Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Бағыты: Қазақстанның әлеуметтік және білім беру прогрессі Тақырып



бет11/17
Дата07.02.2022
өлшемі441,86 Kb.
#93189
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ
Темірхан Медетбек, Ереже. Ұлы дала тұлғалары, Ұлы даланың ұлы есімдері, Дінмұхамед Қонаев

4.ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ:


Болон үрдісі білім беру жүйесіне енгізген өзгерістері:





  • Он екі жылдық орта білім беру.

  • Жоғарғы білім берудің үш сатысы: бакалавриат(4 жыл), магистратура(2 жыл), докторантура(3 жыл).

  • Академиялық мобильділік. Бұл студенттердің өз жоғарғы оқу орнында мүмкін емес тәжірбие алмасу мен білім алудың түрлеріне өзге университетте қол жеткізу мақсатында орын ауыстыра алуына берілетін мүмкіндік. Әрбір студентке негізінен шетелдік болып табылатын жоғарғы оқу орнында бір семестр өткізу ұсынылады.

  • ECTS(European Credit Transfer and Accumulation System) жүйесі арқылы білімді бағалау әдісі. Әрбір тыңдалған курс үшін студент сынақ бірліктері болып табылатын кредиттер алады. Кредит терминінің экономикадағы несиемен ешбір байланысы жоқ, ол тек студенттің курсты тыңдаған сағаттарын анықтаушы бірлік. Бұл сынақ бірліктері жүйесі негізгі екі функцияны атқарады. Біріншісі өзге жоғарғы оқу орнында қойылған сынақтарды қазіргі оқу орнында қалпына келтіру, яғни қажетті сынақ бірліктерін студент өзге оқу орнында да жинай алады. Екіншісі жинақтаушы функция. Ол бойынша студент белгілі бір себептерге байланысты білімді уақыт аралықтарына бөлу арқылы бөліктермен ала алады.

  • Дипломға арналған еуропалық үстеме. Үстеме студенттің тұтастай оқу үрдісіне қатысты ақпарат жазылған сегіз бөлімнен тұрады. Ал бағалар болса бес баллдық жүйемен емес, А,В,C,D,E,FX,F секілді латын әріптерімен қойылады. А-ең жоғарғы баға, ал F-қанағаттандырарлықсыз, яғни ең төмен бағаны білдіреді.

  • Сонымен қатар, жаңа жүйе бойынша семестр бойы үздіксіз оқу қарастырылған[17,3б].

Болон үрдісінің Қазақстан студенттері үшін басты тиімділіктерінің бірі кредит жүйесінің енгізілуі. Бұл жүйе әртүрлі мемлекеттердегі жоғары оқу орындарындағы оқу курстарын унификациялауға мүмкіндік береді. Демек, әртүрлі мемлекеттердегі берілетін дипломдардың деңгейі бір болады және студенттердің өзге елдерде жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады[18]. Сауалнама респонденттерінің 73%-ы да осыған орай үрдісті тиімді деп есептейді. Бірақ, Қазақстандық оқу курстарын еуропалық деңгейге көтеру үшін ауқымды қаражат керек екендігі сөзсіз. Сол ауқымды қаражат мемлекет тарапынан бөлінуі мүмкін бе? Қазақстанда білім саласына бөлінетін қаражат 2014 жылы ЖІӨ 3,1%-ын құрап, бұл көрсеткіш 2015 жылы 2,8%-ға төмендегенін ескеретін болсақ, дипломдардың де-факто стандартизациясы қиынға соғатындығына көз жеткізуге болады[19]. Өз кезегінде, бұл Нидерланды секілді мемлекеттердегідей жоғары оқу орындарында білім алу құнының 7000 евроға және одан да биік өсуіне әкелуі мүмкін[20]. Осыған қоса, Пизан университетінің профессоры Стефано Гардзонионың өз тәжірбиесіне сүйене отырып, болон үрдісі әлі де кіршіксіздіктен алшақ екендігін атап көрсеткен[21,55б]. Бұл факторлардың барлығы орташа жалақысы жоғары еуропалық мемлекеттердің студенттері үшін Болон үрдісінің тиімсіздіктерін тудыруда және Ұлыбритания, Белгия, Чехия, Финляндия, Румыния, Латвия секілді мемлекеттердегі студенттердің жаппай шеруілерінің себебі болуда[22,11б]. Қайтсе де, Қазақстан студенттері үшін Болон үрдісінің өзге жоғары оқу орындарында алмасу бағдарламалары бойынша білім алу, өзге елдің мәдениетін тану секілді тиімділіктері бар.


SWOT:
Сандық және сапалық зерттеулердің негізінде Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуының студенттерге әсерін төмендегі кестеде қорытындылауға болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет