Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Бағыты: Қазақстанның әлеуметтік және білім беру прогрессі Тақырып



бет10/17
Дата07.02.2022
өлшемі441,86 Kb.
#93189
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ
Темірхан Медетбек, Ереже. Ұлы дала тұлғалары, Ұлы даланың ұлы есімдері, Дінмұхамед Қонаев


3.2. Сұхбат қорытындылары:


Сұхбат кеңес үкіметі кезінде және Болон үрдісі негізінде де жоғары оқу орындарында оқыған маман-Қыстаубаев Талғаттың қатысуымен өткізілген болатын және оның басты мақсаты Болон үрдісінің студенттер үшін қаншалықты тиімді екендігін анықтау, сауалнама барысында алынған қорытындыларға объективті түрде түсіндірме беру болып табылады. Сұхбат беруші респонденттердің төмен деңгейде ақпараттандырылғандығын Болон үрдісінің принциптері жайлы мектеп қабырғасынан бастап түсіндірме берілмеуінен деп есептейді. Одан бөлек жоғары оқу орынында да студенттерге қандай жүйемен оқып жатқандығы жайлы толық айтыла бермейді. Сонымен қатар, оның ойынша үрдістің тиімділіктерінің басым бөлігі тек теориялық тұрғыдан бар және оны фактылық тұрғыдан тиімді ету үшін практикалық іске асыру дұрыс болуы керек. Сондай тиімділіктердің ішінде оқуды бакалавр, магистратура, докторантура секілді бөліктерге бөлу қарастырылған. Қазіргі таңда Қазақстандағы нарықтың сұраныстары жылдам өзгеріп жатқандықтан студенттер болашақ маман ретінде соларға жедел жауап бере алуы керек. Осыған орай, бакалаврды аяқтаған студент магистратураны оқуда нарық сұранысына байланысты бағытын өзгерте алады. Бірақ, жауап беруші маман бұны фактылық тұрғыдан теріс жақа жатқызады. Себебі, студенттердің көбісі бакалаврды аяқтағаннан кейін әлі де практикалық білімдері жеткізіліксіз екендігін түсінбестен магистратурадан бас тартып жатады. Ал жұмыс берушілер болса, сол бакалавр дипломы ғана бар студенттерді толық маман ретінде қарастырудан бас тартып, оларға жұмыс беруге ынтасы болмай жатады. Жастардың басым бөлігінің оқу аяқтағаннан кейін жұмыссыз жүруінің де себебі осы. Қайтсе де, сұхбат беруші Болон үрдісін толықтай дұрыс іске асыру жұмыссыздықпен күресуге септігін тигізеді деп есептейді. Себебі, жоғары оқу орындарының дипломдарының унификациясы студенттердің басқа мемлекеттерге барып оқуына немесе жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Демек, жұмыс табу жеңілдей түседі. Ал білім сапасының төмендеуін студенттердің бос уақытының көбеюімен түсіндіруге болады. Студенттерге үрдіс негізінде көп еркіндік беріледі және сол берілген бос уақытты теориялық тұрғыдан студент оқуға арнауы тиіс. Бірақ, көп жағдайда бос уақыт оқуға емес өзге заттарға жұмсалады.

Сурет2.“Сұхбат дәлел”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет