Қазақстанның әйгілі суретшілері



Дата11.05.2022
өлшемі467 Kb.
#142134
түріСабақ
Байланысты:
Презентация по казахскому языку на тему "Қазақтың суретшілері"
210603

Сабақтың мақсаты:

  • Балаларға Қазақстан суретшілерінің еңбектері, қысқаша өмірбаяны, туралы мағлұмат беру, шығармаларымен таныстыру.
  • Қазақтан шыққан алғашқы суретші, ағартушы, этнограф, фольклортанушы - Шоқан Уәлиханов
  • (1835 – 1865)
  • Ш.Уәлиханов көбінесе графикалық суреттер салған. Оның негізгі жұмыстары: “Тезек төре”, “Потанин бейнесі”, “Би Сартай”, “Қырғыздардың ат баптауы”, “Автопортрет”, т.б. суреттер.
  • Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 ж.ж.) – қазақтың әйгілі кескіндемесішісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Негізгі жұмыстары: “Қазақ үйдің ішінде”, “Мұз айдынында”, “Қалыңдық”, “Жайлау”, “Қазақстанның таулары”, “Түрксіб”, “Амангелді”, “Ш.Уәлиханов”, “Абай”, “Ана”, т.б. еңбектері.
  • Қанапия Телжанов (1927 - 2013) – халық суретшісі, кескіндемеші Оның туындылары: “Жамал”, “Көкпар”, “Бастау”, “Қыз қуу”, “Атамекен”, “Бостандық”, т.б. Ол қазақ халқының әдет-ғұрпын, табиғатын кескіндеген суретші.
  • Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009 ж.ж.) – Қазақстанның халық суретшісі, қазақтан шыққан алғашқы мүсінші. Қазақтың атақты тұлғаларының мүсінін сомдаған шебер. Негізгі жұмыстары: Абай, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ж.Жабаев, С.Сейфуллин, т.б. Мүсіндер.
  • Айша Ғалымбаева (1917 – 1974 ж.ж.) – қазақ әйелдері арасынан шыққан Қазақстанның халық суретшісі. Қазақ халқының салт-дәстүр әдет-ғұрпына арнап шығармалар жазған. Негізгі жұмыстары: Дастархан, Дәмді шәй, Тәтті қауындар, Бір кесе қымыз, және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет