Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Бағыты: Қазақстанның әлеуметтік және білім беру прогрессі Тақырып


ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: 3.1.Сауалнама қорытындылары



бет9/17
Дата07.02.2022
өлшемі441,86 Kb.
#93189
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ
Темірхан Медетбек, Ереже. Ұлы дала тұлғалары, Ұлы даланың ұлы есімдері, Дінмұхамед Қонаев

3.ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

3.1.Сауалнама қорытындылары:


Сауалнаманың қорытындысы бойынша респонденттердің саны Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша таралған 200 адамды құрайды. Оның алғашқы үш сұрағының жауаптары респонденттерді таңдау барысында ескерілген көрсеткіштер негізінде зерттеу әдістері бөлімінде көрсетілген. Жауап берушілердің 87% Болон үрдісі жайлы ақпаратты білу деңгейін 2 және одан төмен баллмен бағалаған, яғни орташа деңгейден төмен(1-диаграмма).

1-диаграмма
Ал респонденттерді бұл үрдіс жайлы ақпараттандырғаннан кейін Болон үрдісінің тиімді немесе тиімсіздігіне қатысты сұраққа респонденттердің 70% тиімді деп жауап берген(2-диаграмма).

2-диаграмма

Болон үрдісінің тиімді жақтарына қатысты респонденттердің басым бөлігі дипломдардың стандартизациясы арқасында еңбек жағдайлары жоғары деңгейдегі мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін жазған, нақты айтқанда 24%. Өзге жоғары оқу орындарында студенттердің алмасу бағдарламалары негізінде білім ала алатындығын жауап берушілердің жартысына жуығы айтты. Осыған орай, 37% Болон үрдісі өзге елдердің мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді деді(3-диаграмма).



3-диаграмма

Зерттеу қорытындыларына қатысты кездейсоқ болған қорытындылардың бірі өзге мемлекетке барып білім алу мүмкіндігі төмен деумен оны теріс жақта көрсеткендер де бар(20%). Ал қалған 17% респонденттер үрдістің ешқандай оң немесе теріс жақтарын білмеген болып шықты. Сонымен қатар, 54% студент жоғары оқу орындарында білім алудың бағасы нарыққа тым тәуелді екендігін кемшілік ретінде қарастырған және 9% білім сапасының төмендегендігін айтты(4-диаграмма).



4-диаграмма

Сурет 1.“Сауалнама формасы”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет