«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі



бет8/14
Дата06.02.2022
өлшемі89,25 Kb.
#81193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Бану педагогика[1]
Бану педагогика[1]
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз-адамның кез- келген іс-әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.[2]
Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс.
Дарындылықтың негізгі түрлері 
Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.
Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адамның психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және олардың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-ой қүндылығы» қажет болады.
Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және т.б.).
Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.
Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында құрбыларын интеллект белгілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару — мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. «Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Интеллект — өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық — бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық — Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы — бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда — өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда — арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда — оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригинал-дылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.[4]

Дарындылық баланың қабілетінен көрінеді


Техникалық қабілет:
-алуан түрлі тетіктер мен машиналарға қызығады;
-үлгі, құал, аппарат құрастырғанды жақсы көреді;
-механизм, аппараттың жұмыс істемеу себептерін анықтайды;
-бұзылған құрал және механизмдерді жөндейді, ескі бөлшектерден жаңа ойыншық құралдар, бұйымдар жасайды;
-тетіктердің сызбасын сала алады;
-техникалық әдебиеттерді оқиды.
Музыкалық талант:
-музыканы және музыкалық жазбаларды жақсы көреді;
-саз әуеніне тез құлақ түріп, оны мұқият тыңдап, жадына жаттап алады;
-жан-тәнім,ен беріліп музыкалық аспапта ойнап, ән айтады;
-ән жазады;
-бір музыка аспабында ойнайды;
Ғылыми жұмысқа қабілет:
-абстрактілік ұғымдардан ой қорытындыларын тез шығарады;
-басқаның және өзінің ойларын, бақылығандарын жазып алады;
-ғылыми-көпшілік басылымдарды, ғылыми мақала және кітаптарды, ғылыми әдебиеттерді көркем әдебиеттерден бұрын бірінші оқиды;
-әр түрлі оқиғалардың себептерін және мәнін табады
-өзінің жобаларына,сызбасына уақытты көп бөледі;
-жұмыс істегенде щаршамайды.
Актерлік талант:
-сөзі жетпегенде өз сезімін бет қимылы, қимыл-қозғалысы арқылы білдіріп, жұрт назарын өзіне аудару үшін қызықты әңгімелер айтады;
-кейіпкерге еліктеп дауысын өзгертеді;
-аудиторияның алдында сөйлегенді, әсіресе үлкендер алдында сөйлегенді жақсы көреді;
-сұлулықты жақсы көріп, маңызын түсінеді.
Өзгеге ұқсамайтын интеллект:
-жақсы, анық ойлап, адам ойын тез түсінеді;
-адамдардың іс-қимылының себептерін біледі;
-еске сақтау қабілеті жақсы;
-жаңа оқу материалын тез қабылдап, жадына жаттап алады;
-сұрақтарды көп қояды;
-кітапты көп оқиды;
-өзіне қатысы жоқ мәселелерді көп біледі;
-өте ақылды, өзін құрметтейді.
Спорт:
-күші көп, үнемі қозғалғысы келеді;
-соққыдан қорықпайды;
-спорт жарыстарында жеңеді;

Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін. Ресейлік психологтар (Ю.А.Бабаева, Д.Богоявленская, Н.С.Лейтес А.В.Брушлинский, В.Н.Дружинин, И.И.Ильясов, А.М.Шумакова, А.Н.Панов, И.В.Клиш, М.А.Холодная, В.Д.Шадриков, Н.Б.Шумакова, В.С.Юркевич): «дарындылықтың жұмысшы, жиі қолданылатын концепциясы» деп берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен сыныпификациясын бөледі:


• психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері
• дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі
• дарындылықтың көрініс беру формасы
• дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.
Дарындылықтың түрлерін келтірілген негіздеу бойынша қарастырайық. Бірінші критерий бойынша, негізгі іс-әрекет түрлеріне практикалық, теориялық оқушыларда оқу-танымдық, көркемдік-эстетикалық, ойындық, спорттық-сауықтыру, коммуникативті, рухани-бағалық жатады.
Іс-әрекетке сәйкес дарындылықтың мынадай түрлерін бөлуге болады: практикалық іс-әрекетте — кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте — түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдікте — эстетикалық, хореографиялық, сценалық, әдеби-ақындық, сурет салу өнері мен музыкалық, коммуникативті іс-әрекетте-лидерлік дарындылық, рухани — бағалық іс-әрекетте — адамдарға қызмет ету, тағы басқалар.
Дарындылықтыңәр түрі барлық психикалық мүмкіндіктерді нақты іс-әрекет түрінде ерекше, маңызды болып табылатын сапалардың басым болуы мен бір уақытта қосылуын болжайды.
Іс-әрекеттің басым ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін анықтасақ та, әр дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттінің сипаттамасы бойынша көркемдік — эстетикалық болып табылады. Бірақ сонымен қатар, онымен танымдық, практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-әрекет түрлері қолданылады.
Екінші критерий — «дарындылықтың қалыптасу деңгейі» бойынша потенциалды және көкейтесті дарындылықты бөледі: көкейтесті дарындылық — бұл жас ерекшелігі шамасына сай, нақты бір пән аумағында іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуында байқалатын, баланыңқол жеткізген көрсеткіштерімен байланысты болатын психологиялық ерекшелік. Көкейтесті дарынды балалардың ерекше категориясын, талантты балалар қүрайды. Талантты бала обьективті көкейкестілікті және әлеуметтік маңызды талаптарға жауап беретін іс-әрекеттерді орындауда нәтиже береді. Талантты балалар нақты эксперттермен бағаланады (іс-әрекеті аумағында білімі сәйкес келетін жоғары квалификацияланған кәсіпкер).
Потенциалды дарындылық — бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін (жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім — кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды дарындылықты анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.
Дарындылықтың бұл турлері, бұған дейін айтылып кетілген іс-әрекет түрлерімен сәйкес жүреді. Шығармашылық дарындылығына байланысты дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін бөлуде ғалымдар пікірінде айырмашылық байқалады.
Бір ғалымдар берілген феномен туралы арнайы айтпай-ат қоюға болады, өйткені стандартсыз ойлауы бар, жиі басқаларға ұқсас емес дүниеге ерекше көзқарасы бар балалар да кездеседі, — деп санайды. Шығармашылық дарындылығында көптеген түрлі варианттар болады: кез-келген іс-әрекетте сирек кездесетін шығармашылыққабілеттіліктерді көрсететін оқушылар бар, сонымен қатар мұндай стандартсыз емес елес, жеткілікті түрде тек бір ғана сферада анық көрінеді.
Үшінші критерий — дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша, айқын және жасырынды дарындылықты бөледі». Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні көбінесе осыған дейін қарастырылған дарындылықтың түрлеріне ұқсас. Айқын дарындылық — бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайлар болса да, жеткілікті түрде ашық немесе айқын түрде көрінеді. Мұғалімге немесе кәсіпкерге баладан осы дарындылықты айқындау және олармен әрі қарай жұмыс жасау бағдарламасын дұрыс белгілеу оңайға түседі.
Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді. Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай «перспективасы жоқ балалар» уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін, балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу қажет.
Төртінші критерий — дарындылықтың әр түрі іс-әрекет көрініс берудің ауқымдылығы бойынша, жалпы немесе ақыл-ой дарындылығы және арнайы дарындылықты бөледі. Жалпы дарындылық — іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Ақыл-ой қабілеті кез-келген істі табысты орындау үшін қажет.
Арнайы дарындылықтың арнайы психикалық қасиеттері ашылатын, белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің, әдеби-ақындық дарындылық т.б.).
Бесінші критерий — «дамудың жас ерекшелігі» бойынша ерте және кеш дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың ерте көрінуі байқалып жүр. Бұл — психикалық даму жылдамдығымен байланысты. Ерте дарындылық мысалы ретінде «вундеркиндтер» («таңқаларлық бала» мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда т.б.). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етеді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау т.б.). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
• интеллектуалды, оның түрі — академиялық
• көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
• модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.
Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, — дейді. Шығармашылықты дарындылық — бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.[3]
Барлығымызға белгілі бір сыныпта қабілеті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Мүмкіндігінше бір сыныпқа оқушылардың жеке қабілеттеріне, бейімділігі мен ой өрісінің дамуы дәрежесіне көңіл бөліп топтаған дұрыс деп есептелінеді. Дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары лонгитюд әдісі арқылы әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын.Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік.
Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда оқушы жанындағы психо– педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін орындар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Баланың жанын түсініп, ерік күш-жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлу қажет. Оқушының дарындылығын психодиагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікіріне дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқауға болады.
Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.
Осыған байланысты өз тәжірибемде бастауыш сыныптағы дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістерін ұсынып отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет