«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі



бет9/14
Дата06.02.2022
өлшемі89,25 Kb.
#81193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Бану педагогика[1]
Бану педагогика[1]
«Дарындылықтың қалыптасу дәрежесі» бойынша дарындылықты былай жіктеуге болады:
– актуалды дарындылық; 
– әлеуеттік дарындылық. 
Актуалды дарындылық – бұл жас ерекшелігі және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда нақты пәндік салада іс-әрекетті орындаудың жоғары деңгейінде байқалатын психикалық дамудың белгілі бір көрсеткішіне қол жеткізген баланың психологиялық сипаттамасы. Актуалды дарынды балалардың ерекше категориясын талантты балалар құрайды. Таланты бала – бұл қол жеткізген табысы объективті жаңашылдық пен әлеуметтік маңызды талаптарға сай келетін бала деп есептеледі. Әлеуметтік дарындылық – бұл әрекеттің белгілі бір түрінде жоғары нәтижеге жетудің психикалық мүмкіндігі бар, дегенмен сол сәтте өз мүмкіндігін оның функционалды жетімсіздігінен жүзеге асыра алмайтын баланың психикалық сипаттамасы. Бұл әлеуеттің дамуына бірқатар келеңсіз себептер (қиын отбасы жағдайы, ынталандырудың аздығы, өз әрекетін реттей алмау, қажетті білімдік ортаның болмауы, т.б.) кедергі болады. Әлеуеттік дарындылық баланың бастапқы психологиялық мүмкіндігіне нақты дамытушы ықпалды қамтамасыз ететін жағымды жағдайда байқалады.
«Байқалу формасы» бойынша айқын және жасырын дарындылық туралы айтуға болады. 
Айқын дарындылық баланың әрекетінен нақты көрінеді. Баланың дарындылығы күмән тудырмайды, оның жетістігі көзге ұрып тұрады. 
Жасырын дарындылық атиптік, жасырын формада байқалады, оны айналасындағылар байқамайды. Нәтижесінде бала дарынды емес деген қате қорытынды жасалуы мүмкін. Ол «болашағы жоқтардың» қатарына жатқызылып, қажетті көмек пен қолдаудан ажырауы мүмкін. Көбінесе «сүйкімсіз үйректен» көп адам «ғажайып аққуды» көре алмайды, дегенмен осындай «болашақсыз балалардың» жоғары нәтижеге жеткені жиі кездеседі. 
Жасырын дарындылық феноменін тудыратын себептерді бала қалыптасатын мәдени ортадан, оны қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау ерекшелігінен, оны тәрбиелеп, дамытудағы ересектердің қателіктерінен іздеу керек. Жасырын дарындылық – табиғаты жағынан күрделі құбылыс. 
Жасырын дарынды балаларды анықтау бір сәттік психодиагностикалық бақылаумен шектелмейді. Мұндай типтегі дарынды балаларды идентификациялау – баланың мінез-құлқын талдаудың көп деңгейлі әдістер кешеніне негізделген ұзақ процесс. 
«Әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі» бойынша жалпы және арнайы дарындылықты көрсетуге болады.
Жалпы дарындылық әрекеттің сан түрінен байқалады және олардың өнімділігінің негізі болып табылады. Жалпы дарындылықтың маңызды аспектісі – ақыл-ой белсенділігі және оның өзіндік реттілігі. 
Жалпы дарындылық баланың мақсаттылық дәрежесін, әрекетке ынты-шынтысымен берілу деңгейіне сәйкес анықталады. 
Арнайы дарындылық әрекеттің нақты бір түріне (поэзия, математика, спорт, қарым-қатынас, т.б.) қатысты болады.
«Жас ерекшелігі дамуының ерекшелігі» бойынша ерте және кеш байқалатын дарындылық деп жіктеуге болады. 
Ерте дарындылыққа мысал ретінде «вундеркиндтерді» атауға болады. Вундеркиндтің сөзбе-сөз аудармасы «ғажайып бала». Олар - жасына лайық емес мүмкіндіктерімен таң қалдыратын, психикалық дамуы ерекше балалар.
Дарынды балаларды анықтаудың жолдары
1.Даралап оқыту;
2.Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
3.Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;
4.Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
5.Пәндерді таңдауын, практикумдері, жеке кеңес беруді енгізу.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны солбағытта жетелеу –ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бірпікірге келе қоймады. Сондықтан да, бізбаланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақынарадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзект іқабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген. Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қолжеткізуге болады.
Мұғалiм оқушының таланттын емес дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiрсалада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ертежасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. [5]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет