«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептерін сипаттаңыз



бет35/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептерін сипаттаңыз

Сексенiншi жылдардың екiншi жартысында Кеңес Одағында ұлт мәселесi ерекше шиеленiстi. Көп жыл жинақталып басылып келген ұлт мәселесi сыртқа шықты. Бұған Кеңес Одағында өрбiген қайта құру, жариялылық, демократияның өрiстеуi әсер еттi. Осының нәтижесiнде ұлттардың ұлттық сана сезiмi ояна бастады. Ұлттық сана сезiмнiң оянуына тағы бiр себеп Кеңес Одағында ұлт мәселесiнiң шешiлмеуi едi. Коммунистiк көсемдер Кеңес Одағында ұлт мәселесiнiң толық шешiлгенi туралы көп рет мәлiмдеме жасағанымен iс жүзiнде олай болмады. Бұл республикалар мен Орталықтың арасында билiк бөлiсу, одақтас республикаларда өндiрiстiк күштердi орналастыру, ұлт мәдениетi, ұлт тiлi, ұлт дәстүрi және т.б. мәселелерде көрiнiс тапты. өлт мәселесiнiң шешiлмегенi, ұлттық сананың өсуi Кеңес Одағында ұлтаралық шиеленiске әкеп соқты. Бұл Қарабахта, Ферганада болған оқиғалардан көрiнiс тапты. Бұл мәселенiң шешiлмегенiн 1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған оқиға дәлелдей бердi.


Қазақ жастары 1986 жылы желтоқсанда көшеге шықты. Олар лениндiк ұлт саясатын берiк ұстауды талап еттi. Бұл қазақ жастарының қазақ халқының тәуелсiздiк үшiн күресiнiң бiр көрiнiсi едi. Бұл оқиғаға республиканың бiрiншi басшысына басқа ұлт өкiлiнiң келуi себепшi болды. Сонда да жастар ел басшысына ұлты басқа болса да Қазақстанның жағдайымен таныс адам берудi талап еттi. Жастардың бұл талабын СОКП Орталық Комитетi қазақ ұлтшылдығының көрiнiсi деп бағалады. Бейбiт шеруге шыққан жастарды әскер күшiмен қанға бояды, көптеген жастар түрмеге қамалды, сотталды.
1986 жылғы 16-желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстан Компартиясы ОК-нің Пленумы шақырылып, онда Қазақстан Коммунистік Партия ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың зейнеткерлікке шығатыны және атқарып отырған қызметінен босатылғаны жөнінде Саяси Бюроның шешімін жариялады.
Орталықтың ұсынысымен Қазақстан КП ОК хатшылығына бұған дейін Ульяновск облыстық комитетін басқарған Г.В. Колбин тағайындалды. Бұл хабар Қазақстан жұртшылығына тез тарады. Тарихта – «желтоқсан оқиғасы», «желтоқсан қозғалысы», «желтоқсан көтерілісі» деп аталып жүрген қазақстандық демократ жастардың толқуы дәл осы кезде басталды.
Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.
Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.
Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.
17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.
Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.
Желтоқсан қозғалысы – ұлт-азаттық тарихында ерекше орын алады. Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түлеу кезеңінің басы болды. Ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. Ол бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етіп, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет