Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

27) Әбілқайыр хан мемлекеті 
1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, 
Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды. Ұлыстың алып жатқан жері мен 
халқының көпшілігі қыпшақтар болғандықтан, оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілқайыр 
хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, 
оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен 
Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-
Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, 
қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, 
Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан 
басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, 
олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады. Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр 
хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан және қазақтардан тұрған. 1456-
1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттардан жеңіліп 
қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде 
қайтыс болды. 
28) Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарымқатынасы. 
Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, 
экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан 


балаға көшіп отырды.Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы 
“бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарымқатынастары). 
29) Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары. 
XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа 
бөлу сақталды: тайпалар мен рулардың (жүздерді құраған) өз басқарушылары болды (билер, 
батырлар), яғни билеушілер сол рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма 
болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да 
болып саналды. Қарастырылып отырған кезеңде қазақтар шағын ауылдар болып тұратын. Олар 
негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жекелеген аймақтарда егіншілік пен балық аулау 
кәсібі дамыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет