Бағдарламасы 2022-2023 оқу жылына арналған Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері


Пререквизиттер және постреквизиттер



бет6/8
Дата27.09.2023
өлшемі64,89 Kb.
#182745
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Силлабус. Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері. 3-курс. Күндізгі бөлім. 2022-2023 ж.

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

1. Нормативтік қазақ тілі
2. Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика
3.Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация
4 Этнолингвистика және қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

Постреквизиттер

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы
2. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

"Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері" пәнінің мақсаты – қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктерін, морфема және оның табиғаты, морфеманың сөздік құрамы, тегі, генеологиялық негізі, сөз таптарының басты қағидалары, грамматикалық құрылыстың қолдану шеңбері, тілдік құрылыстың белгілі бір деңгейлерінің жүйелік ерекшеліктерін ашу.



Міндеттері

1.Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.

2.Практикалық, лабораториялық сабақтар мен БОӨЖ, БӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.


3.Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.



4. Оқытудың әдістері мен технологиялары:
біліктілікке бағытталған оқыту, кейс-стади, жобалар әдісі, мәселелік дәріс, пікірталастық дәріс, дәріс-кеңес, "Сұрақ-жауап-талқылау" дәрісі, "Мәселені анықтау" семинары, "Мәселені шешу" семинары, "Мәселенің шешімін қолдану" семинары, семинар тренинг, мәтіннің мағынасын когнитивті модельдеу және оның мәнмәтіндегі қызметі негізінде түсіну, талдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет