«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі



бет7/14
Дата06.02.2022
өлшемі89,25 Kb.
#81193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Бану педагогика[1]
Бану педагогика[1]
Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек. Оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында балалардың белгілі бір мазмұндағы қарекетті атқаруы кезінде байқалады. Дарынды балалардың анықталып, кемелдендірілуңне арнаулы мектептер (музыка, математика, спорт мектептері, т.б) факультатифтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиядаларын, балалардың көркемдік өнерлерінің байқауларын өткізу және т.б жағдай жасайды. Баланы дарынды деп бағалау шартты нәрсе. Баланың үздік қабілеттері оның болашақтағы жетістіктерінің тікелей әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Бала бойында байқалған дарындылықтың белгілері уақыт өте келе жоғалып кетуі де мүмкін. Бұл жағдай дарынды балаға арналған практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда ескерілуі тиіс. Сондықтан да практикалық жұмыстар кезінде «дарынды бала» ұғымының орнына «дарындылық белгілері байқалатын бала» ұғымын қолданған дұрыс.
Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітіп, ұштау, дамытуда мұғалімнің қажырлы еңбегі қажет. Алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. "Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі". Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет