Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


-Дәріс. Тақырып: Қоршаған орта бағдарламасына енетін материалдарды іріктеу принципі



бет21/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
4-Дәріс. Тақырып: Қоршаған орта бағдарламасына енетін материалдарды іріктеу принципі.

Жоспар:

  1. Дидактикалық принциптер, олардың түрлері.

  2. Дүниетануды оқыту барысында мұғалімнің дидактикалық принциптерді жүзеге асыру жолдары.

  3. Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру- сапалы білім берудің кепілі.

Қай пәнді оқытқанда да ең алдымен педагогикалық негізде оқытудың принциптерін жүзеге асыру көзделеді. Оқыту принципі дегеніміз бұл дидактикалық принциптер яғни білім беруге педагогикалық тұрғыдан қойылатын талаптар. Дидактикалық принциптер (ғылымилық, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, саналы меңгеру, нақты мен абстракті ойдың бірлігі, түсініктіәлік, білімнің беріктігі, жеке және ұжымдық әрекеттердің бірлігі т.тб) бірлікте, бірін бірі толықтырып отырады.

Осы жоғарыда аталған принциптер тұрғысынан қарасақ, дүниетанудың жалпы негізі тек ғылыми деректер арқылы беріледі. Бұл пән әр зат пен құбылыстың ғылымда айқындалған тұстарын ғана оқушыларға ұсынады. Дүниетанудың болмашы ғана шағын мәтінінің өзі ғылыми ұғымды қамтиды.

Енді сол нақты заттар мен құбылыстарды мұғалім орынды ұйымдастырылған жұмыстар және ұтымды көмек арқылы оқушының оқу әрекеті негізінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып меңгертуге тиіс. Тақырыптың ғылымилығымен қоса оны меңгертудегі мұғалімнің ғылыми тілді қолануы бірін-бірі толықтырғанда ғана бұл талап жүзеге асады.

Пәннің ғылыми мазмұнын оқушыларға меңгерту мәселесіне байланысты бірнеше педагогикалық талаптар қойылады. Ең басты талап, оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамытып, адам-табиғат-қоғам арасындағы байланысты нақты мысалдар мен деректерге сүене отырып материалистік тұрғыда ұғындыру. Осының негізінде оқушылардың қоршаған ортаға деген дұрыс қарым-қатысын тәрбиелеу, дамыту.

Сондықтан да сыныпқа дайындықтары әр түрлі деңгейде келетін балалардың ерекшелігін ескеріп, олардың ойын әрекетінен оқу әрекетіне көшуінің психихалық, физиологиялық және дидактикалық жақтарын қалыптастыру.Баланың ойы мен тілін, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, байқағыштығын дамыту. Ақыл-ой әрекеті тәсілдерін: бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау сияқты әрекеттерге жаттықтырып, жадының, зейіннің, қабылдаудың, ойдың, қиялдың дамуына байланысты қарапайым танымдық үрділерді дамыту. Сонымен қатар олардың қоршаған дүниені тануға талпыну, қызығушылық, шығармашылық әрекеттерін дамыту да көзделеді. Осылардың бәрі пәннің ғылымилығын жүзеге асыруға көмектеседі.

Дүниетану пәні мазмұнында белгілі бір жүйелілік сақталады. Себебі, тірі және өлі табиғаттан жалпы қоршаған ортадан ұғым беруде бұл жүйелілік сақталмаған жағдайда оны саналы меңгеруге болмайды. Мәселен, жануарлар туралы бастауышта берілетін білім барысында олардың жануарлардың түрі-түсі тіршілік әрекеті, оның сол тіршілік ететін ортаға бейімділігі сияқты бір-бірімен байланысты мағлұматтар бірізділікпен және жүйелілікпен беріледі. Басқа да тақырыптарға байланысты олсы принцип сақталады. Мұнда әр затпен құбылыстың себеп салдары айқын көрсетілетінін мұғалімнің түсініп алуын қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму,есте сақтау ерекшеліктерінің өзі нақтылыққа, деректілікке, негізделетінін ескерсек, қоршаған дүниеден білім беру арқылы оқушыларға меңгертетін ұғымның көрнекілік, ғылымилық, жақыннан алысқа, нақтыдан дерексіздікке қарай даму талаптары қамтамасыз етіледі. Қоршаған дүние бағдарламасы бірнеше дидактикалық принциптерді жүзеге асырады:

1. Кіріктіру принципі- ғылыми жаратылыстанулық білім мен адам әрекетінің түрлері және қоғам туралы ұғымдар кіріктіріліп біртұтастықта беріледі. Адам, табиғат қоғам бөлек қаралмай, адамның іс-әрекеті үнемі табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мекиепие, қоғамда, табиғатта) бір-бірімен байланысты қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезінде адам әрекеті солармен бірлікте, байланыста қаралады.

2. Жас ерекшелігін ескеру принципі қамтамасыз етіліп, бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңіл, психологиялық ерекшеліктеріне лайықты, өмір тәжірибесі мен білім деңгейлеріне сай материалдар қамтылады.

3. Мәдениеттендіру принципі ескеріліп, оқушылардың жалпы мәдениетін көтеруге лайықты, жеке бас гигиенасын сақтауға, жергілікті мәдени орталықтармен таныстыруға, жалпы халықтық, ұлттық мәдениетті түсінуге лайықты әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мәліметтер қамтылады.

4. Экологиялық принцип қамтамасыз етіліп, әр сынып сайын оқушының өзін-өзі бағалауы, өз әрекетін басқаның пайдалы әрекет өлшемдерімен салыстыруы , табиғатқа, адамдарға, бүкіл қоршаған ортаға жағымды, мәдени, адами қатнастар жасауға икемдіктерін дамытуға бағытталған материалдар беріледі.

5. Өлкетану принципін жүзеге асыру үшін әр тарау және әр сыныпта оқылатын тақырыптар жергілікті материалдармен тығыз байланысты оқытуға мүмкіндік беретіндей құрылымда берілген.

6. Білімнің ғылымилық принципін жүзеге асыру мақсатымен жоғарғы сыныптарда оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалайтын ғылым жүесі қамтылған.

7. Бағдарламалық талаптар негізінен басты мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды қарастырады: Білімдік, тәрбиелік, дамытушылық пәнаралық.

Оқытудың дидактикалық принциптерінің мән-мағынасы.

Оқытудағы дидактикалық принциптердің негізгі түрлері.

Дидактикалық принциптер – педагогикалық категория. «Принцип» терминінің этимологиясы. Ғалымдардың (Т.А. Ильина, Г.И. Щукина т.б.) «принцип» ұғымы жөніндегі тұжырымдары. Дидактикалық принциптердің түрлері: ғылымилық, түсінікті болу, жүйелілік, сабақтастық, көрнектілік, білімді берік меңгеру, оқытудағы саналылық, теория мен практиканың бай­ланысы, оқытудың тәрбиелілік және дамытушылық принциптері. Дидактикалық принциптердің өзара байланыста, бірлікте пайдаланудың маңызы. Дидактикалық принциптердің әдістемелік принциптермен байланыста пайдаланылуы: тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірлігі; органикалық дүниенің тарихи дамуы және бірлігі; тірі табиғат құбылыстары мен процестерінің арасындағы себеп-салдар байланысы; тіршіліктің құрылымдық деңгейлері т.б.

Оқытудағы дидактикалық принциптердің негізгі түрлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет