Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


- Билет 1. Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілері



бет9/12
Дата12.03.2018
өлшемі3,89 Mb.
#38956
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

19 - Билет

1. Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілері.

2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызын анықтаңыз.

3. Қарақытай мемлекетінің орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.



Жауаптары:
1. Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілері.

Ресей экспансиясының оңтүстік аудандарға, Сырдария өңіріне қанат жаюы осы ауданда көшіп-қонып жүрген Кіші жүздің шекті, шөмекей, төртқара руларының ашық наразылығын туғызып, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістерге алып келді.



Ортақ белгілер:Есет Көтібарұлы көтерілісі қарсаңында Кіші жүздегі ең ірі тайпалық бірлестік- шекті руы 13 мыңдай түтін болды. Оның қарамағындағы үлкен шектілер жазда Жем өзенінің жоғарғы ағысы, Арал теңізінің жағалауы, Үлкен, Кіші Борсық құмдарын мекендеді.Ал, Жанқожа бастаған кіші шектілер -3,5 мыңдай түтін басқалардан бөлек Кіші жүздің оңтүстігі Қуаңдария мен Сырдарияны мекендеді. Жанқожа мен Есет ағайынды болатын. Халық Есетті қыр шектісі, Жанқожаны сыр шектісі деп атаған.Кіші жүз халқының осы жерлерден айырылуы (ХІХғ. 20-30жж.шекара шебінің салынуына байланысты табын руы мекендеген жайылымға , тұзға бай Жаңа Елек ауданынан бір айырылса, 40жж. Жем өзенінен екінші рет айырылды, бұл ауданда шекті руының жайлауы орналасқан болатын. 1847ж. Арал (Райым) бекінісі салынған кезден бастап Сырдария шебі салынуымен (1853ж.) Сыр бойы жерлерінен айырылды) және Ресейге алым-салық төлеп отыруы (1 сом 50 тиын түтін салығы), толып жатқан міндеткерліктер(бекіністер арасында жол салу, көпір салу, арық қазу, жүк тасу үшін көлікпен, адам күшімен қамтамасыз ету т.б.) көтерілістің басты себептері болып табылады. Жаңа тәртіпке наразылар Жем бойында көшіп жүрген Есет батыр мен Сыр маңындағы Жанқожа бастаған отаршылдыққа қарсы күрес күрескерлерге қосылды.Екі көтеріліс те Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Есет пен Жанқожа Кіші жүздің шекті руларын басқарды және көтерілістің аумағы да Кіші жүз жерін қамтыды. Жаугершілік заманда Есет үнемі Жанқожаға көмектесіп отырған.Жанқожа мен Есет бастаған екі көтеріліс те жеңіліске ұшырады. Себебі, олардың қарулану дәрежесі Ресеймен теңесе алмады, екіншіден жергілікті сұлтандардың, рубасыларының сатқындығы. Патша үкіметіне қызметке өткен би-сұлтандар олардың жергілікті жердегі қолшоқпарына айналды. Екі көтеріліс те сипаты жағынан ұлт-азаттық мазмұнға ие болды. Себебі, көтерілісте азаттықты аңсаған, отаршылдық қысымнан зардап шегіп, тығырыққа тірелген халық өз көсемдерінің бастауымен отаршылдық бұғауға қарсы күресті. Ел басына төнген ауыртпалық кезде Жанқожа мен Есет сияқты батырлар ел бастар қорғандарына айналды.

Ерекше белгілер:

ХІХғ. 40жж. патша үкіметінің отарлық езгісі мен Хиуа, Қоқан билеушілерінің озбыр шапқыншылықтары күшейе түсті. Осылайша, Кіші жүздің оңтүстік аудандарындағы, Арал мен Сырдың төменгі ағысындағы қазақтар екі жақты қысымның ортасында қалды. Қоқан, Хиуа бектері Сырдариядағы бекіністерге жақын маңда көшіп жүрген қазақтарға дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасап, ауылдарды тонап, үйлерін өртеп, малдарын айдап әкетті. Орта Азия хандықтары қазақтардан зекет, ұшыр жинау арқылы оларды өздеріне тәуелді етуді көздесе, патшалық әкімшілік те дәл осындай мақсатпен түтін салығын төлеуді талап етті. Жанқожа батыр Қоқан, Хиуа және Ресейге қарсы екі көтеріліске жетекшілік етті. Есет Ресейге қарсы көтеріліске шықты. Жанқожа Нұрмұхамедұлы Хиуа, Қоқан хандықтарына байланысты бітіспейтін жаугершілік бағытты ұстанды. Есет Көтібарұлы болса, Ресеймен де, Хиуамен де дипломатиялық жолмен қатынас жасауға тырысты. Себебі, олармен тығыз сауда байланысы орнатылған болатын. Әсіресе, Хиуамен байланыстың үзілуі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отырықшы қалалардан қол үзуге әкелер еді. Ал, Жанқожаның қол астындағы кіші шектілер өздері 3 мың десятинаға жуық жерге егін егіп, Хиуа астығынсыз-ақ күн көріп, басқа тауарларды Бұхардан сатып алатын. Жанқожа бастапқы кезде Хиуаға қарсы күресте Ресей көмегіне сүйенгенімен, уақыт өте келе олардың отаршылдық пиғылын тереңірек түсіне бастайды.Есет көтерілісшілері талқандалғаннан кейін, оның Хиуамен көмек жөніндегі келіссөздері нәтиже бермеді. Оның алдында тағы да екі жолдың бірін таңдау міндеті тұрды: туған жерді тастап шығып, Хиуаның қол астына бағыну немесе Ресей билігін мойындап, ежелгі атақоныста қалу. Есет екінші жолды таңдады. 1858 ж. Орынбор генерал-губернаторы Катенин Жем бойында Есетпен бітім жасасады. Есет лажсыздан патша билігін мойындауға мәжбүр болады. Жанқожа бастаған көтерілісшілер 1858ж. 9-қаңтарда Арықбалық деген жерде патша әскерінен жеңіліп, Бұхар жеріне өтіп кетеді. 1860 жылы елге қайта оралған кезде, Сырдария әскери шебінің бастығы Жанқожаға 600 орыс әскерін атандырып, 90 жастағы батыр орыс жендеттері мен итаршыларының қолынан қаза тапты.


2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызын анықтаңыз.

Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы 1992 жылы 28 қырқүйек-4 қазан Алматыда өтті. Бұл еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 70-ке жуық елдеріндегі 3 млн 200 мың қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.Оған дүниежүзінің 33 елінен өкілдер қатысты, ресми құрылтай қонақтары 800-дей болды. Бұл жиынды өткізу және оған кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін, өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшуге мәжбүр болған қандастарымызды шақыру шын мәніндегі гуманизмнің көрінісі болды. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту, республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау,қазақ халқының бірлігін күшейту,келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік, инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды.Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны,Шымкентті,Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап,халықтың тұрмысымен танысты. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 29 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті.Онда “Қазақтар: кеше,бүгін және ертең” атты тақырыппен ашылған ғылыми конференция болды.Жиында қазақ халқының тағдыры,бүкіл дүниежүзі қазақтарын тұтас қазақ мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері,ана тілі мен ұрпақ тағдыры,халықтың рухани мұрасы жайында терең мазмұнды баяандамалар жасалды.Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды.Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық!” деген баяндама жасады.”Біздің құрылтайымыздың басты мақсаты,-деді Н.Назарбаев,-бүкіл дүниежүзіндегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау,ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау”Түркиядан келген қадірменді қария,”Алаш” сыйлығының иегері Халифа Алтай былай деді:”Дүниенің қай түкпірінде жүрсек те,қандай жағдайда болсақ та, Ана-Отанды көксеп,қара шаңырақты аңсап,соның тілеуін тілеп жүрдік.Тәуелсіз Қазақстанды дамытып,нығайтуға және оны қорғауға ендігі ұрпақ жауапкер. Ол үшін ұлт намысы ояну,күллі халықтың бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып,береке- бірлікті қолдан бермей,тұтас жұмылу шарт.” Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына, әлем халықтары мен мемлекеттеріне және олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады.Онда : «10 млн қазақ ұлты бүкіл әлемді өзінің бейбітсүйгіш халық екендігіне, біртұтас демократиялық , ұлттық мемлекет құру ісіне бекем бел байлағанына сендіреді» деген мәлімдеме жасалды. «Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы,- делінді Үндеудің соңында,- бүкіл әлемдегі отандастарын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіндігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта, бар қабілеті мен еңбегін туған елдің игілігіне жұмсауға шақырады».Құрылтай күндері ұлттық бірігу орталығы ретінде Қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы(ҚДА) құрылды. Ассоциацияның мақсаты- «Қазақстан біздің шетелдегі отандастарымыз ешбір ресми кедергілерсіз тура келетін орын болмақ.Бұл жерде оларға қолдан келгенше жәрдем көрсетілетін болады» делінді. Қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы Төралқасының төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1996 жылы ҚДА ұсынысымен шетелдегі қандастарымызға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы қабылданды. 1998 жылы «Этностық қазақтардың тарихи отанына оралу тұжырымдамасы» қабылданды.Қазақтардың ІІ Дүниежүзілік құрылтайы - 2002 жылдың 23-24 қазан күндері Түркістан қаласында өтті. Құрылтайда көші-қон, қазақ жастарының тарихи отанында білім алуы, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ халқының тарихи ескерткіштерін қорғау тағы басқа мәселелер көтеріліп,қазақ халқының рухани жаңаруын және ұйымшылдығын арттыра түсуге, республиканың демократия мен экономикалық дамуын одан әрі өркендетуге бағытталған шешімдер қабылданды.Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы -2005 жылғы қыркүйектің соңында Астана қаласында өтті. Алыс және жақын шетелдерден 300-ден астам өкіл қатысты.Онда тәуелсіз Қазақстанның ілгерілеушілік даму жолдарына тоқталды.
3. Қарақытай мемлекетінің орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

Қытай деректері бойынша, қарақытайлар Орталық Азиядағы (Солтүстік Монғолия), солтүстік Қытай, Манчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген. Қидандардың Х ғасырда Батысқа қарай жылжыған бір бөлігі мұсылман деректерінде «қарақытайлар»деп айтылады. 924 жылы Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі аумақты алып жатқан қидандардың Ляо мемлекеті 1125 жылы құлағаннан кейін, Елюй Даши басқаған 40мың түтін қидандар Жетісу жеріне келіп қоныстанады.Қарақытайлар біртіндеп жергілікті тайпалармен байланыстарын күшейтіп, Жетісудың ішіне қарай ене береді.Елюй Даши қарахандардың әлсіреуін пайдаланып,1125жылы өзінің әскерлерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді.Баласағұн қаласын басып алады.Оған жақын жерде өздерінің орталығы етіп Ғұз ордасын құрады.Енді олар өздерінің билігін тек Жетісуға ғана емес,Қазақ жерінің бүкіл оңтүстік аймағына жүргізеді.





20 - Билет

1. Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думасындағы қазақ депутаттары көтерген маңызды мәселелер.

2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызын талдаңыз.

3. Қарахан мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеп, маңызын анықтаңыз.


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет