Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


Надежда Константиновна Крупскаяны



бет9/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Надежда Константиновна Крупскаяны (1869-1939) атай аламыз. Себебі, көптеген педагогикалық мәселелердің шешілуіне үлес қосумен қатар, жаратылыстану әдістемесінің дамуына да үлкен әсер етті. Мектеп оқушыларына жаңа өмірден, оның құрылысынан білім беру үшін ең негізгі пәндер жаратылыстану пәндері (физика, химия, биология) болуға тиіс себебі, олар материалистік дүниені оқытады деп қарады. Әсіресе, бастауыш сыныптарда географияны оқытудың оқушыларға жергілікті табиғаттан білім беруге қолайлылығын айтады.

Жаратылыстануды оқыту әдісін жетілдіруде Константин Павлович Ягодовскийдің (1877-1943) де көптеген еңбектері жарық көрген. Осылардың ішіндегі ең бастысы “Бастауыш мектептегі жаратылыстану сабақтары“, “Бастауыш мектептегі жаратылыстанудан практикалық сабақтар“, “Үйдегі және мектептегі тірі бұрыш“, “Бастауыш мектептегі тірі бұрыш“, “Жаратылыстануды оқыту тәжірибесі“ атты әдістемелік еңбектері. Автордың еңбектерінің ерекшелігі алғаш рет бастауыш саты оқушыларының табиғатты оқып үйрену және меңгерудегі психологиялық қажеттілігін ашып көрсетті. Мұнда бастауыш мектеп оқушыларына табиғат туралы білім жүйесін меңгерте отырып, олардың табиғатпен қарым-қатнас дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелеу. Осы жұмыстарының қортындысы ретінде К.Н.Ягодовскийдің “Жаратылыстану әдістемесінің жалпы мәселелері“ деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде әдіскер жаратылыстану әдістемесін педагогикамен, психологиямен, баланың физиологиялық ерекшеліктерімен

байланыстыра отырып қолданғанда ғана оның тиімділігінің артатындығын айтады. Сонымен қатар автор ғылыми жаратылыстану бағдарламасының мазмұны мен мақсатын анықтауға тырысады. Бағдарламаның басты мақсаты баланы дамыту және білімді саналы меңгерту болмақ екенін ашып көрсетті. Мұндай еңбектің педагог қауымы үшін ең бір басты құндылығы жаратылыстан берілетін білімді қызыққыш, еліктегіш, сенгіш бала психолдогиясына сүйеніп, оларға сан-алуан табиғат құбылыстарын меңгертудің жолын және әдіс тәсілдерін меңгеру. Автор әсіресе, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілін мұғалімдерге үлгі боларлықтай дәрежеде бере білген. К.П.Ягодовскийдің ойынша баланың затты жақсы қабылдап тануы үшін оның сезім мүшелерінің көмегі арқылы қабылдауына жағдай жасау керек. Сол арқылы ғана бала санасында зат не құбылыс туралы алғашқы ұғым пайда болады. Осы ұғымдар біртіндеп жинақталып ғылыми түсінікке айналады. Сондықтан да оқушыларға таныстыратын заттар мен құбылыстардың оларға ең айқын және басты-басты белгілері мен қасиеттерін түсіндіру керек дейді. Әдіскер әсіресе, сабақтың мақсатын, меңгеруге тиісті мазмұнын айқын анықтап алса, оны оқытудың әдісі мен түрін анықтау өзінен -өзі белгілі болады деп қарайды. Осы арқылы К.П.Ягодовский табиғаттану әдістемесінің бір жүйесін жасап, оқушылар түсінігін қалыптастырудың түрі мен әдістерін саралады. Осы арқылы бастауышта оқылатын табиғаттану пәнінің мазмұны айқындала түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет