Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет9/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
Әкімшілік жауаптылық.
1. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және негізгі белгілері
Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:
1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;
2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі әкімшілік құқық бұзушылық;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.
Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.
Әкімшілік жауаптылықтың заңдылық негіздері
Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін, не регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті-Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс (КоАП) болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.
Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі және басқарушы өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантины жайлы ережелер мен контрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.
ҚР аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал ҚР аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.

7. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар
Негізгі сұрақтар:
1) қажетті қорғану;
2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;
3) аса қажеттілік;
4) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;
5) бұйрықты немесе өкімді орындау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   127




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет