Байсеитова н. М



бет12/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Әдебиеттер тізімі:
1. Мухитдинов Н.М, Бегенов А:Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. -Алматы, 2001ж.
2. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. -Алматы, 1998ж.
3. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. -Алматы, 1994ж.
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г. 5. Ә.Әметов. Ботаника. -Алматы, 2005ж.


Лабораториялық сабақ №5


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Түзуші ұлпалар


Сабақтың мақсаты: Түзуші ұлпаның құрылысымен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Клетка қабықшасының, тамыр ойықшасының (корневой чехлик) дайын препараттары, пияз қабықшасының препараты, бөлме өсімдігінің жапырағы, Сужапырақ өсімдігі. Бидай, пияз, бұршақ өсімдіктері және олардың даяр препараттары.
Реактивтер: глицерин, хлоралгидрат. Жавель сұйығы, метилен көгі, Феллинг сұйығы, анилин көгі. Препараттар жасау үшін қажетті лабороториялық құрал-жабдықтар. Микроскоп.
1 – жұмыс. Тамырдың бой конусы. Өсімдік тамырларының бой конусын бидай немесе жүгері тамырларынан көруге болады. Ол үшін сабаққа дейін бір жұма бұрын бидайды өндіріп қою керек. Оның әдісі төмендегідей: Бірінің ішіне бірі сиярлықтай екі Петри ыдысын алып, кішкенесінің ішіне дөңгелектеп кесілген 2-3 қабат сорғыш қағаз төсейді де, оған аздап су бүркеді. Дымқыл сорғыш қағаздың үстіне бір-біріне тиістірмей, сыйғанынша бидайдың дәндерін орналастыру керек. Петри ыдысының бірінің үстінен екіншісімен жауып, жылы жерге қояды (термостатқа: батареяның, пештің жанына күн түсетін терезенің алдына) сонда бидай дәндері өніп, тамырлана бастайды. Бидайдың жас тамырынан 1см-ден асырмай, 2-3 дана кесіп алып, одан препарат жасалады.
Көрсетілген реактивтер болмай қалған жағдайда препарат жасалған жас тамырды жабын әйнек үстінен екі саусақ арасына ұстап тұрып азырақ қысса, ол қабысады. Осыдан кейін препаратты микроскоптың кіші объективімен қараған кезде тамырдың бой конусын оймақ сияқты қаптап тұрады (саусақтың ұшына кигізген оймақ тәрізді). Сондықтан оны тамыр оймақшасы деп атайды. Тамыр оймақшасының ескі клеткалары сырт жағынан біртіндеп түлейді де, жас клеткалары оның ішкі жағына орналасқан промеристемалық клеткалардың бірінші ярусынан (калиптрогеннен) өсіп шығып, үздіксіз толысады.
Калиптроген клеткаларынан өсімдік сабағындағы дерматоген клеткалары бөлініп шығады да, бұлардан эпиблема деп аталатын алғашқы жабындық ұлпа пайда болады. Мұның құрылысы сабақтың бой конусындағы эпидерма сияқты.
Эпиблема клеткаларының сыртқы бетінде ұзынды-қысқалы тамыр түктері болады. Бұл пішіндері цилиндр тәрізді, бір клеткадан тұратын эпиблеманың – өскіншесі болып табылады. Тамырлардың осы түк өсіп шыққан жерін сору аймағы дейді.
Промеристамалық клеткалардың екінші ярусы әрі қарай өсе келе периблемаға айналады. Олардан өсімік тамырларының келешектегі алғашқы қабығы шығады. Бой конусының үшінші ярусының клеткалары плеромаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет