Қазақстан Республикасының Кодексі



бет40/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60

458-2-бап. Кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларын тергеу қағидаларын бұзу

1. Кеме капитанының, кеме иесінің, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көліктік бақылау органдарына теңіз көлігі кемесімен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлігі кемесімен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі -

жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кеме жүргізушісінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі -

жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Авариялық жағдайды немесе көлік оқиғасын тергеуді жүргізетін органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды, анықтамаларды, түсініктемелерді, кеме құжаттарынан үзінді көшірмелерді не басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 459-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



459-бап. Көлiкте темекi шегу

1. Поездар мен теңiз және өзен көлiгі кемелерiнде белгіленбеген жерлерде темекi шегу -

айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында темекi шегу -

айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 460-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



460-бап. Көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу

1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 03.07.03 ж. № 464-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 461-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 461-бап өзгертілді



461-бап. Көлік құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу

1. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату -

жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын не-месе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6-1. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу -

үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 461-1-баппен толықтырылды



461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы

1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.

 

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 462-бап өзгертілді



462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi

1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 463-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 463-бап өзгертілді



463-бап. Маршруттық көлік құралдарының тоқтау, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрісі қағидаларын басқа да өрескел бұзу

1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген қағидаларды бұза отырып, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тіркелетін жүріп өтуі -

жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-1. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімнен ауытқи отырып, жүріп өтуі -

жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-2-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

3-2. Барынша рұқсат етілген массасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген автокөлік құралының жол берілген жалпы массасынан асып түсетін өзі аударғышпен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары арқылы жүктерді тасымалдау -

жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-3. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, рұқсат етілген салмақтық және көлемдік параметрлерді асыруы -

жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-1-баппен толықтырылды



463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту

1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жол жүрісі ережелерінің жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-2-баппен толықтырылды

463-2-бап. Маневр жасау ережелерін бұзу

1. Жол жүрісі ережелерінің жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау -

үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүрудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-3-баппен толықтырылды

463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу

1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-4-баппен толықтырылды

463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу

1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою -

алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-5-баппен толықтырылды

463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу

1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу-

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-6-баппен толықтырылды

463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету

1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-7-баппен толықтырылды

463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу

1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-8-баппен толықтырылды

463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау

1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 464-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану ережелерiн бұзуы

1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 464-1-баппен толықтырылды



464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу

1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату -

аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату -

аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу -

жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 465-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 465-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Каталог: cont
cont -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
cont -> Замандастар көзімен
cont -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
cont -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
cont -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
cont -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
cont -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет