Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет49/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қ.Аймағамбетова “Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері” Алматы,2003 ж.

2.С.А.Павлович, С.А.Матвеева, а.н.Горощенко “Основы и методика природоведения, М. 1969.

Материалдық база. Оқушылардың білім, білік дағдаларын тексеру

Жоспары:

1. Қоршаған орта пәні сабақтарын керкті көрнекілік түрлері.

2. Тірі табиғат бұрышы.

3. Дүниетанудан оқыту-әдістемелік кешен. Дүниетану (оқулықтар). 1,2,3,4 сыныптар. Бақылау күнделегі (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар. Хрестоматия (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар, «Дүниетану» пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау). Дидактикалық материалдар. 1,2,3,4 сыныптар. Оқу кестелері. 1,2,3,4 сыныптар. Альбом (көрнекі құралдар) 1,2,3,4 сыныптар. Аудиовизуальды құралдар (оқу кинофильмдері, слайдар, диафильмдер, жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспалар, т.б.) 1,2,3,4 сыныптар. Өсімдік кеппе шөптерінің жинақтамалары. 1,2,3,4 сыныптар. Жануарлардың қатырылған жинақтамалары, ылғалды препараттар, тұлыптары. 1,2,3,4 сыныптар. Тау жыныстары, қазба байлықтар үлгілерінің жинақтамалары. Киіз үй, ер-тұрман, қазақтың ою - өрнектері, үй жихаздарының кішкентай көлемді макеттері. Қазақстанның физикалық, экономикалық және кескін карталары. Глобустар. Қазақстанның түрлі жер бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалы құм, орман, суқойма, т.б.) үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбалар. Қазақстанның көрнекті мемлекет, қоғам әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерінің портреттері.

Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады. Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.

Бастауыш кластарда табиғатты зерттеу негізінде өлкетану принципі алынған. Табиғаттанудан сабақ беруді жүзеге асыру өз өлкесін жүйелі түрде зерттеуді көздейді. Ол үшін туған жер туралы фактілер мен деректерді үнемі жинап, әрі қарай ол материалдарды қорытып отыру қажет. Материал жинауды оқушылар экскурсиялар, серуендер, жорықтар кезінде жүзеге асырады.

-Өлкетану мүйісі оның бөлімдері:

-Біздің мектеп.

-Мектеп тұрған шағын аудан.

-Мектептің тарихы туралы деректер.

-Біздің мектеп маңайының табиғаты.

Ашық жерде табиғаттанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы мүмкін).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет