Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет12/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

2.1.4. Инфрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникация

2010-2014 жылдар аралығындағы кезеңде байланыс және коммуникация нарығы түсім көлемі азайған және 2014 жылы 384,5 млрд. теңгені құраған. 2012-2014 жылдардағы байланыс қызметтерінің нақты көлемі индексінің орташа мәні 112,5% құраған.



2.1.4.1.1 кесте. Байланыс қызметтері нарығы көлемінің даму серпіні

Атауы/жылдар

Өлш.бірл.

2012

2013

2014

Байланыс қызметінің кірістері

млн.теңге

458 352

371 525

384 584

Байланыс қызметтері көлемінің нақты индексі

%

110,9

118,3

108,4

Дереккөз: Статистикалық жинақ,Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл.

2014 жылғы жағдай бойынша байланыс және коммуникация нарығының негізгі құрамдас бөліктері:



  • Ұялы байланыс – 45,9%

  • Ғаламтор-қызметтер – 24,3%

  • Телефон байланысы – 6,5%

  • Басқа да қызметтер (пошта байланыстарын қоса алғанда) – 24,3%

Төменде әрбір негізгі бағыт бойынша ағымдағы жағдайдың сипаттамасы ұсынылған:

Ұялы байланыс

2012 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде ұялы байланыс нарығын пайдаланушылардың саны мен кірістері біршама төмендеген. Кірістердің және пайдаланушылардың санының орташа жылдық өзгерісі 2012-2014 жж. кезеңінде сәйкесінше -15% және -8% құраған. Бұл ірі (32%) ұялы оператордың («Билайн») Астанаға қоныс аударуымен байланысты болды.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ұялы байланыстың таралу деңгейі Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары болады.

Алматы қаласының байланыс нарығындағы негізгі қызметтердің жеткізушілері: «Алтел 4G» (59%1), «Кселл» (21%2), «Билайн» (13%) және «Теле 2» (5%) компаниялары болып табылады. Бұл желілердің республикалық үлестердің таралуынан біршама өзгеше болып келеді, мұнда 2015 жылы абоненттердің ең жоғары үлесі «Кселл» желісіне тиесілі болды.

Нарық қалыптасқан құрылымы мен даму серпінінде бақылайтын ойыншылардың саны аз және аумақтық қамту, ұялы байланыс сапасын арттыру және тарифтік саясат мәселелерін шешу үшін әкімдікті қатыстыру қажет етпейді.

2.1.4.1.2 кесте. Ұялы байланыс нарығының негізгі көрсеткіштері


Мақсатты индикаторлар

Өлш.бірл.

2012

2013

2014

Кірістер3

млн.теңге

297 470

191 335

183 446

Пайдаланушылар саны1

мың адам

23 102

28 731

18 143

1 пайдаланушыға есептегенде орташа түсім

мың теңге

12,9

6,7

12,1

Дереккөз: Алматы қаласы бойынша 2015жылдың статистикалық жинағы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 ж., «Профит» АТ-порталы.

Ғаламтор

2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде ғаламтор-провайдерлерінің кірісі 50% артты. Кірістердің артуының негізгі себептері ғаламтор-пайдаланушылар санының 2 есеге дерлік көбеюі болып табылады.

Кіріс пен пайдаланушылар санының орташа жылдық өсу ырғағы (CAGR) сәйкесінше 16% және 27% құрады. Нәтижесінде қала тұрғындары арасында ғаламтордың таралу деңгейі 22 пайыздық тармаққа шамамен 2 есеге жоғарылады және 46,7% құрады.

Алматы қаласындағы ғаламтор-байланыстың орташа жылдамдығы 2014 жылы 19 Мбит/сек құраған, бұл Қазақстан қалаларының ішінде 14-ші көрсеткіш болып табылады және республикадағы орташа көрсеткіштен сәл жоғары (18,8 Мбит/сек). Тұтас алғанда Қазақстан дүние жүзінде ғаламтор-байланыс жылдамдығы4 бойынша 56 орынды иеленеді. Ғаламтор жылдамдығы ШПД5 арналарының таралуы есебінен қамтамасыз етіледі, олардың үлесіне барлық ғаламтор-қызметтерінің 83% сәйкес келеді.

Ғаламтор-қызметтер нарығында 20 ғаламтор-провайдерлері бар. Бұл ретте ұлттық «Қазақтелеком» компаниясы нарық көшбасшысы болып табылады және нарықты 80% иеленеді.

Таралудың салыстырмалы төмен деңгейі мен төмен жылдамдыққа қарамастан пайдаланушылар санының артуының ағымдағы жағдайы және қызметтер нарығында ірі ойыншының болуы нарықтың аталған сегментініңөз бетімен дамитындығын және әкімдік тарапынан араласуды қажет етпейтіндігін көрсетеді.



2.1.4.1.3 кесте. Интернет қызметтерінің нарығы

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Кірістер6

млн теңге

60 485

72 587

93 503

Пайдаланушылар саны

мыңадам

360

553

736

Дереккөз: Статистикалық жинақ, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 ж.
2.1.4.1.4 кесте. Интернет қызметтерінің еніп кету деңгейі

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

100 тұрғынға арналған Интернет желісіне белгіленген кең ауқымда қол жеткізу абоненттерінің тығыздығы

мың теңге

24,6

37,1

46,7

Дереккөз: жұмыс тобының талдамасы.

Белгіленген телефон байланысы

Белгіленген телефон байланысы қызметінің кірісі 2012 жылдан 2014 жылға дейін 47%-ға, ал пайдаланушылардың саны 8%-ға өсті. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының нарықтағы үлесі телефон байланысының сегментінде 92%-ды құрайды.

Кірістер өсімінің орта жылдық қарқыны (CAGR) мен пайдаланушылар саны тиісінше 12% және 4% құрады. Телефон байланысын пайдаланушылардың жалпы санының өсуі қала халқының өсу қарқынымен тепе-тең жүрді, бірақ қалаға жаңа аумақтардың қосылуы нәтижесінде халық арасындағы телефондандыру деңгейі төмендеді.

Жалпы алғанда байланыс және телекоммуникация нарығы ірі коммерциялық компаниялардың (нарықтың негізгі үлесін иеленуші) үлкен ықпалында және оның әрі қарай дамуы көп жағдайда Алматы қаласы бойынша олардың даму стратегиясына байланысты болады.



2.1.4.1.5 кесте. Телефон байланысы қызметтерін пайдаланушылардың саны

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Кірістер

млн теңге

21 379

28 854

31 467

Тіркелген телефон желілерінің саны

мыңадам

678

700

728

олардың ішінде халық арасында

мыңадам

449

449

464

100 тұрғынға арналған телефон байланысының белгіленген желісінің тығыздығы

100 тұрғынға

30,4

29,8

28,2

Дереккөз: Статистикалық жинақ, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл.

Сандық сауаттылық – адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларының деңгейін көтеру барлығы үшін ақпараттық қоғамның ашықтығын ұлғайтады.

Халықтың 6-15 жас аралығындағы балаларды сандық сауаттылық дағдыларына үйретуі білім беру мекемелерінде білім берудің тиісті деңгейінің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

16-74 жас аралығындағы халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылығын ерте көтеру «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасын іске асыру барысында жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде барлығы 28115 адам оқытылды. 2012 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен компьютерлік сауаттылықты көтеру курстары өткізілуде. 2012 жылдан 2015 жылға дейін 81970 адам оқытылды. 2015 жылы 15000 адам оқытылды.

Халыққа базалық компьютерлік дағдыларды оқыту мақсатында білім басқармасы оқу бағдарламасын әзірледі, оқытушылар құрамы қамтамасыз етілуде, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға арналған компьютерлік сыныптар ашылды. Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін жыл сайын қаржы бөлінеді (оқулықтар таратылымы, оқытушылардың жалақысы, компьютерлік сауаттылықты үйренушілерге арналған куәлікті әзірлеу).

Орта мектептердің оқу сыныптарында тәжірибелік сабақтарды орындау арқылы базалық және негізгі оқу жоспарының үлгісінде оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Семинарды өткеніне байланысты тыңдаушыларға куәлік беріледі.



2.1.4.1.6. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- ақпараттық қоғамды дамыту.



Әлсіз жақтары:

- оқытушылардың кәсіби дайындығының, мектеп оқушылары мен студенттерді үйретуге арналған ақпараттардың төмен деңгейі



Мүмкіндіктер:

- өңір тұрғындарының ақпараттық технологияларды пайдалануға қызығушылық танытуы.




Қауіп-қатерлер:

- халықтың электронды мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігінің жоқтығы.




Түйткілді мәселелер:

- компьютерлік сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстарға қатысу төменділігі мен немқұрайдылығы.


2.1.4.2. Құрылыс

2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде құрылыс нарығының көлемі ақшаға қатысты бір жылдың ішінде орташа есеппен 5%-ға өсіп, 2014 жылы 269 079 млн. теңгені құрады. Осылайша, құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексінің орташа мәні 104% құрады.



Құрылыс жұмыстарына 2014 жылғы жағдай бойынша жалпы келесі бағыттар енді: ғимараттар құрылысы – 46,8%, автожолдар және автомагистральдар құрылысы – 11,7%, метро және теміржолдар құрылысы – 4,4%.

2.1.4.2.1 кесте. Құрылыс жұмыстары нарығының дамуы

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге

232 415

219 408

269079

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі

%

107,3

91,9

112,1

оның ішінде:













Құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ)

млн. теңге

192 848

187 685

246 172

Күрделі жөндеу

млн. теңге

22 582

16 835

13 745

Ағымдағы жөндеу

млн. теңге

16 985

14 888

9 162

Дереккөз: Статистикалық жылдық.

2.1.4.2.2 кесте. Құрылыс жұмыстарының басты санаттары, 2014

Құрылыс жұмыстарының атауы

Сомма
(млн
. теңге)

Үлес, %

Ғимараттар құрылысы

125 998

46,8

Жол және автомагистральдар құрылысы

31 514

11,7

Метро және теміржолдар құрылысы

11 915

4,4

Электрмонтаждау жұмыстары

24 639

9,2

Су жинау, жылыту және ауаны салқындату қондырғыларын орнату

35 280

13,1

Байланыспен және электр энергиясымен қамтамасыз ету

8 729

3,2

Басқалары

31004

11,5

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысының сегменті ғимараттар құрылысының барынша ірі құрамдас бөлігі болып табылады.

Қолда бар деректер тұрғын үй қорының 2012 жылдан 2014 жылға дейін 42%-ға дейін өскендігін көрсетеді. Бұл 2012-2013 жылдары тұрғын үй қоры бойынша деректер базасын қалыптастыру үдерісін ішінара автоматтандыру арқылы деректердің өзектендірілуімен түсіндіріледі.
2.1.4.2.3 кесте. Тұрғын үй қорының даму қарқыны

Атауы/жылдар 

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Тұрғын үй қоры

мыңш. м

28 354

36 907

40 193

олардың ішінде пайдалануға берілгендері

мыңш. м

786

832

1 330

соның ішінде:













мемлекеттік кәсіпорындар

мыңш. м

110

198

224

мемлекеттік емес кәсіпорындар

мыңш. м

676

634

1 106

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті

Бұл ретте, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2014 жылы үлкен өсіммен жылына орта есеппен 19%-ға өсті. Тұрғын үй құрылысының негізгі үлесі мемлекеттік емес кәсіпорындарға тиді. Аталған факт жеке бизнестің тұрғын үй құрылысына деген айтарлықтай қызығушылық танытуын дәлелдейді.

Салушылардың тұрғын үй құрылысына үлкен қызығушылық танытуы осы кезеңде тұрғын үй құнының өсу қарқынын (2%) жалақының орташа жылдық өсу қарқынынан (5%) жоғары болуына байланысты, тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінің жоғарылауымен түсіндіріледі.
2.1.4.2.4 кесте. Орташа жалақы және тұрғын үй құны

Атауы/жылдар 

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Жаңа тұрғын үй құны

мың теңге/ш. м

244,4

256,4

292,6

Орташа жалақы

мың теңге/ай.

134,4

142,3

155,2

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті

Мемлекеттік құрылыс әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті және республикалық бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Осындай бағдарламалардың нәтижелері бойынша 2014 жылы келесі нысандар пайдалануға берілді:



  • «Құрылыс жинақ банкінің жүйесі арқылы барлық санаттағы азаматтарға арналған баспана» - пәтерлердің жалпы алаңы 95,5 мың ш. метр құрайтын 1 512 пәтерге есептелген 22 тұрғын үй;

  • «Кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы баспана» - пәтерлердің жалпы ауданы 28,6 мың ш. метр құрайтын 500 пәтерге арналған 12 тұрғын үй;

  • «Облигациялық қарыз қаражаты есебінен баспана алу» - пәтерлердің жалпы алаңы 24,3 мың ш. метр құрайтын 390 пәтерге арналған 14 тұрғын үй;

  • «Жас отбасыларына арналған жалдамалы баспана» - пәтерлердің жалпы алаңы 16,9 мың ш. метр құрайтын 288 пәтерге арналған 6 тұрғын үй;

  • «Метрополитенде жұмыс істейтіндерге арналған баспана» - пәтерлердің жалпы алаңы 2 мың ш. метр құрайтын 40 пәтерге арналған 1 тұрғын үй.

Тұрғын үй қорының өсуі нәтижесінде халықты баспанамен қамтамасыз ету деңгейі ұлғайды. Халықты баспанамен қамтамасыз ету деңгейі 2012 жылдан 2014 жылға дейін бір адамға 19-дан 25 ш. метрге ұлғайды.

Тұрғын үй қоры құрылысының қарқынды өсуіне қарамастан қалада баспана алу үшін есепте тұрған 27 мың адамды баспанамен қамтамасыз етуге қосымша тұрғын үйа құрылысының қажеттілігі сақталып тұр.



2.1.4.2.5 кесте. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі

ш. м/адам

24,4

27,6

26,7

Дереккөз: Статистика

Күрделі жөндеу

2011 жылдан бастап қалада тұрғын үй құрылысының жалпы санының 20% құрайтын көппәтерлі үйлерді жаңғырту бойынша «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж. арналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы іске асырылуда. Жаңғырту бойынша аталған жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

2013 жылдан бастап кондоминиум нысандарын басқару органдарының (пәтер иелері кооперативтерінің) тексеруі бойынша Баспана қорын ұстаудың ережесін қадағалауға байланысты 114 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде кемшіліктерді жою жөнінде 75 ескерту берілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі көтерілді.


2.1.4.2.6 кесте. Қала аумағындағы үйлердің саны

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Барлық үйлердің саны, оның ішінде:

бірл.

82 784

127 185

150 087

Жеке үйлер

бірл.

59 241

101 168

122 001

Көппәтерлі үйлер

бірл.

23 543

26 017

28 086

Дереккөз: Статистикалық жылдық.

2.1.4.2.7 кесте.Күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін кондоминиум нысандары

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

Күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін кондоминиум нысандары үлесінің төмендеуі

%

25

61

55

Нормативті пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум нысандарының үлесі

%

75

39

45,6

Дереккөз: Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй басқармасының мәліметтері.

Мамандардың алдын ала шешімі бойынша жер сілкінісіне төтеп беру жағынан кейін тұрғызылған ірі панельді үйлер қанағаттандыралық немесе жақсы жағдайда тұр деп есептеледі.

Алдағы жылдары ескі тұрғын үйлерді бұзу мен орнына жаңа тұрғын үй тұрғызу бойынша бағдарламаны іске асыру қажет. Жалпы алаңы 1,2 млн. ш. метрдегі 1800 тұрғын үйді құрайтын апатты жағдайдағы және ескі тұрғын үйлер күрделі әлеуметтік мәселе болып табылады. Бұл санаттағы үйлердің қатарына нормативік қызмет ету мерзімі төмен болып келетін тұрғын үйлер жатады (жеке, қаңқа-қамысты, қаңқа-панельді, ағаш).

Студенттік жатақханалар

2014 жылғы жағдай бойынша Алматы аумағында 150-180 мыңға жуық студент білім алған 50-ден астам жоғары оқу орны жұмыс істеді. Студенттердің жартысынан көбі басқа өңірлерден келгендіктен баспанаға мұқтаж келеді.

Бұл жағдайда, қалада басқа қалалардан келген студенттердің 35-40% құрайтын 31 мыңға жуық студентті орналастыруға мүмкіндігі бар 92 жатақхана жұмыс істейді. Осылайша, жоғары оқу орындары мен әкімдіктердің алдында баспанаға мұқтаж студенттерді орналастыру мәселесін шешу қажеттігі тұр.

Кедергісіз орта

Аталған бағыт бойынша 2015 жылы кейін мүгедектерге қолжетімді құралдармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік нысандардың төлқұжатын жасауға байланысты белсенді жұмыс жүргізіле басталды. Мүгедектерге қолжетімді болу үшін жасалған әлеуметтік инфрақұрылымдар нысанының үлесі бүгінгі таңда 5,7% құрайды.


2.1.4.2 кесте. SWOT-талдау


Күшті жақтары:

қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық мақсаттағы нысандардың салынуын ынталандыру, құрылыс индустриясының қолданыстағы және жаңа салаларының дамуына ықпал ету



Әлсіз жақтары:

- құрылыс астындағы бос алаңдардың жетіспеушілігі;

- күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін баспаналардың немесе ескі тұрғын үйлерді бұзудың жоғары үлесі.


Мүмкіндіктер:

- құрылыс саласындағы жұмысшылардың біліктілігін көтеру, құрылыс өндірісі сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу, құрылыс индустриясы саласындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау.



Қауіп-қатерлер:

- сейсмикалық сенімділіктің талап етілетін деңгейінің сақталмауы.





Түйткілді мәселелер:

- тұрғын үй қорын күрделі жөндеу міндеттерін шешуге бөлінетін қаражаттардың жеткіліксіздігі;

- баспанамен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы;

- баспана құрылысына арналған бос жер телімдерінің санын шектеулі болуы;

- пәтер иелерінің қаражаттарын пайдалану бойынша ПИК қызметіндегі айқындылықты арттыруды талап ететін заңнамалық нормалардың жоқ болуы;

- студенттік жатақханалар санының жеткіліксіздігі;

- баспана қорының нысандары бойынша техникалық төлқұжаттардың болу деңгейінің төмен болуы;

- мүгедектерге қолжетімді етумен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандары үлесінің төмен болуы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет