«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз



бет36/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз

1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық «Азат» қозғалысы қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгілері – құқық органдарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке ұжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе саяси бағытының тұтастығы және т.б.


Көппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алған, бұрынғы одақтас республикаларда да құрылды. 1995 ж. тек бір ғана Ресейде жүздем астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен тек төрт-ақ партия қатысты. Олар – социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократиялық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда коммунистік партия құқық органдарынан тіркеуден өтті.
1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер орнықты. Ал 2002 ж. саяси партиялардың саны 20-дан асты. Жаңадан халық арасында танымал «Отан», «Ақ жол», «Асар» т.б. партиялар бой көтерді. Қазақстанның саяси аренасында беделді табиғи іріктеуден өткен партияларды қалдыру мақсатында 2002 жылы Елбасы жарлығымен «Саяси партиялар туралы» арнайы заң қабылданды. Онда халық арасында беделін көрсеткен және тіркеуден өту үшін партияның кемдегенде 50 мың мүшесі болу керектігі туралы талап қойылды. Бұл саяси партиялардың сан жағынан өсуіне итермеледі. 2004 жылы заң бойынша тіркеуден өткен саяси партиялардың 12-сі қалды. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерде бірін-бірі қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партияда кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламасында прагматизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның өзі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінің дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отырғандығын айтуға болады.
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынтымақтастық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде саяси партиялардың бұқара халық арасындағы беделі төмен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, әсіресе, бұрынғы Коммунистік партияның мүшелері болған бірнеше жүз мыңдаған адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бүгінде бүкіл республикаға белгілі болып отырған «Ақ жол», Коммунистік партия т.с.с. саяси партиялардың құрамының өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет