БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет26/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40

Рамазанова Ағуза Далабайқызы,

Әбішева Зәуре Сүндетқызы


Маңғыстау облыстық БАИ

,

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларды жалпы өмірге икемділікке, еңбек, шаруашылық, кәсіби мамандық таңдауға баулу. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Болашақ қоғамдық ұйымының жұмысын жүргізуге барлық пән мұғалімдерінің қатыстылығын қамтамасыз ету.



Міндеті:

Қазақстан Республикасындағы 2006 – 2011 жылдарға арналған тәрбиенің кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып «Болашақ» балалар қоғамдық ұйымының жұмысын дамыту.



Ендіру механизмі:

Болашақ қоғамдық ұйымының жұмысын жүргізуге барлық пән мұғалімдерінің қатыстылығын қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі арқылы ұйымдастыру.

Мектептің жылдық оқу – тәрбие жоспарына сәйкестендіріліп енгізіледі.


р/с

Жұмыс мазмұны

Клуб атауы

Жұмыстың мақсаты

Жауаптылар

Жұмыс жасау формасы

1

Оқу бөлімі

«Қанат» көмекші клубы

Оқушыны әкімшілік басқару жұмысына баулу

Оқу ісінің меңгерушісі

Рейд жасау

2

Ұйымдастыру жұмысы, сынып басшысы




Оқушының ұйымдастырушылық қабілетін ояту, баулу

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

Іс – шаралар ұйымдастыру

3

Кезекшілер жұмысын ұйымдастыру



«Уақыт» клубы

Бақылау, болдырмау, айлық, жылдық мониторинг, уақытты қадірін түсінуге арналған шаралар өткізу, оқушылар тәжірибесін тарату.

Психолог



Рейд жасау

4

Клубтардың жақсы жұмыстарын, оқушылардың озық тәжірибелерін дер кезінде жариялау, насихаттау

«Шәкірт ойы» газеті

Ақпараттық бөлім оқушылардың тіл және сыни ойлау дағдысы мәдениетін қалыптастыру

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Газет шығару

5

Кітапхана бөлімі


«Руханият» клубы

Кітап оқушылар қатарын көбейту

Кітапханашы

Рейд жасау,кеш, конференция,

қойылымдар



6

Саяси - құқықтық мәдениет тәрбиесі


«Заңгер» клубы

Бақылау, болдырмау, айлық, жылдық мониторинг, алдын

– алу шаралары, оқушылар тәжірибесін тарату



Тарих және құқық пәні

мұғалімі


Дебат, тренинг, сауалнама, мониторинг

7

Салауатты өмір салты дағдылары мәдениеті

«Денсаулық» клубы

Денсаулық күндерін өткізу

Дене тәрбие және валеология пәні мұғалімдері

Туризм, «Отбасы салауаттылық сапында»,спорттық кеш, ертеңгілік жаттығулар

8

Жасыл желек экологиялық мәдениеті

«Жасыл желек» клубы

Болашақ гринпиккерлерді дайындау

Биология

Рейд жасау

9

Отбасы тәрбиесі

«Ата, әке, мен» клубы

Ұлдарды ұлттық рухта және ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі

Пікірталас, диспут, дебат, тренинг, кездесу, дөңгелек үстел

10

Сайыстарға қатысу

«Өнерпаздар» клубы

Оқушылардың өнерін насихаттау

Әуен-саз пәні мұғалімдері

Түрлі тақырыптарға арналған концерттік бағдарламалар

11

Ұлттық ассамблея өкілдерімен байланыс

«Достық» клубы

Оқушылар бойына ұлтаралық достық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру

Орыс, шет тілдері пәні мұғалімдері

түрлі шеру, сайыстар

12

Шебер қолдар

«Жиһаз» клубы

Кабинет мүлкін сақтау

Технология пәнінің мұғалімі, шаруашылық меңгерушісі

Рейд жасау



13

Мектеп ауласының, сынып бөлмелерінің және сайыс, Мерекелік іс – шара өтілетін орындардың талғаммен безендірілуі

«Фантазия» клубы

Болашақ дизайнерлер дайындау, оқушы шығармашылығын дамыту

Информатика,бейнелеу пәні мұғалімі

Көрме, безендіруге байланысты жобалар қорғау сайыстары және оны іске асыру

14

Жетім және аз қамтылған жанұя балаларына көмек көрсету.

«Қайырымдылық» клубы

Қайырымдылық көрсете білуге тәрбиелеу

Әлеуметтік педагог

Есепке алу, оларды ұдайы қамқорлыққа алу

15

Қазақтың тамақтану дәстүріндегі ерекшеліктер

«Аспазшылар» клубы

Оқушыларды қазақтың ұлттық тағамдарын, ас мәзірін жабдықтау, болашақ аспазшы дайындауға тәрбиелеу.

Экономика, еңбек пәні мұғалімдері

Сервировка сайысы

16

Мектеп мұражайы

«Сөнбес жұлдыздар» клубы

Мектеп тарихын зерттеу, мұражай қорын көбейту, оқушыларды шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Тарих, құқық пәні мұғалімі

Зерттеу, деректер жинау, кесдесу, бейне- материал, үн – таспа жинақтау, баспасөз материалдары

17

Ақыл – ой , сыр – сымбат тәрбиесі

«Әже, ана, мен» қыздар клубы

Қыз балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу

Әдеп пәнінің мұғалімі

Пікірталас,кездесу,дсипут,дебат

18

Дарынды балалар

«Жас ғалым» клубы

Балалар шығармашылық ізденіс тәрбиелеу, дарынын ояту

Директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

«Атамекен, ғылыми жобалар қорғау

19

Эстетикалық тәрбиесі

«Фитодизайн» гүлдер клубы

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, экибано жасауға үйрету, шығармашылыққа тәрбиелеу,

Бейнелеу өнері, технология пәні мұғалімдері

Сайыс, көрме, гүлдер күнін өткізу

20

Ұлттық тоғыз құмалақ, шахмат, шашка ойындары

«Ойшылдар» клубы

Оқушылардың интеллектік деңгейін дамыту

Дене тәрбиесі, математика пәні мұғалімдері

Сайыс



Игілікова Рыскүл Әлмішқызы


Маңғыстау ауданы, Нұн Жұбаев

атындағы орта мектеп, директордың

ШАҢЫРАҚ” ТӘРБИЕЛІК ЖҮЙЕСІ


Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы

Ертеңгі тәуілсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Олай болса, мектеп шын мәніндегі ұлағат ұясы. Жас жеткіншектің азамат ретінде қалыптасу кезеңі мектеп өмірімен байланысты өтеді. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бері қарай мектептегі тәрбие жұмысының сара жолын таңдау бағытында “Шаңырақ” тәрбиелік жүйесі дүниеге келді. Тәрбиелік жүйенің дүниеге келуіне әсер еткен жағдайлар:

1.Қазақ елінің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі;

2.Кеңестік дәуірдің тар құрсауында қалып, көрінбей қалған озық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыпты қайта жаңғыртып, заман талабына сай жаңаша өрнек беріп, жас ұрпақ тәрбиесіне ұтымды пайдалану қажеттігінің туындауы;

3.1992 жылы қараша айында Республикалық орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының маманы К. Қожахметованың облыс орталығында “Халықтық педагогиканың мазмұны, мақсаты, әдістері” жайлы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына лекция оқуы;

4.Мухаммед-Рахим Қыдырбайұлы Құрсағидың “Атамекен” ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасының жасалуы, 1993 жылы 21 қазан айында Маңғыстауға келіп, кездесу-сұхбат өткізуі.

5.Педагогика саласында ғылыми жұмыс жасап-жүрген, халық педагогикасын мектеп өміріне енгізу мақсатында өз ойларын ортаға салып жүрген Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, З.Ахметова, І.Шаймерденова, К. Қожахметова, С.Ұзақбаева және Маңғыстау облысы бойынша оқушыларға халықтық педагогикамен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізген, бірнеше еңбектердің авторы Ш. Әленұлының жұмыстарымен танысу;

6. Қазақ халқының зиялы азаматтарының ұлттық мектеп пен тәрбие туралы ой-пікірлерін оқу; Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтың қазақ халқы іргелі ел болуы үшін ұлттық тіл, әдебиет, мектеп пен баспасөз керек екендігіне мән бере отырып, ұлттық мектеп болуы үшін онда сол халықтың қаны мен жаны, рухы болуы тиіс деген ой-пікірлерінің қорытындылары;

7. Халық батыры Бауыржан Момышұлының көптеген ұшқыр ойлары әсер етті.
Бауыржан Момышұлы:

“Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын;

Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алатын әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын;

Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын.

Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын, көрдің қолына балта берсең, шаба салады, бақыр берсең, ала салады, найза берсең, суға салады, намыстанбай, буға салады – дейді.

Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің “Шаңырақ” тәрбиелік жүйесімен жұмыс жасағанына 10 жыл толды. Өз іс-тәжірибемізді ұсына отырып мектеп мұғалімдеріне ата-аналарға, сынып жетекшіліріне қосымша құрал болады деп ойлаймыз.

Мектептің тәрбие жүйесі “бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттер жиынтығы”.

Тәрбие жүйесіне ортақ нәрсе: тәрбие ісіндегі мақсаттар тізбегі, жетекші іс-әрекет түрі, әр түрлі жастағы балалардың ынтымақтастығы және қоршаған ортамен әрекеттесуі, тәрбиелік орталықтардың болуы; тәрбиелік жүйенің қалыптасып әрекет жасауына, дамып жетілуіне тікелей әсер ететін қоршаған орта;

Мектептің тәрбие жүйесінің ұйытқысы-оқушылар мен оқытушылар ұжымының бірлігі. Оқытушылар ұжымы жетекші роль атқарады. Ал оқушылар ұжымы болса обьектіден субьект деңгейіне көтеріліп, педагогикалық ұжымның тәрбие ісін дұрыс жүзеге асыруына көмектеседі.

Мектептің тәрбие жүйесінің тиімділік көрсеткіштеріне оқушының ұжымдағы көңіл-күйі, белсенділігі, білім деңгейі, құндылық бағыттары, қарым-қатынасы жатады.

Мектептің тәрбие жүйесі ұдайы даму үстінде болады.

Әрине, бұл жұмыс бар проблемалық мәселелерді шешіп, жан-жақты талдап, барлық жақтарды толық қамтыды деп айта алмаймыз, өйткені жүргізілер тәрбие жұмысының әр саласыныњ өзі арнайы зерттеуді талап етеді.

Тәрбие құралының түрі көп. Ең бейімді де тегеуріндісі, тәлімге татырлығы-ұлттық ұстанымызда әуелден бар халықтық педагогика. Дала данышпандарының өсиеттерінен, танымдық түйін-пайымдарынан тұратын ақсақалдар “академиясының” алтынға бергісіз ақылдары мен тиымдарының ұстар үлгісі мен тілер пайдасы телегей. Тәрбие дәстүрі бай халқымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпын, ибалылығы мен имандылығын, ана тіліне деген ақаусыз махаббатын өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін жас ұрпақты тәрбиелеу, елжанды, олардың өрелі, ұлтжанды, намысқор азамат болып шығуына атсалысу - баршамыз үшін бұлжымас міндет.

Бұл еңбекте тәрбие жұмысының барлақ салалары толық қамтылды деп айта алмаймыз, алайда сынып жетекшілеріне, жас ұстаздарға, мұғалімдер мен тәлімгерлерге, ата-аналарға көмекші құрал болатыны сөзсіз.


Шаңырақ” тәрбиелік жүйесі

Не себепті тәрбиелік жүйе “Шаңырақ” деп аталды?

Себебі: “Атамыз Алаш, керегеміз ағаш немесе киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз” – деп аталы сөз айтып қалдырған ата-баба, аналарымыздың негізгі баспанасы киіз үй болғаны әркімге аян

Киіз үй тек қазақ халқының емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де біразының мекені болғаны анық. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан – ғасырға, мән-мағынасын өзгерпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әркез мақтанышпен айтамыз.

Киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Киіз үй тек тұрақ-мекен емес, тәлім-тәрбие орталығы.

“Шаңырақ”- киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Халықта “Шаңырағың шайқалмасын” деп айтылатын бата бар. Жас отауға шаңырақ көтеру рәсімі жасалып, оны ауылдың, рудың беделді ақсақалы атқарады, бата жасайды. “Шаңырағың биік болсын, босағаң берік болсын, керегең кең болсын!”- деп ұлағатты әңгімелерді түйіндейді. “Шаңырақ” ұғымы – асыл да, қастерлі ұғым. Олай болса, “Шаңырақ” тәрбиелік жүйесінің мақсаты – қазақ елінің Азаматы, Қазақстан Азаматы деген атқа лайық болатын Адам тәрбиелеу;




Жүйенің міндеті:

1. Республика білім беру саласында болып жатқан тың серпілістер мен халық педагогикасын шебер пайдаланып жүрген оқу-тєрбие мекемелерінің іс-тәжірибесімен танысу; үлгі алу;

2. “Шаңырақ” тәрбиелік жүйесімен жұмыс жасау үшін:

а) Педагогтардың осы саладағы білімін арттыратын тұрақты семинар-кеңестер ұйымдастыру;

ә) Ата-аналармен, ұлттық тәрбие мектебі; жұртшылықтың көмегіне сүйену;

б) Халықтық тәрбиеміздің жас ұрпақ бойына даруын үнемі қадағалап, қорытынды шығарып отыру;

3. Мектебіміздің “Шаңырақ” атты тєрбиелік жүйесінің өз атауына сәйкес болып, “Қазақстан – менің Отаным”, “Мен қазақпын” қастерлі ұғымын өз бойына сіңіре білген, өркениет көшінен қалыспай ілескен, мәдениетті де білімді азаматтарды тәрбиелеу жолында аянбай қызмет ету.

“Шаңырақ” тәрбиелік жүйесінің таңбасы, туы, әні 1994 жылы наурыз айында қабылданды;

Мектептің тәрбие жүйесінің ұйтқысы және жұмыс істеуі үшін қажетті шарттар-мектеп, оқушылар, ата-аналар, жұртшылықтың бірлескен тіршілігі, жұмысы.

Жүйенің мақсаты: Оқушылардың диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру, дарынды балаларды табу, олардың қабілеттін дамытуға қамқорлық жасау, имандылық қадір-қасиетке тєрбиелеу.

Ұраны: “Бірлік бар жерде тірлік бар”.

“Шаңырақ тәрбиелік жүйесін іске асыру жолдары



  1. Педагогикалық кеңестер;

  2. Мектептік тәрбие шаралары;

  3. Әдеп пәндері, сабақ процесі;

  4. Сынып жетекшілерінің семинарлары;

  5. Ұлттық тәрбие мектептері; (ақсақалдар алқасы)

Ата-аналар комитеті; (әке тәрбиесі, аналар ақылы)

  1. Тәрбие, сынып сағаттары; әдеби кітаптар, баспасөз, теле-радио арқылы;


Ұлттық тәрбие мектептері

  1. Ақсақалдар алқасы

  2. Әке тәрбиесі

  3. Аналар ақылы


Мақсаты: Ұрпақ тәрбиесі - ортақ, жауапты міндет.
Ұраны: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”
Жұртшылық:

  1. Қоғамдық мәдени орындар;

  2. “Дидарғайып” кездесу тобы;

  3. Қамқоршы, демеуші кәсіпорындар;

  4. Село тұрғындарымен әртүрлі шаралар өткізу.

Мақсаты: Халықтық мерекелер, сайыстар, әңгіме - сұхбаттар, пікірлесулер өткізу.

Бірлестіктер:

І. Балдырғандар: 1-4 сынып оқушылары
Ұраны: Мектеп - біздің анамыз,

Білім – тәлім аламыз.

“Балдырған” бірлестігі – бастауыш мектеп оқушылары (1-4 сынып) мен ата-аналарды, оқытушыларды біріктіретін қоғамдық ұйым.

Ұйымдағы тәрбие жұмысы отбасымен тығыз байланысты. Өткізілер шаралар сынып жетекшісі, оқушылар, ата-аналар күш біріктіруімен іске асады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ата-анасы, қоршаған ортаға, ұстаздарына, сыныптастарына, достарына деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, ұлттық салт-дәстүрден, әдеп – ғұрыптан нәр алған саналы оқушыны тәрбиелеу негізгі мақсат болып саналады.
ІІ. Мұрагер: 5-8 сынып оқушылары.
Ұраны: Ата мұрасы – асыл қазынамыз.

“Мұрагер ” бірлестігі – 5-8 сынып оқушылары мен ата-аналарды, сынып жетекшілерін біріктіретін қоғамдық ұйым.

“Мұрагер” ұйымының мақсаты - ұлттық тәлім-тәрбиеден нәр алған оқушыларды тәрбиелей отырып, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуда және тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыруға әрекет ету.

“Мұрагер бірлестігінде тәрбиелік мәні бар жиындар өткізіліп тұрады.


ІІІ. Мирас: 9-11 сынып оқушылары.
Ұраны:“Сен де – бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан”.

“Мирас” бірлестігі – 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналар, сынып жетекшілерін біріктіретін қоғамдық ұйым. “Мирас” бірлестігі – егемен еліміздің белсенді көмекшісі. Бұл ұйымның жұмысы мектептен тыс қоғамдық ұйымдармен, отбасымен, шығармашылық бірлестіктермен тығыз байланысты. “Мирас ” қоғамдық ұйымының негізгі мақсаты – туған елге, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, білімге, ғылымға бейімділігін арттыру, жеке басының адамгершілік қасиеттерін дамыту, яғни Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы етіп тәрбиелеу.

Жігер” ұлдар кеңесі

Мақсаты: Көсем, шешен, сері, білгір, жомарт жігітті, шаңырақтың қорғанышын, асыраушысын, ақылшысын тәрбиелеу.

Қызғалдық” қыздар кеңесі.



Мақсаты: Сымбатты да көрікті, ақылды да іскер, ұятты, отбасының береке - құтын сақтайтын әйел, келін, ана тәрбиелеу.

Өзін - өзі басқару тобы

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер қасиеттері бар адам тәрбиелеу.

Шаңырақ” ордасы – “Шаңырақ” тәрбиелік жүйесінің жұмыс жасап, іске асуы үшін басшылық жасайтын орталық.



Ұраны: Кеңесіп іс басқару – келелі елдіқ белгісі

Жұмыла жмыс атқару - өрелі елдің белгісі.

Мақсаты: Бірлік, татулық, ынтымақтастық, сыйластық орталығына айналу.

Мектептің тәрбие жүйесі - көп қырлы жүйе.

Сондықтан, мектеппен қатар, тәрбиенің 3 өрісі бар:

Біріншісі – баланы туғаннан қоршап тұрған орта-отбасы, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, т.б.

Екіншісі – мектеп-білім ордасы ретінде.

Үшіншісі – мектептің тәрбие жүйесі – оқушыларды нақты мақсатқа сәйкес тәрбиелеу;


Отбасы алтын діңгек

Тәрбие басы – тал бесіктен” басталады.

Әр отбасының өзіне тән тыныс-тіршілігі, әдет-дәстүрі бар. “Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” деп айтқанда халқымыз ата-анамыз ұл-қызына көрсететін үлгі-өнегесін айтады.
Ата-аналарға кеңес.

1. Ата-ана, сіз өміріңізде 3 буынды ұрпақты тәрбиелеп, үлгі көрсететініңізді әрдайым жадыңызда ұстап, есте сақтағайсыз.

Өнеге-өзіңізден.

біріншісі-ұлыңыз, қызыңыз (балаңыз) (күйеу балаңыз)

екіншісі-немереңіз

үшіншісі-шөбереңіз.

2. Әке-жанұяның нағыз тірегі, отбасы, балалары үшін-асқар тау.

3. «Әкеге қарап ұл өсер”- демекші, ұл бала сіздерден-іскерліктің, еңбектің, имандылықтың, мұрагерліктің асыл нәрселерінен дәріс алып, тек сіздердің арқаларыңызда ғана өмірге қанат қағатынын есіңізге сақтаңыз .

4. Әкенің араққа мүлдем аусары аумағандық – ең дұрыс қасиет. Өйткені алкоголизмді ең ғажайып дәрі де, ең білікті дәрігер де күресіп жеңе алмайды. (мүмкін,)

5. Әке, салауаттылық салтын ұстануды өзің бастаңаның дұрыс.

6. Ата-ана, жынды судың дастарқан ажарына айналмауына зер сал, ол басты дәм емес!

7. Ана- отбасының жүрегі, жаны мен сәні, жылуы.

8. Парасатты ана әкені “жерлемей”-көтермелеп, қолпаштап отырады, оны ысырып тастап әке ролін өзі атқармайды.

9. Аналар “шешесін көрде, қызын ал”-демекші, қыз бала сіздерден сұлулықты, ісмерлікті, мейірімділікті өз бойына сіңіре отырып – сіздің өміріңіздің жалғастырушысы екенін ұмытпағайсыз.

10. Ана, өз бөбегіңді, балаңды сүй, бірақ еркелітіп, бүлдірме.

11. Ана, өзіңнің ана екеніңді ешқашан ұмытпа! Ұмытсаң балаларыңа жаман болады.

12.Ата-ана! Балаларыңыздың досы болыңыз, бірақ құрбысы болмаңыздар. Балаларыңызбен қатар болыңдар, бірақ биігірек, жоғарырақ болған абзал, ең жақыны болыңдар, бірақ бірден қол жеткізерліктей емес.

13. Ата-ана! Балаларыңның өзіңізді билеп-түстеуіне жол бермеңіз, ол үшін өз орныңызды, биігіңізді әрдайым сақтаңыз. Бәрі сізден тарайды.

14.“Тәрбие бесіктен басталады”,-дегендей, ана сүтінен нәр алып, әке мейірімінен құрышын қандырған сәби – болашақ заманымыздың асыл ойлы, есіл азаматын дайындаудағы алғашқы саты екенін ұмытпағайсыздар. Сан ғасырлық танымдық-тәлімдік, дәстүрлік “ата-ана” жолынан өткен сіз сияқты адамдар-нағыз педагог екенін ұмытпаңыз!


Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет