЕУІ 
 
СӘЖ (сынықтардың әмбебап жіктеуінің негізгі түрлерге (типтерге) және 
топтарға  сынықтардың  әрбір  бөлігінің зақымдалуына  байланысты  жасалған.  
Сүйектердің  әрбір  бөлігін  үш  түрге  бөліп  оларды  А,В,С  әріптерімен 
белгіленген.  
Әрбір  түрді  үш  топқа  бөлген,  оны  араб  цифрымен  (А1  А2,  А3 
В1,С2,В3,С1,С2,С3). Зақымдалудың  А1  тобы ең жеңіл  түрі болып саналады. 
Емдеу  нәтижесі  өте  жақсы,  ал  С3  тобы  сынықтардың  ең  ауыр  түрі  болып 
есептеледі де емдеу нәтижесі нашар болады.  
Сынықтардың  түрін  және  тобын  толықтай  анықтағаннан  кейін,  оның 
кіші тобын анықтауға кіріседі. 
 

69 
 
Анатомиялық орналасуы 
Анатомиялық  орналасуы  орнын  екі  цифрмен  белгілейді.  (біріншісі  -  ол 
сүйек, екіншісі-оның бөлігі (сегменті)).  
Әрбір сүйекті немесе сүйектер тобын 1-8-ге дейінгі цифрмен белгілейді 
(57 сурет). 
 
57 сурет. 1-тоқпан жілік; 2-кәрі жілік және шынтақ жілік сүйегі;  
3-ортан жілік; 4-асықты жілік және кіші жіліншік; 5-омыртқа бағанасы;  
6-жамбас сүйегі; 7-алақан сүйектері; 8-табан сүйектері; 
Барлық қалған сүйектер 9-цифрымен белгіленеді. 91.1-тәж сүйегі; 91. 
2-бұғана; 91,3-  жауырын; 92-төменгі жақ сүйегі;93-бет сүйектері  
мен бас сүйегі;Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ұзын сүйектердің бөліктері (58сурет). 
 
58 сурет. Сүйек бөліктері 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Әрбір  ұзын  сүйек  үш  бөліктен  тұрады.  Жоғарғы,  диафизі  және 
дистальды,  ал  тобықтарды  4  бөлікке  бөледі.  Асықты  жілік  және  кіші 
жіліншік (58сурет). 
Квадраттар  ережесі.  Сүйектердің  жоғары  және  төменгі  бөліктері 
квадраттармен  белгіленген  оның  қабырғалары  сүйектің  эпифиздерінің  ең 
жалпақ бөлігінің  диаметріне тең. 31-ортан жіліктің жоғарғы бөлігі оның кіші 
төмпешігінің төменгі жиегінен көлденең жүргізілген.  

70 
 
Сынықтарды сегменттерге(бөлімдерге) бөлу 
Сынықтарды  қандайда  бір  сегментке  бөлу  алдында  оның  ортасын  табу 
керек.  Жеңіл  сынықтардың  ортасын  табу  табу  оңай.  Ал  ауыр  сынықтардың 
ортасын табу тек қана оны орнына салғаннан кейін ғана табуға болады. 
Ұзын  сүйектердің  сынығын  үш  типке  бөледі.  Ұзын  сүйектердің 
диафизарлық бөлігінің сынықтарының типтері біртектес. Ол жеңіл (А типті) 
сынық  болса  немесе  жаңқаланып  сынғанда.  Жаңқаланып  сыну  сына  тәрізді 
(В типті), немесе ауыр (С типті) сынық болып орнына салғаннан кейін сынық 
бөліктерінің  (жаңқаларының)  арасы  бір  біріне  тиісіп  тұруына  байланысты. 
(59 сурет).  
 
59 сурет. Сынықтарды сегменттерге бөлу 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
IV ТАРАУ. КЕУДЕ ЖӘНЕ ИЫҚ БОЙЫ ЖАРАҚАТТАРЫ 
 
Бейбітшілік  уақытта  барлық  жарақаттың  ішінде  кеуде  жарақаттары  8-
10% шамасында кездеседі. 
Кеуде  жарақаты  негізінен  екі  түрге  бөлінеді.  Бірінші  -жабық,  екінші  - 
ашық. Жабық түрдегі жарақат үш түрлі жағдайда кездеседі: жұмыста, көлікте 
және  үйде.  Өте  жиі  кездесетіні  жұмыстан  бос  уақытта  (аулада,  үйде,  т.б. 
жерлерде) 59,6%, жүмыста небәрі 12,9% кездеседі. 
Жарақаттанғанда  кеуденің  бір  жағынан  сынуы  немесе  екі  жағынан 
сынуы мүмкін. Бірер қабырға сынғанда  мынадай белгілері болады. Сынығы 
бар  адам  терең  дем  ала  алмайды,  ауырғаны  жөтелгенде,  түшкіргенде  үлғая 
түседі.  Кейде  ол  қолымен  сынған  жерді  қысыңқырап  ұстайды.  Сынған 
жағына қарай қисайыңқырап отырады. Хал–жағдайы онша нашарламайды. 
Бірер  қабырға  негізінде  тікелей    соғылғанда,  не  ауыр  нәрсемен  тікелей  
ұрғанда    сынады.  Мұндай  сынығы  барадамды  былай  емдейді.  Біріншіден 
оған "жедел көмек"шақырады. Ол оған ауырғанын басатын дәрі беруі керек. 
1  %  промедол  тері  астына  жіберіледі.  Содан  соң  оныотырғызып  ауруханаға 
жеткізеді.  Ондағы  кезекші  дәрігер  оның  кеудесіндегі  киімдерін  шешіп, 
тексереді.  Сынған  жер  ептеп  ісіп  тұрады,  кейде  сол  жерде  тері  көгеріңкіреп 

71 
 
тұруы  мүмкін,  сынығы  бар  жағының  дем  алысы,  сау  жағындай  терең 
болмайды,  ауырғаны  жөтелгенде,  түшкіргенде  күшейе  түседі.  Содан  кейін 
дәрігер  әуелі  оның  сау  жағынан  кеудесін  бір  қолымен  алдыңғы  жағынан, 
екінші  қолымен  артқы  жағын  ақырындап  қысады,  осы  мезгілде  оның  бет-
пішініне қарайды. Сау жағын басқанда ол ауырсынбайды. Ал  оның ауырған 
жағын дәл солай етіп басып қарағанда ол өте қатты ауырсынады.  
Сөйтіп,  бірнеше  жерден  басып  көріп  біртіндеп  сынған  жерге  таянғанда 
ауырғаны күшейе түседі. Сонан соң дәрігер саусағымен төс сүйектің  жанын 
бұғананың  орта  тұсындағы  сызықпен  қолтықтың  алдыңғы,  ортаңғы  және 
артқы  бойына,  жауырынның,  омыртқаның  қатар  бойымен  әрбір  қабырғаны 
басып  көреді  де,  қай  қабырға  кай  жерден  сынғанын  дәлдеп  анықтауға  тиіс. 
Осылай  басып  көргенде  сынық  бар  жер  сықырлағанын  байқауға  болады, 
ауырғаны  өте  күшейеді.  Толықтай    білу  үшін  оны  айнаға  суретке  түсіру 
керек.  Айнаның  қағазын  қарағанда  әрбір  қабырғаны  жоғары  және  төменгі 
жиегіне көз жіберіп карау керек. Сынық бар жсрде қабырға сүйегі екі бөлікке 
бөлініп  тұрады.  Анық-қанығына  жеткеннен  кейің,  сол  сынған  жерге1%  - 
15мл  новокаин  ерітіндісін жіберу  керек,  немесе  1%  -10  мл  новокаинға  96%-
1мл спиртті қосып сыныктың арасына жіберу қажет. Сонда ауырғаны тез, әрі 
көп  уақытқа  дейін  басылады.  Ауруды  жататын  бөлмеге  апарып,  оның  бас 
жағын  биіктетіп  жартылай  отырғызып  орналастырады  да,  оған  қақырықты 
жібітіп, тез түсіретін сұйық дәріні бір үлкен қалайы қасықпен үш-төрт мезгіл 
беру  қажет.  Оған  терең  дем  алғыздыру  үшін  емдеу  гимнастикасын  жасату 
керек,  төсектен  жиі  тұрғызып,  көп  қозгалыс  жасатқан  жөн.  Әрі  тыныс 
жолдарының қабынуынан сақтану үшін жылытылған дәрілермен дем алдыру 
керек. Осылайша 8-12 күн бойында ауруханада емдеу қажет. Одан кейін оны 
үйіне емханада емдеуге жібереді. Бірер  қабырға сынығы барлығы  1,5-2 айға 
жуық емделеді. Содан кейін ауыр қара жұмыстағы адамға бір ай шамасында 
жеңіл  жұмыс  істеуге  қағаз  беру  керек.  Бірнеше  қабырға  (4-6-8  т.  б.) 
сынуының  себебі  егерде  адамның  кеудесі  машина  көлігімен  қабырғаның 
арасына  қысылып  қалғанда  немесе  кеуде  тұстан  ауыр  заттың  қысуынан 
болады. 
Бірнеше  қабырға  сынғанда  аурудың  хал-жағдайы  өте  ауыр    болады, 
оның  түсі  көгілдірленуі  мүмкін.  Демалысы  өте  жиіленіп  кетеді,  әрі  демі 
кеңінен  алынбайды.  Ауру  жата  алмай,  отырғанды  дұрыс  көреді  және  ол 
отырғанда  екі  қолын  орындыққа  тіреп,  кеудесін  созып  отырғанды    тәуір 
көреді. Өйткені, ол онымен сынған кабырғалардың қозғалысын азайтуға, әрі 
ауырғанын  жеңілдетуге тырысып істейтін шарасы.  
Сыртынан  қарағанда  бірнеше  қабырғасы    сынған  жағынын,  дем  алысы 
сау  жағынан  төмен  болады  және  сол  маңда,  ісік  пайда  болады.  Жоғарыда 
айтылғандай,  алақанмен  аздап  басып  көргенде  сынған  қабырғалардың 
демалған  кезде  сықырлағанын  байкауға  болады.  Сөйтіп  анықтағаннан  кейін 
ауруды  рснтгенге  түсіру  керек.  Аннаның  қағазын  қарап  неше  қабырға 
сынғанын дәл табу керек. 

72 
 
Емдеу  тәсілі:  жоғарыда  айтылған  емдеу  жолынан  гөрі  бұл  жолы 
омыртқаның арқа қанатынан 1,5-2см не солға, не оңға карай алып, егерде 6-7-
8-9-шы  кабырға  сынған  болса,  5-ші  қабырғаның  астыңғы  жақ  жиегінен 
бастап  0,5%  5-10мл  новокаин  ерітіндісін  әрбір  кабырғаның  арасынан 
жіберіпең  сонында  10-шы  қабырғаның  астыңғы  жиегінен  өтетін 
жүйкеталшықтарын  жансыздандырып,  ауырғанын  көп  уакытқа  дейін  басуға 
болады.  Екіншіден, вагосимпатикалық блокада жасау керек (60 сурет).  
Ол  үшін  ауруды  шалқалай  жатқызып,  мойынынын  астынан    жастықша 
қойып,  басын  артка  карай  шалкалатып,  бетін  сау  жағына  қарай  бұрып 
жаткызып,  күре  тамырдың  үстіндегі  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  орта 
тұсынан,  сұқ  саусақпен  айтылған  етті  күре  тамыр  мен    негізгі    жүйке 
талшығын  алға  қарай  итере  басып,  саусақтың  ұшынан  инені  кіргізіп  сол 
жерге  0,25%  новокаин  ерітіндісін  аздап  жіберіп,  біртіндеп  инені  тереңге 
кіргізе  береді,  ауық-ауық  поршынды  өзіне  карай  тартып,  ине  кан  тамырына 
кірген-кірмегенін  байқап  тұру  керек.  Сөйтіп  инені  мойын  омыртқаның 
көлденең қанатына тигенше кіргізе береді. 
 
 
 
60 cуpeт. Л. В. Вишневскиидің әдісі бойынша  
вагосимпатикалык блокада жасау 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Осы  ине  кіргізген  жер  VI  мойын  омыртқаның  көлдеңең  қанатының 
тұсы.  Содан  соң  инені  өзінекарай  қайта  тартып,  оны  алға    қарай    және  сәл 
төменірек  итереді  де,  сол  жерге  (бұл  жер  жұлдызша  бездің  тұратын  жері) 
Минкиннің  тәсілі  бойынша,  0,25%  40мл  новокаин  ерітіндісін  жіберу  керек. 
Бұл – А.В Вишнсвскийдің тәсілі.  Егер біз осы тәсілді дұрыс орындасақ, онда 
аурудың жоғарғы  қабағы төмен түсіп, жасаған жақ көз шарасы ішіне қарай  
кіріп, көзінің қарашығы кішірейіп кетеді. Жасаған жақ беті қызаруы мүмкін, 
қан тамырының соғуы сирейді және дем алысы сиреп, кеңейіп, терең дем ала 
бастайды,  ауырғаны  тез  арадаәрі  біраз  уақытқа  дейін  азаяды.  Ауруды 
жағатын  бөлмеге  апарып,  басын  биіктетіп,  жартылай  отырғыза 
орналастырады,  тыныс  жолдарының  қабынуына  қарсы  ем  жасау  керск. 

73 
 
Жылытылған  бумен  дәрілер  береді.  Терең  дем  алғызатын  жаттығулар 
жасатқызады  және  өкпенің  қабынуынан  сактау  үшін  сульфаниламидті 
дәрілер  мен  оған  болмаса  күшті  дәрі-дәрмектермен  емдейді.  Көптеген  
қабырғалар  сынғаннан  кейін  ең  жиі  кездесетін  асқыну  -  өкпенің  қабынуы, 
өкпе  қабының  арасында  сары  су  жиналуы.  Дәрігердің  осындай  аурулар 
түскендегі ең басты міндеті осы асқыныстарды болдырмау болып табылады. 
Бірнеше  қабырға  сынғанда  байқалатын  тағы  бір  жағдай-  кеуденің  дем  
алғанда  ксрісінше  сынған  жердің  ішке  карай  тартыла  қозғалуы.  Кейде 
мұндай  жағдай  алғашқыда  байкала  қоймайды.  Себебі-сынық  ұштарының 
бір-біріне  ілігіп  тұрғандығынан.  Бір  сағат  немесе  бірнеше  күн  өткеннсн 
кейін  тыныстың  дұрыс  алынбауын,  дем  алудың  төмендігінен  сүйек  ұштары 
орнынан  қозғалып  кетеді  де,  дем  алғанда  кеуде  керісінше  ішкеқарай 
қозғалып тартылады, демді шығарғанда сынған жер керісінше ішкене сыртқа 
карай    көтеріле  козғалады.  Кеуденің  сынған  жерінің  мұндай  қозғалысы 
әсіресе бірнеше кабырғаға коса бұғананың, төстің, төс шеміршегінің сынған 
кезінде  өте  жақсы  байкалады.  Сынған  жердің  осындай  қозғалысы  1-6 
сантиметрге дейін болуы  мүмкін. Әрине, мұндай аурудың хал-жағдайы өте 
нашар  болады,  тек  жоғарыда  көрсетілген  әдістермен  жылдам  және  дұрыс 
көмек көрсету керек. Әсіресе үш нүктеге ауруды басатын дәрі жіберу. 

 
Мойыннан вагосимпатикалык блокада (Вишневскийдің тәсілімен). 

 
Спирт-новокаинды  сынған  жерге  жіберу  (1мл-96%  спирт,  9мл-1% 
новокаин). 

 Сегментарлық 
жансыздандыру.  Ол  үшін  омыртқадан  бастап 
қабырғалардың    арасына    0,5%    5-10  мл    новокаинерітіндісін  жіберу  керек. 
Сынған қабырғадан бір қабырға жоғары алып, бір қабырға төмен. Жоғарыда 
айтылған ерітіндіні енгіземіз. 
Екінші бір айта кететін тәсіл - ол перидуралык анестезия. Бұл тәсілді 4-
5-ші  кеуде  омыртқасының  қылқан  өсіндісінің  арасынан  3%  дикаин 
ерітіндісін жіберу арқылы істейді. Аурудың жағдайы бірден төмендеп кетпес 
үшін (коллапс) тамырдан 5% 1мл эфедрин  ерітіндісін бірінші жіберу керек. 
Бұл тәсілді ауруды отырғызып, не бір жағына қырынан  жаткызып жасайды. 
Инені  енгізгеннен  кейін  соның  бойымен  жіңішке  түтікті  перидуральдық 
кеңістікке енгізіп қояды да сонан соң жоғарыдағы дәрінің біреуін 3-4мл-ден 
әрбір 3-4 сағатта  бір реттен жіберіп отырады. Мұндай тәсіл  тек ауырғанын 
ұзақ  уақытқа  ғана  азайтпай,  әрі  метаболикалық  өзгерістерді  де  дұрыс 
қалыпқа  келтіреді.  Аурудың  хал-жағдайы  өте  төмен  болса,  өкпені  сырттан 
аппаратпен    желдендіруді  (ИВЛ)  пайдалану  керек.  Осылай    жасағанда 
қабырғалардыңсынған 
жерлерінің 
қозғалысы 
бірден 
азайып,кеуде 
пневматикалық қалыптану жағдайына келеді. Осы жағдайды көбіне бірнеше 
қабырғаның екі жағынан сынғанында (10 қабырға сынғанда), не бір жағынан 
оннан  астам  қабырға  сынғанда  және  қабырғалар  екі  жерден  сынғанда, 
қабырғамен  қоса  баска  да  сүйектер  сынғанда  және  шок  жағдайында 
қолдануға болады. 

74 
 
Пермь  мединститутында  қабырғаны  шегелеуді  тек  қана  қабырғаның 
қолтықтың  орта  тұсынан  сынғанында  және  екі  жақ  бүйірінен  сынғанында 
қолданады. 
Кеуденің  өте  ауыр  жарақатының  бірі  -  бір  немесе  бірнеше  қабырғаның 
екі  жерінен  сынуы.  Осы  жағдайда  сынған  жақтағы  өкпе  кеуденің  бір 
калыптағы  эластикалық  керіліп  тұру  мөлшерінен  шығады  да,  оның  керілуі, 
демалысқа қатысы тек қана тыныс жолдарындағы қалдық ауа қозғалысымен 
байланысты болады. Осыған орай кеуденің қозғалысы әдеттегіден керісінше 
болады.  Сонымен,  демді  ішке  тартканда  сау  жаққа  ауа  тек  сырттан  ғана 
барып  коймай,  жаракаттанған  жақтағы  тыныс  жолдарындағы  қалдық  ауа  да 
сол  жақтағы  тыныс  жолдарына  сорылады.  Осы  уақытта  кеуденің 
қозғалысына  қарасаңыз,  сынығы  баржер  ішке  қарай  тартылып,  аздаған 
ойшық  сияқты  болып көрінеді. 
Ал,  енді  демді  сыртка  шығарғанда,  ауа  сау  жақтан  және  тыныс 
жолдарынан  жарақаттанған  жаққа  карай  ауысады,  сондықтан    осы    уакытта  
сынған жақтағы  кеуденің керіліп, сыртқа қарай жоғары көтерілгенін көреміз. 
Міне  осы  кезде  жарақаттанған  жақтағы  өкпеге,  сау  жақтан  сыртқа  шығатын 
көмір қышқыл газы көп ауа барады. 
Ал, демді  ішке  тартқанда  осы ауа кайтадан сырттанкелген ауамен бірге 
сау  өкпеге  сорылады,  сөйтіп,  гиперкапнияның  пайда  болуына  әкеп  соғады. 
Міне,  сондыктан  кеуденің  керісінше  дем  алуы  атмосфералық ауа  айналымы 
мен  альвеолярлық  ауа  айналымын  өзгертеді.  Қалыптағы  ауа  айналысына 
"альвеолаатмосфера" сау және жарақаттанған жақ өкпелердегі ауа айналысы 
қосылады. 
Қабырғаның  бірнеше  жерінен  сынғанында  өкпе  аралық  қуысының    бір 
қалыпты  жағдайда  тұруы  өзгереді,  ол  өкпеаралық  ауа  айналысына 
байланысты екі жаққа кезек-кезек сағат тілі тәрізді қозғалыста болады. Мұны 
"флотация  средостении"  дейді.  Өкпеаралық  қуыстың  қозғалыстары  қан 
тамырларының  бүгіліп тұруына  әкеліп  соғып,  жоғары  (вена)  көк  тамырдағы 
қан  айналысының  нашарлауына,  осыдан  жүректің қан  айналысының  өзгеруі 
орын  алады.  Осымен  қатар  осы  қуыстағы  жүйке  жүйелерінің  жұмысы 
әлсірейді де, бүкіл тыныс және қан айналысының нашарлап кетуіне ықпалын 
тигізеді. 
Белгілері:  аурудың  хал-жағдайы  өте  нашар  болады.  Түсі  бозарып, 
бетінен,  денесінен  суық  тер  шығады.  Ол  демді  жиі  алады,  дем  алғанда 
жауырыны  иықтарымен  бірге  козғалады,  тамырлардың  соғуы  жұмсақ  және 
төмен әрі жиі болады. Көбінесе тері астына ауаның жиналуы байқалады. Дем 
алған  кезде  алақанмен  сынған  жердің  үстін  ұстағанда  қолға  сынық  бар 
жерден сүйектің сықыры білініп  тұрады. Дем алғанда, демді ішке  тартқанда 
сау  жақ  кеуде  керіледі,  ал  жарақаттанған  жақтың  сынығы  бар  жері  ішке 
қарай тартылады. Демді сыртқа шығарғанда сау жақ кеуде босап төмен ішке 
қарай тартылады, ал сынған жақ керісінше сыртқа қарай керіп үлкейе түседі. 
Мұны  анықтап  білу  үшін  ауруды  рентгенге  түсіру  қажет.  Рентген 

75 
 
жасаусынықты анықтауға ғана емес, сонымен кеуде қуысына,  өкпе қабының 
ішінде де ауа немесе қан қүйылғанын анықтау үшін керек. 
Емдеу.  Қабырғаның  бірнеше  жерден  сынғанын  емдеу  өте  жауапты  іс. 
Біріншіден  тыныс  жолдарын  құрғақ  сақтау  керек.  Ол  үшін  осы  тыныс 
жолдарына  жіңішке  түтікше  жіберіп,  қақырықты  сорып  алу  қажет. 
Екіншіден, ауруды сырттан аппаратпен дем алғызуға (ИВЛ) 2-3 жұма бойына 
дейін көшіру жөн.  
Г.  А.  Покровскийдің  айтуына  қарағанда  (1965)  аппаратпен  дем  алғызу 
тек қана мынадай жағдайларда жүргізіледі: 
1. Оннан астам қабырғалар бір жағынан, не екі жақтансынғанда 
2. Бірнеше қабырғаның бір жақтан, екі  жерден сынғанында. 
3. Аурудың хал-жағдайының өте нашар болғанында, басқадай дәрігерлік 
көмектің әсер бермеген кезінде. 
4.  Қабырғаның  сынуымен  бірге  ол  сырқаттың,  косалқы  өкпе  ауруы 
болғанда. 
Қабырғаның  екі  жерден  сынғанында  10-15  күнге  дейін,  сол  сынған 
қабырғадан,  не  төс  сүйектен  тартып  қою  керек.  Индлаивс  (1965)  арнайы 
дайындалған  "скобамен"  тістеп  3-4кг  жүкпен  тартып  қоюды  ұсынған.  Н.  К. 
Митюнин (1965) осылай тартуға ыңғайлы қысқашпен  тартып кою керектігін 
айткан.  Лагенд  (1965,  1967),  Ф.  Порис  және  т.б.  авторлар  (1975),  Воччелло 
(1977), И. Полшенфуст (1978) көптеген қабырғалар сынғанда оларды шегелеу 
керектігін айтқан. 
А.  Вагнер,  П.  Я.  Сандаков  (1981)  сынған  қабырғаны  шегелеумен  бірге 
сол жерді цианкоакрильді желімменжалғап қоюды ұсынған. 
Әрине,  осы  әдістермен  бірге  ауруды  кан  тамырлары  аркылы  шоктан 
шығарумен  айналысу  қажет.  Полиглюкин  -500,0  мл  шоққа  қарсы  ерітінді  - 
500,0  мл  СЭР  -  400,0  мл  ерітінділерін  құйып  жүрек  жұмысын  жақсартатын 
дәрілерді беру керек. 
 
КЕУДЕНІҢ ЖАБЫҚТАЙ ЖАРАҚАТТАНУЫ МЕН КЕУДЕ 
ІШКІҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ 
И. И. Деребяниннің (1965) айтуына қарағанда жоғарыда айтылған  жарақат 
өте  ауыр  жарақаттың  бірі.  Мұндай  зақым  көбінесе  қатты  соғылудан,  биіқтен 
құлағанда  жиі  кездеседі.  Кеуде  ішкі  құрылыстарының  зақымдануы  көбіне 
қабырғаның  сынған  үшкір  жерінің  ішке  қарай  кіргенінде  болады.  Көбінесе 
өкпенің  қабы  мен  өкпенің  жаралануы  жиі  кездеседі.  Құлау  жағдайына 
байланысты  өкпе  жарақаттануы  әртүрлі  болады.  Мұндайда  көбінесе  өкпені 
сырткы  жиектері  ғана  жарақаттануы  мүмкін.  Өкпенің  жаралануының  негізгі 
белгісінің  бірі  -  өкпе  қабының  арасына  қанның  жиналуы  (құйылуы).  Өкпенің 
жаракаттануы көбінесе өкпе қабына қан жиналуына әсер етеді. Тағы бір белгісі 
- сол қабырға сынған маңда тері астына ауа жиналуы (61 сурет). 
Өкпе жараланғанда бірнеше сағаттан кейін аурудың қан түкіруі мүмкін. Ең 
қатерлісі  қанның  тыныс  жолдарына  жиналып  қалуы,  оны  бітеп  тастауы. 
Осындай  қан  жиналып  қалу  әсіресе  есінен  танып  қалған  адамдарда  жиі 

76 
 
кездеседі. Олар дем алғанда тынысының қырылдап шығуын естуге болады. Түсі 
көгілдірленеді, тамыр соғысы әлсіреп жиілейді, хал-жағдайы нашарлайды. 
 
61 сурет. Өкпе қабының арасына ауа жиналу түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ауруды  тексеру:  әуелі  сырттай  қарау  қажет,  денесінің  қай  жері 
көгергенін,  ісінгенін  тапқан  жөн.  Қабырғаларды  алақанмен  жайлап  басып 
көріп сынған жерін табу керек. Осы кезде кейде сынықтың үстінде алақанға 
нәзік  сықыр білінуі  мүмкін.  Бұл  ауаның  тері  астына  жиналғанының  белгісі, 
кейде ол өте тез бүкіл жарақаттанған жақтың терісінің  астын кеулеп әкетуі 
мүмкін.  Онда    осы  жағы  дөңгелектеніп,  тұтастанып,  үлкейіп  ісік  тәрізді 
болыптұрады, бірақ та түсі өзгермейді. Осы жерлерді саусақпен басқанда ол 
жерде  басқан  із  шұқыршақтанып    калады,  сәлден  кейін  қайтадан  бұрынғы 
қалпына келеді. Саусақпен қағып көргенде осы жерде бос дыбыс естіледі, ал 
тыңдағанда жаңадан жауған құрғақ қарды басқандағыдай сықырлаған ашық 
дыбыс естіледі. Егерде ауа тері астында аз болса онда аурудың хал-жағдайы 
онша  нашарламайды.  Ал  тері  астындағы  ауа  кеудеден  басқа  жаққа  қарай 
тараған болса, онда адамның денесі домаланып, тұтастанып  іседі және кейде 
мүшкіл халге әкеліп соғады. Ауруға ауа жетпейтін тәрізді болады, оның түсі 
көгереді, демалысы нашарлайды, әлсізденеді, тамыр соғысы жиіленеді. 
 
62 сурет. Сол жақ өкпе қуысына ауа толу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Кеуде  жабықтай  жарақаттанғанда  өкпе  қоса  жараланса,  онда  осы 
жарадан өкпедегі ауа өкпе мен оның қабының арасына жиналады, мұны ішкі 
ауа жиналуы дейді. 

77 
 
Бұл  жарақаттың  мынадай  белгілері  болады:  аурудың  дем  алысы  терең 
және  біркелкі  болмайды,  ішке  дем  тартуы  сатыланып  тұрады,  осы  кезде 
ауырғаны  күшейе  түседі.  Мойынның  қан  тамырлары  білеуленеді,  өйткені  көк 
тамырдағы  қан  айналысы  нашарлайды.  Тыныс  алғанда  сол  жарақаттанған 
жақтағы  кеуде  қозғалысы  төмендеп,  сол  жақ  кеудесі  үлкейіп  кетеді, 
қабырғаларының  арасы  сау  жақпен  салыстырғанда  әжептеуір  кеңейеді. 
Саусақпен  қағып  көргенде  бос  дыбыс  естіледі,  жүрек  сау  жаққа  қарай 
жылжиды. Ауруды рентген жасап көргенде өкпенің қабысканын (жабысқанын), 
оның  толық  жазылмағанын  төс  шандыры  қозғалысының  төмендегенін  және 
кеуде аралық қуысының сау жаққа қарай ығысқанын байқауға болады. 
Бірінші  көмек  бергенде,  әсіресе  жедел  көмек  беру  үшін  аурудың  2-3 
қабырғаларының  арасынан,  бұғананың  орта  тұсынан  қысқа  жуан  ине 
шаншып,  кіргізіп  кою  керек,  сонда  іштегі  ауа  сыртқа  өзі  шығып  тұрады. 
Мұны сыртқы ашық пневмотораксқа айналдыру деп атайды. 
Рентген  жасап  қарағанда  өкпеқабының  арасына  қан  құйылған  болса, 
онда  біз  оның  көлденең  деңгейін  көреміз.  Саусақпен  қағып  көргенде  тұйық 
дыбыс естиміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет