Баяндама тақырыбы: рухани жаңҒыру – Ұлттық Өрлеудің Ұлы күШІ


Бұл кез-келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәнін­дегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.»



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі0,67 Mb.
#42009
1   2

Бұл кез-келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәнін­дегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.»

Иә, туған жер тарихын білмеу – түп тамырыңды танымау. Туған жерден қол үзіп кеткендердің генетикалық кодының бұзылатыны сондықтан. «Сен өткенге тас лақтырсаң, келешек сені зеңбірекпен атады» деген қанатты сөз бар. Батыр бабаларымыз қасиетті қанын төгіп қорғап қалған Ұлы даланың әр тасы терең тарихтан сыр шертеді.

Туған жер туралы жырламаған ақын, шырқамаған әнші жоқ. Елбасының туған жер туралы толғауынан соң біздің де шабытымыз оянды:


Табаныңда тартылғанда үзеңгi,

Тағдыр салса, басарсың-ау жүз елдi.

Қаншама кең болғанымен қара жер,

Бiр-ақ жерге бүгесiң ғой тiзеңдi…


Ерiп кетiп Өмiр деген көшкiнге,

Кешедi елiң,

Келсең де сен кеш мүлде…

Кiндiк кесiп –

Жүрегiңе жалғаған,

Тартылысты үзе алмайды ешкiм де…


Осы жобаға сабақтас «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы елді біртұтас елдік, ұлттық патриотизмге жетелейтін бағдарлама. Кеңес кезінен бүгінге дейін Қазақстан мектептерінде алдымен өзге елдердің, КСРО тарихы (шындығында Ресей тарихы) мен дүниежүзі тарихын оқытып келдік. Ал өз тарихымыз қазақтың әйгілі Қадыр ақыны айтқандай: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы…»

Енді Рухани жаңғыруымыз бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Бұл бағдарламаның орындалуында бүкіл зиялы қауым алдыңғы қатардан табылуы керек.

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тарихында елеусіз жүріп-ақ елінің гүлденуіне ерекше үлес қосқан жандар аз емес. Олардың да аттарын ардақтайтын кез келді.

Елбасы мақаласындағы ең маңызды бағдарлама – латынға өтуді кезінде биыл тарих сахнасына шыққанына 100 жыл толып отырған Алаш көсемдері де жақтаған. Түркияның президенті Ататүріктен бастап, Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан да қатты қолдаған.

2015 жылы Елбасымыз тарихта тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйы­мында қазақша сөйлеп, бүкіл әлем президенттері алдында қазақ тілінде баяндама жасап, Қазақ хандығының 550 жылдығына керемет тарту жасаған еді.

Енді бүгінгі бұл Рухани жаңғырудың тарихи құжаты Қазақ хандығының үзілген жолын жалғау үшін Тәуелсіз ел болуды армандап, мақсат-мұратына айналдырған қазақтың ең алғашқы саяси партиясы Алаш қозғалысының 100 жылдығында жариялануы да еліміз ширек ғасыр күткен ерекше тарту болды!

Елбасының елге серпін берген Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы – ел рухын көтерген ерекше құбылыс!

«Нар жолында жүк қалмас» деген қазақтың даналық сөзінің туралығын айқындайтын бұл тұғырлы тұжырымдама бойына бұла күш бітірген ұлтымыз лезде жалы көтеріліп, жалындап шыға келді!



Мыңдаған жыл тарихы бар Ұлы Дала еліндегі Елбасымыз бастаған Ұлттық Рухани жаңғыру майданында Елдің ертеңі жарқын болып, еңсесі биіктей беретініне сенеміз!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет