«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын



бет38/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын түсіндіріңіз

Мемлекеттік стратегияны талдауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері маңызды болып табылады. Өйткені, Елбасы еңбектерінде мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар туралы, тәуелсіздіктің қалыптасу үрдісіндегі мәселелер, табыстар мен қиыншылықтар туралы толық ақпарат беріледі.


Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы. Қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру. Дербес дамудың дара жолын айқындау. Дамудың қазақстандық үлгісі. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.



  1. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын жазыңыз

Н. Назарбаев1992 жылы 4 -маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы – суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары – Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі – әнұран, мемлекеттік Ту мен мемлекеттік Елтаңбаның поэтикалық-музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, сазгерлері қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуені – кеңестік кезеңде М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.
2006 жылдың 6-қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менің Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә. Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә. Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал, әні бұрынғы қалпында сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранның туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет