Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет5/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға.. Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.
Материалдық мазмұны бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау барысында тараптардың құқықтары мен міндеттері жүзеге асады. Заңдык мазмұн бұл субъективтік құқықгар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық қатынастарға негізделген. Заңдық фактілер -тараптар арасында нақты құқықтық қатынас тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет-субъектінің өз еркін білдіру актісі, ол өз кезегінде заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғаның әрекетке қарағанда ерекшелігі ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жаткызуға болады. Әкімшілікқұқықтық қатынастар зандық сипаты бойынша тік (вертикапьный) және көлбеу (гаризонтальный) болып бөлінеді. Тік әкімшілік құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъектілер мен объектілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу құқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны тәжірибеден белгілі.
Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік нормалар мен қатынастар болмай, қоғамның дамуы мүмкін емес сиякты, өйткені әкімшіліқ құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар әкімшілік құқықтың субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.
Өзіңе-өзі сұрақтар
1.1. Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.
1.2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
1.3 Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.

№3 Әкімшілік құқықтың субъектілері
Негізгі сұрақтар:
1. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері.
3. Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
1. ҚР азаматының әкімшілік-құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де норматвитік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілікті. Бұл азаматтың мәртебесінің көп түрлерінің (саяси, еңбек т.б. қатар) бір түрі, оны жүзеге асыру атқарушы билік органдарының және олардың лауазымды адамдарының тиісті іс-әрекеттерімен байланысты.
Азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясымен, қолданылып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады. Бұлар, мысалы, «ҚР азаматтығы туралы» 1991 ж 20-желтоқсандағы заң, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; «Тұтынушылардың проваларын Қорғау туралы» 1991 ж 5-маусымдағы заң, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; «Жалпыға бірдей әскери міндеттемелік және әскери қызмет туралы» 1993 ж. 19-қаңтардағы заң, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. ҚР-ның азаматтық іс-жүргізу кодексі (2,26,174, баптар және 26,27,28 тараулар) т.б. Бұл тәртебенің кейбір мәслелері ҚР-сы Президентінің жарлықтарымен және ҚР Үкіметінің нормативтік актілерімен реттеледі, мысалы, Президенттің 2003 ж. 19-наурыздағы жарлығымен бектіліген «ҚР-сы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы Ережесі», Үкіметтің 2000 ж. 12-шілдедегі қаулысымен бектіліген «ҚР халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесі».
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оның күрделі кешенді сипаты бар және онда адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін констуциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары көрініс табады.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мысалы, азаматтың қандайда болмасын бір инстанцияларға ұсыныс, арыз және шағым беру туралы өтініш жасау құқығы), не тек міндеттер ғана (мысалы, жол жүру ережелерін сақтау), не құқықтар мен міндеттер (мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде азаматтың іс бойынша қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы бар және оған салынған айыппұлды белгіленген мерзімде төлеу міндетін атқарады) болады.
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандайда болмасын бір адамның қаулысына байланысты болады (мысалы, азамат аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды), ал өзге жағдайларда ол оның қалауына қарамастан қалыптасады (мысалы, ұсақ бұзақылық жасаған азамат әкімшілік ұстауға тартылады да полицияға жеткізіледі).
Төртіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы, өрт қауіпсіздігі ережерелін сақтау міндетті), азаматтардың тек қандайда болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы, автомабиль көлігін жүргізушіліге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай-ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін (мысалы, босқындар немесе амалсыздан қоныс аударғандар болып табылатын адамдар) қамтиды.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі күрделі заңдық құрылым болып табылады. Ол әртүрлі төрт маңызды құрамдық элементтерден тұрады.
Бірінші, құқықтар мен міндеттердің аса маңызды бөлігі тұлғаның, адамның әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі болып саналады. Қазақстан мемлекетінде тұлғаның, адамның жағдайын құқықтық реттеу негізгі, басым орын алуға тиіс, өйткені құқық пен мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдары қоғамға, әрбір тұлғаға, әрбір адамға қызмет етуеді деген идеяны білдіреді. Дәл осы пікір Констиуцияның 1 бабында бектілген ҚР «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дегеннен көрініс тапқан.
Констиуцияның 1-ші және басқа баптарында тұжырымдалған тұлға мен мемлекеттің қарым-қатынастарының сипаты дүние жүзінің көптеген мемлекеттері үшін жалпы танылған болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық ұйымдардың қабылданған аса маңызды актілерінде бекітілген.
ҚР Конституциясы және соған негізделген заңнамалар бойынша тұлға, адам оның қызмет, қоғамдық немесе мүліктік жағдайына, ұлтына, діни сеніміне т.б. қарамастан, қазақстанда құқықтық барлық салаларының субъектісі болып табылады, сол үшін тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияда бекітілген, сонымен бірге адамның бұл мәртебесін әкімшілік құқық нормалары да маңызды орын алады.
Тұлғаның құқықтық мәрбетесін құрайтын және қандайда болмасын бір шамада әкімшілік-құқықтық реттеудің аясында болатын негізгі құқықтар мен бостандықтардың, мысалы, мыналарды атауға болады: әркімнің өмір сүруге құқығы (15-б), әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы (16-б), әркімнің жеке өміріне қол сұғушылығына, өзінің және отбасының құпиясына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалу құқығы (18-б), әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, ҚР аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуге, Республика азаматтарының Қазақстанға кедергісіз қайтып оралуына құқығы (21-б), тұрғын үйге қол сұғылмайтын құқықғы (25-б).
Конституция тұлғаның құқықтарын ресми түрде жариялап отырып, адам үшін белгілі бір міндеттер мен тыйымдар тағайындайтын, мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу (35-б), табиғатын сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау (38-б), ерексіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі (24-б), монополистік қызмет заңмен реттеледі, әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады (26-б).
Сонымен бірге Конституция (39-б. 1-тармақ) адаманың және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ерекше жағдайларда және тек заңмен ғана шектелуі мүмкіндігін бекіткен, әрі тұлғаның құқықтарын шектейтін құқықтық нормалар әдетте әкімшілік-құқықтық сипатта болады. Мысалы, тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқықты Президенттің «ҚР ішкі істер органдары туралы» 1995 ж-ғы 21-желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының (11-б. 1-т) қылмыскерді іздегенде, егер пәтерді не тұрғын үйде адамдарының өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын қылмыс немесе қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасалынса, өрт болған және өзге де жағдайларда полиция қызметкерлері шектеулері мүмкін.
Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің екінші құрамдық саналады. Әрбір азаматтың әкімшілік құқықтық субъектісі ретінде өзінің азаматтық құқықтық мәртебесі бар.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайтын әкімшілік құқықтың нормалары оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Бұл бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы (Констиутцияның 32-бабы), мемлекеттік ісін басқаруға қатысу туралы нормалар (33-б), әскери қызмет атқару міндеті (36-б) т.б. Одан кейін – бұл азаматтың шаруашылық – еңбек қызметіндегі әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, мысалы, Республикада жеке меншік, оның ішінде жерге де танылады және ол мемлекетік меншікпен бірдей қорғалады (6-бап, 1,3-тармақтары), заңды түрде алған қандайда болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады, сонымен бірге соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды (26-б, 1,3-т), әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдаланау құқығы (26-б, 4-т), еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы (24-б, 1-т). Ақыр соңында, азаматтың қоғамның мүдделерін қозғамайтын жеке немесе отбасы асындағы әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, соның ішінде әдебиет, сурет, ғылыми техникалық шығарушылықтарға құқығы, фамилиясын өзгертуге құқылы.
Жеке адам тұлға, сосын азамат мәртебесін алған кезден бастап оларға әкімшілік-құқықтық мәртебесінің үшінші элементі-әлеуметтік қосылады. Ол азаматтың нақты кәсіпкерлік еңбек қызметімен айналысу, оқу, Қарулы Күштерде қызмет атқару т.б. үшін қажет. Бұл жерде де азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлеуемттік элементі ретінде жұмысшының, қызметшінің, оқушының, әскери қызметшінің, зейнеткерлердің т.б. құқықтық мәртебесін бөлуге болады.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің төртінші элементін ерекше мәртебе деп атайды, ол азаматтардың өздерінің тек жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің қалауымен, жеке ынтасымен иеленетін құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Бұл, мысалы, әуесқой-ақ, аулаушылар, әуесқой-жүргізушілер, кәсіби емес – спортшылар, туристер, коллекция жинаушылар т.б. Олардың барлығы таңдаған ісімен айналысу үшін ресми құжат алады, сонымен бірге әрбір ерекше субъект үшін белгілі бір топ құқықтар мен міндеттер тағайындалған.
Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенін тек бірғана ресми түрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді. Бұл мәртебеде күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, әрі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді.
Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнінде атқарушы биліктің рөлі туралы мәселе қою сөзсіз туады. Бұған барлық қажетті негіздер бар.
Ең алдымен атқарушы биліктің атқаратын қызметін ескере отырып былай деп айтуға болады, мемлекеттік басқару аясы қолданылып жүрген заңнамалармен бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін өте үлкен кеңістік болып табылады. Өйткені атқарушы биліктің негізгі функциясы – атқару, яғни заңдардың талаптарын жүзеге асарыу.
Сосын, атқарушы биліктің механизімі – мемлекеттік аппараттың күнделікті және қоғамдық өмірдің нағыз әр түрлі салаларында қызмет атқаратын ең көп санды және тармақтанған бөлігі. Осы себепті нақ осы тиісті атқарушы билік органдарымен (лауазымды адамдар мен) және азаматтардың арасында көптеген нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар қалыптасады, олар азаматтардың субъективтік құқықтарын жүзеге асыру жөнінде жиі туындайды.
Тағы бір маңызды жағдай. Атқарушы биліктің субъектілері мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін реттейді, олардың құрамында мыңдаған адамдар жұмыс істейді. Тап осы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық пен тұрмыстық-қажет қызмет көрсету, мәдениет т.б. салаларында азаматтарға терілген субъективтік құқықтар жүзеге асырылады.
Одан соң, атқарушы билік механизіміне арнаулы құқыққорғау органдары кіреді, олардың негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін әрі бақылау жасау, әрі оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Осының бәрі азаматтардың қандайда болмасын құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, егер негізінен болмаса да, едәуір шамада мемлекеттік басқару аясында жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Бұл шындығында да солай. Мысалы, жұмысқа тұру үшін, яғни өзінің еңбек ету құқығын жүзеге асыру үшін, азамат кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігіне өтініш жасауға тиіс, ал жұмысқа не қызметке алу әкімшіліктің бұйрығымен, яғни басқарушылық актімен рәсімделеді. Азаматтың зейнетақы алуы да оның зейнетақы тағайындауға өкілетті тиісті атқарушы органдарға өтініш беру керектігін болжайды т.с.с.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру механизмі, сонымен, әдетте, екі міндетті сатыдан тұрады:
а) азаматтың ерік білдіруінен;
б) өкілетті атқарушы органның (лауазымды адамның) бұл ерік білдіруге ресми көңіл бөлуінен.
Соңғы саты шешуші рөл атқарады, өйткені бұл орган азаматтың ынтасы бойынша пайда болған мәслелені біржақты заңдық биліктік тәртіппен шешуге құқылы.
Әрине азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда атқарушы билік органдары ерекше рөл атқарады деп түсінуге болмайды. Мемлекеттік биліктік механизмінің өзге буындары (мысалы, сот билігінің субъектілері), сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде бұл процеске белсенділікпен қатысады. Дегенмен де нақ сол атқарушы органдардың қолында бұл үшін қажетті ұйымдық – құқықтық сипаты бар тетіктер тікелей жинақталған.
Егер конституциялық нормаларда азаматтың жалпы мәртебесі өзінің саяси-заңдық көрінісін табатын болса, онда әкімшілік-құқықтық нормалар, құқықтың өзге салаларының нормалары жеке адамның, мысалы, азаматтық-құқықтық, еңбек және өзге қатынастардағы, мәртебесін рәсімдеу сияқты, олардың нақты-заңдық мәртебесін бекітеді. Осылай жалпы құқықтық мәртебені нақтылау іске асырылады, ол өзінің көрінісін, мысалы, азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін табады. Соңғы конституциялық құқықтар мен бостандықтардың, сондай-ақ азаматтраға мемлекеттік басқару аясында заңдармен және заңға тәуелді актілермен берілетін және солармен кепілдендірілетін өзге де құқықтардың жиынтығыннан құралады.
Сонымен, біріншіден, әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылатын аяда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары нақтыланып, тәптіштеледі және екіншіден, бұл нормалар олардың ең елеулі және күнделікті кепілдіктерінің жүйесін жасайды.
Құқық субъектілік деп мемлекеттің танитын азаматтың нақты әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі бола алатын, әкімшілік-құқықтық сипаты бар субъективтік міндеттер мен құқықтары иеленетін және іс жүзінде асыра алатын шынайы мүмкіндігі түсініледі. Ол азаматтың туған кезінен бастап пайда болады да, өлгеннен соң тоқтатылады. Азаматтың әкімшілік құқық және әрекет қабілеттіліктің көлемі мен мазмұны әкімшілік құқық нормаларының көмегімен белгінеді және өзгертіледі. Сонымен бірге құқық қабілеттілікті иеліктен алуға немесе басқа біреуге беруге болмайды. Өз еркімен одан бас тартудың күші болмайды. Бірақта қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда және белгіленген тәртіппен ол ішінара немесе уақытша шектелуі мүмкін мысалы, жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда және белгіленген тәртіппен ол ішін ара немесе уақытша шектелуі мүмкін (мысалы, қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде).
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі өздерінің жеке іс-әрекеттерімен қабілеттілігі өздерінің жеке іс-әрекеттерімен мемлекеттік басқару аясында оларға жүктелетін әкімшілік-құқықтық міндеттерді жүзеге асыруды және құқықтар иеленуді болжайды. Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігінің пайда болатын кезі біркелкі белгіленбеген (16-18 жас шегінде). Адамды ішінара немесе толығымен әрекет қабілетсіз деп тану мүмкін (психикалық ауру, ақыл-есі кем).
Әкімшілік-құқықтық қатынастарды азаматар әр түрлі рөлде болулары мүмкін.
Бұл сияқты құқық қатынастар мыналарға байланысты пайда болуы мүмкін:
а) азаматтардың заң бойынша өздеріне тиісті субъективтік құқықтарын жүзеге асырылумен;
б) заңмен оларға жүктелген міндеттерді орындаумен;
в) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) бұзуымен;
г) азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы өздерінің құқықтық міндеттерін бұзуымен.
2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері.
ҚР аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азамдар Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республика азаматтары үшін белгілеген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (ҚР Конституциясының 12-б, 4-т).
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне жататын ережелер ҚР Президентінің «ҚРндағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 ж. 19-маусымдағы заң күші бар Жарлығында, ҚР Үкіметінің 2000 ж, 28-қаңтардағы қаулысымен бектіліген» Шетелдік азаматтардың ҚРна келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚРнан кетуніңі тәртібінде қаралған.
Аталған Жарлықтар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жөнінде анықтамалар берілген. Онда ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар ҚРндағы шетел азаматтары болып танылады делінген. Ал ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
Жоғарыда аталған заңнамалар шетел азаматарының ҚРнда тұрақты тұратындарын және ҚРнда уақытша болушыларын, сондай-ақ ҚР аумағы арқылы транзитпен өтетіндерін бөліп ажыратады.
Әділет органдары берген рұқсаты бар және одан тұруға ықтиярхат алған шетел азаматтары ҚРнда тұрақты тұратындар деп танылады.
ҚРндағы өзге заңды негізде жүрген шетел азаматтары ҚРнда уақытша болушылар деп саналады. Олар ҚР аумағына келген сәттен бастап үш тәуліктің ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен төлқұжатын тіркеуге және белгілі болу мерзімі өткен соң ҚРнан кетуге міндетті.
ҚР аумағы арқылы транзитпен өтетін шетелдіктердің ҚРна келуі және ҚРнан кетуі үшін ҚР транзиттік визасы ресімделеді.
Шетел азаматтарына (оның ішінде ТМД азаматтарына) заңмен қаралған құқықтар мен бостандықтар кепілдендіріледі. Алайды бұл адамдардың әкімшілік құқық субъектілігінің көлемі Қазақстанның азаматтарынан едәуір аз. Олар өкілді және басқа сайланбалы мемлекеттік органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық референдумға қатыса алмайды. Олардың мемлекеттік қызметіне тұруға құқы жоқ (тек қазақстан азаматы ғана мемлекеттік қызметші бола алады). Шетелдіктерге әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы заңнамалар қолданылмайды. Мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау мақсатында олардың жүріп тұруларына және тұрғылықты тұратын жер таңдауларына қажет болғанда шектеулер белгіленуі мүмкін.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары сияқты жалпыға бірдей заңдық актілер орындайды. ҚРнда тұрақты тұратын шетелдік азаматтар заңдарда көзделген тәртіппен тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша әділет органдарында тіркелуге міндетті.
Міндеттерді бұзу (мысалы, тіркелусіз тұру) әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Негізінен жалпы міндетті болып табылатын ережелер бұзылуы мүмкін болытандықтан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жауапкершіліктерінің негізгі түрі әкімшілік болып табылады. Бұл ретте олар ҚР азаматтарымен бірдей жалпы негіздерде жауап береді. Тек дипломатиялық иммунитетпен пайдаланатын адамдар бұған жатпайды.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-те шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауапкершілігінің ерекше шарасыда – ҚР әкімшілік жолмен кетіру қаралған.
Соңғы жылдары азаматтардың жаңа санаттары пайда болды, олардың бір бөлігі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. Бұлар мәжбүрлі қоныс аударушылар мен босқындар. Олардың мәртебелері «Халықтық көші-қоны туралы» ҚР аумағында жүрген, өзін мәжбүрлі қоныс жасаған немесе босқын деп тану туралы өтініш жасаған адам уақытша тұратын жеріне жолдама алғаннан кейін бір ай ішінде сол жерге жүріп кетуге, уақытша тұратын жерінде тұрудың белгіенген тәртібін ссақтауға; медициналық тексеруден өтеуге міндетті. Көшіп келуші деп тану туралы мәселе шешілгенге дейін өтініш жасаған және өтініш қаралып жатқан кезгеде ҚР аумағында жүрген босқын және мәжбүрлі қонысаударушы адам ҚР қолдынылып жүрген заңдарында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін көзделген құқықтарды пайдаланады.
ҚР шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру мәселелерін ҚР Президенті шешеді (ҚР Конституциясының 44-бабы, 14-тармағы).
Әкімшілік құқық субъектілері деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушы тұлғаларды айтамыз. Әкімшілік құқық субъектілері жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқықтың жеке субъектілеріне ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады. Әкімшілік құқықтың ұжымдық субъектілеріне – ҚР Үкіметі, Министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Жеке субъектілерді қарастыру ең алдымен азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесінен басталады. Сондықтан азамат деген түсінікті анықтап алу қажет. Азаматтық дегеніміз – адамның адамгершілігін, негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген олардың өзара байланысты құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің жиынтығынан көрініс табатын адамның мемлекетпен тұрақты түрдегі саяси құқықтық байланысы. Азаматтық белгісі бойынша жеке тұлғалар бірнеше топқа жіктеледі: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, қос азаматтығы бар адамдар. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз – азаматтардың әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген субъективтік құқықтарының, заңды міндеттерінің және жауаптылығының жиынтығы.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР-да болу мерзімі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
-тұрақты тұратындар;
-уақытша тұратындар;
-транзитпен жүріп өтетіндер.
Кәсіпорындар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнімдер өндіру, жұмыстар атқару және қызметтер көрсету үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект. Кәсіпорынның құқық субъектілігі оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі және деликт қабілеттілігінен тұрады. Кәсіпорын құрылған, мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құқық қабілеттілігіне ие болады, жекелеген қызмет түрімен тек лицензия негізінде айналыса алады, ол таратылған кезде тоқтатылады. Ұйымдық құқықтық нысанынан байланысты кәсіпорынның мынадай түрлері болады:
сенім серіктестігі;
толық серіктестік;
жауаптылығы шектеулі серіктестік;
акционерлік қоғамдар;
республикалық және коммуналдық;
Салалық мамандандырылуына байланысты кәсіпорынның түрлері:
көліктік (темір жол, әуе, су, тас жол, құбырлар жүргізу, т.б.
байланыстық ( почтамптар, телеграфтар, байланыс тораптары)
саудалық ( көтерме сауда қоймалары, дүкендер)
ауыл шаруашылығы бойынша ( совхоздар, фермер шаруа хожалықтары)
өнеркәсіптік ( завод, фабрикалар, рудниктер, комбинаттар)
тұрғын үй – коммуналдық.
Меншік нысанына байланысты түрлері:
республика меншігіндегі – республикалық мемлекеттік;
коммуналдық меншіктегі – коммуналдық мемлекеттік;
жеке меншіктік;
қоғамдық.
Коммерциялық емес ұйым – кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылары арасында бөлмейтін заңды тұлға. Түрлері: тұтыну кооперативі, қор, қоғамдық және діни бірлестіктер, мекеме, нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы, меншік пәтер иелері кооперативі, сауда өнеркәсіп палаталары, т.б.
Атқарушы билік органдары – тиісті құзірет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде атқарушы-өкім етуші қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Атқарушы билік органына – Үкімет, министрліктер, агенттіктер, комитеттер, комиссиялар, ведомстволар, инспекциялар, басқармалар, департаменттер, әкімияттар,бөлімдер жатады.
Үкімет – ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады, және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы боп табылады. Ғылым, Білім, Денсаулық сақтау, сыртқы істер, ішкі істер, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, индустрия және сауда, қорғаныс, қаржы, т.б.
Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган. қаржы полициясы, стастика жөніндегі агенттік, еөші қон және демография жөніндегі агенттіктер.
Комитет, мысалы ұлттық қауіпсіздік комитеті –бұл орталық атқарушы органдардың жүйесіне кірмейтін, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және оған есеп беріп отыратын арнайы мемлекеттік орган.
Ведомство – орталық атқарушы органның құзіретінің шегінде арнайы атқару, бақылау, қадағалау міндеттерін жүзеге асырады. Су ресурстары жөніндегі комитет, мал дәрігерлік қадағалау комитеті;
Республика комиссиялары – ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия; ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия.
Жергілікті атқарушы билік органдары – бұған жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған ҚР орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттілігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет