Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Үштұғырлы тілдерді дамыту



бет11/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

2.1.2.7. Үштұғырлы тілдерді дамыту

Соңғы 3 жыл ішінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі біртіндеп жылына 0,5-1% аздаған қарқынмен артып келеді және 2014 жылы халықтың 63%-ын құрады. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны көбейіп келеді – 2012-2014 жылдардағы кезеңде бұл көрсеткіш жалпы мектептер санынан 8 пайызға артты және 68%-ды құрады.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін арттыру жұмыстары бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Алматы қаласының әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығын құрған, 10 мультимедиялық кабинет жұмыс жасайды, қалалық әкімдіктің және аудандардың әкімдіктерінің мәжіліс залдары ілеспе аударманы жүзеге асыруға арналған құралдармен жабдықталған, оқыту бағдарламалары әзірленген. Іс жүргізу үлгілерінің жинақтары шығарылған. Басылымдардың электронды нұсқалары бар, олар мемлекеттік тілде іс жүргізуді өз бетімен жүзеге асыру дағдыларын меңгеру үшін қосалқы әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Дегенмен көрсеткіштер әлі де төмен және бұл бағытта біршама жұмыс жасау қажет.

«Тіл саясаты саласындағы жол берілген заңнама нормаларын бұзушылықтар саны» негізгі көрсеткіштер тізбесі бойынша 2015 жылы талдаулар жүргізілген жоқ.

Алматы қаласын әлемдік қауымдастыққа кіріктірілген заманауи қала ретінде дамытудың маңызды элементі халықтың ағылшын тілін меңгеру дәрежесі болып табылады. Қазіргі кезде аталған көрсеткішке жеткілікті назар аударылмайды және ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі тұрақты түрде анықталмайды. Қаланы әрі қарай дамыту барысында аталған салаға баса назар аудару керек.


2.1.2.7.1 кесте. Тілдерді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер

Нысаналы индикаторлар/ нәтижелердің тікелей көрсеткіштері

2012

2013

2014

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі, %

61,5

62,0

63,0

Алматы қаласының ЖАО құжат айналымындағы іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу үлесі, %

77

78

78

Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны, бірлік және жалпы мектептер санына қатысты үлесі, %

60 (25,5)

65

(27,3)


68

(25,9)


Дереккөз: Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметтері.

2.1.2.7.2 кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функцияларымен бірге Алматы қаласындағы төзімді тілдік орта



Әлсіз жақтары:

- қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілді жеткіліксіз пайдалану, мемлекеттік тілді игеруге қызығушылықты арттыру бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.




Мүмкіндіктер:

- Алматы халықаралық туризм және бизнес үшін барынша ашық және түсінікті қала болуға ұмтылады. Бұл үшін кемінде 3 тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) білу мемлекеттік органдардың және қаланың сервис секторы қызметкерлерінің дағдыларын дамытудың және біліктілігін арттырудың маңызды бөлігі болады



Қауіп-қатерлер:

- халықтың көпшілік бөлігінің мемлекеттік тілге қызығушылығының жеткіліксіздігіне байланысты, оның қажет болмай қалуы да мүмкін.





Түйткілді мәселелер:

- мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықты арттыру және іс қағаздарын жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіруді аяқтау бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.

- мемлекеттік тілді білетін және оны өз жұмысында қолданатын мамандарды көтермелеу тәжірибесі жоқ;

- ағылшын тілін дамытуға жеткіліксіз назар аударылып отыр, одан әрі осы салаға ерекше көңіл бөлу қажет.



2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Қаралған кезеңде ішкі істер органдары қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ қылмысты есепке алу және тіркеу жолдарын өзгертуге бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын қабылдады.

2012-2014 жылдары қылмыстың өсуінің жалпы деңгейі жыл сайын 9% құрады, барынша проблемалық аймақ тонау және кісі өлтіру болып табылады.

2012-2014 жылдары ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды ашу бойынша мақсатты жұмыстар нәтижесінде кісі өлтіру жыл сайын 12%-ға қысқарды. Сонымен қатар «Қазақстан 2050» Стратегиясының мақсатты көрсеткіштерінен ағымдық деңгей асып түсті.

Тонау саны жыл сайын 6% өскен; көрсеткіш салыстырылатын қалалармен «Будапешт және Берлин) ұқсас деңгейде. Тонау саны жыл сайын орта есеппен 12%-ға қысқарды, алайда көрсеткіш салыстырылатын қалалардан біршама жоғары деңгейде. Соңғы 3 жылда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 7%-ға 2014 жылы 28 мыңнан 30 мыңға дейін өскен. Сонымен қатар көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 4 пайыздық тармаққа 2014 жылы 33,7%-дан 29,4% қысқарған. Аталған жетістікке жол-патруль полициясының қызметін жандандыру арқылы қол жеткізілді.

Ауыр қылмыстарды ашу 2012 жылғы 22,8%-дан 2014 жылы 27,7% дейін жоғарылаған, аса ауыр қылмыстарды ашу сәйкесінше 67,3%-дан 76,2% дейін артқан.

2014 жылдың қорытындысы бойынша кісі өліміне алып келген қылмыстарды ашу 4,1 пайыздық тармаққа жақсарған (80,1%-дан 84,2% дейін), денсаулыққа ауыр зақым келтірген қылмыстарды ашу 9,3 п.т. (66,7%-дан 76,0% дейін), қарақшылық бойынша 3,5 п.т. (50,2%-дан 53,7% дейін), тонау бойынша 1,4 п.т. (17,3%-дан 18,7% дейін), өзгенің мүлкін ұрлау бойынша 2,0 п.т. (13,5%-дан 15,5% дейін), пәтер тонау бойынша 3,0 п.т. (10,6%-дан 13,6% дейін).

Қылмыс жасағандар жайлы жүргізілген талдау келесі нәтижелерді көрсетеді:

- қылмыстың 90%-ын жұмыссыздар жасайды;

- қылмыстың 70%-ын 21-39 жас аралығындағы адамдар жасайды;

- қылмыстың 40%-ын көшіп келушілер жасайды.


2.1.3.1 сурет. Қылмыс жасаған тұлғалар, 2014 ж.

Дереккөз: Алматы қаласы Ішкі істер департаменті; жұмыс тобының талдамасы


Аталған серпін қылмыстың басты көздерінің бірі жұмыссыздық екендігін көрсетеді. Бұдан басқа мигранттардың қала ортасына бейімделуінің мәселесі де бар.

Талдау қылмыстық жауапкершілікке тартылған 9354адамның 3733-і немесе 40,0%-ы басқа қалалардың тұрғындары екенін көрсеткен, оның ішінде: шетелдіктер – 10,1%, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары –81,7%, тұрғылықты жері жоқ адамдар – 8,2%.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 11% жоғарылаған (2012 жылы 225-тен 2014 жылы 249 дейін). Кәмелеттік жасқа толмағандардың қолымен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2014 жылы төмендеп, 2,2% құраған (2012 жылы – 3,5%, 2013 жылы – 3,3%).

Аумақтық тұрғыдан Алмалы ауданы қаладағы ең қылмыс көп жасалатын аудан болып табылады – қылмыс саны 100 мың аудан тұрғынына есептегенде 6340-ты құрап отыр. Жетісу, Алатау және Әуезов аудандарында 2012-2014 жылдардағы кезеңде қылмыстың біршама өсуі байқалады, орташа жылдық өсу ырғағы аталған аудандарда сәйкесінше 25%, 22% және 15% құраған.


2.1.3.2 сурет. Аудандардағы қылмыс саны, 2014 ж.

Дереккөз: Алматы қаласы Ішкі істер департаменті; жұмыс тобының талдамасы


Сонымен қатар қаланың қауіпсіздікті қамтамасыз ету ресурстарымен жабдықталуы қолайлы деңгейде қалып отыр.

Қаланың полиция қызметкерлерімен және жасырын камералармен жабдықталу деңгейі қолайлы деңгейде және сәйкесінше 4 және 7 құрайды (1000 тұрғынға шаққанда). Полиция қызметкерлерімен қамтылу деңгейі салыстырылатын қалалардың (Варшава, Лондон, Берлин) коэффициенттерімен сәйкес. Сыртқы бақылау камераларына қатысты қала Варшава және Берлинмен бірдей деңгейде (1000 тұрғынға 7 камера), алайда, Лондоннан біршама артта қалады, мұнда аталған көрсеткіш 1000 тұрғынға 51 камераны құрайды.


2.1.3.3 сурет. Қаланың полицейлік бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілуі, 2014 ж.

Дереккөз: Алматы қаласы Ішкі істер департаменті; жұмыс тобының талдамасы
Дегенмен, Алматы қаласындағы қылмыстың жоғары деңгейі салыстырып отырған қалалардағы көрсеткіштерден артық болып табылады. Бұл төмендегілермен байланысты болуы мүмкін:

  • Сыртқы бақылау технологиялары заманауи зияткерлік бақылау талаптарына сәйкес емес;

  • Құқық қорғау органдарының операциялық белсенділігін арттыру қажет.

Сонымен қатар, тәуекел факторларына тұрғылықты қалаларда қаланы жарықтандырудың жеткіліксіздігі де жатқызылады.Тұрғылықты аудандарды жарықтандырудың қолданыстағы стандарттары салыстырылып отырған елдерден біршама төмен – Қазақстанда орташа жарықтандыру 0,2-0,4 кд/м2 құрайды, ал АҚШ мен Жапонияда аталған көрсеткіш 0,8 жетеді. Тұрғылықты аудандарды жарықтандырудың жеткіліксіз болуы апаттардың, қылмыс пен жарақаттанудың артуына алып келеді.

Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жүзеге асырылып, алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілген, жол қозғалысы қатысушыларына қойылатын талаптар күшейген.

Сонымен қатар, автокөліктер санының артуы, жекелеген жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібінің төмендегі, басқа қалалардан келген жүргізушілердің қала көшелері мен жолдарын білмеуі Алматы қаласындағы апаттар санының, оның ішінде салдары ауыр апаттардың артуына алып келді. 2012-2014 жылдар аралығында ЖКО санының 2,3 есе артуы байқалған (2,5 мыңнан 5,5 мыңға дейін), жарақат алғандар саны 3 есе (3 мыңнан 8 мыңға дейін) көбейген.

Ішкі істер органдары қала жолдарындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық шараларын жүзеге асырған.

Әкімшілік тәжірибені күшейту есебінен 2014 жылы ЖКО саны 18,7% (6872-ден 5588 дейін) және жарақат алғандар саны 20,0% (8198-ден 6558 дейін) азайған.

ЖКО салдарынан қаза тапқандар саны 19,3% артып, 100 мың адамға 12 оқиғаны құраған, өлімге алып келген әрбір екінші ЖКО жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Көрсеткіш Шығыс Еуропа қалаларының деңгейінен 30% артық болып отыр. Осыған байланысты жаяу жүргіншілер тарапынан ЖҚЕ бұзуды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жандандырылған. 2014 жылы 15 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған (өткен есепті жылмен салыстырғанда 2 есе көп).

ЖҚЕ бұзу жағдайларын тежейтін және алдын алатын факторлардың бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады, ол 121 посттан құралады, оның ішінде 104 пост «ЖҚҚ» ААЖ посты, 8 «Redspeed» посты және 9 ІІД ОБО бейнекамералары. Олардың көмегімен 457 728 (2013 жылғы - 566 421) тәртіп бұзу жағдайлары анықталған. Аталған жүйені 2018 жылға дейін дамыту жоспарланып отыр.

2014 жылы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық және зорлық көрсету қылмыстарының алдын алу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылған. Ішкі істер органдарының, аудандық әкімдіктер мен қоғамның «Қауіпсіз аула» ұстанымы бойынша шараларды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстары жүзеге асырылған, ол тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулаларын жарықтандыру, мүлік иелерінің оның сақтауын қамтамасыз ету жұмыстарын қамтиды. 2014 жыл қорытындысы бойынша «Қауіпсіз аула» ұстанымына сәйкес 2 мыңға жуық үй қорғалады, мұнда 8 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.


Су тасқыны, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі және өртке қарсы әрекет инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 2012-2014 жылдары 20%-дан 27%-ға дейін артқан.

Талдау жасалып отырған кезеңдегі су тасқыны, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі мен өртке қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша қызметтер келесі шараларға бағытталған:

- Алматы қаласы Медеу шатқалындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша стратегиялық бағытты жүзеге асыру;

- техногендік апаттар, зілзалалар мен табиғи апаттардан келетін шығынды төмендету мен шығынды азайту бойынша жағдай жасау мақсаттарына қол жеткізу.

Сонымен қатар келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- Өзендер сағасынан өтетін инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілген (Алматы Медеу автожолы, магистралдық су құбыры желілері және кәріз, байланыс жүйелері және т.б.), осы арқылы Кіші Алматы өзені бассейнінің жоғарғы бөлігінде орналасқан барлық нысандардың сенімді (Медеу стадионы, Шымбұлақ тау шаңғысы базасы және т.б.) қызмет етуі қамтамасыз етілген, бұл өзендердің бассейнінің төменгі бөлігінде сел ағындарының әсерінен қорғау күшейтілген. Осы арқылы аталған аумақты үдемелі игеруге қолайлы жағдай жасалған. Жолаушылардың аспалы арқан жолының № 2, 4, 14, 16, 17, 18 тіреулері іргетасының бекітпелерін қайта жаңарту олардың тұрақтылығын қамтамасыз еткен;

- аудандағы әлеуметтік және экологиялық жағдай жақсарған, аталған ауданда тұратын немесе демалатын халықтың қауіпсіздігі артқан;

- қорғалатын аумақтағы адамдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен инфрақұрылымдарының қауіпсіздігі жоғарылаған;

- халықты тиімді қорғау қамтамасыз етілген, Алматы қаласының экономикалық әлеуеті мен қоршаған ортасы күшті гидрометеорологиялық құбылыстар мен геологиялық үдерістерден қорғалған;

- аудандағы әлеуметтік және экологиялық жағдай жақсарған.

2.1.3.1 кесте. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлш.

бірл.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

37,4

33,7

29,4


Көшеде жасалған тонау деңгейінің төмендеуі

%

19,5

16,9

15,0


Көшеде жасалған бұзақылықтың төмендеу деңгейі

%

10,7

18,6

17,5


Жол-көлік апаттарынан қаза тапқандар санының азаюы

%

10,7

10,7

19,2

ЖКО қаза тапқандар

адам




166

198

Жол-көлік оқиғаларының саны (10 мың автокөлік бірлігіне)

Бірл.

48,0

137,0

103,9


Су басу, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі, жергілікті өрттен адам шығынының төмендеуі

өткен

жылмен салыст. %



-18%

-11%

+24%

Инфрақұрылымның су басу мен сел жүруге, лай көшкіні мен жер сілкінісіне қарсы қамтамасыз етілу деңгейі

%

20

22

27

Дереккөз: Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметтері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері


2.1.3.2. кесте. SWOT-талдау



Күшті жақтары:

- құқық бұзушылықтың нәтижелі алдын алуды болжайтын қылмыстық үдерістерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі және қылмыс жасағаны және өзге де құқық бұзушылықтар үшін сөзсіз жауапкершілікті қамтамасыз ету;

- жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін дамыту және жетілдіру.


Әлсіз жақтары:

- қоғамдық орындарда қылмыстың жоғары болуы, оның 70% астамы көшелерде жасалады;

- ерекше ауыр қылмыстар;

- бүгінгі күні бар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жүйелері толық нәтижеге жете алмай отыр;

- жас өспірімдер арасындағы қылмыстық әлеует әлі көп болып отыр;

- жүріп жатқан көші-қон үдерістері;

- жол-көлік оқиғалары;

- жер сілкінісінің қысқаша болжамы;

- Алматы қаласын селден және су басудан қорғаудың бар жүйелері қауіп деңгейіне сәйкес келмейді және жаңғырту мен жетілдіруді талап етеді.


Мүмкіндіктер:

- «Алматы – қауіпсіз қала» қала пайымының төртінші элементіне сәйкес, Алматы еуропалық қалалардағы сияқты, адамдардың өздерін қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс;

- жұмылдыру дайындығының, аумақтық және азаматтық қорғаныстың, халықты талқандау құралдарынан және террористік актілердің, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қорғаудың тиімді жүйесі, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.


Қауіп-қатерлер:

- азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтарын және бостандықтарын, меншіктерін, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қылмыстық және басқа заңға қайшы келетін қол сұғушылықтардан сенімді қорғауды қамтамасыз етпеу;

- Алматы қаласының және Алматы агломерациясындағы елді мекендерінің жоғары сейсмикалық белсенді аймақта, таудың етегінде орналасуы табиғи апаттардың: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, дауыл және өзге де табиғи катаклизмдердің болу қауіптерімен түсіндіріледі.

- ІІО-да мамандандырылған кадрлардың тұрақтамауы




Түйткілді мәселелер:
- қоғамдық орындардың қылмыстық жағдайын төмендету;

- өңірлік үлкен көші-қон ағысының мониторингі;

- қаланың жолдарының және тұрғын үй аудандарының жарықпен қамтамасыз етілуін арттыру;

-жол-көлік оқиғаларының салдарының ауыр салдарын қысқарту;

- Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының және метрополитендегі ІІБ полиция Полктерін ресурстық қамтамасыз етуді арттыру;

- бар өрт деполарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

- өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жедел ден қою үшін өрт техникасымен жабдықтану деңгейінің төмендігі;

- өрт деполарының жетіспеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет