Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Мемлекеттік қызметші: мәртебесі, мәдениеті



бет6/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
Мемлекеттік қызметші: мәртебесі, мәдениеті
Негізгі сұрақтар:
1.Мемлекеттік қызметші: ұғымы, түрлері
2.Мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайы
3.Мемлекеттік қызметке кіру тәртіптері
4.Мемлекеттік қызметшіні дайындау және біліктілігін көтеру
5.Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар.
Мемлекеттік қызметші: ұғымы, түрлері
Мемлекеттiк қызметшi дегеніміз – мемлекеттiк органда ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не ҚР Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын ҚР азаматы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа бөлінеді:
мемлекеттік саяси қызметшілер;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттік қызмет туралы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органда кәсіби қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi болып табылады.
Мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi болып табылады.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметші болып табылмайды. Мұндай қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Үкіметтің 1999 жылғы 30-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Оларға, мысалы, мұрағаттардың, кітапханалардың меңгерушілері, диспетчерлер, нұсқаушылар, инспекторлар, коменданттар, лаборанттар, редакторлар, хатшылар, техниктер, экспедиторлар және басқалар жатқызылған.
Әртүрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге болады.
1. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкімет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлуге болады.
Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңсесінің, Парламент Палаталары аппараттарының, т.с.с. өкілеттіктеріне негізделеді.
Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.
2. Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырылған (әскери ұйымдардың әдісін орнату) мемлекеттік қызметшілер бөлінеді. Мәселен, әскери қызметшілер, ішкі істер және басқа органдар қызметкерлері, т.б.
3. Билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы (өкілді), атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; ҚР заңында белгіленген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы ҚР мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада басқару функцияларын орындайтын адам; ҚР Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері;
Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерiнде, ҚР басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекет функцияларын және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей атқару үшiн ҚР Конституциясында, ҚР конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Парламент депутаты, судья, сол сияқты ҚР мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам
Мемлекеттiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) ҚР азаматтарына ҚР Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
3) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;
4) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
5) өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
6) лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;
7) басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;
8) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
9) өзi атқаратын мемлекеттік лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;
10) тиiстi бюджет қаражаты және ҚР Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
11) мемлекеттік орган оны ҚР заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақталуына;
12) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;
13) бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге;
14) мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге;
15) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;
16) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
17) лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
18) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары ҚР заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет