Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс мақсаты: Қазақ тіліндегі дыбыстар үндестігінің маңызы туралы әңгімелей отырып, аккомодация, ассимиляция құбылыста ры туралы мәлімет беру



бет40/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   137

Дәріс мақсаты: Қазақ тіліндегі дыбыстар үндестігінің маңызы туралы әңгімелей отырып, аккомодация, ассимиляция құбылыста ры туралы мәлімет беру.


Тірек сөздер: дыбыс үндестігі, аккомодация, регрессивті, прогрессивті аккомодация, ассимиляция, ықпал заңы, әсер ету.
Дыбыстардың үндесуіндегі аккомодация, ол кездесетін орындар.
Ассимиляция, оның түрлері, ол кездесетін орындар.
Дәріс мазмұны: Аккомодация (лат.accotodatio- бейімделу) морфемалар жігінде қатар келген дауыстылар мен дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мыс: 1. таба алмады (тап + а алмады) қауып (қап + ып), ала келді (ала гелді) 2. гүл, Гүлсім, күл, кел, кет, ғарыш, ғалым, ғылым, ғаламзат
Морфемалар жігінде дауытылар мен дауыссыздар және керісінше дауыссыздар мен дауыстылар қатар келген кезде әрқашан күштілік жасайды да аккомодациядағы ықпалдың түрі дауыстының орын тәртібімен байланысты болады. Сондықтан, аккомодация:
1. прогрессивті аккомодацмя
2. регрессивті аккомодация
Сұрақтар: 1. Аккомодация қандай дыбыстар арасында болатын үндестік?
2. Ол қай жерде кездеседі? Мысалмен дәлелдеңіз.
3. Жазуда ескерілетін, ескерілмейтін жағдайларға мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
Ассимиляция (лат.assimilativ –ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика- артикуляциялық жақтан біріне- бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Бұлар да бірін-бірі дауыстың қатысы және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады.
Мыс: Тасты , тасқа
Балды, балға
Он бес – [ом бес ]
Бозша –[Бошша]
Қанға- [қаңға]
Дауыссыздардың бір – біріне әсері 3- ке бөлініп қарастырылады:
1. прогрессивті ассимиляция
2. регрессивті ассимиляция
3.тоғыспалы ассимиляция
Прогрессивті ассимиляция:
1.мал+ ға, мал+ мен, мал қора- [малғора], таң қалды- [таңғалды].
Бұл заңға көнбейтіндер: 1.ерме с-ш; 2.кірме қосымша басындағы қ-к.
2.қыз+ бен, қыз+ дың, қыз+ ға.
Қыз көрдім-[қыз гөрдім].
Регрессивті ассимиляция:
1.күнге-[ күңге]
түнгі- [түңгү]
2.Жанбота- [Жамбота]
3.жүз шақты- [жүшшақты]
Тоғыспалы ассимиляция:
1.қан қызыл- [қаңғызыл]
тас жол – [ташшол]
Қосжан – [Қошшан].
Дыбыстар үндесуін қалай ажыратуға болады?
Мысалмен дыбыстар үндестігін дәлелдеп түсіндіріңіз.
Дыбыстар үндесуін сөйлеу тілімізде дұрыс қолданудың маңызы не?



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет