Басқару психологиясы


Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы



бет5/7
Дата28.10.2023
өлшемі173,48 Kb.
#188963
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10-апта Жоғары мектеп педагогикасы
Археология лекция жинақтары, Теминология науки (2), №14 лекция, 5 сынып КТЖ матема 5сагат 2022-2023, 348801, 348800, ҚОРЫТЫНДЫ МОНИТОРИНГ

Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы


12

Оқытудың компьютерлік технологиясы - оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, жаңа технологиялық жол ашады; мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын меңгеруде кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана оқыту емес, сонымен бірге білім алушымен оқыту процесі де дамуда. Ол үшін интернет желісіне қосылған компьютер кажет. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды меңгере отырып білім алушы өз бетімен ізденеді. Оқытушымен байланыс интернет желісі арқылы жүзеге асырылады. Оқытушы мен студент бірлескен телеконференцияларға қатысады.

Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, білім алушыларға жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, оқытушыларға осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын оқыту процесінде қолдану білім алушыларға оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы — оқытушыларды жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.

Жоғары мектептегі білім беру технологияларының классификациясы


13

Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындауда, өңдеуде, біріктіруде, ұсынуда ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану, құралдар, әдіс-тәсілдер жиынтығы.

«Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет